Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:07, курсовая работа
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мектепте берілетін тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ы. Алтынсарин енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.
Кіріспе 3
1. Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіптілікке үйрету, кәсіпке бағдарлау............6
1.1.Кәсіби бағдар берудің даму тарихы................................................................6
1.2.Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау.................................................................................................................15
2. Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің әдістемесі.................20
2.1.Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің формалары мен әдістері................................................................................................................... 20
2.2. Кәсіби бағдар берудің жүйесі.......................................................................33
3.Кәсіби мектеп оқушыларының оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері............................................................................................................... 46
3.1. Кәсіби бағдар беру жұмысының міндеттері............................................... 46
3.2.Кәсіби мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру......................................................................................................... 50
Қорытынды 52
Қолданылған әдебиеттер.
МАЗМҰНЫ
1. Кәсіби мектеп
оқушыларын кәсіптілікке
1.1.Кәсіби бағдар берудің
даму тарихы...................
1.2.Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке
дайындау......................
2. Кәсіби мектеп
оқушыларына кәсіби бағдар
2.1.Кәсіби мектеп оқушыларына
кәсіби бағдар берудің формалары мен әдістері......................
2.2. Кәсіби бағдар берудің
жүйесі........................
3.Кәсіби мектеп оқушыларының
оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері.....................
3.1. Кәсіби бағдар беру
жұмысының міндеттері..........
3.2.Кәсіби мектепте кәсіби бағдар
беру жұмысын ұйымдастыру...................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мектепте берілетін тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ы. Алтынсарин енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.
Ы. Алтынсарин еңбектің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Оның еңбек тақырыбына жазған әңгімелерінен бала жынын жазбай танитын нәзік психолог екенін аңғаруға болады.
Халықтық мұраны ізгі дәстүрлі – жас ұрпақты еңбек етуге, кәсіби тәрбие беруде өнерге баулудың бірден- бір жолы. Жеке адамның жан - жақты да, үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі болып табылады. Адам еңбексіз дами алмайды, керісінше біртіндеп кері кетеді.
Еңбек адамның іскерлігі мен ой- өрісін ғана өсіріп қоймай, оның адамгершілік, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байыта отырып, болашақ кәсібіне бағыт сілтеп икемдейді. «Еңбек - өнер өрісі, өнер - өмір жемісі,»- дегендей адамзат баласының болашағына барар жолға бағыттайды.
Кәсіби тәрбие берудегі халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман – мұраттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт- дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта жинақталып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады.
Ұлы педагог Ы. Алтынсарин 1887 жылы балаларды бір орталықтан еңбек тәрбиесіне тәрбиеленуінен бастау алған, қазіргі кезде мектептерде жүріп жатқан технология пәнінің бір ғасырдан астам тарихи негізі болса да, жалпы орта білім беретін мектеп өмірінде күні бүгінге дейін еңбекке баулу пәнінің эспериментальдық тұрғыдан түспей, пәннің бірі болуда.
Жаңа қоғамның ағымындағы республикамыздың өркениетті елдер қатарына қосылуы, әрбір оқушының тәрбиелілігі мен кәсіби тәрбие деңгейінде болуымен де, талаптылығымен де тығыз байланыста екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Халық педагогикасында кәсіби білім беру, еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Халықтың педагогикалық идеяларын, әдіс- тәсілдерін ашып беретін ерекше жазбаша шығармалар ең бай бұлақ көзі болып табылады. Олар: мақал- мәтелдер, ән- жыр, аңыз- әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, т.с.с. Мақал – мәтелдер – халық ауыз шығармашылығының ең белсенді де, кең тараған түрі. Онда қоғамның материалдық және рухани талап тілектері бейнеленген.
Оқушының кәсіпке тәрбиелеудегі еңбек қажеттілігін тек күнделікті жұмыспен айналысу арқылы қалыптастыруға болады деп есептегендіктен, қазақ халқы отбасы өмірінде педагогиканың маңызды талаптарының бірі- бала еңбегінің жүйелілігі мен бірізділігін сақтауға ұмтылады.
Оқушыны еңбекке даярлау үрдісін басқаруға сипаттама берер кезде осынау әдіснамалық тәсілдерді қолданамыз. Жас буын өкілдерін тәрбиелеу, оқыту, дамытуға бағытталған педагогикалық үрдіске қатысушылардың қоршаған ортамен рухани құндылықтармен өзара байланысы педагогикалық жүйені құрайды.
Сондай- ақ, ғылыми еңбектерде оқушыларды еңбекке даярлау жүйесінің өзге де анықтамалары кездеседі. Мәселен, кіріктірілген үрдістердің мынадай бағытттары бар: оқу- тәрбие жұмысындағы еңбек тәрбиесі пәндеріне политехникалық сипат беріп отыру, оқушылардың жалпы білімге қоса еңбек дағдысын алуын қамтамасыз ету; сабақтан тыс немесе демалыс кездерінде қоғамдық белсенді еңбекке жұмылдыру; кәсіптік бағдар беру, т.б.
Кәсіби білім беруде, еңбек тәрбиесі мен қолөнеріне баулуда негізгі тұлға – еңбек сабағының оқытушысы болып саналады. Еңбек пәнінің мұғалімі оқушының еңбек сабақтарында алған білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді, мамандықты таңдауға бағыт береді.
Оқушылардың жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден, кәсіби білім беру кабинетінде анықтамалық консультация материалдарын жинау; екіншіден, әртүрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психо- педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде пән мұғалімдері және сынып жетекшілері үшін консультация ұйымдастыру; үшіншіден, мамандықтар туралы оқушылармен кездесу өткізіп, әңгіме сұхбат жүргізетін, кәсіпорын өкілдерімен байланыс жасау; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Қазіргі педагогиканың жетістігі, ол тек қана жас ұрпақты күнделікті, үздіксіз тәрбиелеуге әсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге халық мұрасының ізгі дәстүрі – жас ұрпақты кәсіпке, өнерге баулудың бірден- бір жолы.
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың мамандық таңдау кезіндегі олардың қабілетіне, қызығушылығына, икеміне қарай кәсіби бағдар беріп, әр оқушымен жекеше кәсіби консультация жүргізу.
Жұмыстың міндеті: оқушылардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауына зор ықпал ету: пікір- талас, деспут, сыныптан тыс үйірмелер, кездесу, көрнекілік, саяхат, т.б. жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеу пәні: оқушылардың кәсіби бағдар беру жұмысы.
Еңбек объектісі: оқушыларға кәсіби бағдар беру.
1. Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіптілікке үйрету,
кәсіпке бағдарлау
1.1 Кәсіби бағдар берудің даму тарихы
Еңбек пәні атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлерін және жаңа технологияны қолдана отырып, үйреніп білуге үйретеді. Онда орындалатын іс- әрекеттер жайында мағлұмат берумен бірге әрбір адамның айналысқан кәсібін жеке мамандықтарға бөледі. Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен практикалық дағды жиынтығы.
Қызметкердің мамандануы кәсіби еңбек бөлінісінің бір түрі. Ол «кәсіп» және «мамандық» деген екі түсінікті қамтиды. Мамандық пен кәсіптің қалыптасуының тарихи сипаты болды. Өндірістің жаңа саласының пайда болуы және техникалық прогресс нәтижесінде жаңа технологияның енуі жаңа «мамандық» тудырады. Ескі ауыр дене еңбегін қажет ететін кәсіптер жойылып, жаңа мамандықты игерудің арқасында техникамен жұмыс істеу мүмкіндігін алды. Еліміздегі еңбек өнімділігін арттыруда жіне еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартуда оның мәні зор.
Адам баласын
еңбекке үйрету, өмірге бейімдеп тәрбиелеу-
адамзат қоғамының халық
Қазақ халқы да ертеден-ақ өз балаларын жас кезінен еңбекке үйретіп, баулыған. Қы баланы үй сыпыру, сиыр сауу, ас пісіру, іс тігу, ал ұл баланы құлын ұстап, мал бағуға, ағаштан әр түрлі күбі, астау, келі- келісап, домбыра ат әбзелдерін жасауға, ер шабуға үйреткен. Осы еңбектердің барлығы жетіле келе қазір ауыл шаруашылығына арналған еңбекке айналды. Сол еңбектің арқасында адам жерді игерді, күнкөріс үшін қажетті өсімдіктерді алдымен жабайы қалпында пайдаланды. Кейіннен оларды мәдениетті түрге айналдырды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығының егіншілік саласы дамыды.
Бүгінгі таңда
жас ұрпақты оқыту –
Қазіргі ғылыммен
барлық ауыл шаруашылық жұмыстарын техникамен
атқарады. Өсімдіктерді егу, күту, арамшөптерден
қорғау, жинау және сақтау мен кайта
өңдеу жұмыстарының бәрі технологиялық
процесс.Сол технологиялық
Жұмысшы тобының қатарына жыл сайын мектеп бітірушілерден миллиондаған жастар келіпқоысылып жатады. Осылардың бәрін мамандықты саналы түрде таңдап алу керек. Бізге жастарды қазіргі өзгерістермен, қазіргі заман өндірісіндегі еңбекке орналастыру жағдайымен, жұмыссыздықпен күрес жолдарымен таныстыру қажет. Мамандықты таңдау мен игеру жеке адамның туа және жүре пайда болатын көп санатты қабілетіне де байланысты болады.
Қабілеттілік- бір адамды өзге адамдармен ажырататын жеке психологиялық ерекшелігі. Қабілеттілік деп- жеке адамның барлық ерекшелігі емес, тек қандайда болмасын бір немесе бірнеше қызметті табысты орындай алатын ерекшелігін айтады.
«Кәсіп» және «Мамандық» ұғымдары қамтитын әртүрлі қызметтер сапасы көп. Өмірге жаңа араласқан жасөспірімнің алдында бірнеше мыңдаған кәсіптің біреуін таңдау міндеті тұрады. Әрбір адам бір ғана емес, көптеген кәсіпке қабілетті болады. Кәсіптік бағыт беру міндеті жасөспірімдердің болашақ өмір жолын таңдап алуына, оның жеке басының қабілетіне көбірек сәйкес келетін мамандықты таңдауына ғылыми негізделген көмек беруде болып табылады.
Әртүрлі кәсіптің сапасын дамыту үшін, егер ол ағаш шебері болса, ол ағашты өңдеудің әртүрлі әдістерін білумен бірге электр құралдары мамандығын, электр жабдықтарын пайдалана білуді жетілдіруі тиіс.
Қазіргі кезде
әртүрлі мамандықтың сапасын
жақсарту үшін мердігерлік тәсіл
қолданылады. Оған бірнеше мамандық
иелері қатынасады. Мердігерлік тәсілдің
артықшылығы- ол жұмысты кең
Сан алуан өндіріс түрлеріндегі мамандық иелері терең ақыл ойлы, зор қиялды болуға, сыза білуге және техникалық суреттер жасай білуге тиіс. Ұйымдастырушылық қабілет аса қажет. Жалпы білім беретін орта мектепті бітірушілер алдындағы үлкен міндет- кәсіптің жеке түрлерімен толық танысып, оның ішіндегі өзінің бейіміне сай түрін таңдап алу.
Қазіргі кеде жабылған зауыттар орнына іскер адамдар жеке акционерлік қоғам құрып, кішігірім цехтар ашып, жұмыссыз қалған адамдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызуда. Оны жүзеге асырудың негізгі жолы сол мамандықты жете меңгеру.
Қазіргі нарықтық және жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру кезеңінде, жетістікке нарықтық жас ұрпаққа ие екенін жете білдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Нарық-бұл өндіріс факторын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. Осы жүйені оқушыларға дұрыс жүргізгенде ғана мәдени- тұрмыстық және экономикалық жағдай жақсы болады. Өндірісті өркендету жаңа еңбек құралдарын тиімді пайдалану, технологияны жетілдіру нәтижесінде бұрын қалыптасқан салалардан жаңа салалардың бөлініп шығуына және жаңа тұрпатты кәсіпорындардың құрылуына жағдай жасайды. /7/
Қазірде елдің экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік даму жолындағы маңызды мәселелердің шешімі табу барысында ерекше рөл жоғары мектептің үлесіне тиеді, ол жастардың еңбек қызметінің белгілі бір саласына бейімделіп, тәжірибе жтнақтауына, дамыған жұмыс күшіне айналуына мүмкіндік беруге тиіс.
Дамыған өндіріс жағдайында жасампаз еңбек түрінің бірі инженерлік-техникалық қымет болып табылады, қазіргі таңда мұндай қызметсіз қоғамдық өндірістің болуы мүмкін емес. Оның үстіне, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы жаңа деңгейдегі материалдық-техникалық база құрылуы өндірістік қатынастардың жаңа сатыға көтерілуі дәрежесіне орай инженерлік қызметтің мәні де арта түседі, себебі мемлекет шын мәнінде бүкіл қоғамның өкіліне айналған кезде адамдарды басқару жүйесінің орнына заттарды басқару және өндірістік процестерге басшылық жасау жүйесі орнайды.
Информация о работе Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау