Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:07, курсовая работа

Описание

Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мектепте берілетін тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ы. Алтынсарин енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.

Содержание

Кіріспе 3
1. Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіптілікке үйрету, кәсіпке бағдарлау............6
1.1.Кәсіби бағдар берудің даму тарихы................................................................6
1.2.Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау.................................................................................................................15
2. Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің әдістемесі.................20
2.1.Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің формалары мен әдістері................................................................................................................... 20
2.2. Кәсіби бағдар берудің жүйесі.......................................................................33
3.Кәсіби мектеп оқушыларының оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері............................................................................................................... 46
3.1. Кәсіби бағдар беру жұмысының міндеттері............................................... 46
3.2.Кәсіби мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру......................................................................................................... 50
Қорытынды 52
Қолданылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Профориентационная работа.doc

— 309.00 Кб (Скачать документ)

Оқушыларға  мектепте оқып жүрген кездің өзінде кәсіптік бағдар жөнінде жұмыс жүргізгенде, болашақ жас жұмысшыларды бүкіл  еңбек жолындағы мамандығын өзі  таңдауына психологиялық әзірлік  жасау талап етіледі.

Өте тапшы және ауыр мамандықтар бойынша оқушылардың мамандық таңдауына психологиялық әзірлік жүргізуде қандай да болсын комбинаттың тәжірибесі көңіл аударарлық. /2/

Егер оқушы  техника мен техниканың тек ғылыми негізін ғана біліп, оны пайдалану  тәсілін меңгере алмаса, онда ол еңбек міндетін творчестволықпен шеше алмайды, ал мұның кез келген жұмысшы кәсібіндегі адамдарға айрықша қажетті екендігі белгілі.

Мектеп прогграммасындағы  еңбекке баулу оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың дидактикалық принципін  жүзеге асыруға бағытталған, ал бұдан шығатын қорытынды: еңбекке баулудың  практикалық сипат алуы, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы еңбекке белсене араласуына  және өнімді еңбек етуіне жол ашуы тиіс.

Мектеп оқушыларының кәсіптік бағдары еңбекке баулуға  тікелей қатысты және ол оқушылардың өнімді еңбек етуінен туындайды. Еңбекке баулудың оқыту пәні ретіндегі ерекшелігі мынада: оқушының әр түрлі жұмыстарды атқару және нақты бір бұйымды әзірлеу барысында қалыптасқан білімі мен іскерлігі өнімді еңбек міндетімен сәйкес келуі тиіс.

Технология сабағы мектеп оқушыларын белгілі бір объектінің құрылысын және конструкциясын оқып үйретеді, сондықтан да еңбек процесінде мұғалім оқушының конструкторлық қабілетін, техникалық ойлауын, яғни сан-салалы кәсіптегі адамдар үшін аса маңызды болып саналатын сапаны дамытуға айрықша көңіл бөледі. /3/

Конструкциялық-техникалық міндеттерді шешуге байланысты тапсырмаларды  орындау оқушыларды маңызды құрылымдық элементтерді ұғынуын, талдай білуін, алдына мақсат қоюын, еңбек процесін ұйымдастырудың, жұмысты жоспарлауын, күрделі қызметті аралық кезеңдерге бөлуін, өз еңбегінің нәтижесін объективті бағалауын жетілдіруге көмектеседі. Мектеп оқушыларының техникалық суреттермен, сызбалармен, кинематикалық және электротехникалық схемалармен, нұсқау беретін карталармен жұмысы да осы мақсатты көздейді.

Осындай танымдақ әрекеттер процесінде мектеп оқушыларында табандылық, дербестілік, белсенділік, тапсырманы орындаудың қолайлы жолын  таба білушілік қасиеттері қалыптасады.

Ал, мұндай қасиет кез келген мамандықтағы жұмыскерлерге қажет.

Оқыту мен тәрбиелеудегі  жетістік мектептегі бүкіл педагогика коллективінің бірлесе күш салуы  арқылы жүзеге асырылады, сондықтан  еңбек пәні мұғалімінің оқушылардың  кәсіптік бағдары жөніндегі атқаратын  жұмыстарын, басқа да мұғалімдердің  қызметімен үйлесіп отыруы қажет. /8/

Технология  пәні мұғалімінің кәсіптік бағдар жөніндегі  жұмысында оқушылардың өндіріс, экономика негіздері, кәсіпорындарды еңбекті ұйымдастыру, табиғатты  және қоршаған ортаны қорғау, ғылыми-техникалық революцияның мәні мен міндеті, өндірісті дамытудың перспективалары туралы білуінің ерекше маңызы бар, оқушылар әр түрлі пәнді оқыған кезде бұл мәселелерге қанық болады. Технология пәнінің мұғалімі оқушыларға тиянақты білім берумен қоса оларды әр түрлі кәсіппен, бірінші кезекте нақты экономикалық аудандағы жетекші кәсіптермен таныстыруы тиіс. Егер оқушыларды кәсіптің мазмұны, ұйымдастырылу формасы мен әдістері белгілі бір экономикалық ауданда тұратынхалықтың кәсіп бойынша, өнеркәсіп салалары бойынша орналасуын негізге алатын болсақ, егер мектеп жалпы еңбек дағдыларын  бере отырып, балаларды сол ауданның қажет етіп отырған еңбек түрлеріне дайындайтын болса, міне сонда ғана адамның өзіне тән мүддесін, қабілеті мен бейімін ескеретін, әрі белгілі бір экономикалық ауданның талап-тілегіне сай келетін оқушы балалардың кәсіптік ой-ниетін қалыптастыру принципі еңбекке баулу принципімен толық бірлікте жүзеге асады. /12/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кәсіби мектеп оқушыларына  кәсіби бағдар берудің

 әдістемесі

2.1 Кәсіби мектеп оқушыларына  кәсіби бағдар берудің формалары  мен әдістері

Ерте дәурден бастап адам баласының  жетілуі мен қоғамдық процестің  дамуында еңбектің рөлі зор.

Адамның жан-жақты және үйлесімді  дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Жеке адам еңбексіз дамымайды, ол біртіндеп кері кетеді, азады.

Еңбек арқылы адамның дене, адамгершіоік, эстетикалың және ақыл-ой деңгейі  дамып, жетіледі. Қоғамдық еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі.

  Еркін еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Творчестволық еңбек процесінде жеке адам өз күшінің шамасы мен қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты толыса түседі.

Оқушыларды  еңбекке тәрбиелеу үрдісінде  тек қана қол еңбекке баулумен шектелмейді.

Өткен тарихымызға  назар аударсақ, өз халқының болашағы, келешек ұрпақ үшін маңызды ой-пікір  қалдырғандар аз емес. Солардың бірі- Ыбырай Алтынсарин, өз өмірін жастарға білім беруге арнады, қазақ халқының жай-күйін зерттеді. Ұлы ойшыл қазақтарды кәсіпшілікке үйретуді мектептен бастау керек деп санап, жергілікті жерлерде кәсіби мектептер ашуды талап етті. Сол сияқты ұлы Абай болса, еңбек ету керек, кәсіптің иесі болу- адам өмірінің бір саласы деген. «Еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды»- дейді.

Сол сияқты ерте дәуірде өмір сүрген ойшылдар, ғалымдар, оқымыстылар еңбек тәрбиесіне назар  аудармай қойған жоқ. «Адамды адам еткен- еңбек»      Ф. Энгельс: «Еңбексіз - өмір тұл»,- дегендей ұлағатты ойлар тегіннен-тегін айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан емес. /5/

Оқу мен тәрбие мақсатын кешенді түрде біртұтас қарастыру оқушылардың білімділігін, танымдық дағдыларын жетілдіреді. Мектепте оқушыны еңбекке, кәсіпке үйрету- Қазақстан білім беру жүйесіндегі  басты міндеттердің бірі.

Кәсіптік еңбек  сабағының деп мектеп оқушыларын белгілі бірізділікпен, кәсіптік еңбек дағдыларымен, іскерліктерімен қаруландыруға бағытталған, лқытуға ықшамдалып алынған бір-бірімен байланысты оқу материалын айтады.

Оқушыларды  кәсіптік еңбекке даярлау жүйесінің  құрамына мына төмендегідей бөліктер кіреді. Олар: оқушылар, мақсат пен міндет, кәсіптік еңбекке даярлау мазмұны, мұғалімдер мен кәсіптік еңбекке даярлау құралдары, тәрбие, оқу, кәсіптік еңбек үрдістері, ұйымдастыру түрлері және басқару. Осы құрылым шеңберінде оқушылар мен мұғалімдер, мектеп басшылары мен үйірме, сынып жетекшілерінің бірлескен іс-қимылы жүзег асырылады.

Кәсіптік еңбек  тәрбиесінің  негізгі мақсаты- жас  жеткіншектерге қоғамдық тәрбие беру және жеке адамдарды жан-жақты дамыту. Кәсіптік еңбек тәрбиесінің мақсаты  еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен қаруландыру қабілеттігін дамыту, мамандық таңдауда көмек беру болып табылады.

Оқушыларды  кәсіптік еңбекке даярлау ғылым  негіздерін үйрету барысында кәсіптік еңбек сабақтарда, факультативтік сабақтарда, техникалық творчество үйірмелерде, сабақтан тыс қоғамдық пайдалы еңбекті орындау барысында іске асырылады.

Кәсіптік еңбекке  даярлықтың міндеті- оқушыларды психологиялық  тұрғыдан кәсіптік еңбекке даярлау, оларды қарапайым еңбек құралдарымен жұмыс істейбілуге үйрету, өз еңбегін ұйымдастыруда дағдысы мен ептілікті меңгеру. /4/

Ғылыми еңбектерде оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау  жүйесінің өзге де анықтамалары кездеседі. Мәселен, кіріктірілген үрдістердің  мынадай бағыттары бар: оқу-тәрбие жұмысындағы кәсіптік еңбек тәрбиесі пәндеріне политехникалық сипат беріп отыру; сабақтан тыс немесе демалыс кездерінде қоғамдық, белсенді еңбекке жұмылдыру; кәсіптік бағдар беру  т.б.

Оқушыларды  кәсіптік еңбекке даярлау екі  ерекшеліктен тұрады. Біріншісі- кіріктірілген үрдіс болса, екіншісі- жұмыстың бағыт-бағдары. Бұл екеуі де басқару нәтижесінде жүзеге асырылады. Сонымен, біз оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлаудың кешенді, процессуалды негіздерін зерттедік. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады:

1.Әдіснамалық категорияға тәсіл, ұстаным және аспект деген ұғымдар кіреді. Әдіснама жүйесі спираль іспетті, бірінен екіншісі туындап жатады. Сондай-ақ бір-біріне қарама-қайшы келетін көзқарастар да ұшырасып отырады.

2.Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау үрдісін басқарудың әдіснамалық негізі дидактикалық және оқушыларды даярлаудың политехникалық әдіснамасымен бір қатарда тұр.

Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау  үрдісін басқару мынадай кезеңдерден  тұрады: мақсатты белгілеу, педагогикалық  талдау, жобалау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау, үйлестіру және түзету.

Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау  үрдісін басқарудың ғылыми педагогикалық  негізі ретінде түрлі ұстанымдарды, міндеттерді, басқару тәсілдерін тәрбие ісіне қатысушылардың бірлескен  іс-қимылдарынан да алуға болады.

3.Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау жүйесі құрылымдық, функционалдық жағынан да үнемі дамып отырады. Оның түпкі мақсаты- оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру.

Адамзат ХХІ ғ. қадам басып, дүниежүзілік ғаламдану процесін бастан кешіруде. Ендігі жерде біздің санамызда қалыптасып қалған құндылықтар да өзгеріске ұшырамақ. Бұрын оқытуда басты тұлға- мұғалім болып, сабақта мұғалім жетекші, үйретуші рөлін атқаратын да, бала тыңдаушы, есте сақтаушы, қайтіп айтып беруші рөлін атқаратын. Онда оқушының белсенділігі байқалмайтын, себебі баладан өзі сүймейтін істі орындау талап етілетін. Міне, содан барып орта білім беру ісінің барлық олқылықтары көрініс табатын. Ендігі жерде алдыңғы планға мұғалім емес, бала шығады, « мектеп те, мұғалім де бала үшін» деген девиз шынайы мәнге ие болды. Қазіргі кездегі мұғалімнің міндеті- баланы тыңдаушыдан зерттеушіге айналдыру, өз бетінше білім ала білуге баулуы керек. Ол үшін мұғалім бұйрық берушіден ақыл-кеңес айтушыға айналады.

Қазіргі бала бұрынғы балаға қарағанда заман ағымына орай пысықтау, өз құқығын талап етіп, теледидар арқыл көп хабарды біледі. Соған сәйкес оны тәрбиелеу ісі де қайта қарауды талап етеді. Сондықтан оқушыларды кәсіптік еңбекке баулуда оның табиғи болмысын ескеріп, соған сай оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын таңдап алу қажет. Оқушыларды кәсіптік еңбекке тәрбиелеуде мұғалім әрі дипломат, әрі қамқоршы, әрі білгір жетекші рөлін атқарса, оқыту мен тәрбиелеудің көп мәселелері ойдағыдай шешілмек. /10/

Оқушыларға арнайы бағдарламаға сәйкес жан-жақты кәсіптік еңбекке баулуды оқыту өз алдына да заман талабына қарай тәлім-тәрбиелік жұмыстарды барынша дұрыс жолға қою ұстаз-тәрбиешілердің басты борышы.

Кәсіптік еңбекке баулу барысындағы  тәрбиелеу міндеттерінің мыналары іске асырылуы қажет: оқыл-ой, сезімдік әрекеттің жүйесін қалыптастыру, қазіргі өндіріс қызметін көрсету негіздерімен таныстыру, оқушылардың өз бетімен және жеке қабілетінің арқасында жобалау мен конструкциялаудың шығармашылық есептерді шешуін дамыту, кәсіптік кеңістікті білуді, өзінің кәсіптік бағдарын сынап, анықтай алуды, оны оқушылардың өзін-өзі танып білуін қамтамасыз ету, еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілікті және қайырымдылықты, шыншылдықты сүюмен, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей білуге үйрету. /9/

Қазіргі кезде республикалардың мектептерінде, оқу-өндірістік комбинаттарында жас  ұрпақты өмірге, кәсіптік еңбекке  даярлауда мол тәжірибе жинақтауда. Еңбек және кәсіптік еңбек пәндерін оқытудың жаңа бағдарламалары игерілуде. Оқушыларға кәсіптік мамандақ беруде кәсіпорындардың, оқу цехтарының, мектеп аралық өндірістік комбинаттардың, өз шеберханаларының рөлі артып отыр. Сондай-ақ жастардың жан-жақты жетілуіне кәсіпорындар, ұйымдар, өндірістік орындар тарапынан қамқорлықтар жасалынуда. Олар мектептердің материалдық базасының өсуіне, сонымен бірге жас адамдарды қоғам өмірінің күрделі процесінде творчестволықпен ойлауға, дербес және дұрыс әлеуметтік бағдар таба білудің әдістері мен дағдыларына баулуда шефтік көмек көрсетеді.

Оқушылардың кәсіптік еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық училищеде  өткізіледі. Кәсіптік еңбек тәрбиесінің  жүйесіне түрлі іс-әрекеттер кіреді. Олар: оқу процесіндегі кәсіптік еңбек, кластан тыс үйірме,өзіне-өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы және өніміді еңбек. /16/

Кәсіптік еңбек тәрбиесі үшін өте  маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Оқушылардың бойында  еңбек сүйгіштік, еңбек адымына деген құрмет сияқты мінез-құлық белгілерін қалыптастыруда еңбек пәні мен мұғалімнің алатын орны ерекше.

Жеке тұлғаны  тәрбиелеуде оқушыларды қоғамның өндірістік еңбегіне қатыстырудың маңызы зор. Еңбек- қоғам дамуының алғашқы қажеттіліктерінің  негізі.

Оқушылардың бойына кәсіптік еңбекке деген бейімділікті қалыптастыру мен болашақ еңбектану  әрекетіне психологиялық жағынан  дайындықты қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі. Әрбір педагог бала бойында  кәсіптік еңбек етуге, оның нәтижесіне жету жолдарын, тапсырмаларды орындауға деген қызығушылығын оятуға, оның түрлі жолдарын айқындауға әрекеттенулері керек. Алдыңғы орында оқушыға оқыту мен тәрбиелеу барысында өмірдің мәні кәсіптік еңбекте екендігін түсіндіреді. Қоғамдық пайдалы еңбек барысындағы оқушыларды кәсіптік еңбекке тәрбиелеу ұжым арқылы іске асырылатын жұмыс. Бұл жерде оқушылардың білімін, білігін, жұмысты жоспарлау қабілетін, жұмыс орнын ұйымдастыру, техника қауіпсіздігін сақтау, материалды үнемді, ұқыпты пайдалану, берілген тапсырманы (өңдеуге, тігуге байланысты) дұрыс орындауды бақылауға алып ілгері дамытып отыру қажет.

Оқушыларды  кәсіптік еңбек мәдениетін тәрбиелеудің маңызы зор. Оларда осы кезеңде қоршаған ортаны сүю, кәсіптік еңбек ынтамен  араласу, табиғат кереметтеріне  деген сүйіспеншілік арта түседі. Олардың еңбектің нәтижесі жайлы мұғалімдер мен ата-аналарынан да қолдау табуының маңызы да зор. Соның нәтижесінде олар да кәсіптік еңбекке деген жаңа көзқарас, оны тәрбиелеуде жаңа құлшыныстар байқалады. Бұның бәрі негізінен сабақтарда, шеберханаларда, сыныптан тыс жұмыстар барысында іске асырылады. Сондықтан бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оқушыларды кәсіптік еңбекке тәрбиелеу мен оқыту принциптерін шешуде басты рөл атқаратындығы сөзсіз.

Информация о работе Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау