Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:07, курсовая работа
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мектепте берілетін тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ы. Алтынсарин енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.
Кіріспе 3
1. Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіптілікке үйрету, кәсіпке бағдарлау............6
1.1.Кәсіби бағдар берудің даму тарихы................................................................6
1.2.Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау.................................................................................................................15
2. Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің әдістемесі.................20
2.1.Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің формалары мен әдістері................................................................................................................... 20
2.2. Кәсіби бағдар берудің жүйесі.......................................................................33
3.Кәсіби мектеп оқушыларының оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері............................................................................................................... 46
3.1. Кәсіби бағдар беру жұмысының міндеттері............................................... 46
3.2.Кәсіби мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру......................................................................................................... 50
Қорытынды 52
Қолданылған әдебиеттер.
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогрестің техникаға, технологияға, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға қосып жатқан жаңалықтарының қарқыны сондай, болашақ инженерлер дайындаудың саналылығы мен тиімділігін үнемі жаңа сатыға көтеріп отыруды талап етеді.Осылайша, ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуі инженерлік-техникалық білім беру жүйесін мүлде жаңаша құруға алып келеді.
Жоғары мектеп қабырғасында берік кәсіби құштарлығы бар болашақ инженерді- қоғам дамуының осы заманғы талаптарына жауап беретін жаңа типтегі маманды тәрбиелеп шығару ісі оқушылардың инженерлік шеберлік негіздерін алғышарт болып қаланатын кәсіби ынта қалыптастыру міндетімен сабақтас. Кәсіби ынтаның ерекше маңыздылығы көптеген психологиялық-педогогикалық зерттеулерде барынша терең талданып көрсетілген. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының бірқатары кәсіпке бағдарлау шараларының көмегімен кәсіби ынтаны дамыту мүмкіндіктерін саралауға арналды. Сонымен бірге, кәсіби ынтаның белгілі бір кәсіпті таңдау кезіндегі негізгі итермелеуші күш ретіндегі мән-маңызы оқушылардың білім алуға және қоғамдық жұмысқа белсене араласуындағы, кәсіпке бауыр басу процесіндегі, болашақ маманның кәсіби тұрғыдан танымды қалыптасуындағы рөлі толық дәлелденген.
Екінші жағынан, техникалық мектептердегі мұғалімдерінің бәрінің бірдей педогогикалық білімі жоқ, сондықтан олар оқушылардың іс-әрекетке сыртқы және ішкі құштарлықтарының оянуына сай олардың кәсіби ынталарын қалыптастыру бағытында педогогикалық ықпал етуді қалай ұйымдастыруды әрқашан да біле бермейді. Оқушылардың кәсіби ынтасын тәрбиелеуге арналған зерттеулер де өте аз.
Сондықтан кәсіби
бағдар берудің даму тарихы осы кәсіби
ынтаны қалыптастырумен тығыз
Ынта дегеніміз- субъектінің ішкі мәні мен объективті дүниенің бейнеленуі, бұл субъектінің санасындағы адамзат мәдениетінің материалдық және рухани байлықтарының жиынтық көріністерінің бірлігі.
Мамандыққа
бағдарлау мен іріктеу
Кәсіби бағдар беруде кәсіби ынтаны зерттеуді американ психологы Е.Стронг бастады, оның авторлығымен кәсіби ынтаны зерттеуге арнрлған тұңғыш сұраулар жинағы 1927 жылы жарық көрді. Эмприкалық зерттеулер жолымен әртүрлі кәсіп саласындағы мамандар ынтасының үлгілері құрастырылды, бұл үлгілерді құрастыру барысында олардың өз мамандығына және еңбек қызметінің басқа түріне, тегіне, типіне көзқарастары ескерілді.
Кәсіби бағдар
берудің даму жолдарындағы мәнін
түсінуге қатысты кең тараған
ғылыми көзқарастарға шолу жасап, көптеген
авторлардың мынадай методологи
Осылайша, кәсіби ынтаны қалыптастыруды айқындайтын фактор мен адамның іс-әрекетіне қажетті әлеуметтік жағдай болып табылады, себебі кәсіби ынта табиғаты адамның өзі таңдаған іс-әрекет объектісіне қатысты танымдық, сезімдік және қажыр-қайраттың, белсенділігінің болуын талап етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан өндірістік қатынастардың түбірлі өзгерістері «нарық экономикасы жағдайында жұмыс істейтін біліктілігі жоғары мамандар» даярлауды қажет етеді, әрі мамандық деңгейіне жаңа, биік талап қояды. Мамандар даярлаудың сапасы мен тиімділігін көтеру, тұтас алғанда, халыққа білім беру ісін қайта құруға, оның ішінде жоғары техникалық мектептің жұмыс түрін, тәсілін, мазмұнын мамандардың инженерлік қызметке қызығуын, кәсіби тұрғыда өзін-өзі тәрбиелеу мен білім алуға ынтасын қалыптастыру мақсатында қайта қарауға байланысты.
Ғылым жетістіктері
мен жаңа техниканы өндіпріске енгізу
ғана емес, еңбекті техникалық-
Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық даму барысынан байқалатын негізгі ерекшеліктер: техникалық әмбебаптығы, ол автоматтандырылған еңбек құралдарын жасау әдістері мен заңдылықтарының ортақтығымен сипатталады; еңбек заттары мен технологияның кешенді сипат ала түсуі; қоғамдық өндірісті компьютерлендіру. Осыған орай, маман еңбегінің міндеттік мазмұны өзгереді- еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруге, ғылыми техникалық есептер шығаруға байланысты ғылыми зерттеушілік, талдамалық міндеттердің үлес салмағы артады. Қазіргі заман инженері жоғары білікті, техникалық танымы кең, өндіріс тәсілдерін өдігінен дамытып, жетілдіре алатын болуы тиіс. Сондықтан жоғарғы техникалық мектеп кең профильді, нақты салаға бағытталған терең білімі мен практикалық даярлығы ұштасқан маман қалыптастыруға көшуі керек.
Кәсіби бағдар беруді күшейту техникалық профиль мамандарын даярлау сапасына қойылар талапты да қатайтады.
Жалпы теориялық пәндерді кәсіптік бағытпен оқытуды күшейту зерттеу объектісі ретінде өте күрделі педогогикалық жүйеге жатады, оны табысты зерттеу үшін теориялық үлгілерді пайдалану керек. Шынында да оқу-тәрбие факторлары мен әдістемелік-ұйымдастырушылық шарттардық оқушылардың кәсіби бағдарын дамытудағы маңызы зор, олардың ешқайсысы назардан тыс қалмай, тұтастық құрайтын бөліктерінің барлығының өзара байланысы мен сабақтастығы ескерілуі тиіс.
Мұндай үлгіні
жасау үшін жоғары техникалық оқу
орнында жалпы теориялық пәндер
Жоғары техникалық
оқу орындарында жаопы
Қоғамдық құрылымның өзгеруі, еңбек бөлісінің тереңдей түсуі, өндірістің күрделенуі, қиындауы, жұмыс жағдайының түбегейлі өзгеруі, ескі кәсіптік құрылымның күйреуі, ғылыми-техникалық ақпараттың бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен көбеюі, басқа да саяси-әлеуметтік жағдайлар жастардың білімін және кәсіптік шеберлігін арттыруды күн тәртібіне қойнп отыр. Өйткені білім мен тәжірибенің экономиканы дамытуға рөлі күн санап өсіп келеді. Кәсіптік бағдар өндірісті материалдық-техникалық базасын жасауда шешуші күшіне айналды./13/
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі- жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою- бүгінгі өмір талабы. Кәсіптік бағдар- бүкілхалықытық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.
Кәсіптік бағдар жастар арасында тек мамандық таңдаған кезде жүргізілетін жұмыс меес. Ол барлық адамдар арасында да жүргізіледі. Мәселен, объективті жағдайлар мен өндіріс саласынан босаған, екінші бір жерге қоныс аударған, сондай-ақ, қоныс аударғысы және мамандығын өзгерткісі келген, өздері таңдап отырған немесе жұмыс істеп жүрген, мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттырғысы келетін адамдар арасында да кәсіптік бағдар жұмысы ұйымдастырылады.
Кәсіпті бағдар және мамандық таңдау- көп мәселелерді қамтитын кешенді мәселе. Әр түрлі саладағы ғылыми күштерді біріктіру арқылы ғана бұл жұмысты жемісті жүргізуге болады. Мәселен, мектептен тыс уақыттарда өлкетану-туристік жұмыстар ұйымдастыру шәкірттердің білімге деген құштарлығын оятуға ғылыми негіздерін тереңдетіп үйретуге, өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ең бастысы жастарға болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.
Жастарға кәсіптік бағдар беруде мектеп қашанда шешуші рөл атқарады. Дамыған кейбір шетелдік тәжірибеге назар аударсақ, нарық жағдайындағы жастардың әлеуметтік икемділігі олардың кәсіби даярлық деңгейіне байланысты екені мәлім. Олар кәсіпорындар мәселесін дербес шешеді және қызметкерлерге нақты талаптар қоя алады. /15/
Кәсіптік бағдар оқушыларды кәсіпті саналы, дербес таңдауға мақсатты даярлауды көздейді. Мектеп бітірушілер таңдаған мамандығын неліктен ұнатқанын, кәсіптің ерекшеліктерін талдайды. Кәсіптік таңдауды қалыптастыру кәсіптік бағдар берудің ең басты міндеті болып табылады. Оны ойдағыдай шешу үшін оқытушы әрбір жас өспірімнің бойындағы қабілетті дәл аша білуі, сөйтіп, оның дербес тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жеке адамның кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықта игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Алайда, кәсіби сананың мағыналық құрылымында жаңа мақсат та пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін. /4/
Кәсіби бейімділіктің қалыптасуындағы дағдарыстардың психологиялық ерекшеліктерін жеке адамның қалыптасуында кәсіби білім, даярлық, бейімделу, бастапқы және екінші кәсіби біліктілік пен шеберліктің 7-кезеңімен байланысты қарастыруға болады. Бірінші кезең оптация немесе кәсіби ниеттің қалыптасу стадиясы. Ол 14-18 жас аралығын қамтиды. 14 жас шамасында жеткіншектерде мамандық түрлері туралы бірқатар білім қоры жинақталып, бір немесе бірнеше мамандықты өзіне таңдау құбылысы байқалады. Содан барып жоғары сыныптардағы білім алу кәсіби бағдар прооцесімен ұштасады. Осы кезед қалаулы болашақ пен реалды бүгінгі өмір арасында қайшылық пайда болады. Екінші кезең, кәсіби білім алу барысындағы студенттердің таңдаған мамандығына көңілі қалуымен сипатталады. Ол 16-20 жас аралығында пайда болады. Жекелеген пәндерег қанағаттандау, кәсіп таңдаудың дұрыстығына күмән келтіру, оқу іс-әрекетіне қызығушылықтың төмендеуі байқалады. Бұл мамандық таңдау дағдарысы деп аталады. Үшінші кезең жеке адамның кәсіби білім алуы аяқталып, кәсіби іс-әрекетке бейімделу кезеңімен байланысты. Бұл жағдай 18-23 жас аралығында байқалады. Бұл кезде жас маман алған білімін яғни қалыптасқан теориялық ұғымдармен, күткен нәтижелермен реалды практикалық іс-әрекетке сәйкес келмеуінен дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан алғашқы апта, ай жас маманға өте ауыр тиеді.Төртінші кезең адамның кәсіби қалыптасуының дағдарысы кәсіби біліктіліктің алғашқы кезеңінде 4-5 жылғы кәсіби жұмыстан кейін байқалады. 30-35 жас аралығында. Ет қызуымен алғаш жұмысқа кіргенде ешнәрсені керек қылмаған жас маман 4-5 жыл өткен соң саналы немесе санадан тыс тұрғыда кәсіби өту қажеттігін сезінеді. Өсу перспективасы болмаған жағдайда ішкі дискомфорт, психологиялық шиеленушілік пайда болып, жұмыстан босау, жұмыс орнын ауыстыру сияқты ойлар басым болады. Бұл кәсіби өсу дағдарысы деп аталады. Бесінші кезең маманның кәсіби дамуында екінші біліктілік кезеңіне әкеледі. Жеке адам шын мағынасында профессионалмын деп санап іс-әрекетті өзі жүзеге асырудың индивидуалды сипаты туады. Алтыншы кезең кәсіби іс-әрекетті орындаудың шығармашылық деңгейімен сипатталады. Жеке адамның кәсіби самоантуализациясы өзіне, қоршаған ортаға, жағдайға, кәсіпке деген қанағаттанбау сезіміне әкелуі мүмкін. Бұл дағдарыс әлеуметтік кәсіби өзіндік антуализация деп аталады. Жетінші кезең кәсіби іс-әрекеттегі соңғы дағадарыс- маманның кәсіби арнадан кетумен сипатталады. Маман иесі зейнет назына жетуімен байланысты мамандықыты жоғалту дағдарысын бастан кешіреді. Зейнетке шығу- әлеуметтік–кәсіби қарым-қатынас шеберлігінің тарылуы, финанстық мүмкіндіктерінің төмендеуімен сипатталады.
Сондықтан да, болашақ мамандарды оқыту, тәрбиелеу процесінде жеке адамның жалпы индивидуалды-психологиялық ерекшеліктеріне сүйену керек. /5/
1.2 Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау
Кәсіптік жұмылдыру принципі ғылыми таным саласы ретінде кәсіптік бағдар мазмұны, ұйымдастырылу және әдісі бойынша жалпы дидактикалық принципке және тәрбие принципіне бағынады.
Қазіргі кемелденген қоғамның кәсіптік бағдар принциптері жеке басты жан-жақты және үйлесімді дамытудың теориясынан туындайды. Мұндай принциптерге кәсіптік бағдардың политехникалық бағыты, жеке адамның ынта-ықыласы мен бейімділігіне және нақты экономикалық ауданның кадрларға мұқтаждығына қарай кәсіптік ой-ниетінің қалыптасуы, кәсіптік бағдар бойынша мектептің, семьяның және өндірістің бірлесіп жұмыс істеуі. Кәсіптік бағдардың принциптері біртұтас және бір-бірімен тығыз байланысты.
Кәсіби бағдардың тәрбиелік сипаты жеке адамның таңдаған мамандығы бойынша ойдағыдай жұмыс істеуге, қажетті сапаларын қалыптастыруға бағытталған. /3/
Адамның туа біткен кейбір табиғи қасиеттері болады, алайда олардың негізінде қандай қабілет қалыптасатыны, сол адамның тәрбиесі мен тұрмыс жағдайына байланысты. Бір адам қалада, екіншісі ауылда тұрады, біреуі жалпы білім беретін мектепте, екіншісі кәсәптәк техникалық училищеде оқиды, олардың семьядағы тұрмыс жағдайы да біркелкі емес.
Кәсіп таңдау көбіне еңбекке баула арқылы жүргізілетін ұйымдасқан тәрбиелік процеске байланысты. Мұның өзі оқушыны өндіріспен кеңінен таныстырып қана қоймай, оларды өнімді еңбек етуге атсалысуға жұмылдырады.
Оқушылардың кәсіптік
бағдары оқу, сыныптан тыс және мектептен
тыс жұмыстардың мазмұнына
Техниканың қауырт дамуы қызмет орнын уаыстырмай-ақ еңбек түрін жиі ауыстыруға мәжбүр етті, мұның өзі кәсіптік даярлықтың политехникалық бағыты жағдайында жүзеге асырылып, мұнда болашақ жұмысшының қазіргі заманға өндіріс аса маңызды ғылыми принциптері жөнінде түсінігі қалыптастырылады. /16/
Ғылыми-техникалық
жағдайда мектептің аса маңызды
әлеуметтік функциясы – оқушыларды
материалдық өндіріс
Информация о работе Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау