Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 06:57, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1 ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ...............................4
1.1Мектептегі үлгермеушілік туралы ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау...................................................................................................................4
1.2 Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі.......................14
1.3Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері....................................................................................................26

2.ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІ АЛДЫН АЛУ ТӘЖІРИБЕСІ................................32
2.1 А.И.Липкиннің баланың оқудағы жетістігін көтеру мақсатындағы тәжірибесі..........................................................................................................32
2.2Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасаудағы ұсыныстар..................38

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..............................................................46

Работа состоит из  1 файл

Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері.doc

— 361.00 Кб (Скачать документ)

Мұғалімге оқушының жеке- типологиялық ерекшеліктерін ескеру маңыздылығы  туралы кеңес берілумен қатар, мектеп психологі осындай оқушының өзімен жеке жұмыстар жүргізуі тиіс.

Психолог үлгермеуші оқушыға өзінің ерекшеліктеріне  байланысты іс- әрекеттерін ұйымдастыруға  бағытталған түрлі әдіс- тәсілдерді табуға және өзінің қиындықтарын жеңе білуге үйрете білу керек. Бұл үшін баланың бойындағы жағымды ерекшелігін тиімді пайдаланып, соның есебінде оқуға кедергі келтіретін кемшіліктердің орнын толтыру (компенсировать) маңыздылығын ескеру керек. Мысалы, жүйке процесінің әлсіз типтері сызба, жоба бойынша жақсы жұмыс істейді, сондықтан алдын- ала дайындық жақсы нәтиже береді. Олар жүйелеуге бейім, бұл білімді тереңірек ойлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар оқу тапсырмалаларының нәтижесін тексеруді ұнатады, оларға осындай мүмкіндік берілсе, аз қатемен жұмыс істейді. Ал, инертті (селқос) оқушылардың да жағымды қасиеттері бар. Олар көп уақыт бойы, алаңдамай жұмыс істей алады, олар өз беттерімен жұмыс жасағанда  жақсы нәтиже береді. Оларда белсенділік біртіндеп қалыптасып, ұзақ сақталады. Сондықтан да үлгермеуші оқушылар өздерінің жүйке жүйесінің өзгешеліктеріне сай келмейтін оқу әрекеттерінде арнайы компенсаторлық тәсілдерді қолданулары керек. Ол үшін, психолог оқушының бойындағы өзінің жүйке жүйесіне тән артықшылығын дамытуға, оны дұрыс қолдануға көмектесуі керек. Ондай әдістерге: оқу іс- әрекетін ақылмен ұйымдастыру, орындап болған тапсырмалаларын қайта тексеру, алдын ала (жоспар, сызбамен) дайындалу, меңгерілетін ақпарат туралы ойлап, жүйеге келтіру, жауап беру жоспарын жасап қою жатады.

Осындай жолдармен жұмыс істеуге машықтанған оқушы оқудағы жауапты кезеңдерде (бақылау, сабақ сұрау, емтихан) көп қиналмай, жүйкелік- психикалық күйзелістерден аз да болса құтылады.

Әдетте, балалар мектепке алғаш келгенде жағымды мотивациямен келетінін айтып өткенбіз, баланың мектепке, мектептегі оқуға оң сеп- түрткісін(мотивациясын) жоғалтып алуы, оның үлгірмеуші оқушы болуына әкеліп соқтырады, сондықтан да психолог оқушы тілектері мен ниеттерін үздіксіз зерттей отырып, бала табиғатынан туындайтын ынталандыру жолдарын табуда шаршап, шалдығуды білмегені қажет және осыны бала мұғаліміне жеткізе білуі керек.

 

2.2 Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасаудағы ұсыныстар

Оқушының білім жолы - қиын жол. Тек бір ғана оқу қажеттігін түсіну бұл жолды басып өту үшін жеткіліксіз. Сондықтан, кіші мектеп жасынан бастап баланы ынталандырып отыру оның жақсы оқуына жағдай жасайды. Төменде айтылатын ұсыныстар баланың оқуына жауапты мұғалімге қатысты болғанымен, баламен жұмыс жасаушы психолог жұмысына да ықпалы көп.

Ынталандыру (стимулирование), қазіргі заман түсінімінде, оқушыны қандай да бір затқа ниеттеу мәнін аңдатады. Адам болмысы солай да қалыптасқан: егер оған үздіксіз ескерту беріп тұрмаса, өзіндік немесе сыртқы күштеулер болмаса, ал кейде тікелей мәжбүрлеу әрекетін қолданбаса, ол орнынан қозғалмайдьі- белсенді әрекетке кіріспейді де.

Көп жағдайларда бала барша нәрсені өз ақылымен танып, біліп тұрады. Бірақ оның ақыл-есі тікелей ықпал жасаған себептермен байланысудан, көңіл-күй толғаныстары жетегінде қалады, нәтижеде оқушы өзі таңдаған істеріне дәлел іздейді және оны табады да. Бұл жағдайда мәселе шешімі дұрыс іріктелген және қолданылған ынталандыру шараларына байланысты болады. Кіші оқу жасындағы балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлығының сеп-түрткілерін (мотивациясын) және ынталандыру жолдарын қолдану өзіндік ерекшеліктерге ие. Бала табиғатын тану, оның қажеттері мен тілек-ниеттерін сезіну - барша мәселелердің шешіміне сай кілт табумен бірдей.

Сонымен, психологтар баламен жұмыс жасауда төмендегідей ынталандыру ережелерін ұсынады:

Бала тілегін  арқау етіңіз. Бала нені қалайды? - мұғалім үшін басты сұрақ. Әңгіме мұғалімнің не қалауында емес, баланың ниетінде. Оның қалауын күштеп бұзып, қайта жасаудың қажеті шамалы: ол өз ниеттерімен айыпты емес. Ұлы Коменскийдің табиғи сәйкестік принципін еске түсіріңіз – барша іс оқушы табиғатымен сәйкес болуы міндетті. Сондықтан, егер бала тілегі мен ниеттері педагогикалық мақсаттарға сай келмесе, оның ұмтылыстарына қажетті өзгерістер енгізіп, дұрыс бағыт беруге тырысыңыз.

Салыстырыңыз, үлгі-өрнек беріңіз. А.П.Чеховтың "Үйде" әңгімесінде шылым шегуге әдеттенген кішкене бала жөнінде сөз етілген. Бұл бала ата-анасының айтқандарының бірде-бірін тыңдамай, құлақ асуды қойған. Ал әкесі бірде бақытты принцтің шылым шегуден сырқаттанып, өлгенін, содан бүкіл оның патшалығының күйрегені жөнінде ертек айтып бергеннен соң, бала кенеттен "ешқашанда мұндай жаман әдетпен айналыспайтынын" айтып, шылым шегуді мүлде қойып кеткен.

Өз оқушыңызды барынша құштарлықпен бір нәрсені ниеттеуге ойыстырыңыз. Мейлі, бұл ниеттер алғашқыда сіздің педагогикалық пікірлеріңізге сәйкес болмай-ақ қойсын. Бастысы, олардың пайда болып, сізге таяныш беруінде. Бүгінгі күнде біз балалардың келеңсіз бейтараптылығына (инфантилизм) жиі кез болып отырмыз: балалар ойы күңгірт, бағыт-бағдарсыз, тіпті кейде ешнәрсені ниеттемейді де. Тәрбиеңіздегі балаларды қалыпты адамилық ниеттер жолына түсіруге тырысыңыз, олардың күңгірт ұмтылыстарын іскерлік, өмірлік қажеттермен ұштастырып, әр қадамнан пайда табуға (прагматизм) баулаңыз, онда ғана бала өз күш-қуатын біріктіріп, белгілі арнада жұмсауға ынталанады.

Түсінуге тырысыңыз. Түсіну – бұл өткенге кешірім, Оқушыны мұғалім

түсінбегенде, кім түсінеді? Ешнәресемен қызықпайтын шәкірт болмайды. Бұл тұжырым ежелден  таныс болғанымен, біз - мұғалімдер оқушылар мүддесі мен ниеттерін ескеруді осы күнге дейін үйренбегенбіз. Анықталғандай, оқушылардың 20%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі оқу-танымдық қызығулардан тіпті де хабары жоқ немесе бұл жөніндегі түсінімі үстірт, кездейсоқ, яғни қызықтыру үшін оларды әрдайым бір нәрсемен ықпал жасап, қозғастырып тұру керек.   

 Әңгімелеріңіз балаларды қызықтырган заттар төңірегінде болсын. Әрдайым өз ісіңізді осыдан бастаңыз. Балалардың әуес болған істеріне, олардың пікірлері мен бағамдарына құрметпен қараңыз. Сабақ уақытының көбінде оқушыларыңыздың өздері сөйлесін. Кейбір заттарды өзіңіз де түсінбейтініңізден қорықпаңыз, балалардың бір сәтке өз "мұғаліміңіз" болуына мүмкіндік беріңіз. Д.Карнеги айтқандай, адамды әр уақыт аса қызықтыратын нәрсе өзінің аты, есімі, мұның қасында дүниедегі басқа заттардың бәрі - түк те емес. Осыдан оқушылар барша шектеулерге қарамастан, көрінген жерде: парталарда, дарақтарда, автобус бекеттерінде өз ат тарын (лақаптарын) жазып қалдыруды қызық көреді. Осы құштарлық қасиетті ынталандырушы күш сипатында неге пайдаланбасқа? Сынып тақтасында, плакаттар мен стендтерде ерекше ұнамды іс көрсеткен балалардың атын ірі әріптермен жазып қойыңыз. Сонда сіз оларды өз тұлғаңызға, өз пәніңізге қызықтырасыз.

Ниеттерді пайдаланыңыз. Ниеттер қажеттіктер негізін де пайда болады. Мысалы, 3-сынып оқушысы десантшы болуды ұйғарды. Ол спорт секциясына жазылып, жаттығуларға қатынасып жүр. Егер сіз оның осы ниетіне қарсы келсеңіз, не болатынын сезесіз бе? Дұрысы, ойланып, көмектескен: көбіне ниеттер кездейсоқ жағдаяттар сеп-түрткілерінен туындайды, ал оқушы бұл ниетінің төркінін пайымдауға бармайды, күш-қуаты, білімі, ептіліктері және уақыты бұл ойлағанын іске асыруға жетер-жетпесін біліңкіремейді. Жағдай одан басымдау келіп, ойлағанын орындауға әлі жетпей қалады. Орындалмаған уәде үшін оны кінәламаңыз. Дұрысы, оған қолдау беріп, нақты орындалуы мүмкін ниет қабылдауға көмектесіңіз. Ал, егер бұл қиын болып, ұзақ күш салуды қажет етсе – іс нәтижесіне асықпай, шыдаммен бірте-бірте жақындай түсуге үйретіңіз.

Баланың өз беделін танытуға болған ниетіне қолдау беріңіз. Барлық адамдар жүрт көзінде танымал болғанды сүйеді. Балалардың көбі білім не баға үшін оқымайды, жоғары бедел (престиж) үшін әрекет жасайды. Ол балалардың жоғары деңгейдегі дәмеленуінен. Баланың бұл ниетін, егер ол сана да қалыптасып, оқуына ұнамды ықпал жасайтын болса, оны жоққа шығарудың қажеті жоқ. Қане, осындай ниетпен "адам болудан қалған" басқа балаларды да сусындатсақ. Мұндайда қалыптасқан "сіңірлі" педагогикалық шешімдерден бас тартып, жаңашыл әдістерді қолданған жөн. Мысалы, оқушыға "өзінің ішкі жауларын" жоюға көмектесіңіз. Оған көптеген адамдардың өз мінез бостығынан, орынсыз қорқақтығынан, не гізсіз күйзелістерінен өз мүмкіндіктерін іске асыра алмағанын нақты мысалдармен түсіндіріңіз. Осы кері құбылыстар аясы нан босамағанша, баланы қорқыныш жағдайларында қалдыра көрмеңіз. Бала тақтаға шығып, жауап беруге қорықса, онымен оңашада жаттықтыру жұмысын жүргізіңіз. Сіздің міндетіңіз баланың өзіне болған сенімін тіктеуге көмектесу. Осыдан кейін ғана бала "жауларымен айқасқа" шығады.

Жасаған әрекет қылықтарының салдарын көрсетіп беріңіз. Зерттеуші А.Гаврилова әртүрлі жастағы оқушыларға арнайы түзілген мәтінді оқып шығуды ұсынған. Мәтінде бір оқушы сыйға алған күшігінің бұрынғы иесін сағынғанын айтады. Қалған оқушылар мәтінді толықтырып, – бала күшікті иесіне қайтарады ма немесе оның бар азабына шыдап, өзінде қалдыра ма – жазуы тиіс еді. Осындайды басынан өткізген балалардың бәрі күшікті қалдыру керек деп жазыпты. Бұл неден хабар береді? Біздің балаларымыз өздерін басқа адамдардың не жануардың орнына қойып, олардың күйзелістерін сезінуге үйренбеген. Өздері жасаған істердің, қылықтардың салдарын да бағалауды білмейді. Егер педагогтер уақытында шынайы, жүректен шыққан сөзіммен олардың көзін ашып отырса, бала мінез-құлқының өзгеруіне ықпал жасайтын мықты құралға ие болары сөзсіз.

 Баланың қадір-беделін тани біліңіз. Баланың қадір- беделін, яғни абыройын, тану арқылы ондағы бар ұмтылыс пен жақсылық қасиеттерді дамыта түсіңіз. Егер жағдай қажет етсе, жағынудан да тайынбаңыз. Себебі жағыну – бұл адамға оның өзінің ойындағысын білдіру. Осы кішігірім қатерсіз алдау-айланы қолданып, өз шәкіртіңізге жаңа күш- қуат бересіз. Әлбетте, оқушыңыздың жетістіктерін шын мәнінде бағалай алсаңыз, оның беделін танығаныңыз. Бірақ педагог алдында оның аузынан мақтау күткен шәкірт көп болатындықтан, әр оқушыға бейім жалғыз және шынайы мадақ сөзін табу қиын-ақ. Қайтерсіз, мұндайда актер болу – пешенеңізге жазылған.

Көп зерттеулер негізінде  бала беделін, оның ықтимал мүмкіндіктерін танудың пайдалы болатыны дәлелденген. Көбіне жамандағаннан гөрі, мақтаған дұрыстау. Сондықтан мадақ білдіруге (комплименты) тартынбаңыз, баланың қадірін (тіпті жоқ болса да) алға тартып отырыңыз, болашақтағы жетістіктер үшін де мақтауды аямаңыз. Сонда ғана оқушыларыңыз сіздің қалауыңыздай болуға ынта танытады.

Табыстарды  қолдап-қуаттаңыз. Әдемі орындалған жұмысы үшін баланың арқасынан қағып қойсаңыз, оның бұдан да былайғы табысты еңбектенуіне ынта тудырғаныңыз, – деп жазады американ педагогы А.Дреер. Қолдау-қуаттау сөздері мен ым-ишараларын тек жақсы оқитын оқушыларға ғана емес, оқуға ынта білдірген барша балаға бағыттаған дұрыс. Мұғалімнің саналы да жылы бағасы төмен оқитын оқушыларға да күшті ықпал етіп, олардың алға ілгерлеуіне себепші болғаны тәжірибеден белгілі.

Жұмысқа тартымдылық сипат беріңіз. Қиын, ұнамайтын, осыдан тартымсыз оқу істерін оқушылар үшін қызықты әрі қалаулы етудің талай мысалдары В.Шаталов, Н.Гузик, Е.Волков, С.Лысынкова, Ш.Амонашвили еңбектерінде келтірілген. Тіпті кейде оқушылардың қателіктерінің өзі де оқу ісін ұнамды кейіпке келтіреді. Әңгіме – сол қателіктерге болған сіздің қатынасыңызда. Оқушылар қателіктерінен ынталанды-рушы күш табуға тырысыңыз. "Қандай әдемі қателік!", "Бұл қателік тосын емес!", "Мынау шындыққа жетелейтін қателік!", "Рахмет, сенің пікірің дұрыс болмаса да, адамға үлкен ой са-лады". Әрдайым оқушылар бақылауларының дәлдігі мен нәзіктігін баса айтып отырыңыз: "Менің де сендей кезімде, ... ойлайтынмын", "Бұрын мен ... деп түсінетінмін". Ш.Амонашвили өзінің 6 жасар оқушыларына әр сабақ соңында: "Рахмет сіздерге, балалар, маған бүгін үлкен көмек көрсеттіңіздер" – деп алғысын білдіреді екен.

Талап қоюмен ынталандыру. Кейде "қажет, керек" деуден тартынбаңыз. Бұл ынталандыру жолы біздің мектебімізде көп жылдар бойы қолданылып, жалықтырса да, оның мүмкіндіктері әлі де толық танылған жоқ. Тек қана бұл талаптың жеке тұлғалық мәнін күшейте түсіңіз: "Саған керек, Асан! Сен ерсің ғой!". Оқушы қандай да кедергіні жеңе тұрып, өзін ересек, ер адам сипатында көрсете білгенінен қанағаттану ләззатына бөленуі қажет. Сонымен бірге істің нәтижелі біткеніне қуанып, оны мақтаныш ете білуі тиіс. Бұл "керек" талабына міндетті қосымшалар.

Оқушыга үміт мүмкіндігін (шанс) беріңіз. Балаға сен ақымақсың, сенің ештеңеге қабілетің жоқ, істегеніңнің бәрі кері кеткен деп ескерту беретін болсаңыз, онда бір болашақтан айырлғаныңыз: алдыңыздағы оқушының барша өзін-өзі жетілдіру ынтасының жұталанғанының куәсі боласыз. Ал енді қарама-қарсы әдісті пайдаланыңыз. "Сенің қолыңнан келеді, сен табысқа жетесің" кеңестің мәні сан қырлы. Америка мектептерінде психологтар қолданған "жалған" нәтижелер тәсілі кең таралған. Зерттеушілер сынып балалары мен мұғалімге ең төмен деп есептелінген бірнеше оқушының жоғары балл алғанын жариялаған. Нәтиже күтілгенінен артық болды: аталған оқушылар өз үлгерімін біршама жоғарылатып, жыл аяғындағы қорытынды тестілеуде сыныптың беделді тобына қосылды.

Оқушы табыстарын көрсете біліңіз. Ұқыпты оқу істеріне ынталандырудың маңызды бір әдісі – нақты оқушының сынып-тастарымен салыстырғанда жоғары табысты болғаны жөніндегі шынайы ақпарат беріп тұру. Мұндайда қолданатын шара В.Шаталов ұсынған ашық рейтинг немесе "жарқын болашақ жүйесі" тәсілдерін пайдалану. Бұл тәсілдерді пайдаланған педагогтар оқу үлгерімінде үлкен табыстарға жеткен. Мұның себебі – балалардың көбі өздері жөнінде ұнамды әңгіме естігенді тәуір көреді: қандай да уақыт аралығында айтылған жылы сөз, "үлгерім экраны", жарияланған рейтинг балада сенім тудырып, оны өзіндік қанағаттануға келтіреді. Бұл арада маңызды болатыны мұғалімнің мақтауы ғана емес, одан бастау алып тұрған ұнамды қолдау-қуаттау. Әрбір сәтте өздерінің қаншалықты ілгерілегенін, қай дәрежеде білім деңгейінің көтерілгенін біліп тұру - әр балаға тән қасиет. Ақпарат оқушыға дер мезетінде жеткізілгені жөн. Сәрсенбі күні өткізілген бақылау жұмысының нәтижесі бейсенбі күні оқушыға жетсе – бұл дұрыс. Ал, егер мұндай нәтиже бір айдан соң хабарланса, оның түкке де пайдасы болмайды.

Бірге толғана, сын айтыңыз. Бұл орайда төмендегі тәсілдерді пайдаланыңыз:

- қолдау-қуаттау сыны ("Ештеңе етпес. Бұл рет болмай қалған. Ендігіде жақсылап орындарсың");

-сәйкес сын ("Сендей  кезімде, мен де тап осы қателікке  душар болғанмын. Ой!, сондағы  мұғалімнен есіткенім-ай");

Информация о работе Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері