Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:12, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.

Содержание

І. Кіріспе:...................................................................................................3-4
ІІ Негізгі бөлім
І ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
1.1. Сынып жетекші жұмысының мазмұны және сынып жетекшінің қызметі.........................................................5-7
1.2. Біздің елімізде сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы...........8-11
I ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты ызметі
2.1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары...................................2-16
2.2. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы......................16-24
2.3. Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмысы......................................24-28
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................29
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................30
V. Қосымшалар...................................................................................31-35

Работа состоит из  1 файл

Сынып жетекшісі курсовой.doc

— 279.50 Кб (Скачать документ)

       Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып  жетекшісінің негізгі  міндеттері.

       1.Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату.Ондағы мақсат: отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым – қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа ықпалын, ата – ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

       2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі – бір мінез – құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету.Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді            ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

       3.Ата – аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата – аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге  талдау жасап отыру  т.б.  жұмыстарды міндеттейді.

       4.Ата – аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.Ол үшін ата – аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми – практикалық конференцияларда,          ата – аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.

       Ата – аналармен атқаратын  жұмыстарында сынып  жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай                                5 қызметті атқарады.

       1. Ата – аналарды сыныптағы оқу – тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады.Ата – аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады.Мұғалімдер өздері жүргізетінпәндердің ерекшеліктері,мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата – аналарды таныстырады.

       2. Ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдатыру. Сынып жетекшісі бағытта ата – аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда.Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата – аналардың психологиялық – педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады.Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата – аналардың оған деген сұранысы күннен – күнге артуда.

       Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет           ата – аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау.Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін - өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

       3.Ата – аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата – аналар мен балалардың өзара қарым – қатынасын жақсаруды көздейді.

       Мектеп  тәжірибесінде ата – аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әртүрлі формаларын қолданылады:

       -сабақтан  тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға  қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар  т.с.с.);

       -жалпы  мектеп көлемінде өткізілетін  дәстүрлі шараларға қатыстыру  (мектеп бітірушілерімен кездесу, соңғы қоңырау, жаңажыл шыршасы, халықаралық әйелер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу  т.б.);

       -балалардың  сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға,              ата – аналардың ашық есік күніне  т.б.;

       -мектептің  кәсіптік бағдар жұмыстарына  қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

       -өздерінің  мамандықтарына сай факультативтік  және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

       -балалардың  аула клубтарын құруға;

       -мектептің  және сынып кеңестерінің жұмыстарына;

       -мектептің  немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына,  ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана  қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

         -мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек көрсету т.б.

       4.  Отбасы тәрбиесіне қатысты ата – аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл – кеңес беру

       5.  Ата – аналар белсенділерімен жұмыс және ата – аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесу. Сынып жетекшісінің  бұл бағыттағы жұмыстары ата – аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.

       Кейбір  ата – ана өз балаларының сыныпта  атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына  барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата – анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады.Мұндай ата – аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.

       Сонымен бірге сынып жетекшісві бұл бағытта  ата – аналардың жалпы мектеп көлемінлегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен да мектепке қатысты жалпы  мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе  жұмыс жүргізеді (ата – аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).

       Ата – аналармен жеке кездесу. Сынып жетекшілерінің, мұғаліидердің ата – аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған.Оқушылардың отбасына бару, ата – аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі.Ата – аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез – құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым – қатынасы жайлы түсінік алады.Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата – аналарды балалардың үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады.Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата – аналарға педагогикалық кеңес береді.

       Ата – аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор.Ата – аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты.Мәселен, бала жақсы оқиды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы іске қатысуға ынтасы жоқ.Бұл жөнінде ата – аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет.Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата – аналарда баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.

       Міне, осы жағдайларға ата – аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі.Мектепте кездесу үшін ата – аналар күні белгіленеді.Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады.

       Ата – аналар белсенділерімен  жұмыс. Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата – аналармен қарым – қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата – аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады.Мектеп  үйін, спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады.Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата – аналарға ықпал жасйды, кейбір, әсіресе, қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

       Ата – аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі.Сондықтан, мектеп басшылары, ата – аналар белсенділерімен  арнайы жұмыстар жүргізеді.Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер, ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарй дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қорытынды  
 

Жақсылықты  көздеген                                       Ашуы да бар қатты

              Жамандыққа  төзбеген                                        Алайда ол басқадан

              Жаныңды әр кез ұғатын                                     Абыройлы ардақты –

              Жақын ұстаз өзгеден –                                       Сенің сынып жетекшің.

              Сенің сынып жетекшің                                      Өнегелі болсын деп

              Ақыл  айтса салмақты,                                        Ертеңіне жол сілтеп,

              Әрқашанда ойлайды                                           Оған сендік сый басым

              Өрден - өрге қонсын деп –                                 Қоштасарда мектеппен

              Сенің сынып жетекшің                                      Ата – анадай қимайсың –

              Қадірлі адам сыйлайсың,                                   Сенің сынып жетекшің –  

деп  Т. Рахимов айтқандай сынып жетекші оқушы өміріндегі                     мектептегі            ата – ана орнындағы тұлға.Ол белгілі сыныпта оқушылардың оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы – кеңесшісі   болып саналады.

       Сынып жетекшісі жұмысының негізгі  мақсаты – мектеп             оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп                        тәрбиелеуге барынша  ықпал жасау. Сыныпьағы әрбір тұлғаның                      ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиетін,                   еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан – жақты                       жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының                мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.

       Қорыта  келгенде осы мақсатқа сәйкес тәуелсіз мемлекетіміз              Қазақстан Республикасының дамуы жолында балаларымызды                       тәрбиелі, білімді,ақылды жетілдіруде ата – ана және сынып жетекшісінің қызметі өте үлкен екенін ескергеніміз жөн. Елімізді дамыған                                50  мемлекеттер қатарында көру үшін әрбіріміз аянбай    еңбек етіп, халқымыз үшін қызмет көрсету парызымыз деп есептеймін.

       Біз  XXI ғасыр жастарымыз,Қазақстан болашағымыз! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

    1. Болдырев  Н. И.   Класс жетекшісі. – А.: Мектеп, 1980.
    2. Ақназаров Б.   Класс жетекшісі. – А.: Мектеп,  1973.
    3. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. /Редакциясын бсқарған           И. С. Маренько. Аударған  З. Бейсенбаев/. –А.: Мектеп, 1978.
    4. Класс жетекшісінің жұмысы туралы. – А.: ҚазССР оқу министрлігінің мектептер басқармасы,  1957.
    5. Мектептегі тәрбие жұмысы.  /Документтер жинағы. В. М. Коротов/. -  А.: Мектеп , 1978.
    6. Ілясова А. Н.  Класс жетекшінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. – А., 1991.
    7. Капралов Р.  Класс жетекшісінің жұмысы. – А.,  1983.
    8. Богославский В. В., т.б. Жалпы психология. - .: Мектеп,  1980.
    9. Педагогика және жас ерекшелігі психологиясы.  /Ред. Басқарған            А. В. Петровский . – А.,  Мектеп,  1987.
    10. Ушинский К. Д. “Адам  - тәрбие нысанасы”. Таңдамалы шығармалар.(Орыс тілінде, 8т. 283 - бет).
    11. Қожахметова К. Ж.  Сынып жетекшісі.  – А.,2000.
    12. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы.”Қазақстан мектебі”,  №10, 1988. 29 – 30 беттер.
    13. Карагоз Ю.А. и др. Планирование воспитательное работы в учебной группе.  – М.,  1985.
    14. Егамбердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау.Методикалық ұсыныстар.  – А.:  Мектеп,  1975.
    15. Степаненков Н. К.  О планировании работы классного руковадителя. – Минск , 1978.
    16. Этические беседы с учащимся. /Под  ред. И. Ф. Харламова/. – Минск, 1977Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. /Құрастырған: Киркалов В. П., Шпитальник П. Э../. – А.: Мектеп,1998.
    17. Нұрмағанбетов С. Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. – А.: Мектеп, 1969.
    18. Саңғысбаев Н.  Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен. – А.: Мектеп, 1972.
    19. Жұмабаев Ә. Ата – аналар жауапкершілігі. – А., 1977.
    20. Керимов Л.   Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – А., 1990.
    21. Макаренко А.С.  Ата – аналар кітабы. – А.,  1985.
    22. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – А., 1978.
    23. Гаврилова  Т.П.  Учитель и семья школьника. – М.,  1982.
    24. Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. – М., 1993.
    25. Сухомлинский В.А.  Балаларға жүрек жылуы. – А., 1976.
    26. Омарғазина Б.   Өнер тәрбиелейді.  – А.,  1988.
    27. Назаров И. Ф.  Уметь быть с детми. – А., 1976.
    28. Абдуллина О.А.  Педпрактика студентов, - А., 1989.
    29. Көпбаев О.  Жастар және провалық тәрбие. – А., 1988

Информация о работе Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі