Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад

Описание

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Работа состоит из  1 файл

айкоша.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Дәл осы сияқты ханға  немесе көпшілікке үндеу тастап, асқақтата  сөйлеу, дидактикалық сарында өсиет айту қазақтың басқа да ақын-жыраулары айтқан толғауларда жиі ұшырайды.

Ежелгі түркі поэзиясының  қарсыласына қарата үндеу тастап, асқақтата сөйлеу немесе дұшпанына  сұрақ қою арқылы сес көрсету  дәстүрі қазақтың батырлық жырларынан да кең орын алған. Мәселен, «Қобыланды батыр» жырында Көбікті батыр өзінің қарсыласы Қобыланды батырға қарата былай дейді:

Ел иесіз дедің бе?

Көл иесіз дедің бе?

Жер иесіз дедің бе?

Мал иесіз дедің бе?                    *',

Жан иесіз дедің бе? (13,78)

Бұл сияқты мысалды «Қамбар  батыр» жырынан да келтіруге болады:

- Қосай жетім, қайдасың? Айдама менің малымды, Шулатпа  кемпір, шалымды, Менің балам Қараман,  Теспей сорар қаныңды, Шырқыратып  жаныңды. (15,94)

Қазақтың батырлық жырларында қарсыласын бопсамен қорқытатын сәттер де ұшырайды. Мәселен, «Ер Шобан» жырында батыр Шобан қарсыласына қасында жоқ қазақ батырларының атын айтып, жауын қатты қорқытады:

Жиынымның ішінде

Түрлі-түрлі бай да бар,

Түменді бұзған ер де бар

Суын түсті жүйрік бар

Суырылып шабар батыр бар. (22,48)

Бүдан кейін Шобан  батыр сол еддегі батырлардың  есімдерін (Жылым батыр, Қосай батыр, Жақсымбет батыр, т. б.) тізіп айтып  шығады (22, 48-50). «Ер болсаң - бопсаға  шыда» деген осы.

Композициялық құрылысы. Орхон жазба жәдігерліктерінің композициялық өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер сол дәуірдің әдеби дәстүріне байланысты болса керек. Біз әңгіме етіп отырған «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талаптарына сәйкес жазылғаны мәлім.

Тасқа қашап түсірілген бұл жазулардың әрбір руналық жолында, яғни құлпы тастағы әрбір қатар жазуда бір емес, бірнеше сөйлем бар. Дәлірек айтсақ, ұзыннан-ұзақ етіп құлпытасқа бедерлеп жазылған руналық бір жол жазудың өзі - бір ғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемнен, яғни, біртоптамаға, циклға қамтылған сөйлемдерден тұрады. Мұнда автордың оқырманға айтпақ болған негізгі ойы әдеттегідей бір сөйлемнен екіншісіне емес, бір циклдан екінші циклға беріліп жатады. Бір цикл көлемі жағынан руналық жазудың бір жолына шамалас болып келеді.

«Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан бір-бір хикая  болып келеді. Оның бірінші циклы - қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі; екінші циклы Түрік қағанаты жерінің кендігін суреттейді; үшінші цикл түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді; төртінші цикл - көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесінші цикл -табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайында хикая; алтыншы цикл түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған; жетінші цикл - түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған екендігі жөнінде айтылған жыр; сегізінші цикл осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға ар-налған.

Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осыңдай әрбір  циклдың өзі міндетті түрде мынадай  үш элементтен тұратын болған: 1. Оқиғаның басталуы; 2. Сол оқиға желісінің  біртіндеп үлғая түсуі; 3. Осы циклда айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні. Мәселен, «Күлтегін» (кіші жазу) жырының екінші циклы - Түрік қағанаты жерінің үланғайыр кең екендігін суреттеуге арналған.

Міне, осы екінші топтаманың алғашқы үш жолы оқиғаның басталуы - Білге қағанның қол астындағы  халыққа қарата айтқан үндеу сөзі болып келеді:

Тоғыз оғыз бектері, халқы, Бұл сөзімді мұқият тыңда, Терең  ұқ. (46, 140)

Екінші топтаманың бұдан  кейінгі төрт жол өлеңі жырда  айтылып отырған оқиғаның өрістей  түскені болып табылады.  Бұл төрт жол Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттеуге арналған:

Ілгері - күн шығысында,

Оң жақта - күн ортасында,

Кейін - күн батысында,

Сол жақта - түн ортасында. (46,40)

Екінші топтаманың соңындағы  екі жол жыр осы циклдың  түйіні болып табылады. Мұнда түрік  елінің халқы көп екені айтылады:

Осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды. Халықты осыншама көбейттім. (46,40)

Сөйтіп, «Күлтегін» (кіші жазу) жырында сегіз цикл, яғни сегіз  хикая бар. Әрбір циклдың өзі  үш элементтен (оқиғаның басталуы, өрістеп  ұлғаюы, түйіні) тұрады.

Енді Күлтегін ескерткішінің  үлкен жазуы мәтінінің композициялық құрылысына талдау жасап көрейік. Үлкен жазудағы Күлтегін жыры көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде ұзыннан-ұзақ бЗ қатар жазу болып шығады. Бүл жырдың ерекшелігі - осы жыр бір-бірінен толық дербес тұрған алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған деуге болады. Бірінші хикая – түрік халқының ұлы ата-бабалары туралы; екінші хикая - түріктерді табғаштардың бағыңдырып алғаны жөнінде; үшінші хикая - Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая - Қапаған қаған туралы; бесінші хикая - Білге қағанды жыр еткен; алтыншы хикая- Күлтегінт уралы жыр. Түрік халқының ата-бабалары ұлы адамдар болғанын жырлауға арналған бірінші хикая құлпытастағы руналық жазудың бірінші - төртінші жолдарын толық қамтиды.

Бірінші хикая төрт циклдан  тұрады. Бірінші циклда түрік халқының үстіне билік жүргізу үшін бір  кезде Білге қағанның ата-бабалары отырғаны жырланады; екінші цикл- Білге  қағанның ата-бабалары жасаған әскери жорықтары туралы; үшінші цикл түрік  халқының арғы ата-тегінің адамгершілік қасиеттері жоғары болғаны жайында; төртінші цикл Білге қағанның ата-бабаларын жоқтап-жылауға арналған. Мұнда да әрбір цикл өз ішінде міндетті түрде үш элементті қамтиды. Басталуы (орысша-«зачин»), осы циклдағы оқиғаның өрістеуі және түйіні.

Бірінші хикаяның бірінші  топтамасына талдау жасап көрейік:

1. Осы циклдың басталуы  үш жол өлеңнен тұрады. Мұнда  жер мен көктің және адамның  жаралуы туралы әңгіме болады:

Биікте - Көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған. (46, 44)

2. Циклдыңекінші бөлімінд  еоқиға өрістей түседі: Білге  қағанның ата-бабасы адам баласы  үстіне билік жүргізу үшін  отырғаны екі жол өлеңде айтылады:

- Адам баласы үстіне  ата-тегім - Бумын қаған, Істемі  қаған отырған. (46, 44)

3. Осы циклдың қорытынды  бөлімінде - екі жол өлеңде  Білге қағанның ата-тегінің билік  жүргізуі бүкіл түркі халқы  үшін игілік әкелгені баяндалады:

Отырып, түркі халқының ел-жұртын Қалыптастырған, иелік еткен. (46,44)

Бірінші хикаяның алғашқы  циклы осымен аяқталады. Бүл хикаяның қалған екінші, үшінші және төртінші циклдарының композициялық құрылысы да дәл осы үлгіде болып келеді.

Ал енді осы «Күлтегін» (үлкен жазу) жырының мазмұны жағынан  аса қызықтысы, композициялық құрылысы зор шеберлікпен жасалғаны  - алтыншы хикаясы.

Күлтегін ескерткішінің (үлкен жазу) алтыншы хикаясын Күлтегін батырдың жауынгерлік жорықтары  жөнінде жазылған ғажайып жыр-дастан деуге болады. Алтыншы хикая он үш топтамадан тұрады.

Міне, осы алтыншы хикаяның бірінші циклы Күлтегіннің әскери қызметінің алғашқы сәттері қалай болғанын суреттеуден басталады. Бұл циклдың басталуы - он жастағы бала жігітке Күлтегін деген ерлік есім қалай берілгенін төрт жол жырда баяндап береді. Сосын оқиға желісі ұлғайып, Күлтегіннің туған жер үшін жүргізген қанды шайқастары (он жол өлеңде) көрсетіледі. Ал циклдың қорытынды бөлімінде (бір жол жыр) Күлтегіннің теңдесі жоқ жеңістері жыр болады:

Ісін-күшін беріп, Осыншама ел жинап, Інім Күлтегін Өзі қайтыс болды. (46, 50)

Бұдан кейін оқиға  желісі ұлғая түсіп, Күлтегін батырдың туған жері үшін ерлікпен шайқасқаны көрсетіледі. Батыр соғдыларға және табғаштарға қарсы қан майданға шығады. Күлтегін он жасында ер атанады:

Он жаста Ұмай текті  шешемнің бағына Інім Күлтегін ер атанды. (46, 50)

Бұдан кейінгі жолдарда Күлтегіннің соғдыларға қарсы күресі, табғаштың бес мың әскерімен болған соғысы жыр болады. Мұнда «Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды» деген сөз бар. Ол жауды жеңіп, қаруларын қолға түсіреді. Сонымен, алтыншы хикаяның екінші топтамасында Күлтегіннің туған жер үшін жүргізген қанды шайқастары жырланады. тендесі

Ал топтаманың қорытынды  бөлімінде Күлтегіннің жоқ жеңістері  зор мақтанышпен айтылған. Соның  нәтижесінде түрік елі өзінің егемендігін алып, дербес халық болғандығы баяндалады:

Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз қайта халық болды. (46,76)

«Күлтегін» жырының  бұдан кейінгі хикаялары –  түркілердің түргеш, соғды, оғыз, т. б. қарсы соғысы. Күлтегіннің тайсалмай  сол қанды майдандарда ұлық Еркін, ҚұшыТұтық, Аздардын, Елтебері сияқты жауларымен жекпе-жек арпалысы суреттеледі. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Күлтегін түркі халқын тәуелсіз етті, байлыққа кенелтті деген пікір айтылады. Жырдың басты идеясы түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ата-баба жолын берік ұстауға шақыру болып табылады.

Автор түркі халқы  ата-баба дәстүрін берік ұстаған  кездерінде ешкімге тәуелсіз, жақсы  өмір сүргенін жырлай келіп, ол жолдан тайып, дұшпаннан алданған сәттерінде:

Бек ұлдары құл болды,               *

Пәк қыздары күң болды, - дейді (46,49).

Жыр соңында Күлтегін өлгенде бүкіл Түркі халқы  қатты қайғырып, азатұтқаны, оны  жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің  төрт бұрышынан көп елшілер, батырлар, тас қашайтын шеберлер, таңбашылар (мөр иесі), бектер, т. б. келгені айтылады. Күлтегін батырды жерлеуге татабы елінен келгендерді Удар-Сеңгун, табғаш қағанынан -Ісиі-Лікең бастап келді. Күн батыстағы Соғды, Бершекер, Бұхар ұлыстарының халқынан- Нең-Сеңгун, Тарханұлы, «оноқ» елі менТүргеш қағаннан - Мақраш таңбашы және Оғыз Білге таңбашы, қырғыз Тар-душ Чур Күлтегінді жерлеуге қатысқаны жырда зор шеберлікпен баяндалған.

Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны  Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар.

Әйтсе де бұл жыр өзінің жазылу стилі, көркемдік тәсілдері, композициялық құрылымы, идеялық мазмұны жағынан «Күлтегін» жырына өте-мөте ұқсас. Әсіресе композициялық құрылымы - топтамалар мен элементтердің атқаратын қызметі құдды Күлтегін жырындағыдай болып келеді.

«Тоныкөк» жыры.  Әрине, «Тоныкөк» жырының сюжеті, оқиғалары басқаша екені даусыз. Мұндағы басты қаһарман - қағанның кеңесшісі Тоныкөк.

Егер «Күлтегін» жырында  түркі елінің белгілі бір соғыстағы  жеңісіне себеп болған негізгі нәрсе - Күлтегін батырдың ерлігі деп көрсетілсе, ал «Тоныкөк» жырында автор дәл сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында ғана жеттік деп көрсетеді. Бұл жырдың басты қаһарманы батыр емес, бүкіл түркі елінің дана қарты, тіпті Білге қаған мен Күлтегіннің әкесі Елтеріс қағанға да кезінде ақылгөй болған Тоныкөк қарт. Соңдықтан бұл жырда уағыз-өсиет, нақылсөздер көбірек ұшырасады. «Тоныкөк» жыры да көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. «Күлтегін» жырындағы секілді мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Бірінші циклда түркі  халқының табғаштарға бағынышты  болып қалу тарихы, екіншіде-аман қалған түркілердің бас қосып, бірігуі, үшіншіде - сол біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиын болғандығы, қаған сайлаудағы Тоныкөктің зор рөл атқарғаны; төртіншіде - Елтерісті қаған етіп жариялағаны; ел ішіндегі тыныштыққа сырттан қатер төне бастағаны; бесіншіде - оғыздардан тыңшы келіп, олар түркі елін шаппақ болып жатқаны; алтыншыда - түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі Тоныкөктің рөлі; жетіншіде - оғыздармен болған соғыс туралы, сегізінші – он үшінші цикл аралығында түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген қиян-кескі соғыстары жыр етіп баяндалады.

«Тоныкөк» жырының ең соңғы - он төртінші топтамасы бүкіл  жырдың қорытындысы сияқты. Мұнда  түркілердің өз елі, жері үшін жүргізген  соғыстарын атап-атап айтады да, соның бәрінде түркілердің жеңіске жеткенін, сол жеңісте рөзінен-өзі келмегені, оған Тоныкөк өзінің ақыл-кеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосқаны сөз зер-герлеріне ғана тән зор шеберлікпен суреттеледі. Бұл жырда түркі елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің тарихи рөлі ерекше атап айтылады. Тоныкөк ескерткіші - ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде - көріктеу құралдары, тілі, композициясы, т. б. жағынан зоршеберлікпен жазылған жыр-дастан болып табылады.

«Күлтегін»  жыры және казак эпосы. «Күлтегін» жырының ерлікті, елдікті мадақтау дәстүрі қазақтың батырлық жырында өз жалғасын тапты. Мәселен, қазақтың «Алпамыс батыр», «Қобылаңды батыр», «Қамбар батыр» сияқты жырларында батырдың жастық шағынан бастап, өмірінің соңына дейінгі ерлік істері жырланған.

Түрік қағанатының есімі  мәшһүр әскери қолбасшысы, даңқты батыры Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге  дейінгі ерлік істері эпостық  сарынмен жырланады. Күлтегін тарихи адам болса да, жырда ол бейне бір  аңыз қаһарманындай, ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген. 

«Күлтегін» жыры тарихи фактілер тізбегі емес, ежелден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты  өмір жайындағы арман-қиялын, тәуелсіздік  үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік  күресін, кескілескен шайқастарда қол бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп танығанымыз жөн сияқты.

Міне, осы тұрғыдан қарағанда, тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр» және «Шора батыр» сияқты қазақ эпостарының да «Күлтегін» жыры секілді тарихи негіздері бар болуы ықтимал. Бүл туралы академик Ә. Марғұлан өзінің «Қазақтың ерлік жырындағы әлеуметтік сарындар» деген мақаласында қазақ эпосының халықтық сипаты мен тарихи негіздері барлығын ерекше атап керсетті. Ғалым оғыз және қыпшақ тайпалары эпосының генезисіне қатысты көптеген жәйттерді айта келіп: «Өткен дәуірдің жыршылары қандай ерлік жырын жырласа да, оның бәрі материалистік негізге тіреліп, болған тарихи уақиғаны, тарихи фактілерді жырлаған», - деп жазады (76, 367).

Информация о работе Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы