Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 06:57, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ...............................4
1.1Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау...................................................................................................................4
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі.......................14
1.3Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері....................................................................................................26
2.ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІ АЛДЫН АЛУ ТӘЖІРИБЕСІ................................32
2.1 А.И.Липкиннің баланың оқудағы жетістігін көтеру мақсатындағы тәжірибесі..........................................................................................................32
2.2Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасаудағы ұсыныстар..................38
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..............................................................46
Жоғарыдағы көрсетілген
Теріс мінез-құлқының қалыптасуының бірінші және ең маңызды фактор ретінде окуға деген немқұрайлық, қандай да бір оқу жұмысына деген үлгерімі төмен баланың жек көрушілігі болып табылады. Материалды меңгерудегі қиындықтары мен сәтсіздіктерін үнемі сезінушілік мынаған алып келеді: мұндай балалар сабақтарды орындау үрдісінде қашады, дәптерлерін жыртады, кітаптарын тығып қояды, мектептің талаптарына жауап беруге қиналады. Олар сабақтарға қатысуды қояды, үйдегілеріне өтірік айтады, "сабақтан ешнәрсе берілгек жоқ" деп алдайды, ал мектепте "кітаптарымды үйде ұмытып калдырдым" деп сылтаулар көп айтады. Осы іс-әрекетгерден оқудың бір жылдық көлемінің өзінде-ақ мінез-қүлқын теріс жағы айқындала түседі. Екінші сынып оқушылары көлемінде келесі фактор оқушылардың мүғалімдермен конфликттік қарым-қатынастары косылады. Бір қарағанда бұл қарым-қатынастар жағымсыз іс-әрекетті керсететін секілді, педагогтардың үлгерімі төмен балаларға үстіртін карайды дейтін пікір калыптасады. Мұғалімдер оларға қатал қарайды, оларға айқайлайды, намысына тиетін ескетулер айтады, ата- аналарына шағымданады т.б. Тұрақты конфликттік жағдайлардың әсерінен үлгерімі төмен балалар аз уақыттың ішінде ашық түрде сабақтан шығып кетуге, оқушының мұалімге сөз қайтара бастауы оқу үрдісінің бұзылуына алып келеді.
Тұрақты үлгерімі төмен оқушылардың ата-анасына деген аналогиялық мәселелері туындайды. Ата-аналарының мінез-құлкы қиын және қарама-қайшылықта болады. Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналары көбінесе мектепке жала жабады, оқу бағдарламасын дұрыс оқытпайды деп мұғалімдерді кінәләйды, бірақ та формалды емес жағдайды бақылағанда осы ата-аналар балаларын оқу мәселесімен сөгіп ұрысады. Шаршаулы балаларды мектеп сабағынан кейін дереу үй жұмысын орындауын талап етеді, физикалык жазалауларды колданады. Осының нәтижесінде ата-аналары балаларының өздеріне деген сенімдерінен айрылады, күнделікті конфликттермен үйдегі жағдайдың қиындау себебі оларды (үлгермейтін окушыларды) көшеге кетуге мәжбүр етеді.
Сонымен, үлгермеуші оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттай келе, үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептердің көпшілігін 5 топқа біріктіруге болады:
1-топ – жүйке жүйесіндегі
жекедара психикалық
2-топ – таным әрекетіндегі жетіспеушілік;
3-топ – мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер;
4-топ – өзін-өзі бағалау мен
талаптану деңгейінің
5-топ – оқуға басқалардың әсері.
Психологтар И.В. Дубровина, М.К.Акимова және В.Т.Козлова зерттеулерінде үлгермеушіліктің негізіне жататын психологиялық себептерді 2 топқа біріктіріп, соған байланысты балалардың ерекшеліктерін сипаттаған. Ол себептер:
Бірінші топтың себептерін сараптай келе, бұл топтағы себептерді үшке бөліп, соларға байланысты оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ашуға болады:
Оқу іс- әрекеттері дұрыс қалыптаспаған үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктеріне тоқталсақ, олар оқу оқудың әдістерін шын мәнінде нақты білмейді деп айтуға болады. Басқа іс- әрекеттер сияқты, оқу әрекеті де белгілі бір дағдылар мен тәсілдерді игеруді талап етеді. Ойша санау, үлгіден әріптерді көшіріп жазу, өлеңдерді жаттау сияқты ересектерге оңай болып көрінетін іс- әрекеттер бір ғана емес, бірнеше әдістермен орындалуы мүмкін. Мектепке жаңа келген және өзіне орындау керек оқу іс- әрекеттерімен кездескен оқушы, көбінесе ол жұмыстардың дұрыс тәсілдерін өздігінен таба алмайды. Егер оны дер кезінде дұрыс орындау дағдылары мен тәсілдеріне үйретпесе, ол өз бетімен басқаша, өзіне ыңғайлы тәсілдерді қолданады, бірақ оның қолданған әдістері мен машықтары әрдайым дұрыс бола бермейді. Бұл тек бастауыштарға ғана тән жағдай емес, ересектеу сыныптарға да қатысты жағдай. Оқу жұмысының кеңірек тараған нәтижесіз, дұрыс емес әдістеріне: тақырыпты алдын ала логикалық түрде түсінбей жаттап алу, алдын ала белгілі ережелерін білмей тұрып, жаттығуларды орындау т.б. жатады. Оқу іс- әрекеттерінің дұрыс емес тәсілдері жекеленген сипатта болуы мүмкін. Мысалы, психолог К.В.Бардин кішкентай бірінші сынып оқушысы әріптерді көшіріп жазғанда мұғалім жазып берген үлгіге қарамай, өзі жазған алдыңғы әріп үлгісіне қарап жазатынын сипаттаған. Үлгірімі нашар оқушылар оқу дағдыларын меңгеру процесін көбіне оңайлатады. Мәселен, мәтіннің негізгі бөлімдерін мағынасына байланысты айтпай, абзацтарға бөледі, картамен жұмыста негізгі картадан жобаға тапсырманың ережелерін ескерусіз, параллель мен меридиандардан құралған квадраттар бойынша түсіреді. Тұрақты жұмыс әдістері жоқ және тапсырма мазмұнына сәйкес емес кез келген, кездейсоқ тәсілдерді қолданатын да оқушылар бар.
Оқу әдістерін дұрыс меңгермеуден болатын үлгермеушілік жекеленген пәндерден ғана қатысты болуы мүмкін. Бірақ кейде бірнеше немесе барлық оқу пәндерінде де білінуі мүмкін.
Егер дер кезінде
оқушының оқу іс- әркетіндегі дұрыс
емес дағдылары мен икемдеріне көңіл
бөлінбесе оқудағы тұрақты
Оқу іс- әрекеттері дұрыс
қалыптаспаған балаға қалай көмектесуге
болады. Әрине, балаға үлкендердің көмегі
керек, дегенмен мұғалімнің көмегі бұл
жерде аз, себебі мұғалім оқушының
оқу әркетіндегі
Негізгі психикалық процестердің дамындағы кемшіліктеріне байланысты үлгермеуші оқушыларды сипаттайық. Үлгермеушіліктің осы себептері көбіне жасырын түрде болып, бақылаушыға анық байқалмайды. Бұл себептер негізінен баланың ойлау әдістері мен тәсілдеріне, сонымен қатар есі мен зейініне байланысты болады.
Әрбір мұғалімге барлық оқушыларды бірдей, бір деңгейде оқытудың оңай еместігі белгілі. Оқытудың кез- келген әдістерімен, тіпті сол әдістерді тиімді ұйымдастырып оқытқанның өзінде, бір оқушылар оқудағы жетістіктері мен алдыңғы қатарда болып, енді басқалары қиындықпен баяу меңгереді.
Біреулері көп күш жұмсамай, аз ғана уақытта жоғары жетістіктерге жетсе, кейбіреулері қанша талпынса да сондай жақсы деңгейге көтеріле алмайды. Әдетте мұндай жағдайлар туралы оқушылардың қабілетінің әр түрлілігінен, дәлірек айтсақ оқи алу қабілетінің әртүрлілігінен деп айтады. Психолог З.И.Калмыкова да «үйретілу» («обучаемость») деген арнайы түсінікті алған, ол түсінік оқушының алғырлығына қатысты алынған. «Үйретілу» оқу жетістігіне әсер ететін баланың интеллептуалдық ерекшеліктеріне байланысты. Ол ойлауға байланысты көптеген процестерден – ойлау үнемділігінен, ойлау әрекетіндегі жалпылаудан, ойлау икемділігінен және т.б. ойлауға байланысты көптеген процестерден құралады.
З.И.Калмыкованың зерттеулері «үйретілудің» жалпы (оқуға деген жалпы қабілеттілік) және арнайы (қандай да бір пәнде оқуға қабілеттілік) түрлерінің болатынын дәлелдеген .
Оқи алуына әсер ететін барлық психологиялық процестердің ішінде ең маңыздысы оқушының ойлау процесі болып табылады. Үлгермеушіліктің кең таралған себептері болып, оқушының ойлау қабілетінің дамуындағы кемшіліктер болып табылады, бірақ көбіне мектепте есте сақтау мен зейінге байланысты деп есептейді. Н.И.Мурачковский есте сақтау мен зейінге байланысты зерттеулер жүргізген. Ол үлгірімі нашар оқушылардың өздеріне таныс, мазмұны өздеріне жақын, өмірде қолданатын сөздер мен сандарды есте сақтауда жақсы нәтиже көрсететінін көрсеткен. Дегенмен, ойлау процесіне тығыз байланысты логиканы керек ететін қиындау мәтіндер мен сөздерді есте сақтауда үлгермеуші оқушылар сол сыныптағы басқа балалармен салыстырғанда төмен нәтиже көрсеткен.
Үлгірімі төмен оқушылар есте сақтаудың тиімді әдістерін меңгермеген, себебі олардың бұл кемшіліктері ойлау деңгейінің дамуындағы кемшіліктермен тығыз байланысты.
Сол сияқты, зейінге байланысты жүргізілетін тапсырмаларды (корректурная проба) орындағанда да, үлгірімі төмен оқушылардың көрсеткіштері басқалармен салыстырғанда кем болмаған. Олардың зейін шоғырлануының төмендігі өздерінің ойлау ерекшеліктерінің төмендігінен белсенді оқу әрекеттеріне кірісе алмайтындықтарына байланысты. Оқу әркеттеріне қатынасу оларға қиынға соғады. Сондықтан олар сабақта басқалардың әңгімелеріне жиі алаңдайды, мұғалім сұрақтарын зейінмен тыңдап отыра алмайды.
Сонымен, үлгермеуші оқушылардың
көпшілігінде болатын қиындықтары
есте сақтауға да, зейінге де емес, ойлау
жүйесінің ерекшеліктеріне
Үлгермеуші балалардың
ойлауының психологиялық
Мектепке алғаш келген баланың көрнекі ойлауы басым болады. Бала неұрлым кішірек болса, соғұрлым оның түсінігінде (ойлануды қажет етпейтін) қоршаған ортаның тікелей қабылданатын белгілері бейнеленеді. Оның сөйлеуі де жеткілікті дамымаған. Сөйлеудегі кемшліктер де – бастауыш мектептегі үлгермеушіліктің маңызды себептерінің біріне жатады.
Мектептегі оқу баладан абстрактылы ойлауды және жалпылай білуді талап етеді, ал бұл, әсіресе алғашқы кезде қиынға соғады. Мысалы, бастауыш сынып балалары грамматиканы оқығанда етістік деп етістіктен жасалған зат есімдерді айтады, яғни іс- әркеттерді білдіретіндіктен зат есімдер – «жүгіріс», «жүріс», «оқу» сөздерін ажырата алмайды. Бұндай оқушыларға жекеленген түсініктерді біріктіретін жалпы түсінік табу қиынға соғады. Олар керек емес ұғымдарды алып тастап, керек, маңызды ұғымдарды бөліп ала алмайды, олардың бұл қиындықтары мәтіннің мазмұнын айтқанда, ауызша сабақтарға дайындалғанда, мазмұндаманың жоспарын құрғанда байқалады. Сабаққа дайындалғанда үлгірмеуші балалар маңызды, маңызды емес ұғымдарды айыра алмай, бәрін бірдей есте сақтауға талпынады. Сондықтан ұғымдарды мағыналық жағынан байланыстыра алмай, кейін тез ұмытылады. Балалардың ойлау әрекетіндегі осы кемшіліктері білімді меңгеруде қиындықтар туғызады.
Балалар ойлауының басқа ерекшелігі – олар затты немесе жағдайларды (ситуация) жан- жақты қарастыра алмайды, берілгендері бойынша есеп шығару үшін бір мезгілде керек шарттармен жұмыс жасай алмайды, талап етілген барлық ережелерді бір мезгілде орындай алмайды. Мысалы, сөйлемдегі қаратпа сөзді бөлгенде, тыныс белгілерді бірде қойса, бір жерінде ұмытады, ауызша жауап бергенде бір ойды айтып тұрып, басқасын ұмытып қалады. Себеп- салдарлық байланысты анықтайтын бірнеше себептерден тұратын жағдаяттарды қарастырғанда бір ғана себебін айта алады, ал егер бір себептен бірнеше салдар туындайтын болса, көбінесе бәрін айта алмай бір- екеуін ғана айта алады. Мысалы, үшбұрыштың тең қабырғалы болатынын айтқанмен, бұрыштарының да тең болатынын айтуды ұмытады, бір затты сипаттағанда оның түсін ғана айтып, басқа қасиеттерін (иісін, салмағын, қолдануын) айтуға қиналады.
Көбіне баладан оқу есептерін шығарғанда белгілі, үйреншікті шарттардан ауытқып, әдеттен тыс, ерекше байланыстар мен қатынастарды қолданып, жаңадан бір нәрсені көру дағдысы талап етіледі. Көбінесе осындай жағдайлар тапқырлыққа арналған логикалық есептерді шығарғанда, мұғалім соңғы тақырыпты сұрап қана қоймай, оны алдыңғы өткен сабақтармен байланыстыруды талап еткенде байқалады. Осының бәрі: «бір жақты» ойлауды жеңе білу, ізденудің жаңа бағыттарын табу, есеп шығарғанда ойдың оралымдылығын пайдалану – шығармашылықпен ойлаудың маңызды қасиеттері болып саналады.
Бір қалыпты, бір сарынды үйреншікті жұмыс тәсілдерін қайта қарастырғанда, гипотезаларды ауыстырған кезде туындайтын қиындықтар – ойлаудың икемсіздігін көрсетеді.
Балалардың ойлау әркетіндегі айтылған ерекшеліктер оқушылардың белгілі бір бөлігінің ғана үгермеушіліктеріне себеп бола алады. Оқудағы қиындықтарды жеңе алмау кейде белсенді ойлау жұмысынан бас тартуға әкеліп соқтырады. Ондай оқушылар оқу тапсырмаларын орындағанда әртүрлі дұрыс емес әдістер мен тәсілдерді қолданады, психологтар бұны «айналып өту жолы» («обходные пути») деп айтады. Осындай әдіске мағынасын түсінбей материалды жаттап алу да жатады. Олар мәтінді жаттап айтып береді, бірақ сол мәтін бойынша сұраққа жауап бере алмайды.
Тағы бір сондай «айналып өту» жолына есеп шығарғанда соған дейін шығарылған ұқсас есептерге қарап шығару жатады. Сонымен қатар ойлау әрекетінде кемшіліктері бар балалар ауызша сабақ айтқанда, біреулердің сыбырлап айтып жіберуін қалайды, жолдасынан көшіріп алады, т.б. Белсенділікпен ойлай алмау және ойлағысы келмеу – бұл қарастырылып отырған үлгермеуші балалар тобына қатысты, кейде оларды «интеллектуалды белсенділік танытпаушылар» (интеллектально пассивные) деп атайды (Л.С.Славина). Психологтар мұндай балаларды дұрыс үйретіп, тәрбиелемегеннен дейді, яғни мектепке дейін бала ақыл- ой дамуының арнайы кезеңдерінен өтпеген, үйренуге тиісті интеллектуадық икем мен дағдыларды меңгермеген.
Енді үлгермеушіліктің үшінші факторын қарастырайық, ол баланың жеке-дара табиғи психикалық ерекшеліктерінен туындайтын қиындықтар.
Мұндай оқушылар, психологияда жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері деп аталатын өздерінің тұрақты жекедара психикалық ерекшеліктерін дұрыс қолдана алмағандықтан, танымдық іс- әркеттерінде кемшіліктер туындап, үлгірмеушілер қатарына қосылады.
Қазіргі заманғы ой- пікірлерге сүйенсек, жүйке жүйесінің қасиеттері генотиптік тұрғыдан қарастырылады. және осы тұрғыда адамның мінезіндегі ерекшеліктер көп жағдайларда өзгермейтін, тұрақты деп түсіндіріледі. Осы қағиданы ерекше бөліп көрсетуге болады, себебі бұл қағида баланың жекедара – типологиялық ерекшеліктерімен келіспеуге және педагогикалық процестерде ол жағдайды есепке алмауға болмайтындығын білдіреді.
Информация о работе Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері