Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.
І. Кіріспе:...................................................................................................3-4
ІІ Негізгі бөлім
І ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
1.1. Сынып жетекші жұмысының мазмұны және сынып жетекшінің қызметі.........................................................5-7
1.2. Біздің елімізде сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы...........8-11
I ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты ызметі
2.1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары...................................2-16
2.2. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы......................16-24
2.3. Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмысы......................................24-28
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................29
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................30
V. Қосымшалар...................................................................................31-35
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды.Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу – тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Тұлғаны
тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш
күнін,болашағын болжау,оны
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс - әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Бүгінде
сынып жетекшілері өздерінің
педагогикалық қызметінің көлемінің
тым ұлғайып бара жатқанын айтады.Ол,
бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы
жұмысының тоқталуымен байланысты болса
, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен
тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы
жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде.
1.2.Біздің елімізде сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы
азық.Сол дұрыс тәрбиені
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен тәрбие мәселесімен
кәсіби айналысушы адамдар
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген.
Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушылар да (“надзиратели”) жүктелген.Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез – құлықтарын белгілеу үшінкүнделік жүргізу тапсырылады. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы “Гимназиядағы сынып тәрбиешісі ” Жарғысында ресми түрде бекітілді.Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.
Сынып тәрбиешілерінің
Бірақта, іс жүзінде сынып
XIX ғасыр аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды.Олардың маңызды міндеті – оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысу; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды.
Кеңес дәуірінің алғашқы
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі
ресми түрде жойылып,
20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында болды.Ондағы себеп, балаларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжрибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін - өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету, оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын зерттеу, ата – аналарымен жұмыс істеу болды.
1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке – дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы “Жалпы еңбек мектебінің ” Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу – тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі , сныптық сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды.Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті.Осы Ережемен сынып жетекшісінің қызметі де бекітілді.
1947 жылы сынып жетекшісі туралы
жаңа ереже қабылданды.
Осыдан 1971 жылғы жаңа “Сынып жетекшісінің ережесіне” дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттеріне айрықша өзгеріс болмады.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде “Сынып жетекшісінің” орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес “Сынып тәрбиешісі” деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауға оған мүмкіндік береді.Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді.Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда.Олардың негізінде ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден,білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып
жетекшісінің қызметін
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
-сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жүктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі
оның әлеуметтік ортамен
Бүгінде қоғамды реформалау
70-80 жылдардағы мектептің
Информация о работе Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі