Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад

Описание

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Работа состоит из  1 файл

айкоша.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Қырғыз, құрықан, отыз татар, Қытай татабы - бәрі жау еді. Қаған  әкем осынша (жауға) Қырықжеті рет  аттанды. (46, 47)

Ежелгі түркі поэзиясында  осылайша бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып отыруы арқылы жырдың ішкі мәнерлілігін үдетіп арттыра түскен. Мұның өзі ежелгі түркі тілінің үндестік заңына да сәйкес келеді. Ежелгі түркі поэзиясындағы осындай аллитерация көріністері араға сан ғасырлар салып барып, қазақтың батырлық жырларынан көркемдік дәстүр жалғастығын тапқан. Мәселен, «Қам-бар батыр» жырында дауыссыз дыбыстардың жол басында бірыңғай қайталанып келуі жиі ұшырайды:

Қарсыласқан дұшпанға Қайраты  асқан алаштан, Қараман ханды  білмейді, Қыз Назымға таласқан. (15, 35) .

Бұл сияқты мысалдарды қазақтың «Ер Қосай» жырынан да көптеп келтіруге  болады. Жырда Ер Қосай өзі қырып  салған жау әскерін, яғни майдан даласында  қалған жаудың өліктерін санай бастайды:

Тоқсан мыңдай болады:

Ту ішіне топ бастап,

Туын бұзып құлатты,

Тастан соққан қаланы. (15, 92)

Ежелгі түркі ақындарының  бірыңғай дауыссыз дыбыстарды үндестіру  әдісін бертін келе қазақ жыраулары  да кеңінен қолданған. Мәселен, XVI ғасырда  өмір сурген Доспамбөт жырауда төмендегідей жыр жолдары бар:

Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым өкінбен. Толғамалы ала балта қолға алып, Топ бастадым өкінбен. (22, 34)

«Күлтегін» жырында  бірыңғай дауыссыз дыбыстары қатар  тұрып қайталанатын екі сөз өлең жолының басында да, ортасында  да, соңында да тұрып қиыса береді. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің кіші жазуында мынадай жыр жолдары жиі кездеседі:

Сүчіг сабыңа, йымшақ ағысыңа  артурып үкүс, Түрк будун, өлтіг. (46,26) (Тәтті сөз, асыл қазынасына алданып, Түркіхалқы, қырылдың). (46, 41)

Бұл жыр жолдарында дауыссыз дыбыстардан басталатын екі сөз (Сүчіг сабыңа) жол басында қайталанып тұр. Дәл осындай мысалды «Күлтегін» жәдігерлігінің үлкен жазуынан да оқып көруге болады:

Қаңұм қаған сүсі бөрі тег ермес, Йағасы қоңтег ермес. (46, 30) (Қаған әкемнің әскері бөрідей бопты, Жаулары қойдай бопты). (46, 41)

Мұнда дауыссыз дыбыстан басталатын екі сөз (Қаңум қаған) жол басында қайталанып, өзара қиысып тұр.

Сондай-ақ дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер өлең жолының ортасында  да ұшыраса береді. Бұған «Күлтегін» жырынан бір жол өленді мысалға  келтірейік:

Ол өде қул қуллығ болмыс ерті. (46, 31) (Ол кезде құл құлды болған еді). (46, 49)

Бұл жыр жолында бірыңғай дауыссыз дыбыстардан («к») басталатын екі сөз (кул қуллығ) өлең жолының ортасында тұрып, жырдың үндестігін арттыра түскен. Ежелгі түркі поэзиясында аллитерация жасалатын сөздер өлең жолының соңында да болуы ықтимал. «Күлтегін» жырында мынандай жыр жолдары бар:

Түрк амты будун беглер -Бөдке көрігме беглер. (46, 27) (Түркі халқының қазіргі бектері -Таққа кіріптар бектер). (46, 42)

Өлең жолының соңында дауыссыз дыбыстардан («В»-«Б») басталып, екі жолда да қайталанатын сөздер (бектер) жыр үндестігін күшейтіп тұр. Бұл сияқты аллитерация жасалатын сөздердің өлең жолының соңында тұруы қазақтың батырлық жырларында да жиі ұшырайды. Мәселен, «Ер Қосай» жырына назар аударайық:

Атамнан қалған зұлфүқар, Бабамнан қалған зұлфүқар. (15, 9'1)

«Көрүғлы» («Бозайхан»)жырың  да төмеңдегідей өлеңжолдары бар:

Қабағына қар қатқан, Кірпігіне шаң қатқан, (16, 274)

Сондай-ақ өлең жолдарында кейде бірнеше сөз немесе барлық сөз аллитерация арқылы өзара қиысып тұрады:

Теңрі төпесінте тұтып, Иегерү көтүрміс ерінч. (46, 30) (Тәңірі төбесіне ұстап, Жоғары көтерген екен.)

Жырдың бірінші жолындағы  үш сөз (тәңірі, төбөсіне, ұстап) де өзара үндесіп, өлеңнің мәнерлілігін арттырып тұр. Бұл сияқты бір жыр жолының өзінде бір дауыссыз дыбыс арқылы үш сөздің де өзара іштей үндесіп тұруы қазақтың батырлық жырларында да жиі ұшырайды. Мәселен, «ЕрТарғын» жырынан төмеңдегі жыр жоддарын оқып көрелік:

Қарт қояндай қасқайып, Қарсы қарап тұрады. (15, 115)

Немесе:

Толғанып тұрған Тарғынды

Толғап алып салады,

Тарғынға таман жетеді. (15, 133)

Ежелгі түркі поэзиясында  осылайша бір немесе бірнеше сөздің аллитерация арқылы өзара үндесіп  келуі жиі ұшырайды:

Көрүр көзім көрмез тег,

Білір білігім білмез тег болту. (46, 37)

(Көрер көзім көрместей,  Білгір ақылым білместей болды.) (46, 55)

Бұл жырдың бірінші жолындағы  барлық сөздер (көрер, көзім, көрместей) өзара дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы үндесіп тұр. Ал екінші жолдағы үш сөз (білгір, ақылым, білместей) де өзара қиысу арқылы байланысқан.

Осыған ұқсас жыр  дәстүрін Актамберді жырау Сарыұлы да кезінде кеңінен қолданған:

Балпаң, балпаң кім баспас, Басарға балтыр шыдамас. Батырмын деп кім айтпас, Барарға жүрек шыдамас. (22, 60)

Орхон жәдігерліктеріндегі  ұйқастықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Қалай болған күнде де, өлеңге қойылатын негізгі шарттардың бірі -тармақтағы сөз соңының үндестігі, дыбыстас естілуі болып табылады. Ежелгі түркі жырындағы ұйқас - екпінді және екпінсіз буындар үйлесімінің біркелкі қайталануы. Мысалы, «Күлтегін» жырында мынадай өлең жолдары бар:

Едгү білге кісіг,

едгү алп кісіг йорытмаз ерміс.

Бір кісі йаңылсар, оғушы, бүдүны,

йымшақ ағысыңа артурып  үкіс. (46, 26)

Бұл өлеңнің қазақша  жолмажол аудармасы төмендегідей болады:

Ақылды кісілерді,

Батыл кісілерді (табғаш) қозғай алған жоқ. (Егер) бір кісі алданса да, (онда) руы, халқы Тұқымына дейін қалмас еді. (46, 41)

«Күлтегін» жырында  ұшырайтын ұйқас сөздер, түптеп келгенде, соңғы бунақтағы дыбыстардың  өзара үндестігі, яғни аллитерация  жасалуы болып табылады. Мысалы: Бегілік уры оғлың қул болты, Сілік қыз оғлың күң болты. (46,32) (Бек ұлдарың құл болды, Пәк қыздарың күң болды). (46,49)

Осында үндестік, ұйқас  туғызып тұрған элемент болты (болды) деген сөз ғана емес, сонымен бірге құл және күң деген сөздердегі қ және к дыбыстары екенін де аңғару қиын болмаса керек.

Жырдың мазмұнына нәр  беріп, сыртқы түрін ажарландыра  түсу үшін «Күлтегін» және «Тоныкөк»  жырларында теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жиі қолданылады.

«Күлтегін» жырында  шындықты пернелеп айту, яғни оқиғаны  аллегориялық әдіспен жеткізетін тұстары  да аз емес:

Қаладағылар өрлепті, Таудағылар індепті. (46, 47)

Осы екі жол жыр  арқылы автор ел іші астан-кестен аласапыран болып кеткенін оқырманға  пернелеп жеткізіп отыр.

Ал енді «Күлтегін» жырының  авторы - Йоллығтегін Түрік қағанатының  күш-қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді дегенді төмендегідей етіп суреттейді:

Ол шақта құл құлды  болған еді,

Күң күңді болған еді.

Інісі ағасын білмес еді,

Ұлы әкесін білмес еді. (46, 49)

Сондай-ақ Орхон жазуларында  суреттеліп отырған көріністерді тағы да ажарландыра, құбылта түсу үшін оны  соған ұқсас өзге затқа балау  әдісін, яғни метафораны шебер қолданады. Мұндай метафораларға «Тоныкөк»  жыры да бай:

Жауымыз тегіс жыртқыш қүстай еді. Біз жемтік едік. (46, 69)

Бұған ұқсас теңеулер қазақтың батырлық жырларыңда да кеңінен  қолданылатыны мәлім. Мәселен, қазақтың «Қарабек» жырында Ханбибі атты аруды төмендегідей етіп бейнелеген:

Шекер, шырын, бал сөзді  Алмамойын, аршынтөс, Күйкентай көз, қалам қас, Көрген кісі дидарын Хор қызына балаған. (15, 177)

Түрік қағанаты тарихында  Тоныкөк түлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған, Қапаған  қаған және Білге қағандарға кеңесші  болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған  ақылгөй, дана қарт. Өзі туралы ол: «Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп айтқаны шындық еді.

Түрік қағанатына төрт жағынан  жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл-кеңесімен  де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен  де қағандарға көмектесіп отырады:

Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Қызыл қанымды төктім,

Қара терімді ағыздым.

Күш-қуатымды аямадым,

Мен өзім ұза қжорықтарға  да бастадым. (46, 76)

Бір қызығы - VIII ғасырда  өмір сүріп, Елтеріс пен Білге  қағандардың кеңесшісі болған осы  Тоныкөктің тарихи бейнесі араға  мың жыл салып барып, Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жырау (XVIII ғасыр) бейнесінде дәлме-дәл қайталанған сияқты. Елтеріс қағанға әрі ақыл-кеңес беріп, әрі әскерін басқарып жүрген Тоныкөк сияқты, Бұқар жырау да Абылай ханға ұдайы кеңес айтып отырады әрі хан жа-сақтарымен бірге жауға қарсы күреске шығады.

Кемеңгер Тоныкөктің философиялық ой-пікірлері Бұқаржыраудың  дидактикалық-шешендік сөз үлгісіндегі  толғауларымен астасып жатады. Тоныкөк  Түрік қағанатын сақтап қалу үшін, ең алдымен, елдің ішкі бірлігі қажет  екендігін пернелеп, астарлап, нақыл-өсиет айту арқылыжеткізеді:

Жұқаны бүктеу - оңай,

Жіңішкені үзу - оңай.

Жұқа қалыңдаса, (оны  тек) алып бүктейді,

Жіңішке жуандаса, (онытек) алып үзеді. (46, 69-70)

Бұқар жырау да қазақ  елінің ішкі бірлігі туралы өзінің ой-пікірін Абылай ханға астарлап айту арқылы жеткізіп отырған. Мәселен, Бүқар жырау Қалқаманүлы бір өлеңінде:

Биік тауға жарасар  Ығынан тиген панасы, Терең сайға  жарасар Тобылғылы саласы, Ер жігітке  жарасар Қолына алған найзасы,-

деп ұзақ толғап келеді де, өзінің негізгі түйінді ойын жыр соңында ғана айтады:

Бұл жалғанда бір жаман   Ағайынның аласы. (22, 89)

Бұқаржырау тіпті елдің  ішкі бірлігін бұзған адамның басын  алып тастаудан да тайынбайтындығын айтады.

Ол өзінің «Садыр, қайда  барасың» деп басталатын толғауында Абылай ханға өкпелеп көшіп бара жатқан ру басына қарата:

Абылай алдында сен  бітсең, Құдандалы таныспын. Абылай. алдында бітпесең, Атасын білмес алыспын, - аейп\(22,95).

Түрік қағанатының іштей  берік болып тұруына қағанмен бірге ақылгөй Тоныкөктің де себепші болғанын автор жырда қайта-қайта айтып отырады:

Сөзді былай жіберді: Азғана түркі халқы көшпелі еді, Қағаны алып еді, Ақылгөйі білгір еді. (46, 69)

Ежелгі түркі поэзиясындағы  кейбір сөз тіркестері перифраз секілді  болыпкеледі. Мәселен, Орхон жазбаларында Йоллығ тегін «адамдар» деп айтудың орнына «ел-жүрт», «адамзат ұлдары» деген сөз тіркестерін жиі қолданады:

Күллі түркі халқы  былай десті:

«Елді халық едім,

Елім қазір қайда,

Кімге ел-жүрт іздермін?» - десті. (46, 45)

Ежелгі түркі поэзиясында  айтар ойды нақты, қысқа түрде, әрі бейнелі етіп жеткізу үшін қолданылатын кейбір сөз тіркестері мақал-мәтел сияқты естіледі. Мәселен, Күлтегін ескерткішінде төмендегідей жыр жолдары бар:

Жырақ болса, жаман сыйлық берер, Жақын болса, жақсы сыйлык, берер. (46, 45)

Немесе:

Аштықта тоқтықты түсінбейсің, Біртойсаң, аштықты түсінбейсің. (46, 42)

«Күлтегін» жырынан  тағы бір мысал келтірейік:

Көрер көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей  болды. (46, 55)

Қазақ жыраулары ежелгі түркі ақындарының дидактикалық-шешендік өнерін өз толғауларында жетілдіре түсті. Асан Қайғы:

...Қадірін жеңге білмесе,  Бойға жеткен қыз ғаріп. Ел  жағалай қонбаса, Бетегелі бел  ғаріп, - деп жырлады. (22, 25)

Осы жыраудан тағы бір  мысал:

Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қадірін не білсін! Қырда жүрген дуадақ, Су қадірін не білсін! Көшіп-қонып көрмеген Жер қадірін не білсін. (22, 26)

Бұл сияқты айтар ойды қысқа түрде әрі пернелеп жеткізуге  әсіресе Шалкиіз Тілөншіүлы шебер:

Жапырағы жасыл жау  терек Жайқалмағы желден-дүр, ...Жалаңаш  барып жауға ти, Тәңірі өзі біледі, Ажалымыз қайдан-дүр! (22,36)

«Күлтегін» мен «Тоныкөк»  жырларына тән тағы бір сипат - бұл жырлардың кіріспесінде және қорытынды бөлімдеріңде лепті үнмен  мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастап, асқақтап сөйлеу сияқты эмфатикалық дауыс ырғағы басым болады. Мұның өзі оқырманның сезімін жандандырып, онытез әсерлендіру үшін жасалғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қарт данышпанТоныкөктің бүкіл түркі еліне қарата айтқан мына бір монологі бұған толық дәлел болса керек:

- Мен - білге Тоныкекпін. Алтын қойнауын асып келдік, Ертіс өзенін кешіп келдік. Көп (екен) деп неге қашамыз?! Азбыз деп неге қорқамыз?! (46,77)

Міне, осылайша көпшілік қауым алдында көтеріңкі екпінмен үндеу тастап ақыл-өсиет айту, асқақтата  сөйлеу дәстүрі араға сан ғасырлар салып барып қазақтың жыраулар поэзиясында қайталанады. Мәселен, Марғасқа жыраудың Ташкент ханы Тұрсынға қарата айтқан толғауы:

Ей, Қатағанның ханТұрсын,

Кім арамды ант ұрсын,

Жазықсыз елді еңіретіп

Жер тәңірісіп жатырсың, -

деп басталады (22,56).

Сондай-ақ Абылайханның кеңесшісі, данышпан қарт Бұқаржырау Абылай ханға қарата батыл сөйлеп, екпіндете толғайды:

Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай, Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тыңдамай. (22,76)

Информация о работе Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы