Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:07, курсовая работа

Описание

Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мектепте берілетін тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ы. Алтынсарин енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.

Содержание

Кіріспе 3
1. Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіптілікке үйрету, кәсіпке бағдарлау............6
1.1.Кәсіби бағдар берудің даму тарихы................................................................6
1.2.Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау.................................................................................................................15
2. Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің әдістемесі.................20
2.1.Кәсіби мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің формалары мен әдістері................................................................................................................... 20
2.2. Кәсіби бағдар берудің жүйесі.......................................................................33
3.Кәсіби мектеп оқушыларының оқу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері............................................................................................................... 46
3.1. Кәсіби бағдар беру жұмысының міндеттері............................................... 46
3.2.Кәсіби мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру......................................................................................................... 50
Қорытынды 52
Қолданылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Профориентационная работа.doc

— 309.00 Кб (Скачать документ)

1.Пышақ пен шанышқыны біреуге тек сабын ілгері қаратып ұстату қажет.

2.Шикі өнімдерді аранйы табақшаларда  кесіп-турағанда сол қолдың саусақтары  бүгіліп, пышақтың жүзінен қашық  тұруы қажет.

3.Көкөністі ысқышқа сүйкегенде, оны мықтап ұстау керек.  Тым майдалап жіберуге де болмайды.

 

 

Тамақ пісіргенде техника қауіпсіздік ережесін сақта.

1.Қызып тұрған кастрөлдерді  немесе басқа да ыдыстарды  үстелдің шетіне қоюға болмайды.

2.Қызып тұрған шәйнекке мұздай  су құйғанда өте абай бол,  мұндай жағдайда шәйнектің тұтқасын  немесе қақпағын арнайы тұтқышпен ұста.

3.Ыстық тағамның дәмін татып  көру үшін, ұзын қасықты пайдалан  немесе оның салқындағанын күт.

4.Қасық пен шанышқыны ыстық  кастрөл мен табаны үстіне  қалдырма.

5.Отта қайнап тұрған кастрөлдің  қақпағын өзінен кері қарай  аш.

6.Картоп пен котлетті қызып тұрған табада қуыру үшін, оны ақырын асықпай, майын шашыратып алмайтындай етіп сал; осы ережені қайнап тұрған суға тағам салғанда да есіңде сақта!

Газбен жұмыс  істеу ережесі.

Газдың жанбай қалып, шығуына жол  берме. Ол мынадай жағдайда болуы мүмкін. Мысалы, газ жүйесі белгілі бір себептермен берілмей қалған жағдайда өшірілмей қалса т.б. Газдың шығуын оның иісінен де білуге болады.

-газ белгілі бір себептермен   шыға бастаса, оны тез арада  жабу керек те, терезе мен есікті  ашып, бөлменің ауасын тазарту керек. Мұндай жағдайда электр аспаптарын қосуға, сіріңкені тұтатуға тыйым салынады;

-егер газдың шығуы неден боланын  білмесең, тез арада газ таратушы  орынға хабарла;

-мұғалімнің рұқсатынсыз газды  қоспа;

Үтікпен жұмыс  істеу ережелері.

1.Тоққа қыстырған үтікті бақылаусыз қалдырма!

2.Үтікті пайдаланған  кезде арнаулы подставкасына  қою керек.

3.Үтікті өшіргенде  вилкасынан ұстап өшіру керек.

4.Шнурдан тартпа.

5.Үтік істемей  қалса, оны өзім жөндеймін деп  әуре болма! Өзіңнен үлкен кісілерге  айт!

6.Үтікті тоққа қыстырғанда байқа, үтіктің корпусы шнурына тиіп тұруы керек.

Қайшымен жұмыс.

1.Қайшыны арнайы  қобдишада сақтау керек.

2.Қайшыны жолдасыңа  үшкір ұшымен берме.

3.Қайшыны ашық  қалдыруға болмайды.

4.Жолдасың қайшымен  жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін  бөлуге болмайды.

5.Қайшының ұшын  жоғары қарай көтерме.

Үтікпен жұмыс

1.Үтіктеу алдында  өткізгіштен үзілген, желінген  жерлерін тексеру керек.

2.Үтікті мата  түріне қарай қыздыру керек.

3.Үтікті тек  тұтқасынан ұстаған дұрыс.

4.Үтікті арнайы  тіреуішке қою керек.

5.Үтікті тек  мұғалімнің рұқсатымен тоққа  қосуға болады.

6.Ылғал қолмен  тоққа қосылған үтікті ұстауға  болмайды.

Қол инемен жұмыс

1.Инені арнайы  қобдишада сақтау керек.

2.Инені  киімге  қыстыруға болмайды.

3.Тігіс кезінде  ине жібін тіспен үзуге болмайды.

4.Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.

5.Инені тістеп  отыруға болмайды.

Жарықтандырғыш торапты  пайдалану кезіндегі қауіпсіздік  ережесі.

1.Жарықтандырғыш  торапқа ремонт жасау үшін  немесе электр лампасын         айырбастау үшін  тоқ көзі өшіріліп  тұрған  кезде істеу керек.

2.Электр арматурасынайырбастау  үшін, тоқ көзін өшіріп алу  керек.

3.Жарамсыз электр  арматурасын қолдануға болмайды.

4.Электр приборларын  өшіріп немесе жағу үшін құрғақ  қолмен ұстау керек.

1.Кәсіптік білімнің, орта білімнің білім беру бағдараламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншік нышандарына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2.Кәсіби мектептерде  негізігі жалпы, жалпы орта және кәсіптік бастауыш білім беру базасында конкурстық негізде алынады.

3. Кәсіптік мектептері алдында мынадай міндеттер тұр:

а) Ұлттық және адами құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби танылуына бағытталған қажетті жағдайлар жасау жолмен  кәсіби мектептерге кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру.

б) Оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, кәсіби мектептердің қызметін ақпараттандыру.

4.Кәсіби мектептер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясының заңдарына, нормативтік құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ өз ережеге және негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырылады./4/

     

3.2 Кәсіби мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру

Жалпы білім беру дегеніміз ғылыми негіздерін терең меңгеру. Мектепте білім берудің мазмұны ғылыми- техникалық прогреске байланысты жаңарып отырады. Жалпы білім оқушыларды білім мен техника саласындағы жағдайлармен таныстырады, оларды ынталандырады, білімді практикада қолдануға үйретеді. Мектепте жалпы білім беру мақсаты жан-жақты дамыған адамды даярлау. Осыған орай, оқу жоспарлары мен бағдарламаларында, оқулықтарда білім берудің  мазмұнын анықтаумен қатар бірсыпыра талаптар қойылады. Ол талаптардың бірін осы кездегі ғылыми-техниканың және мәдениеттің жетістіктеріне сүйеніп, әрбір оқу пәнінің теориялық дәрежесін көтеру. Осы талаптың негізінде ғылыми зерттеу мекемелері жалпы білім беретін мектеп үшін оқу жоспары мен бағдарламаларын бірізділік пен табиғи байланыстылық оқытудың пәндік жүйесі ғылыми теория мен практиканың бірлігі, балалардың жас ерекшелігі мен принциптеріне сай жасап және толықтырып отырады.

Әрбір пәннің бағдарламасына сай оқулықтар  мен оқу қүралдарының да мазмұны өзгеріп отырады. Білім жүйесінің мазмұны табиғат пен қоғамның дамуын бейнелейтін ғылыми материалдар, теория мен практиканың бірлігі- қоғамдық практика негізінде ғылымның дамуын, қоғамдағы ғылымның мәселелерін және педогогикалық жағын дәлелдеген.

Жалпы білім беру ісінің сапасын  жақсарту оқушыларға сабақ берудің  ғылыми теориялық және идеялық дәрежесін  көтеруге байланысты. Әсіресе оқыту  әдістерін жетілдіру, радио, теледидар, оқыту машиналарын қолдану, мектептерді  оқыту процесін басқаруды автоматтандырылған жүйесін енгізу кезек күттірмейтін міндеттерге жатады. /6/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Егеменді ел болып,  тәуелсіздігімізді қолға алғалы бергі  оқу, білім, тәрбие саласында біршама елеулі  жұмыстар  атқарылды. Орта білімді  дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Өз мемлекетіміздің мәртебесін көтеру- әрбір адамның абыройлы міндеті, азаматтық борышы.

Халықтың болашағы жастардың келешегіне қамқорлық  жасау, мектеп қабырғасынан бастап өз жөнін таба білуге жол көрсету. Осы  бағыт жалпы білім беретін  мектептің екінші басқышында басталып, үшінші басқышында аяқталады. Жоспар мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ қолдарынан келетін бір іспен шұғылданады. Ер балалар ағаш өңдеу, ағаштан әр түрлі бұйымдар жасау, металл бұйымдарын өңдеумен, конструкторлық жұмыстармен және ұлттық қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстарымен айналысады, ал қыз балалар үй шаруашылығы элементтерімен, қолөнерімен, киім тігу, ас пісіру, киім-кешекті тазалау, жөндеу, күту жұмыстарымен, кесте тігу, кілем, алаша, тоқыма бұйымдарын тоқумен, құрақ құрау сияқты сәндік-қолданбалы бұйым түрлерін дайындау жұмыстарымен айналысады.

Ал ауыл мектептерінде  халықтық педагогика элементтерінің енуіне байланысты балалар ұлттық өнер түрлерімен айналыса бастады, негізіг мектептің  сегізінші, тоғызыншы сыныптарындамамандық берудің алғашқы элементтерін үйрене бастайды, онынша және он бірінші сыныптарда белгілі бір мамандықтарға бағыттайды.

Бүгінде еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңаша талап, міндеттерді қажет етуде. Еңбекті  құрмет тұту- біздің халқымыздың дәстүрінде ежелден қалыптасқан. Ғасырлар бойы екшелеп, жинақталған халық даналығы адам баласының ең жоғары дәрежедегі зейнетті еңбектен табатынын бейнелейді. Мысалы: «Адамды ісінен, ағашты жемісінен таны», «Адал еңбек елге жеткізер» деген халық даналығының өзінде адамның дамуы үшін еңбектің маңызды рөл атқаратынын көрсетіп отыр. Олай болса, қазіргі заман, жаңа ғасыр талабы, еңбек ету, тіршілік жасау, яғни ауылдық жерде, қалалық мектептерде кәсіби бағдарлама беру, еңбек қабілеттілігін арттыру, оқушылардың еңбекке деген құштарлығын ояту, жері мен топырағының, төрт түлігі мен ақ құс, құрт-құмырсқасына дейінгінің қадір-қасиетін сезіндіру кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

Жаңа қоғамның ағымындағы республикамыздың өркениетті елдер қатарына қосылуы, әрбір оқушының тәрбиелілігі мен кәсіби тәрбие деңгейінде болуымен де, талаптылығымен де тығыз байланысты екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сол себепті, мұндай мәселенің іргетасын негіздей қалайтын, тәрбие көкжиегінің алдыңғы қатарында жұмыс жүргізіп жатқан ұстаздар қауымы бұл мәселеге тың көзқараспен қараудың мемлекет келешегіне зор ықпалын тигізетінін естен шығармаған дұрыс.

Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам қамын ойлау  болып табылады. Келешек қоғам  иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты, ғылыми, мәдени өресі озық азамат етіп тәрбиелеу- қай ұстаздың болса да алдына қойған үлкен міндеті. Мыңдаған жылдар бойы, атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүрімізді, бүгінгі жас ұрпақ санасына ұялату басты міндетіміз.

Замана жылысып, өмір озған сайын, оқыту әдісінің белсенді түрлерін шығармашылық жолмен зерттеп табу мақсаты талап етіледі. Оқушыларды оқылатын пәнге қызығушылығын арттырудың бір жолы- адам тұрмысына қажетті бұйым түрлерін дайындау.

Кәсіптік білім  мен еңбек дағдылары оқушылардың  өзіндік шеберліктерін, әсемдікті  сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз қалайды. 

Оқушылардың мектеп шеберханаларындағы өндірістік қызметі  болашақ жас жұмысшылардың өнеркәсіп  орындарында кәсіби бейімаделуіне  де көмектеседі.

Кәсіпке бағдарлаудың ғылыми дәлелді негізі болуы керек. Бұл үшін оқытушы оқушының негізгі ұғымдарын, принциптерін білуіжәне қоғамдық қажеттерді ескере отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауға даярлау үшін басқа оқу пәндерімен қатар оқушыларды еңбекке баулуды пайдалану мүмкіндіктерін білу маңызды.

Оқытушы мектеп оқушыларының  мамандық таңдауына  көмектесу мақсатында оларды зерттеудің қарапайым әдістерін білуі, мектептің  ата-аналарымен, базалық кәсіпорындармен  бірлесіп жүргізетін оқушылардың кәсіптік ой-ниетін қалыптастыру жөніндегі жұмысына белсене қатысады, жан-жақты жетілген адам қалыптастыруда жақсы нәтижеге жетеді.

Халық педагогикасы- оқушыларды қол өнеріне баули  отырып, адамгершілікке, өнерді сүюге  тәрбиелейді.

Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған  халықтық педагогика- бұл күнде педагогика педагогтар қауымына ған емес, бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс.Халықтық педагогика кешегі қариялардан, ойшылдар мен шеберлерден, тігіншілер мен зергерлерден мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Оның өміршең идеялары халықпен қауышып, жүректерден орын алуда.

Халықтық педагогика жаңалық та, ғылым да емес, ол ежелден  келе жатқан халықтық тәлім-тәрбие мектебі. Педагогика ғылымы оны өзіне негіз  етіп отыр. Ал, халықтық педагогиканың  оқу-тәрбие процесіне енуі шын мәнінде  жаңалық.

Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтары мен сабақтан тыс үйірмелерінде қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие арқау ету негізгі міндетіміз.

Қорыта келгенде, еліміздің ертеңгі болашағы- жас ұрпақтың келешегіне дұрыс бағыт сілтеп, өз мамандығын дұрыс таңдай білуіне, талпыныс тілектеріне қамқорлық жасау, мектеп қабырғасынан бастап өз жөнін таба білуіне бағыт көрсету. Қазақтың ұлы ақын  мен  философы Абай Құнанбаев қойшы және диқаншы еңбектері, қоршаған орта туралы, байлық пен кедейлік, ақша, еңбекқорлық пен жалқаулық туралы ой-толғаныстарының бірінде: «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды» дейді. Осы бірауыз сөзден қаншама ғибрат, тәрбие алуға болады. Балаларға тек қана қолөнер түрлерін ғана үйретіп қоймай, қазақтың ұлы да, данышпан ақын-жазушыларының ұлағатты сөздерінен үзінділер, мысалдар келтіре отырып, кәсіпкерліктің, еңбектің адамзат өміріндегі зор маңызын жете түсіндіру керек.

Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамның жауы, ол келешекте оның   өміріне апат әкеледі» деген ұлағатты сөзінің астарына терең үңілетін болсақ, тәрбиеге байланысты көп сырды аңғарамыз.

Сөз соңында: «бір жылдығыңды ойласаң - егін ек, он жылдығыңды ойлап - ағаш өсір, жүз жылдығыңды ойласаң - мәдениетті ұрпақ өсір»- деген халқымыздың ғажайып та ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б. Алматы «Рауан» 1992жыл.

2. Кәсіптік техникалық  білім беру.  И.Н. Литвинова,  Я.А.Шахова. Алматы «Ана тілі»  1993жыл.

3. Еңбек пәнінің  мұғаліміне оқушылардың кәсіптік  бағдар туралы. Н.Н. Чистяков, Т.А.  Буянова, Н.Э. Касаткина. Алматы  «Мектеп» 1988 жыл.

4. Қазақстан  мектебі журналы. №3,6  2003 жыл.

5. Ғасырлар мұрасы. Алматы «Мектеп» 1988 жыл.

6. Мектептегі  технология №8  2003 жыл.

7. Еңбекке үйрету. 39-41 бет  2006 жыл.

8. Қазақстан  мұғалімі журналы  №9,29  2003 жыл.

9. Ұлағат. Ғылыми - психологиялық және педагогикалық басылым №5  2002 жыл.

10. Ұлт тағылымы. А. Қайдарова. №6  2001 жыл. 

11. Қазақстан  жоғарғы мектебі. С. Пірәлиев. №2  2001 жыл.

12. Кәсіби - техникалық  бағыттылықты қалыптастыру. Алматы 1994 жыл.

13. Студенттердің  танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Әбілқасымов А. Алматы 1994 жыл.

Информация о работе Кәсіби мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау