Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:12, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.

Содержание

І. Кіріспе:...................................................................................................3-4
ІІ Негізгі бөлім
І ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
1.1. Сынып жетекші жұмысының мазмұны және сынып жетекшінің қызметі.........................................................5-7
1.2. Біздің елімізде сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы...........8-11
I ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты ызметі
2.1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары...................................2-16
2.2. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы......................16-24
2.3. Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмысы......................................24-28
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................29
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................30
V. Қосымшалар...................................................................................31-35

Работа состоит из  1 файл

Сынып жетекшісі курсовой.doc

— 279.50 Кб (Скачать документ)

            Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

            Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының                         түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтіктәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін             байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдарысын қалыптастырады.

            Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

             Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы     тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен              бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір – біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да     бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қояды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді.Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар “бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін” деген қағиданың маңызын жете түсінеді.

             Бесіншіде, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды.Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда                        ерікті болады.Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы сенімі                    тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады.Бұған қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.

             Алтыншыдан, сыныптан  тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы.Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.Соған сәйкес қандаә да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады.Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым – қатынаста немқұрайлыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.

               Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.

             Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және             қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру.           Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын                  тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен                      ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

             Сабақтан тыс тәрбие жұмысының  ерекшелігі төмендегі аталған  міндеттерде көрсетілген:

            1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.Себебі, тәжірибе көрсеткендей “қиын балада” өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан.Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді.Соған орай дұрыс ұйымдастырлған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкінлік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш – қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.

            2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

            3.  Балада әртүрлі көркемөнер  әрекеттерінің түрімен тікелей  танысу арқылы ондағы қажеттілікті  қалыптастыру.Оған қызығушылықты  баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру.Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыданұйымдастыра алуы қажет.

            4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік – жігерін қалыптастыру.Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез – құлық нормаларын меңгереді.Эмоциалық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

           5. Баланың таным қызығушылығын дамыту.Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған.Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе,екінші жағдайда,балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

              Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан  тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын  анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалімнің жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

             Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше.Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.

                                                   Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі. Сыныптан тыс тәрбие

                                       жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық  процестің қызметін

                                       ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелілік және дамытушылық.

             Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметтінәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез – құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін  т.б. үйретеді.

              Сабақтан тыс тәрбие жұмысының  дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке – дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады.

              Осындай жұмысты атқаруда белгілі  бір нәтижеге қол жеткізу үшін  оның мақсатын нақты анықтау  қажет. Мысалы, мұғалім “қонаққа барған жағдайда қандай мінез – құлық ережелерін сақтау” қажеттілігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың “мінез – құлық ережесі” туралы ьілімдерді кеңейтуді белгілейді.Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін атқарады.Яғни, балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез – құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормаларын сақтауға үйрету; “мінез – құлық нормалары” деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын “мінез – құлық нормаларына” қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндеттердің түрін белгілейді.    

             Осы бағыттағыжұмыстың мақсат, міндеттері  және қызметін анықтау жұмыстары  оның мазмұны мен формасын  таңдауға ықпал етеді.

             Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік  тәжірибеге бейімделеген адам  баласы өмірінің әртүрлі саласындағы  өзіндік тәжірибесіндегі:        ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым – қатынаста,            моральдық бейнесін бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды.Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.

    • Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді (сезімі арқылы ақыл – ойына әсер етуді көздейді);
    • Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді көздейді);
    • Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.
    • Төртіншіден,коммуникативтік біліктілігі мен дағдарысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.).
    • Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
 

              Тәрбие жұмысының формасы.Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс.Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан:”тәрбие жұмысның формасы”, ”тәрбие шаралары”, ”тәрбие ісі” т.б.   Соған орай ”Педагогикалық энциклопедия” сөздігінде “форма” ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

    1. заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
    2. белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;
    3. бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
    4. бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу;

        Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы “тәрбие жұмысын  формасы” және  “тәрбие процесін ұйымдастыру формасы” деген ұғымдарды бейнелейтін секілді.Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық,құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа,оқиғаға,адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым – қатынастары ашық жарияланады.

        “Тәрбие жұмысының формасы” оқушылардың нақты тәрбие әрекетін нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізү технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.

        “Тәрбие шарасы”  топтық (ұжымдық)  әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актсы ретінде қарастырылады.

        “Тәрбие ісі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер, ата – аналар, жәй қатысушылар) және тәрбиеленушілердің.

        Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылықкөзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан, оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді – белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым – қатынасты     дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б.  Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы  т.с.с.  Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады.Мысалы, “Адамға   музыка не үшін қажет?” – пікірталас, “Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды?” – тәрбие сағаты, “Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым” – дөңгелек стол, “Батыл да, күшті, ептілер” – спорттық                 ойын т.с.с..   Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.

        Сыныптан және мектептен  тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету.Бұл  бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауа сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс - әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін есекру талап етіледі.

        Тәрбие жұмысының  формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныпытан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, толықтыра түсуге лайықтап, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн.Ондағы материалдық мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.

Информация о работе Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі