Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 06:57, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1 ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ...............................4
1.1Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау...................................................................................................................4
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі.......................14
1.3Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері....................................................................................................26

2.ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІ АЛДЫН АЛУ ТӘЖІРИБЕСІ................................32
2.1 А.И.Липкиннің баланың оқудағы жетістігін көтеру мақсатындағы тәжірибесі..........................................................................................................32
2.2Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасаудағы ұсыныстар..................38

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..............................................................46

Работа состоит из  1 файл

Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері.doc

— 361.00 Кб (Скачать документ)

Жүйке жүйесінің негізгі  қасиеттерінің ішінде мейлінше зерттелген және адамның үйренуіне әсер ететін оның күші мен қозғалғыштығы болып табылады. Жүйке жүйесінің күші оның төзімділігін, жұмысқа қабілеттілігін, кедергіге төтепберушілігін, табандылығын сипаттайды. Күштің қарама- қарсы полюсі – жүйке жүйесінің әлсіздігі. Жүйке жүйесі әлсіз бала жұмыс қабілетінің төмендігімен, күшті және сыртқы қоздырғыштарға босаңдығымен, жоғары сезімталдығымен сипатталады.

Жүйке жүйесінің тағы бір қасиеті – қозғалғыштығы  – негізгі жүйке процестері –  қозу мен тежелудің жылдамдық  сипатымен анықталады. Жүйке жүйесінің  шапшаң, елгезектігіне селсоқтық  қарсы тұрады. Жүйкесі селсоқ адам нерв процестерінің баяу өтуімен сипатталады.

Көбінесе жүйке жүйесінің басқа  қасиеттерімен (күшті, елгезек) ерекшеленетін  оқушылармен салыстырғанда әлсіз  және селсоқ жүйкелік қасиеттерімен  ерекшеленетін балалар үлгірмеушілер  немесе үлгірімі төмендер қатарынан көрінеді. Дегенмен, сондай қасиеттегі (әлсіз және селсоқ типтегілер) балалардың барлығы бірдей үлгермеушілер қатарында емес. Бұған дәлел, үздік және жақсы оқитын оқушылар арасынан да әлсіз, баяу жүйке қасиеттерімен ерекшеленетін балалар бар екендігі белгілі.

Кейбір оқу тапсырмаларының  әдістерінде және оқу іс-әрекеттерінің  түрлерінде жүйке жүйесінің негізгі  қасиеттері әртүрлі болып көрінетін  оқушылардың әлсіз жақтары да, күшті жақтары да байқалады. Сондықтан  да оқудағы жетістік немесе кемшілік субъектінің өзіндік табиғи қасиеттеріне байланысты емес, оқу процестерінің талаптарын орындауға байланысты жекедара әдістері мен тәсілдері қаншалықты дұрыс қалыптасқандығына байланысты. Яғни жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты жекедара типологиялық қасиеттерін дұрыс қолдана алуы. Одан басқа, мұғалімнің балалардың сондай ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру тәсілдеріне де  көп байланысты, себебі мұғалім оқушының оқу жұмысын қалай жеңілдете алса, солай қиындата алады.

Жоғарыда біз оқушылардың танымдылық  іс- әрекеттерінен туындайтын үлгермеушіліктің үш психологиялық себептеріне байланысты оқушылар ерекшелектеріне тоқталдық. Оқудағы қиындықтар көп жағдайда оқушының тұлғалық қасиетіне кері әсерін тигізетінін айтпасқа болмайды. Бала қиындықтарды сезіне тұрып, олардың себептерін түсіне алмай, оқуға бар ынтасы мен талпынысын салса да, одан қажетті нәтиже шықпағандықтан не істерін білмей, шарасыздыққа түседі. Өзінің күшіне деген сенімділік біртіндеп өше бастайды. Егер осындай оқушыға қиындықтарын жеңе білуге дер кезінде көмек берілмесе, онда ол балада өзіне деген сенімсіздік қалыптасуы мүмкін және өз кезегінде оның тұрақты тұлғалық мінездемесі болып қалуы мүмкін (өзіне сенбейтін бала). Осындай өзіне сенбейтін бала қиындықтарды жеңе алмаймын деп қорқады. Бір тапсырманы орындай алмаған сәтсіздігінің әсерінен басқа тапсырмаларға да шамасы жетпейтіндей көрінеді. Оқуға деген қызығушылығы төмендейді. Үлгірмеушілік мұндай балаларды ұжымнан алшақтатуға әкеліп соқтырады, олардың әлеуметтік статусы нашарлайды. Ақырында мектепті жеккөрушілік сезімі пайда болып, мектепке барудан бас тартуы мүмкін. Осындай кездерде олар мектептен тыс жерлерде достар іздейді, көбінесе теріс бағыттағы балаларға тап болады.

Енді оқушының мотивациялық дамуындағы кемшіліктерге байланысты психологиялық ерекшеліктерін қарастырып өтейік.

Оқушының оқу іс- әрекетіне  тұрақты жағымды мотивациясы  қалыптаспауы да оның сабақта үлгірмеуінің себебі болуы мүмкін. Оқудың мотивациялық аумағы оқу белсенділігін анықтайды. Оқу мотивациясы күрделі құрылымды, ол оқушының жекедара және жас ерекшелігіне байланысты даму барысында өзгеріп отырады. Психологтардың пікірінше, оқу іс- әрекеті көпмотивациялы болып келеді және оның негізінде жатқан әртүрлі арнайы құрылымдар мен иерархия құрайды. Мысалы, оқушыларда, танымдық әрекеттерге қажеттіліктен,  оқуға қызығушылықтарынан басқа, өзіне қолайсыз жағдайлардан «қашқақтау» мотиві болуы мүмкін.

Әдетте бала мектепке оң мотивациямен келеді. Сондықтан баланың  мектепке деген жағымды мотивациясы өшіп қалмау үшін, бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру керек.

А.И.Липкина сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушылардың  өзін бағалауы төмендейтінін анықтаған. Бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін өзін өте төмен санайтын үлгермеушілер саны үш есеге өсетінін айтқан. Оқудың ең маңызды ынталандырушы күші – жетістікке жету мотиві – мұндай оқушыларда жойылады. Жаман бағаларға үйреніп алады да, оны міндетті және шешілуі жоқ мәселедей көреді. Үлгермеушілердің бұл психологиясын бір зерттелушінің: «Мен бұрын екіге бола ренжитінмін, тіпті жылап, үйге барғым да келмейтін. Ал, қазір үйреніп алдым. Дәптерімді, күнделігімді алғанда, қарамаймында» деген сөзінен ұғуға болады. Осындай өзін төмен бағалау, өзіне сенімділігін жоғалту оқушының танымдық белсінділігін арттыруға зиянын тигізеді.

  Осының бәрі оқушының үлгірмеушілігін жеңуді немесе алдын алуды мүмкіндігінше ерте жастан бастауды, яғни әлі де болса оқуда артта қалушылық келеңсіз жәйттерге апармай тұрғанда қолға алуды білдіреді. Егер уақыт өткізіліп алынса, мектеп психологі үлгірмеушіліктің алғашқы себептеріне байланысты жұмыс істеп қоймай, бір мезгілде оның барлық зардаптарынан құтылуға талпыну керек.

Осы жоғарыда қарастырылған  деректер мен мәлімдемелер үлгірмеуші оқушыларға тән жалпы белгілермен  қатар, үлгірмеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтайтын негізгі белгілерін де білуге мүмкіндік туғызады. Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде үлгірмеуші оқушылардың типтерін анықтауға байланысты, олардың ойлау процестері мен оқу мотивацияларын негіз еткен, көптеген көзқарастар (Л.С. Славина-ның, А.А. Бударныйдың, Н.И. Мурачковскийдің және т.б.) берілген. Осы критерилерге сүйеніп құрылған үлгірмеуші оқушылардың ерекшеліктерін білу, оларға дер кезінде көңіл бөліп, психологиялық-педагогикалық алдын алу, тузету, дамыту жұмыстарын жасауға мүмкіндік туғызады.

 

1.3 Үлгерімі төмен оқушылармен  психологиялық- педагогикалық жұмыс  ерекшеліктері

 Психологтар мен  педагогтартың үлгермеушіліктердің себептерін талдаулары, соған байланысты оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қызығушылық танытулары мектептің шешімін таба алмай келе жатқан мәселелерінің бірі – үлгірмеушіліктің алдын алуға және оны жеңуге байланысты мүмкіндіктерге жол ашады. Өкінішке орай, қазіргі кезде педагогтар мен психологтар үлгерімі төмен оқушылардың типтік ерекшеліктерін де және мектептің оқу жұмысының әртүрлі әдістерін де ескеретін жеткілікті дифференциалды ұсыныстар жасай алмай келеді. Бірақ бұл мәселелер таяу уақытта шешімін табады деуге негіз бар.

Соңғы уақыттарда «орында  қалу» немесе бір сыныпты «қайта оқу» деген тіпті, жоқ деп айтуға болады. Бірақ бұл мектептегі үлгермеуші балалардың санының азайғандығының белгісі ме? Мектептер әлі күнге  дейін үлгерімі төмен немесе үлгермеуші оқушыларға көмек көрсетуде тым кедей және дұрыс жетілдірілмеген әдістерді қолданып келеді. Ондай алдын алуға бағытталған  педагогикалық жұмыстардың барлық түрін екі топқа біріктіруге болады: сабақтан тыс қосымша сабақтарды ұйымдастыру (ол сабақтар дәстүрлі сабақтардың әдістерін қайталайды) және белгілі қысым көрсету әдістері: ата- ананы шақырту, ұжым болып талқылау, т.б.

Осындай үлгірмеушілікті  жоюға бағытталған барлық тәсілдер нәтижесіз және көбінесе зиянды болып  табылады. В.И.Зыкованың зерттеулері көптеген үлгірімі төмен оқушылардың жазалау әдістері мен қатаң талқылауға үйренісіп алатындықтарын көрсеткен. Кейбіреулерінде жанының жарақаттанған әсерінен сабақта тез тежеледі. Сабақ сұрағанда мұндай оқушылар сасқалақтап, жаңылысады, жауаптары нақты болмайды. Көптеген қатаң жазалаулардан кейін, баланың өзінің мүмкіндіктеріне сенімі жоғалады да, сабаққа тіпті дайындалмай қояды.

Психологиялық- педагогикалық  жұмыс әдістерінің жетілмегендігі, әсіресе бастауыш сыныптарда, осындай  балалардың ұжымнан бөлектенуіне жағдай жасайды. Осының бәрі баланың әлеуметтік теріс бағыттағы көше компанияларына қосылып, бірте- бірте танымдық қызығушылықтарының жойылуына әкеп соқтырады.

Үлгермеушіліктің алдын  алуға және жеңуге бағытталған көптеген психологиялық- педагогикалық жұмыстардың тәсілдері құрастырылуда. Қазірдің өзінде көптеген тәжірибетердің арқасында психологтар мектептерге осы мәселе жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар бере алады.

Үлгермеуші оқушыға  тікелей көмек көрсету - әрбір  жеке мұғалімнің міндеті. бірақ мұғалімнің көмегін қиындықтары оңай шешілетін артта қалудың эпизодтық түрімен ғана шектеуге болады. Егер артта қалушылық бір- біріне ұласып жатса, онда олардың себептерін сараптап, соған байланысты үлгермеушіліктің себебін жеңуге бағытталған шаралар қолдану керек. Ол үшін, жалпы мектептік сипаттағы іс- шараларды ұйымдастыру қажет.

Алдын алудың алғашқы шарасы – диагностика болып табылады. Онымен мектеп психологі (баланың немесе сыныптың диагностикалық картасын жасау), медициналық қызметкер (баланың денсаулық жағдайын анықтау), педагогтар, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог (отбасының жағдайын білу) айналысады.

Екінші – диагностика нәтижелерін есепке ала отырып, мектептегі психологиялық- педагогикалық әдістемелік жұмыстардың жоспарын құру.

Үшінші – ойластырылған, нақтыланған түзету- дамыту, тәрбие жұмыстарының жүйесі негізіндегі іс- шараларды жүргізу.

Біз осы бөлімде психологиялық  қолдау көрсетудің үшінші буынына кеңірек  тоқталамыз.

Арнайы ашылған тәжірибеалдық сыныптардағы көптеген зерттеулердің (Н.А.Менчинская, А.И.Липкина) тәжірибе жұмыстары, «оқытылуы» төмен оқушылармен жұмыстың алашқы кезеңдерінде оқу жұмысына оң мотивация қалыптастыру мақсатында, іс- әрекеттің қарапайым түрлерімен жұмыс жасату қолайлырақ екендігін дәлелдеген. Бұл олардың өздеріне деген сенімділіктерін қалыптастырады, себебі ол істерді жақсы орындай алғандығының өзі қанағат сезімін туындатады («жетістікті қалыптастыру стратегиясы»). Өз күшіне сенімділігі және оқуға оң көзқарас қалыптасқаннан кейін ғана, баланы белсенді ойлау жұмыстарына бірте- бірте қатыстыра отырып, жүйелі түрде оларды ойлау әдістеріне үйрете бастау керек. Бұл жағдайда оқытушы әрбір бала өзін көрсете алатындай, ал мұғалім – оның кішігірім, қарапайым жетістігін де мадақтап, мақтап отыратындай жағдай жасап отыру керек. Мұндай оқушылар әдетте үлкендердің көмегімен бас тартпайды, олардың осы ерекшеліктерін де дұрыс пайдалана білу керек, яғни өздігінен істейтін әрекеттерінің аумағын кеңейте түсу үшін, біртіндеп көмекті азайту керек. Көмекші жауаптарды да құрылымына қарай өзгертіп отыру керек: тапсырмаларды нақтылау, ұқсас есептерді бірігіп шешу, қателерден сақтандыру, т.б. Үлгермеуші оқушыларға берілетін тапсырмалардың  ішінде шешілуі тез шығатын оңай тапсырмалардың болуы өздігінен жұмыс істеуге талаптандырады. Ол үшін мұалімдерге үлгірімі төмен балалармен сабақты ұйымдастыру бойынша психологиялық қолдау көрсетудің бір қатар ұсыныстары жасалған.

Үлгерімі төмен оқушылардан  сабақ сұрағанда шамамен жауап  беру үлгісі ұсынылу керек, үйде құрастырылған  жоспарын қолдануға рұхсат ету, тақта алдындағы жауапқа ұзақтау уақыт беру, көрнекі құралдарды пайдаландыру керек. Тақырыпты жүйелеп айтуына көмектесу үшін, оларға жетелеу сұрақтарын беріп отыру керек. Оқушының сабақ босатқан күндеріндегі материалдарды игергендігін жүйелі түрде тексеріп отыру керек. Жауап беру барысында және нәтижелерін талдағанда мейірімділік пен ақжарқындық жағдайын жасау керек.

Жаңа тақырыпты үйрену барысында үлгірімі төмен оқушылардың  зейінін тақырыптың маңызды, қиындау  бөлімдеріне аудару мақсатында, мұғалім оларға жиі сұрақтар қойып, түсінгендерін сұрап отырулары керек, оларды өздеріне көмекші ретінде тартып, жаңа материалды игерудегі қиындықта ынталандыру керек.

Өздігінен жұмыс істеу  барысында қателерін түзетуге арналған жаттығу үлгілері берілуі тиіс.Жаңа тапсырманы күш салып, ынтамен жұмыс жасау үшін орындаған жұмыстарынның дұрыс жерлерін айтып отыру керек.

Осы тұрғыда өзіміздің  ұлы педагог- психологтарымыздың көзқарастарын  айтып кету әбден орынды. ХХ ғасыр  басындағы қаз тұрған қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы М.Жұмабаев  пен Ж.Аймауытовтың еңбектерімен қаланғаны бәрімізге белгілі. Олар дәл осы үлгермеушілікке байланысты еңбек жазбағанмен, оқуда жетістікке жетудің мәселелерін кеңінен айтып кеткен. Мәселен, М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде, оқу-тәрбие ісінің басты субъектісі – мұғалімге және сол мұғалімге байланысты оқушылардың білімді игеру мәселелеріне тоқталған: «...тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, үкімді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді. ...баланы, заттарды, көріністерді тап- тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек. ...Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде» деген пікірінің бүгінгі таңда маңызы зор.  Ж.Аймауытов «Психология» атты еңбегінде тұтас сабақтың дәне оның құрамдас бөліктерінің білімдік міндеттерін, сонымен қатар әрбір сабақтың жалпы сабақ жүйесіндегі орнын нақты айқындауға, пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ мақсатына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың мазмұнын айқындауға назар аудару керектігін айтады. «Нәрсені ұқтырмай, кітаптағыны жаттатып оқытқанның зияны болады. Өйтіп сөзді бұлтартпай, жаттатып оқытқаннан да кітапты көрсетпей, көрнекі жолмен қанағаттатқандықтың өзі игі. ...сөзді жаттатсын, бірақ мәнісін ұғып, ақылға салып, нәрсенің өзімен байланыстырып жаттатсын». Сонымен қатар «Көрнекі оқытыстың мақсаты – шәкірттерге деректі нәрселерді көрсету жәрдемімен барып, дерексіз ұғымдарға көшу» дейді ғалым. Осылайша оқушылар мен жұмыс істеуде олардын сабаққа, білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ынталандару мақсатында мұғалімдердін қолдау көрсетуі - үлгірмеушілікпен күресу, үлгірімі төмен оқушылар санын азайтуға септіктерін тигізері сөзсіз. Осы мақсатта мектеп психологі пән мұғалімдермен жиі әңгімелесіп, кеңес – сабақтар өткізіп отыру керек.

Үлгірімі төмен оқушылармен  жұмыс жасауға қажетті жағдайлар  мен ұсыныстарды есте ұстаған  жөн:

Информация о работе Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері