Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 06:57, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ...............................4
1.1Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау...................................................................................................................4
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі.......................14
1.3Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері....................................................................................................26
2.ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІ АЛДЫН АЛУ ТӘЖІРИБЕСІ................................32
2.1 А.И.Липкиннің баланың оқудағы жетістігін көтеру мақсатындағы тәжірибесі..........................................................................................................32
2.2Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасаудағы ұсыныстар..................38
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..............................................................46
Жоғарыда айтылған педагог-психологтардың ой-тұжырымдарын зерделей келе, келесідей қорытынды шығаруға болады: мектептегі үлгірмеушілік көбінесе білімді игеруге, оқу дағдысын дамытуға, шығармашылық әрекетінің қалыптасуына және танымдық қатынасындағы тәрбиелікке қойылатын мектептің міндетті талаптарына оқушылар дайындығының сәйкес келмеуінен деп айтуға болады. Ол оқу үдерісімен және оның мазмұнымен тікелей байланыста болатын оқудың нәтижесінен білінеді және ол арнайы көрсеткіштермен анықталады. Ал, оның себептері көптеген сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты болатын себептердің жиынтығынан құралатындығы көрсетілген. Жоғарыда атап көрсетілген физиологиялық, психологиялық факторлар және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайлары мен отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері – үлгермеушіліктің пайда болуында жетекші роль атқаратындықтары белгілі болды.
1.2 Үлгермеушіліктің
Мектептегі үлгермеушіліктің негізі – бір ғана себеп емес, көбінесе бірнеше себептердің жинақталған әсері болып табылады. Солардың ішінен негізгілері ретінде: оқыту әдістерінің жетілдірілмеуі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы кемшіліктер, әсіресе ойлау қабілетінің қалыптаспауы, оқушы мен оқытушы арасындағы жағымды қатынастың болмауы, басқалармен салыстырғанда жақсы оқушы болудың қорқынышы, және т.б .
Үлгермеушіліктің мәнін толық түсіну үшін үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтап, қарастыруға болады.
Үлгермеуші оқушыларға тән жалпы ұқсастық болғанмен, олар бір- бірінен айрықша ерекшеленеді. Күнделікті олармен жұмыс тәжірибесінде, үлгермеушіліктің әрбір нақты жадайында, әрбір үлгермеуші оқушымен жекеленген жұмыс істеу жолдарын талап ететіндей, үлгермеушіліктің түрлі ерекшеліктерімен кездесіп отырамыз.
Оқушылардың үлгермеушілігін ұзақ уақыт зерттеу, оның түрлі типтік тұрғыдан көрінуінен деген қорытындыға тіреледі. Үлгермеуші оқушының түрі (типі) оның оқудағы жетістігін анықтайтын, көп уақыт бойы үлгермеудің нәтижесінде пайда болған тұлғаның маңызды қасиеттерінің өзіндік үйлесімділігімен сипатталады .
Көптеген авторлар үлгермеуші
оқушыларды әр түрге топтаудың негізі
етіп өздері зерттеп анықтаған
Жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың үлгермеушілік себептеріне көзқарастары да әртүрлі.
Бастауыш сыныпта балалардың білімге құмарлығы, айналасын- дағыларға қызығушылығы, қоғамдық маңызды іс- әрекеттерді орындауға талпыныстары оқуға деген оң көзқарасты және соған байланысты эмоционалдық мазасыздықты тудырады. Оқуда артта қалу, жаман бағалар көбінесе оларды жылауға дейін апарып, күйзеліске түсіреді. Оқуда артта қалушылық, олар үшін жаман баға алу болып табылады.
Ал, жасөспірімдердегі үлгермеушілік – бұл оқушының оқу тапсырмасына деген зейіннің аз болуы. Бірақ олардың өмірге деген іс- әрекеттері кеңейеді, яғни спортпен щұғылданады, ойындарға көп барады т.б. көрінеді. Көптеген жасөспірімдер орта мектеп жасында үлгерімі төмендер қатарына ілігеді.
Жоғары сынып оқушылары оқу сабақтарына, мұғалімдеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Олар көбінесе өздері таңдаған мамандыққа керек пәндерге қызығушылық танытады. Егер алған «жаман» бағасы өзінің таңдаған мамандығына қатысты болмаса, оған олар мейлінше сабырлылықпен қарайды.
Үлгермеуші оқушыларды түрге бөлгенде кейбір зерттеушілер оқушылардың тұлғалық құрылымына және оқу оқуының сипатына негіздеген. Осындай жолмен П.П.Блонский оқушылардың жалпы типологиясын құрып, үлгермеушілердің түрлерін бөліп көрсеткен. Бұл, біріншіден, олар «жаман жұмыскер» деп атаған түр (тип). Ондай оқушыларға келесі қасиеттер тән:
үнемі ынталандыруды қажет етеді;
алмайды;
Келесі тип патологиялық деп аталған – эмоционалдық тип, оқуда сәтсіздіктері жиі болатын оқушылар, олар айналасындағылардың өзіне тән қатынаста болғанын қалайды. Олар жұмыс істеу алдында «істей алмаймын» деп айтып, басқалардың қолдауын қалайды, сәтсіздіктер мен қиындықтарды ауыр көтереді.
Көптеген жылдар бойы үлгірмеушіліктің мселелерін Н.А. Минчинская басқаран ғалымдар тобы зертеп келген. Олар оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің негізіне «үйретілу» түсінігін алған, яғни оқу іс-әреткетінің әдістері мен оқуды меңгеруіне байланысты оқушының алғырлығы. Олар үлгерімі төмен оқущыларды үйрете отырып және олардың ойлау деңгейін зерттей отырып, олар дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алмайды, оларға көптеген қасиеттері бойынша (әсіресе, ортақ қасиеттері бірнешеу болса) ұғымдарды жалпылау қиындық туғызады деген қорытындыға келген. Ондай оқушылардың абстракциялау және жалпылау деңгейі әдетте өте төмен болатындығын дәлелдеген.
Үлгермеуші оқушлардың сөздік-логикалы ойлау қызметі көрнекі іс-рекеттік түрінен әлдеқайда артта қалып қояды, бұл ережелердің тұжырмдамаларын түсінбеуінен немесе ережелерді құр білгенмен тапсырмаларды орындай алмауынан білінеді. Кейбіреулеріне тіпті, көрнекі құралдар бөгет болады, себебі оларды ол көрнекіліктегі басқа да керексіз белгілер алаңдатады.
Көрсетілген психикалық
процестерінің ерекшелігі оқушылардың
өздерін ұйымдастыра алмауынан,
өз еркімен зейінін басқара
Психикалық процестерінің
ерекшеліктеріне тән
1. Ойлау қасиетіне;
2. Жеке адамның бағыттылығына;
Бұл қасиеттердің арасында бір- бірімен байланысты үш сәйкестік бар. Олар төмендегілер:
3. Оқушының ойлау әрекетінің сапасының төмендігі, оқуға деген теріс қатынасының болуы және «оқушының бағыттылығы» толық немесе жарым- жартылай жойылуы;
Осы ерекшіліктер үлгермеуші оқушылардың типтерін анықтайды және үлгермеушіліктен құтылудың жолын көрсете алады.
Үлгермеуші оқушылардың бірінші түрі.
Үлгермеушіліктің осы
түріне жататын оқушылардың бәріне
ойлау операциясының төмен
Оқуда жетістікке жетпеуі және сыныппен бірігіп жұмыс істей алмауы олар үшін моральдық конфликтің көзі болып табылмайды, себебі өздерінің артта қалушылықтарын, жекеленген пәндерден басқалармен бір деңгейде игере алмаушылықтарын танымдық мүмкіндіктерінің шектелуі негізінде екендігін дұрыс түсінеді. Моральдық конфликтінің болмауы оқушы позициясының қалыптасуына және моральдық оң бағыттың қалыптасуына жағдай жасайды, себебі сәтсіздіктердің себептерін түсіну кемшіліктерде жою үшін жақсы стимул болып табылады. Осы типтегі оқушылар, сондықтан да ата- аналар мен жолдастарының көмегін жақсы қабылдайды.
Үлгермеуші оқушылардың
бірінші түрінің өзіндік
а) Бұл балалар болашақтағы таңдаған мамандығы туралы аз- кем болса да біледі және соған байланысты аз да болса бағыты бар. Әдетте осы бағыт іс-жүзіндегі әрекеттерінің мазмұнына байланысты, осымен олар өздерінің оқуындағы сәтсіздіктерінің орнын толтыруға тырысады. Осыған байланысты мұндай оқушылар өздерін объективті бағалайды.
б) Бұл түрдегі оқушыларға оқудағы барлық қиындықтардан қашқақтау тән. Оқуда жетістікке жету үшін, олар барлық «мүмкіндіктерді»: көшіріп алуды, біреудің көмегімен орындауды, т.б. пайдаланады. Олардың қоршаған орта туралы ой- өрістері шектелген. Алғашқы айтылған оқушылардан айырмашылығы сол, олар оқу тапсырмаларының мағынасына үңілмейді де. Негізінде, олар келешегі туралы ойламайды.
Үлгермеуші оқушылардың екінші түрі.
Бұл оқушылар мектепке жақсы
интеллектуалдық дайындықпен, жақсы
оқимын деген ниетпен келеді. Олардың
оқу сапасында тұрақты
Осы типтегі мектеп оқушыларында оқудағы сәтсіздіктер оларды моральдық қақтығыстарға алып келеді. Бұндай қақтығыс (конфликт) олардың біршама кең интеллектуалдық мүмкіндіктері мен сол мүмкіндіктерін жеткілікті қолданбау арасындағы қарама- қайшылыққа байланысты пайда болады да, ал бұл оларда өздігінен жұмыс істеу дағдыларының болмауымен түсіндіріледі.
Моральдық конфликт оқудың бастапқы кезеңінде пайда болады. Ол оқушының тек қана оқуға теріс көзқарасын анықтап қана қоймай, теріс моральдық бағыттың себептерін туғызатын сынып ұжымынан бөлінуге әкеп соқтырады.
Екінші түрге жататын оқушылардың өзін де екіге бөліп көрсетуге болады:
а) өздерінің оқудағы сәтсіздіктерінің, ұжымдағы қолайсыз жағдайларының орнын сыныптан тыс интеллектуалдық іс- шаралармен толтыратындар. Мысалы, оларды бағдарламаға сәйкес емес, жануарлар әлемі, астрономия, космонавтика жөніндегі кітаптар қызықтыруы мүмкін. Олардың келешектегі армандары осындай салалармен байланысты болады. Оларда оқудың кең әлеуметтік мотиві қалыптаспаған.
б) Екінші түрдің бұл түріне жататын оқушылардың үлгірмеушілігі олардың мектептен тыс байланыстарды іздеуіне байланысты, бұл балалардың көбінесе қызығушылықтары теріс әлеуметтік бағытқа икемделеді. Оқушы позициясын жояды. Олар өрескел қылықтарымен жиі тәртіп бұзады да мұғалімдер алдында абыройсызданады.
Үлгермеуші оқушының үшінші түрі.
Бұл түрге, бірінші түрдегі оқушылардікіндей төмен оқу үлгерімі тән. Ойлау процесінің әлсіздігі оқу материалын меңгеруде әжептәуір қиындықтар туғызады. Оқу тапсырмаларын орындауда бұл оқушыларда сыни көзқарас болмайды. Тіпті олар өз нәтижелерін басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстыруға тырыспайды да. Бұл жағдай оқушының оқуды меңгеру қиындығы немесе оқи алмағандығын ғана емес, сонымен бірге оның оқуға деген бейқам көзқарасынан болады. Мұндай оқушылардың ойлау ауқымдылығы да өте тар. Танымдық әрекеттерге деген мотивацияларының әлсіздігі тұлғаның жалпы бағыттылығынан, танымдылық қызығушылығының жоқтығынан көрінеді. Осы қасиеттердің жиынтығы оқуға, мектепке, мұғалімге деген теріс көзқарасты, сонымен бірге оқушының мектептен кетуге деген ұмтылысын білдіреді. Үлгірмеушіліктің осы түріне жататын оқушыларды көбінесе мектептегі денешынықтыру, еңбекке баулу сияқты пәндер қызықтырады.
Әрине бұл классификация да әлі жетілмеген. Онда физикалық дамуының әлсіздігіне байланысты тез шаршайтын және жұмыс қабілеті төмен оқушылар есепке алынбаған. Сонымен бірге, алғашқы үлгірмеушілігі денсаулығына байланысты сабақты көп босататын оқушылар да жатқызылмаған.
Педагог- ғалым Толешова зерттеулерінде үлгермеуші оқушылардың келесі сипаттамаларын көрсеткен:
Информация о работе Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері