Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:12, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.

Содержание

І. Кіріспе:...................................................................................................3-4
ІІ Негізгі бөлім
І ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
1.1. Сынып жетекші жұмысының мазмұны және сынып жетекшінің қызметі.........................................................5-7
1.2. Біздің елімізде сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы...........8-11
I ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты ызметі
2.1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары...................................2-16
2.2. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы......................16-24
2.3. Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмысы......................................24-28
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................29
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................30
V. Қосымшалар...................................................................................31-35

Работа состоит из  1 файл

Сынып жетекшісі курсовой.doc

— 279.50 Кб (Скачать документ)

«Сынып  жетекшісінің оқу  – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс  жүйесі» 

Жоспар 
 
 
 
 

   І. Кіріспе:...................................................................................................3-4 

      ІІ  Негізгі бөлім

               

      І ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері                      мен    жұмыс жүйесі

          1.1. Сынып жетекші жұмысының мазмұны және сынып жетекшінің  қызметі...................................................................................5-7

          1.2.  Біздің елімізде сынып жетекшісінің оқу – тәрбие                        процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы...............8-11 
     

    І ТАРАУ.  Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты                      қызметі

                        2.1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары...................................2-16

                        2.2. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы...................................................................................................16-24

                        2.3. Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын                    жұмысы...................................................................................................24-28 
     

      ІІІ.Қорытынды..........................................................................................29 

    IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................30 

    V. Қосымшалар...................................................................................31-35 

              
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе 

         Курстық жұмыстың  мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің          оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін                     айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты               қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы                   адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы               рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың                              негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына                 қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы,                   тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен                 бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы                    тұлғаны таныту.

       Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық                          ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып,                   қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі                         екендігін айқындау. 

       Курстық жұмыстың міндеті.  Курстық жұмыс міндеті                   негізінен, сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін қамтиды.                      Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын объект – тәрбиелік            және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру.  Бұл   бастапқы міндет.

       Ұжымды  ұйымдастыру және дамыту – сынып  жетекшісінің назарындағы екінші обеъектісі мен міндеті.

       Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның              қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі                     табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып            жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие                   беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік                 пен дағдыларды меңгеруге көмектесу. 

       Өзектілігі.  Қазақстан Республикасының   “Білім туралы” Заңы мектеп  оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық                тұрмыс негіздерін қалыптастыруға , азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.

       Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі , мектеп оқушыларының   тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып                                  жетекшісіне жүктеледі.Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына     байланысты  сынып жетекшісі қажет                            пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр.Алайда  сынып  жетекшісінің                           оқу – тәрбие  жұмыстарындағы рөлі ерекше екендігі даусыз. 

       Теориялық мәні.  Сынып жетекшісінің басты назарында -           оқушы – Адам,  оқушы – тұлға , әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды  қорғау, дамыту міндеттері.Тәрбие ісін басқаруды сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса ,    ол жұмыстың нәтижелі болуы сөзсіз.

       Тәрбие  ісінің негізгі мақсатын , міндеттерін  маңызын біліп,                түсіну, өзекті мәселелерін көре білу.Оқушыларды зерттеу арқылы               тәрбиелік міндеттерді анықтауы.

       Оқушылардың дамуын болжауы , оларды  әртүрлі   іс -                 әрекеттерге  араластырып , өзара  жақсы  қарым – қатынастарда                      болуға бағыттауы ,    адамгершілік дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші                     іс - әрекеттерді ұйымдастырып  қана  қоймай , оқушылардың                           жақсы  қасиеттерінің         дамуына  жағдай жасауға тиіс. Міне ,                            бұл жоғарыда қозғалған  мәселелер   курстық  жұмыстың теориялық                 мәнін ашады. 

       Практикалық мәні.  Сынып жетекшісінің  күнделікті                            атқаратын    қызметі – сабаққа  кешігіп  келген  оқушылармен  жұмыс                және  кейбір  оқушылардың  сабаққа  қатыспай  қалған  себептерін               анықтау , сынып  кабинетінде  кезекшілік ұйымдастыру , оқушылармен             жеке – дара жұмыс. Тағы   сол  сияқты  апта   сайын  өткізілетін ,                       ай  сайын , тоқсан  сайын , жылына бір рет жүргізетін  жұмыстары  бар. Тәрбие  жоспары  арқылы тәрбиенің  түрлеріне  баулиды.Сонымен  бірге  психологиялық – педагогикалық   диагностиканың түрлі әдістерін  пайдаланып , оқушылардың  мінез – құлқын , болмысын зерттейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І ТАРАУ. Сынып жетекшінің оқу-тәрбие процесіндегі  міндеттері мен жұмыс жүйесі 

            1.1.Сынып жетекші жұмысының мазмұны және оның қызметі.

       Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды          оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.                              Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып,олардың                 өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ            әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.

             Олай болса,сыныпта оқушылардың  оқу-тәрбие әрекетін          ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады.

              Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар  ұжымын ұйымдастыра    отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін,         оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың  бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

               Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп           оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми                     дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке           деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды                  дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен    тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап              айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік,                 эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

              Сынып жетекшісінің міндеті –  сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін  тәрбие жұмысы өзінің психологиялық  мазмұны жағынан өте күрделі  әрі көп ізденісті талап етеді.

              Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?

         1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

         2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,                 оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға                         ұйымдастыру.

         3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің                             және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын                          үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың                    бірлігін қамтамасыз ету.

         4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз            қарым-қатынасын қамтамасыз етү.

         5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап,                отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.

         6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

         7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

         8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

         9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып               жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.  

             Сынып жетекшісінің қызметі.Мұғалім, белгілі бір сыныпқа           балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа                   кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген          оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

    1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық.  Оның              бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның           әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,               баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік            өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне           көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің             басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату.                             Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
    2. Ұйымдастырушылық қызметі.  Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай           отыра, ынтымағы  жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер              сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық,                    еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін        қарым – қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту.
    3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару.    Оған: диагностикалық,мақсат қоюшылық (целеполагания),               жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін       жатқызуға болады.

       Диагностикалық  қызметі сыныпта оқу – тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың                  тұлғалық   және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді;сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Информация о работе Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі