Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:12, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.

Содержание

І. Кіріспе:...................................................................................................3-4
ІІ Негізгі бөлім
І ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
1.1. Сынып жетекші жұмысының мазмұны және сынып жетекшінің қызметі.........................................................5-7
1.2. Біздің елімізде сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы...........8-11
I ТАРАУ. Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты ызметі
2.1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары...................................2-16
2.2. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы......................16-24
2.3. Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмысы......................................24-28
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................29
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................30
V. Қосымшалар...................................................................................31-35

Работа состоит из  1 файл

Сынып жетекшісі курсовой.doc

— 279.50 Кб (Скачать документ)

        Сыныптан және мектептен  тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп.Осы орайда  В. А. Сухомлинский былай дейді: “Балалар әсемдік, ойын, ертегі музыка, сүрет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруі міндетті ”. Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады.Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады.Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке – дара, топтық, көпшілік формалары) және тәрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық) жіктеу ұсынылады.Ол мынындай болады:

         1.Тақырыптық сынып  сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

        2.Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын – жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационал жауынгерлермен).

        3.Сыныптағы саяси  хаарламаның жүргізілуін ұйымдастыру:  тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

        4.Әртүрлі тақырыпта  ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.

        5.Оқушылардың қолымен  жасалған шығармашылық жұмыстарына         сай көрмелер өткізу.

        6.Көңілділер мен  тапқырлар клубы байқауларының  жұмысын жүргізу.

        7.Оқушылармен ток  – шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрьие жұмыстарын ұйымдастыру.

        8.Спорттық жарыстар  өткізу:шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ,  волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы  тебу  т.с.с. 

        9.Оқушылардың оқудан  тыс қызықты кітап, газеттер  мен журналдар оқуын, оны өзара  талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.

        10.Әдебиет пәні  және мектеп кітапхана қызметкерімен  бірлесе отырып оқырмандар конферециясын  өткізіп отыру.

        11.Мектептегі үйірме  жұмыстарына оқушылардың талап  – тілектері, қабілеттеріне сай  қатысуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер  т.б.

        12.Үйірме жұмыстарының  нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада,  жарыстар өткізу.

        13.”Атамекен ” бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

        14.Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін  атап өту.

        15.Сынып жиналыстарын өткізу.

        16.Оқушылардың сыныптағы,  мектептегі кезекшілігін, жалпы  тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау,  темір сынықтарын жинау, оқу  - өндірістік алаңын жөндеу, мектеп  маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге  қатысу секілді қоғамдық пайдалы  жұмыстырын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

        17.Мұражайларға, көрмелерге, демалыс – мәдени орындарға  , кино, театр, өндіріс орындарға  саяхат жасау.

        18.Соғыс, еңбек  ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға  көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

        19.Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.

        20.Мектептен тыс  тәрбие мекемелерініңжұмысына қатысу.

        Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады.

        Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындықтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн.Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық – сауықтыру, еңбек, шығармашылық.

        Сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды уәждемесін тудыру, оқу дағдысын жетілдіру көздейді.Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формада қолданылады.Мысалы,”Не?  Қашан?  Қайда?” – викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.

        Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық – ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісін болмау үшін нәтижелі.Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады.Мысалы: әртүрлі байқаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.

        Спорттық  – сауықтыру әрекеті.  Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жұмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы мен дене бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет.Спорттық – сауықтыру әрекеті табиғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.

        Еңбек әрекеті.Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне - өзі қызмет көрсету.Әрекеттің бұл түрі мұғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады.Дегенмен де оның күш – қайрат жұмсауы оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының нәтижесіне бағытталады.Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады.Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету, оның тазалығынсақтау, мектеп шеберханасында жұмыс істеу, сенбіліктерге қатысу, сыныптың, болмаса мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын арқару барыснда атқарылады.

        Шығармашылық  әрекеті  оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді.Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді.Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік және ерік – жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.

        Адамгершілік сала адамгершілік түсінікті және мінез  – құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын, т.б. формалар арқылы қатысады.

        Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа дәстүрлі емес, яғни бейдәстүрлі түрлері пайда болуда: ”Қызығушылық сабақтары” (оқушылардың қызығушылығына орай тақырыптар таңдалады); ”Не?, Қашан? Қайда?”, ”Өнер мектебі”, ”Өзіңді тану”, ”XXI ғасыр көшбасшысы”, ”Азамат” (Ток шоу), ”Мың бір мақал”, ”Алтын көмбе”, ”Алтын сақа”  т.б.

        Әрине, біз бүгінде  мектеп тәжірибесінде орын алған  тәрбие жұмысының формаларын толық  қамтығамыз жоқ.Оны істеу мүмкін емес.Себебі, өмірдің талабына сай  мектеп практикасы жаңа – жаңа формаларды тудыруда.Ол мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлескен шығармашылық ізденістері барысында туындап отырады.Шығармашылықпен жұмыс істейтін мектеп мұғалімі тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай ондағы жаңа идеяларды өзі құрастырады.Дегенмен, тәрбие процесінде мектеп мұғалімінің шығармашылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретін алгоритим бар.Оның негізіне екі идеяны жатқызуға болады:

        1.Әртүрлі  ұйымдастырылған формадағы тәрбие мазмұны ғылым және өнер арқылы байытылады.Олардың негізіне әртүрлі әрекеттер кіреді: танымдық салада – этика, эстетика, мәдениттану,саясаттану ғылымдары саласындағы тарихи, құндылық – бағдарлық білімдер жатады; өнер  саласында  - эстетика, музыка, сұңғатөнері, поэзия, дизайн, мәдениет саласындағы көркемдік білімдер; дене шынықтырусаласында – салауатты өмір салты жайында теориялық және практкалық білімдер; еңбек саласы – халық дәстүрлері, қол өнеріне қатысты білім, іскерлікті жатқызуға долады; еркін қарым – қатынас бойынша – оқушылардың әр тараптағы демалысын ұйымдастыру т.б.

        Мұндай жұмыстар тәрбие жұмысының барлық формасын жаңа деңгейге көтеруде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен бірге оқушылар, олардың ата – аналары, мектептен тыс мекемелерінің қызметкерлеріне, қоғам қайраткерлеріне мүмкіндік береді.

        2.Мұғалімге тәрбиедегі  көзқарасты шығармашылықпен ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер көмектеседі.Солар арқылы әр түрлі әдістер және формаларды құруға болады.                                                                                           

        Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін факторларға:

        1.Мектептің ерекшелігі  және ондағы қалыптасқан дәстүр.Мысалы, егер мектепте оқуға басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында таным аспектісі басым болады  т.с.с.

        2.Оқушылардың жас,  жеке – дара және сынып ерекшелігі.

        3.Мұғалімнің өзінің  жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі  т.с.с.  Егерде мұғалім  оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге  қол жеткізуге тырысса, онда  оның мақсатына жетуге ықпал  ететін сабақтан тыс тәрбие  жұмысының мазмұнын таңдайды.Басқадай мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде тұлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі; оқушыларға спорттық – сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спортты жақсы көретін мұғалім арқылы болады. 
 

2.3.Сынып  жетекшінің ата  – аналармен атқаратын  жұмысы. 

       Сынып жетекшінің ата –  аналармен атқаратын  жұмыстарының мазмұны  мен міндеттері. В. А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: “Тек ата – аналармен бірге, жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін ” , - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету фактроларын жасайды.Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

       Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу  және тәрбие процесінің құрылымы мен  мазмұны, соған сай мұғалімдер мен  оқушылардың көзқарастары,олардың өзара қарым – қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда.Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш  –  мұғалім  –  оқушы  –  ата–анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым – қатынысқа ие болуда.Олай болса, осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік – командалық жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.

       Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына ьару  т.с.с.

       Дегенмен  де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді.Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата – аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр.Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата – аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде.Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл – кеңесі ауадай қажет болып отыр.

       Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу  ісінде мектеппен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты  міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты.Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

         Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді.Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді.Ол мектеппен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты.Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн.Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым – қатынасы мен әрекетінде біріке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күй мен жағдай жасау.Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады.Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

       Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді.Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол.Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады.Сол үшін де ата – аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.

       Сынып жетекшісінің ата – аналармен  қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет  ететін процесс.Ол үшін, отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері  мен жағдайын жанжақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Информация о работе Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі