Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:07, курсовая работа
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мектепте берілетін тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ы. Алтынсарин енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.
Кіріспе 3
1. Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіптілікке үйрету, кәсіпке бағдарлау............6
1.1.Кәсіби бағдар берудің даму тарихы................................................................6
1.2.Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау.................................................................................................................15
2. Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің әдістемесі.................20
2.1.Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің формалары мен әдістері................................................................................................................... 20
2.2. Кәсіби бағдар берудің жүйесі.......................................................................33
3.Кәсіби мектеп оқушыларының оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері............................................................................................................... 46
3.1. Кәсіби бағдар беру жұмысының міндеттері............................................... 46
3.2.Кәсіби мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру......................................................................................................... 50
Қорытынды 52
Қолданылған әдебиеттер.
Ғылым жетістіктері мен жаңа техниканы өндіріске енгізу ғана емес, техникалық - ұйымдастырушылық тұрғыда түбірлі өзгерту қажет болғандықтан, ол үшін іргелі теориялық білім керектіктен, инеженер тұлғасы туралы ұғым да басқаша болады.
Бүгінгі ғылыми - техникалық даму барысынан байқалатын негізгі ерекшеліктер техникалық әмбебаптығы, ол автоматтандырылған еңбек құралдарын жасау әдістері мен заңдылықтарының ортақтығымен сипатталады: еңбек заттары мен технологияның кешенділік сипат ала түсуі, қоғамдық өндірісті компьютерлендіру. Осыған орай, маман еңбегінің міндеттік мазмұны өзгереді, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруге және ғылыми - техникалық есептер шығаруға байланысты ғылыми зерттеушілік, талдамалық міндеттердің үлес салмағы артады. Қазіргі заман инженері жоғары білікті, техникалық танымы кең, өндіріс тәсілдерін өздігінен дамытып, жетілдіре алатын болуы тиіс. Сондықтан жоғары техникалық мектеп кең профильді, нақты салаға бағытталған терең білімі мен практикалық даярлығы ұштасқан маман қалыптастыруға көшуі керек. /12/
Білім - білігі мен дағдысын бір арнаға тоғыстыра алатын, үнемі іздену арқылы кәсібін дамытуға ұмтылатын болашақ жаңа типті инженерді, маманды жоғары оқу орнында тәрбиелеу кәсіби бағыттылықты жеке тұлғаның негізгі қасиеті ретінде қалыптастыруды көздейді. Бұл істі жалпы теориялық пәндерді оқыту кезінде бастаса, мамандықты ойдағыдай игеруге жол ашылады.
Кәсіби бағыттылықты күшейту техникалық профиль мамандарын даярлау сапасына қойылар талапты да қатайтады.
Сонымен қатар жоғары техникалық оқу орындарында жалпы теориялық пәндерді оқытуды болашақ маманының кәсіби бағдарын күшейту бағытындағы әрекет деп санауға болады. /15/
2.2 Кәсіби бағдар берудің жүйесі
Оқушыларды кәсіптік бағдар беру жұмысының орталығы жалпы политехникалық білім беру мектеп. Кәсіптік бағдар беру жүйесіне кәсіптік дигностика, кәсіптік білім беру, кәсіптік консультация, кәсіптік іріктеу, кәсіптік адаптация кіреді.
Кәсіптік диагностика - кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың дайындығын, ынтасын және қабілетін анықтайды. Бұл әдістердің біразы педагогика, психология ғылымдарында да қолданылады.
Кәсіптік білім беру кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру - бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі - оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда, халық шаруашылығы оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру. Кәсіптік білім беру принципінде жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін, психофизиологиялық қасиетін еске алу қажет.
Мамандықты саналы таңдауд екі факторды еске алу керек. Біріншісі - оқушылардың білім деңгейі, екіншісі - оқушылардың жеке қасиеттері.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүйесінің басты элементтерінің бірі - кәсіптік консультация.
Қазіргі кезеңде ауыл - шаруашылығының, өнеркәсіптің жаңа салалары және жаңа мамандықтар пайда бола бастады. Осындай жағдайда өскелең ұрпақты өмірге, әртүрлі еңбекке, мамандықты саналылықпен таңдап алуға даярлау негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Әрбір оқушының өзінің мамандығын анықтауда жан - жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек көрсетіледі. Оқушы мамандық талаптарына сәйкес өзінің дербес бейімділігін, психофизиологиялық мүмкіншіліктерін анықтайды. Сол мамандыққа жарамдылығы жөнінде шешім қабылдайды.
К.К. Платонов кәсіптік консультацияны үш кезеңге бөледі: дайындық, аяқтау, анықтау.
Кәсіптік дайындық косультациясы - бұл бүкіл мектеп жылдары ішінде оқу - тәрбие жұмысының барысында оқушыларға үнемі дұрыс кәсіптік бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Кәсіптік аяқтау консультациясы бұл консультацияны 8-11 сынып оқушыларымен маман косультант мұғалімдермен бірігіп өткізеді. Бұл жерде оқушылардың мамандықты таңдауға бейімділігінің, психофизиологиялық сәйкестігі еске алынады.
Кәсіптік анықтау консультациясы кәсіптік - техникалық училищелерде, жоғары оқу орындарында, техникумдарда, кәсіпорындарда өткізіледі.
Мектепте кәсіптік консультация комиссиясы құрылады. Онда оқушылардың жеке ісі, кәсіптік консультация карталары, мамандықты таңдау анкеталары, медициналық, психофизиологиялық зерттеу материалдары, сынып жетекшілерінің есептері қаралады.
Кәсіптік іріктеу мәселесінің арнайы орта және жоғары оқу орындары, түрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға нақты талаптар қояды. Кәсіпорындар жұмысқа қабылданатын жастарды іріктеп алады. Өйткені олардың мамандықты ойдағыдай игерудің, оған байланысты міндеттері орындалуын басты мәселе деп қарастырады.
Кәсіптік іріктеудің мақсаты жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдылығы немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның кейбір ерекшеліктері, жағымды, жағымсыз жақтарын біліп қана қоймай, оған мамандық қоятын талаптарды да жете білген жөн.
Кәсіптік адаптация - бұл әртрлі оқу орындарында оқитын және кәсіпорында жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделі жүйесі. /1/
Болашақ жоғары білімді маман интеллектісін жасауда кәсіби бағдардың мәні, оның тигізер ықпалының ғылыми тұжырымдамасы білікті маман - тұлға туындатуға болашақ студенттердің сол мамандық бойынша психологиялық даярлық ролінің ерекше маңыз алатындығын айқындай түседі. Кәсіби бағдар беру мәнінің төңірегінде қалыптасқан ұғым сол мамандыққа оң көзқарас туындату арқылы таңдаған кәсібін тереңдей игеруге, яғни оқушының оқу қызметіне ықыласын аударып, ынта туындатар психологиялық құлшыныс көзі ілпетінде ғылыми негізде тұжырымдалғанмен, оны іс жүзінде асырудағы әртүрлі әрекеттік аспектіде қарастырылуы - әзірге бұл істе бір ізге түсірілген жүйеліктің жоқтығын, бірегей үлгісінің жасалмағандығын көрсетеді.
Қандай да болмасын белгілі бір мамандыққа оң көзқарастың, соны игеруге деген ынтаның туындауы, оған үйір болу сол мамандық қақында әубаста қалыптасқан стереотиптік мағлұматтықтың өзінен басталар ынтаның мынандай аспектіде көрініс беруі ықтимал:
1. Сол кәсіп - шаруашылық түрінің дамыған жерге деген үйірсектіктен туындайтын, сол мамандықты игерсем деген пиғыл;
2. Сол мамандыққа деген үйірсектік пен ерекше ілтипат;
3. Сол мамандықты игеруге ауған жеке бастың принциптік бағдарлық жалпы пиғылы. /14/
Кәсіби бағдар беру оған деген ниетті туындату, сол мамандық түрін игеруге итермелеп, өмірлік мақсат туындатар себеп- салдарын ашу, олардың заңдылық құбылысқа ие болу кезеңдерінің табиғатын талдау сықылды жүйелілік мәнге ие боларлық түрде ерекшеленуі; кәсіби бағыт беруде физиологиялық айғақтарды ескеру , мәселені жан - жақты қарастыру, мәселені сыңар жақты қарастырудың нәтижесі дейді.
Қайткенмен де жастарды еңбекке баулуда, мамандық таңдау проблемасының маңыздылығы біржақты зерттелмей педагогика, психология тұрғысынан кешенді шешімін табуы бүгінгі уақыт туындататын көкейтесті мәселелерінің бірі саналады. Бұл бағытта жүргізілген зерттеулеріндегі мектеп оқушылары, әсіресе жоғары сынып жеткіншектеріне кәсіби бағдар беру ісіне көптеген еңбектер арналған.
Осы әдебиеттерді талдай отырып, кәсіби бағдар термин атауының экономист - ғалымдардың, психологтардың, социологтардың т.б. берік орнын ала тұра аталмыш атау біртұтас мағыналық бірегей түсінік берер анықтамасының жоқтығын мойындамасқа лажық жоқ.
Әрине, қандай да болмасын кәсіби бағдар беру жұмысының пайдасы бола ма деген мәселе төңірегінде үзілді- кесілді пікір айтпас бұрын, кеніштік елді - мекендерде атқарылған кәсіби бағдардың пәрменділігі жайлы ой қорытуға болар еді.
Кәсіби бағдар беріп, мамандық таңдауға ата- ана ролін әсте шығаруға болмайтыны айғақ.
Сонымен, оқуға келіп түскендердің дені қаншама кәсіби бағдар алды делінгенімен, көп жағдайда олардың болашақ игерер мамандығы тұрғысындағы мағлұматтары жалпы сипаттамалы түсініктен асып бара алмайтындығы жиі кездеседі. Содықтан да жоғары техникалық оқу орындарында таңдаған мамандық қақында оқушыларға бағыт - бағдар беру жұмыстарының жаңа мағына алуы, оған өзіндік сипат берілу қажеттігінің туындау себебі осыдан деуге болады. Инженер мамандарын даярлайтын оқу орындарында бұл мәселе алғашқы 1-2 курстарда, яғни жалпы инженерлік білім беру кезеңінде ерекше ықтиатты түрде өткерудің мәні - бұл жұмыс өндіріс саласына сай нақтылы шаралармен ұштастырарлық, енді кәсіби бағдарды, кәсіби бағытты беруге бағытталған кәсіби таным туындатар сабақ нақты іспен астастыра жүргізу нәтижесінде, әр оқушыда пайда болатын таным таңдаған мамандығын игеруге ынта берер педагогикалық негізде жүргізілуі тиіс. Бұл бағытқа арналған сүбелі зерттеулер баршылық. Солардың арасында К.А. Абульханова, Еловская, С.А. Анванин, Г.Н. Александров, С.Ю. Алферов, Р.У. Ахметов және басқа да ғалымдардың психология - педагогикалық зерттеулеріндегі қарастырған өзекті мәселесі бұл бағытта жасалынар пәнаралық оқыту ісін кешенді, жүйелі, бағдарлама - мақсатты, құрылымдық және тағы басқадай ғылыми негізде оқу - тәрбие жұмысын оқушылардың кәсіби дайындау іс- әрекеттер модульдеріне сүйене жобалауға көп көмек берер еді.
Мамандыққа ие болған адам күрделі қызмет саласының белгілі бір түрінде ғана жұмыс істей алады. Мысалы, халық шаруашылығында көптеген кәсіптің (профессия) түрі бар. Олардың қатарына: инженер, технолог, механик, педагог, экономист, дәрігер, т.б. кәсіптерді жатқызуға болады. Кәсіптік бағдар жастар арасында тек мамандық таңдаған кезде жүргізілетін емес. Ол барлық адамдар арасында жүргізіледі. Демек, кәсіптік бағдар беру жұмысының басым көпшілігі жастар арасында, демек оларға белгілі мамандықты таңдау алдын- ала жүргізіледі.
Сонымен қазіргі заманда алдыңғы қатарлы техникамен, қазіргі заманғы еңбек тәсілімен қаруланған білімі мен шеберлігі жеткілікті адам ғана қоғамымызды одан әрі жедел дамытуға іске асыра алады. Осы орайда, жастарға кәсіби бағдар беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген мектеп ұжымдарының алатын орны ерекше.
Жасөспірімдерге белгілі бір бағдар беру, еңбекке қабілеттілігін дамыту қолайлы жағдай жасаған мектепке, сондай- ақ мұғалімдерге байланысты болады. Бұл жөнінде ғалым - ұстаз Е. Пермяк былай дейді: «Тіршіліктегі еңбекке араласудың бақыт есігін өте шағын болса да, тек бір ғана кілтпен, өз қабілеттілігімен ашқан адам ғана айқара ашады»./9/
Кәсіп пен мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары көп. Тек кәсіптік - техникалық оқу жүйесінде ғана 1500 -ден астам кәсіптің түрі тіркелген. Қоғамдағы мамандық атаулының жалпы саны 30 мыңнан асып жығылады. Олай болса, өмірге енді аяқ басқан жас ұланның алдында таңдаған кәсіптің өз жанына лайықты біреуін таңдау міндеті тұр.
Әр адамның бірнеше кәсіппен айналысуға қабілетті болғанымен, соның біреуіне ғана ынтасы ерекше ауады. Осы ретте мектеп оқушыларының дұрыс мамандық таңдауы үшін негізгі үш принципке көңіл аударғаны жөн. Олар:
1. Халық шаруашылығында өзі таңдаған мамандық қаншалықты көлемде керек, әрі оның болашағы қандай екенін ескеру немесе нарықтық экономика бұл мамандықты қаншалықты қажет етеді?;
2. Әр мамандықтың өз жағынан адам алдына қандай талап- тілек қоятынын, яғни профессиограммаларды білу;
3. Белгілі бір мамандыққа бағыттай отырып, сол адамының қабілеттілігін білу болып табылады.
Сонымен техника мен технологиялық үрдістердің жаңғыруы, жеке тұлғаның талаптарының дамуы, кәсіптік білім мазмұнын үнемі жаңартып тұру мәселесін алға қойып отыр.
Информация о работе Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау