Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад
Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.
Қазақ ауыз әдебиеті бай, әсіресе ежелгі дәуірден көненің көзіндей сақталып келе жатқан дәстүрлі дастандар - батырлық жырлары көбірек дамыған деуге болады. Эпикалық шығармалар желісіңде қара бастың қамы емес, халықтың мұрат-мақсаты үшін күрескен батырлар мадақталады. Қамбар батыр, Қобыланды батыр және Алпамыстың ел үшін атқарған ерлік істері, олардың туған жері, елі үшін өз басына жалға тігуі бұл сөзімізге толық дәлел.
Түркі халқын сыртқы жаудан қорғау үшін «түн ұйықтамай, күндіз отырмай», тыным таппай жүрген Күлтегіннің қанды шайқастардағы ең жақын көмекшісі, оның мінген тұлпары болып көрінеді, «Ер қанаты - ат» екені «Күлтегін» жырында да айтылады. Қанды шайқастарда Күлтегін батыр өзінің жеңіске жетуінің бір себебі - астындағы тұлпары деп біледі.
Күлтегін сан түрлі шайқастарда әр түрлі сәйгүлік аттарға мініп, қан майданға шығады. Небір тұлпарлар Күлтегіннің мінісіне шыдамай, бірінен соң бірі құлап жатады. Мұның өзі батырдың қыруар күш-қуат иесі екенін аңғартып тұрған сияқты. Күлтегіннің жекпе-жекке түсетін қарсыласы неғұрлым күшті, айбарлы болса, батырдың майданға мінетін сәйгүлігі де соғұрлым жүйрік, даңқты болып келеді. Күлтегін өзінен бұрын талай рет ерлік көрсеткен алып батырлардың арғымақаттарына мініп шығады. Мәселен, Күлтегін жиырма бір жасында жаудың ең мықты батырының бірі Чача Сеңүнмен шайқасады. Сонда ол Тадықын чурдың Боз атына мініп келеді. Бұл көрініс «Күлтегін» жырында айшықталып берілген:
Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық.
Еңілкі Тадықын чурдың, Боз атын мініп шапты, Ол ат сонда өлді. (46, 51)
Батыр бұдан кейін де талай-талай жаумен шайқасып, солардың әрқайсысында әр түрлі алыптардың тұлпарына мініп шайқасқа шығады. Бәрінде де ол жеңіп отырады. Өйткені батырдың майданға мінген арғымақ аты қаһарманның бойындағы асып-тасып тұрған шексіз күш-қуатқа сай келеді.
«Күлтегін» жырында Түргеш елімен болған соғыс кең көлемде жырланған деуге болады. Бүл соғысқа Күлтегін әскері Інжу өзенінен етіп барады. Мұнда автор Күлтегін әскерінің «аты арық, жемі жоқ еді» дейді. Бұларға қарсы шыққан жау «қорқынышты кісілер, алып кісілер болатын». Күлтегін шағын қолмен оларға қарсы барды. Жойқын соғыс ашты. Жаудан жасқанбады. Өйткені Күлтегіннің мінгені Алып Шалшы ақ ат болатын. Бұл соғыс «Күлтегін» жырында төмендегідей етіп берілген:
Алып Шалшы ак, атқа мініп шауыпты. Баршасы түргеш халқының Солжерде өлім тауыпты. (46, 53)
Бұдан кейін жырда түркілердің қарлықтармен болған соғысы баяндалады. Тамағ шыңында болған осы шайқаста қарлықтарды қырып салады. Өйткені Алып Шалшы ақ ат бәрінен де жүйрік, бәрінен де тегеурінді еді.
Күлтегін талай рет Азман ақатына мініп, жауды шапқанда да ұдайы жеңіске жетіп отырады:
Күлтегін Азман атын мініп, шапты, талқандады. Әскерін жендік, елін алдық. (46, 54)
Сөйтіп, «Күлтегін» жырыңда шығарманың басты қаһармандарының бірі ретінде батырдың жорыққа мінетін сәйгүлік аттары бейнеленген. Күлтегін соғысқа мінген Боз ат пен Торы ат, Алып шалшы мен Азман арғымактар туралы Йоллығтегін сүйсіне жырлайды. Түрік қағанатының әскери қолбасшысы мінген сан түрлі сәйгүліктер туралы оқи отырып, қазақтың батырлық жырларындағы «әр аяғы келідей, он екі құлаш Шұбар» тұлпарды, «бір өзі он екі биені еміп өскен ат» Ғиратты, «бір төбенің шаңын бір төбеге қосатын Тайбурылды», «бір күн шапса айшылық жолды алатын Байшұбарды» еске түсіреміз.
Қазақтың батырлық жырларында да батырдың жорыққа мінген тұлпарлары да шайқас үстінде құлап, жаудан жарақаттанып жататын сәттері болады. Мәселен, Тайбурыл Қобыландының мінісіне шыдамай, осылайша құлайды:
Екпіндеп шапқан Тайбурыл Етпетінен жығылды. Жығылғасын Қобыланды Аттан түсе қалады. (13, 105)
Болашақ батырдың шайқасқа шабатын тұлпарын тай кезінен танып, «түтікпенен су беріп, түндікпенен күн көрсетіп, кекіл-жалын тарап өсіреді».
«Алпамыс батыр» жырында да батырдың Шұбар атын суреттеуге кең орын берілген. «Алтын бауыр Шұбардың» шабысын зор шеберлікпен суреттей келіп:
Шын жүйрікке не сөз бар, Тартылды жердің танабы. Бір күн шапса Шұбар ат Айшылық жолды алады, - дейді(14, 20).
Бұл жырда «қарсақ жортпас қалыңнан қарғып» өтіп, «түлкі жортпас түлейден жұлдыздай ағып» шыға келетін Шұбар ат тек қана Алпамыс батырға ғана лайықты тұлпар етіп көрсетілген.
«Күлтегін» жырындағы сияқты қазақтың батырлық жырларында жорыққа мінетін сәйгүліктің түр-түсіне, сыртқы сипатына ерекше мән беріліп отырады. Мәселен, «Қамбар батыр» жырында Қосай батыр мінетін Сары аттың түр-түсі егжей-тегжейлі бейнеленген. Сары атқа тілбітіп, Қосай батырға ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл жырдаСары ат мейлінше мадақталады:
Астындағы Сары аттың Көкте екенін білмеді, Жерде екенін білмеді, Қос қанатын салады. (15, 96)
Қазақтың ежелгі жауларымен сан рет шайқасқа шыққан Бөген батырдың астынан да «жер тепкілеп тұрған он екі ққлаш Шұбар атты» көреміз. «Бөген батыр» жырында да «қарсақ жортпас қара ойдан, түлкі жортпас түлейден» желдей ағып өтетін қос қанатты Шұбар ат тек Бөген сияқты алып батырға ғана лайықты болып көрінеді:
Шұбар аттың бауыры Қырық кездей созылды, Шапқан жерін қарасаң, Жер ошақ болып қазылды. (15, 282)
Сонымен, Орхон жазба жәдігерліктері мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын талдай келіп, төмендегідей түйін жасауға болады. «Күлтегін»және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.
Біз сөз етіп отырған «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары тарихи тақырыпқа жазылған дастандар екенін жоғарыда айттық. Соның өзінде, бұл жырлардан қазақтың батырлық эпосына тән шынайы белгілер айқын көрініп тұрғанын аңғару қиын емес. Елдің қамын ойлаған ержүрек батырға тән басты белгілер: батырдың текті ортадан шығуы, жастайынан халық қамын ойлауы, өзінің ерлік бейнесін елге ерте танытуы, нағыз батырға лайықты тұлпар тандауы, елін сыртқы жаудан қорғау үшін сан рет шайқасқа шығуы әрі батырдың шайқастарда міндетті түрде жеңіске жетіп отыруы, сол арқылы халық құрметіне бөленуі сияқты болып келеді. Ал бұл қасиеттердің бәрі Күлтегін батырдың бойынан табылады.