Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:07, курсовая работа
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мектепте берілетін тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ы. Алтынсарин енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.
Кіріспе 3
1. Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіптілікке үйрету, кәсіпке бағдарлау............6
1.1.Кәсіби бағдар берудің даму тарихы................................................................6
1.2.Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау.................................................................................................................15
2. Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің әдістемесі.................20
2.1.Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің формалары мен әдістері................................................................................................................... 20
2.2. Кәсіби бағдар берудің жүйесі.......................................................................33
3.Кәсіби мектеп оқушыларының оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері............................................................................................................... 46
3.1. Кәсіби бағдар беру жұмысының міндеттері............................................... 46
3.2.Кәсіби мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру......................................................................................................... 50
Қорытынды 52
Қолданылған әдебиеттер.
Кәсіптік еңбек мәдениеті дағдыларын дамыту басты мәселелердің бірі. Кәсіптік еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау.Кәсіптік еңбек мәдениетіне жариялылық, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, кәсіптік еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, кәсіптік еңбек процесін талдау және іс құжаттарын сауатты жасау жатады.
Оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту кәсіптік еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, электрониканы, радиотехниканы т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан мектепте оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.
Оқушылар кәсіптік
еңбекке тәрбиелеудің жолдары арқылы
өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі
кәсіптік еңбек іс-әрекеттерін
Мемлекеттік білім саясатының маңызды қағидаларының бірі - оқушылармен кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 3 бабы, 10-шы тармағында бұл мәселе айқын айтылған.
Республикамыздағы әр он мың адамның 402-і жоғары оқу орындарының студенті болса, 142-і колледждің оқушылары екен. Бірақ бітіргендердің өз мамандығы бойынша тек 30 пайызы ғана жұмысқа орналасады. Осы 10 мың адамның 61-і ғана кәсіптік мектептерде оқиды. Бүгінде Қазақстанның кәсіптік білім беру 6.6:2, 3:1 (жоғары кәсіптік білім беру, орта кәсіптік білім беру) жүйесі бойынша мамандарды дайындайды. Қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты бұл жүйе керісінше 1:0, 5:5 болуы керек еді. Сонымен Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңындағы тәрбиеленушілер мен оқушылар құқығы да, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9.09.1999 жылы нөмірі 1347 «Қазақстан Республикасы білім беру орындарының оқушылары мен тәрбиеленушілерін жұмыспен жабдықтау және оларға кәсіптік - диагностикалық тексеріс туралы мағлұмат беру мәселелері» қаулысы бойынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мағлұмат беріп тұру жөніндегі талаптар да орындалмай отыр.
1. 2003 жылы білім
беру орындарында мұндай
2. Онда мамандық таңдау себептерінің басқару жүйесі көрсетілгені жөн. Кәсіптік бағдар тетігі - қоғамның объективті қажеттіліктері мен жастардың кәсіптік бағдары арасындағы келіспеушілікті, сондай -ақ кездейсоқ таңдап алынған мамандық пен адамның жеке сапалары арасындағы талаптарды мейлінше азайтуды көздейді.
Кәсіптік бағдардың жұмыстары мына кезеңдерден тұрады: 1-4 сынып оқушылары үшін - кәсіптік ағарту. «Еңбек» сабағында кәсіпорындар мекемелердегі мамандықтармен танысу, ал, 5-9 сыныпта - кәсіптік бейімделу жүргізіледі.
Оқушылардың психофизиологиялық заңдылықтарын мектеп мұғалімдері, психологтар тексеруі тиіс. Осы уақытта жалпы пәндік білім беруден дара - активті білім беруге көшу процесі жүре бастағаны абзал. Технология курсымен қатар, оқушылар тұтынушы тауарларын жасай жүріп, тұтынушылық қызмет көрсетуі керек. 9- сыныпта кәсіптік бағдар бойынша кәсіпорындарда және кәсіптік білім беру мекемелерінде мамандық таңдау жөнінде кеңес беріледі де, мамандырылған іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңының 30 - бап, 7- тарауына сәйкес әр 9- сынып оқушысы кәсіптік диагностикадан, тексеруден өтуі тиіс. Бұған денсаулық сақтау мекемелері мен Еңбек министрлігінің жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі көмек бере алады. Жалпы білім беру мекемелерінде компьютерлер, кәсіптік бағыты анықтау бағдарламалары бар. Олар жұмыспен қамтамасыз етушілермен, әсіресе кәсіптік бейімделудің соңғы бөлімінде тығыз байланыста өткізілуі тиіс.
Маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігінің өмір бойы толықтырып отырады. Аз ғана мектептік кезеңде кәсіби білімнің теориялық негізі қолданады. Студент өз бетімен білімін толықтырудың әдістемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс - тәсілдерін табудың жолын үйренуге тиіс. Оқушыда мұндай мүмкіншілік кәсіби бағдар берудің жұмыстары арқылы қалыптасады.
Сонымен, кәсіби бағдар - тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да кәсіби бағдар беру білікті маман дайындаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады. /5/
Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған кәсіби бағдар білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс - тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
Кәсіби бағдар беру бекітілмеген білім адамның рухани байлығына айналмайды. Сол себепті де жоғары оқу орындарында оған үлкен мән береді кәсіби бағдар берудің тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің ( мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер етеді. Кәсіби бағдар берудің мақсаты мен мәнін, маңызы мен қажеттілігін сапалы түрде, бар ынта - ықыласымен түсінген оқушы қызыға орындайды. Кәсіби бағдар беруде оқытушы оқушының бастапқы білімі мен іскерлік деңгейіне, материалдың ( тапсырманың ) түсініктілігіне, бірізділігіне, пәннің мазмұнын қатитындай дәрежеде берілуіне үлкен мән береді.
Кәсіби бағдар берудің формалары қамтамасыз етілуі тиіс:
- кәсіби бағдар берудің күрделілігі дамудың жақын аймағына сәйкестігі;
- кәсіби бағдар пәнінің логикалық жүйесі мен игеру деңгейіне қарай тапсырманың бірізді берілуі;
- тапсырманың көлемі, оқушының оқу мүмкіндігіне сай болуы;
- әрекет деңгейіне бейімделіп берілуі және т. б.
Жоғары оқу орындарында оқушылардың кәсіби білім алу мәселесін С. Архангельский, М. Герунов, С. Зинаев, И. Лернев, В. Беспалько, т.б. ғалымдар қарастырады.
Ғалымдардың зерттеулерінде оқушылардың кәсіби білім алуы келешек маманның шығармшылық ойлауын, қызығуын, кәсіби қарым - қатынас қажеттілігін туғызатын оқыту әдісі, таным үрдісі, оқушының өз бетінше жасайтын іс - әрекеті, дербес әрекетінің сипаты және оқушы қабілетінің көріну формасы, оқу үрдісінің негізі, оқушыны өз бетімен кәсіби білім алуға дайындаудың жолы ретінде сипатталады.
Кейбір педагогтар ( В. Адропкина, Е. Гостеева ) оқушының өздігінен кәсіби білім алуы оқытушының қатысуынсыз өтетін үрдіс деп есептейді. Алайда кәсіби бағдар беру оқу үрдісінң бір бөлшегі десек, онда ол басқарылатын жүйе, яғни оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті.
Сонымен, кәсіби бағдар берудің нәтижелі болуы, оны ұйымдастыра білумен тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысы ұйымдастыру және ғылыми әдістері болып бөлінеді.
Ұйымдастыру әдістері:
- өзіндік жұмысты жоспарлау, кесте түзу;
- оған кететін уақытты анықтау;
- оқу әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;
- техникалық құралдар дайындау;
- тексеру формасын, мерзілік анықтау, т.б.
Ғылыми әдістері:
- оқу материалымен жұмыс істеудің жолдарымен таныстыру;
- әдістемелік басшылық жасау;
- қажетті құжаттардың нұсқауын дайындау;
- нәтижеге талдау жасау т.б.
Сонымен бірге, өмірлік тәжірибесі мен кәсіби білім деңгейі де, ғылыми атақ - дәрежесі де, жүргізетін пән де, тіпті жастары да шамалас мұғалімдердің кәсіби шеберлігі, яғни сабағының ұғымдылығы мен оның жұғымдылығы әсте бірдей бола бермейтіндігі белгілі.
Мұның себебін көбіне әр оқытушының өзі ғана ұстанған оқыту әдістемесіне еншілейді де, тек ұстаздық шеберлікті ұсыныстар жасаумен ғана шектеліп жатады. Егер мұны зерттер болса, ұстаз шеберлігінің өзегі - тіл байлығында, дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорымсыз деңгейімен және сөйлеу мәдениетімен сабақтас екендігі айқын. Ол үшін ұстаз біріншіден, өзі еркін білетін тілде дәрісберуі шарт. Екінші шарт- шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек, түсінікті білім беру кәсіби біліктілік қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз.
Сонымен, қазақтың «көш жүре түзіледі» дейтін мәтелі жайбарақаттықтан әрекетке көшуді меңзейтін өсиет деуге болады. Өйткені, көш түзілмей оның тарлығын сезіну мүмкін емес. Ал инженерлік білім қай тіл де берілсе де, қойылар біліктілік талабы ортақ. Сондықтан еңселі отау тігіп, оны үлкен ордаға айналдыру қажеттігі туындайды. Осы қағиданың өміршендігін бүгінде мемлекеттік тілде қырыққа инженерлер даярлауды қолға алып, жүзеге асырып отырған ұлттық техникалық зиялылардың қара шаңырағы саналатын Қ. Сатпаев атындағы оқу ордасының тәжірибесі көрсетіп отыр. Бұл, сөз жоқ, қазақ тілінің ғылым мен техникадағы мүмкіншілігіне кәміл сенген, өз ұлтының нағыз мәртебесін шын сүйген ғалым - ұстаздардың жөнкешті ерен еңбегінің жемісі.
Бұған мысал ретінде өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында осы инженерлер арасында мемлекеттік тілде - кәсіби білім берудің бастауында жүріп ыстығына күйген, білекті түрде кірісіп, қазақша оқытуды ұйымдастыруды бірегей белсенді болған, өз мамандығы - кен инженерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіруге үзбей үлес қосып, сол қарқыннан әлі тоймай, тарланған тән ісімен қуантып келе жатқан ғалым Ш. Әбдіраманұлының ұстанған ұстаздық ісін тілге тиек етсек, әбден болады.
Сондай - ақ кәсіби біліктілікті жетілдіруде оқу әдебиетінің атқарар ролі зор. Оны ешкім бекерге шығара алмайды. Ш. Әбдіраманұлы қаламынан туындаған оқулықтарға тән ерекшелігін атап өту парыз секілді. Сондай ерекшеліктердің бірі - оқушыларды өз бетінше ізденіске баулап, кәсіби біліктілігін шыңдар - инженерлік іске машықтандыру мақсатында берілуі дер едік. Мысалы, «Жер астында руда қазу процестерін есептеудің» құрылымдық жағынан әдеттегі оқулықтарға ұқсамайтын ерекшелігі - кен қазудың әрбір кезеңіне қарай болашақ мамандарды кәсіби іске және кен қазу технологиясында кіріктіре машықтыққа баулу жаттығулары қарастырылған.
Осы орайда айта кету керек, күні бүгінге дейін бұл салады мамандар даярлауда, әсіресе инженерлік білім беруде оқу үрдісін ғылыми негізге қою, оқушыларға болашақ мамандығына сай берілетін педагогика ілімі жетістіктерін пайдалануға тиісті көңіл бөлінбей келгені құпия емес. Ендеше Ш. Әбдіраманұлының мемлекеттік тілде оқыту базасын құру барысында инженерлер біліктілігін қалыптастырудың ғылыми негізін іздестіріп, жетімсіз оқулық олқылығын толтыруға ұмтылысының бір себебі сонда еді. Бұл жоғарыда аталған оқулықтардың туындауына тікелей ықпал етсе, кен инженерлерін педагогикалық негізде даярлауға арналған іргелі зерттеу «Кәсіби - техникалық бағыттылықты қалыптастыру» (Баспа кабинеті. 1998) оқу құралының жазылуына да түрткі болды. Мұны инженерлік педагогиканы дамытудағы ғылыми табысы деп бағалау ләзім. Техника ғылымының докторы Ш. Әбдіраманұлының бұған «кәсіби біліктілікті қалыптастыру» (ҚазҰТУ. 2001ж) оқу құралы да әбден лайық. /13/
Қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан өндірістік қатынастардың түбірлі өзгерістері «нарық экономикасы жағдайында жұмыс істейтін біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет етеді әрі мамандық деңгейіне жаңа биік талап қояды. Мамандар даярлаудың сапасы мен тиімділігін көтеру, тұтас алғанда, халыққа білім беру ісін қайта құруға, оның ішінде жоғары техникалық мектептің жұмыс түрін, тәсілін, мазмұнын мамандардың инженерлік қызметке қызығуын, кәсіби тұрғыда өзін - өзі тірбиелеу мен білім алуға ынтасын қалыптастыру мақсатында қайта қарауға байланысты. /16/
Информация о работе Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау