Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:36, реферат

Описание

Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – міне-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр – түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Содержание

Негізгі бөлім
І. Білім процесінде мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастары
1.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы
1.2 Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы
ІІ. Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері
2.1 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары
2.2 Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының
формасы мен тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

психология.doc

— 323.00 Кб (Скачать документ)

Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері 

Points: 3

Артикул:

Жоспар:  

 
Негізгі бөлім

І. Білім процесінде мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастары

1.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы

1.2 Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы

ІІ. Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері

2.1 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары

2.2 Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының 
формасы мен тәсілдері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер    
 

Кіріспе

 
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасып, тәуелсіздікке ие болып отырған тарихи кезеңде ұлттық сана жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа қасиет-сапарлармен толысуы керек. Ол өздігімен келмейтін нәрсе. Оны іске асыру-күрделі қоғамдық мәнді құбылыс. 
Осыған орай жас ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін барлық ұжымдардың алдына қойылып отырған талаптардың бірі – ұлттық тәлім-тәрбиеге баса көңіл бөлу. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен жастарды тәрбиелеуші ұстаздардың өзін тиісті біліммен қаруландыру қажет.

Ұстаздың негізгі  міндеті – баланы тұлға етіп тәрбиелеп, қалыптастыру. Бұл процесс белгілі бір әлеуметтік ортада, адамдардың өзара қарым-қатынасының арқасында және түрлі харакеттер негізінде іске асырылады. Бұл істе басты рольді тәрбиелеуші, яғни, ұстаздық етуші қамқор кісі атқарады. Ол тәрбиеленушінің жан дүниесін, жан күйін жақсы білуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, ол адам жанының инженері-психолог болуы керек.

Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – міне-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. 
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр – түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Оқушыларды оқуда  да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра  отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді. 
Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін. 
 

ӘОЖ 378.013                                                       Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ОМАРОВ  ЖАНДОС ӘСКЕРБЕКҰЛЫ 
 

Оқытушылар  мен студенттердің  тұлғааралық 

қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың 

педагогикалық шарттары 
 
 
 

13.00.01 –  Жалпы педагогика, педагогика және  білім тарихы,

этнопедагогика 
 
 

Педагогика  ғылымдарының кандидаты 

ғылыми  дәрежесін алу үшін дайындалған  диссертацияның 

АВТОРЕФЕРАТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы

 Түркістан, 2010

    Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университетінде  орындалған 
 

              Ғылыми  жетекшісі:  педагогика ғылымдарының докторы,

              профессор М.Н. Сарыбеков 
               

              Ресми оппоненттері:  педагогика ғылымдарының докторы,

              профессор Ұ.М. Әбдіғапбарова 

              педагогика  ғылымдарының

              кандидаты Р.Е. Дабылтаева 
               
               

              Жетекші ұйым:  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
               
               
               
               
               

    Қорғау 2010 жылы «____» _________ сағат ____-де Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, университет қалашығы, Мәдениет орталығының Кіші мәжіліс залы. 

    Диссертациямен  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады (161200, Түркістан қаласы, университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кітапхана). 
 
 

       Автореферат  2010 жылы «_______» ______________  таратылды. 
 
 

    

    Диссертациялық  кеңестің

     Ғалым хатшысы                                                                  Мухамеджанов Б.Қ.

КІРІСПЕ 

    Зерттеудің  көкейкестілігі. Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.

    Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында  білім беру жүйесінің басты міндеті  – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.

    Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының  оқытушылары білім беру мен тәрбие үдерісінің көп қырлы мақсаттарын  көздей отырып, осындай мемлекеттік  құжаттар аясында мұғалім кадрларын  әзірлеуді міндеттейді. Осы орайда, оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптасуын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыс жағдайында бірегей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

    Тұлғааралық қарым-қатынас – білім мен  тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.

    Оқытушылар  мен студенттердің тұлғааралық  қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі оқытушының өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар пәнді меңгертуде жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын танытуға қызықтыру арқылы студенттерге зор ықпал ете алуымен байланысты. Осыған орай, студент оқыту үдерісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осындай сабақтастық қатынасқа қол жеткізу үшін оқытушы мен студенттің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыруымыз қажет.

    Бұл мәселені ғалымдарымыз да жан-жақты  қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б. ғұлама ойшылдар адамгершілік-имандылық тәрбиесі арқылы адамдар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың біртұтастығын қалыптастыруға болатындығына аса мән берсе, А.С.Макаренко мен Я.А.Коменский тұлғааралық қарым-қатынастың тәрбиелік ықпалына ерекше назар аударған.

    Педагогикалық үдерістегі оқытушылар мен студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыруда тұлғааралық қарым-қатынастың маңызы ерекше. Оны сапалы ұйымдастыру педагогтардың білім дәрежесі мен шеберлігіне байланысты. Педагогтарға қажетті мұндай қасиеттерді А.С.Макаренко «өнер» деп бағалаған.

    ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ  ғұламалары мен ағартушылары            Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев  және ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі  қазақ зиялылары Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов өз шығармаларында адам мен қарым-қатынас мәселесін көтерсе, оны шетелдік және отандық философ, психолог, әлеуметтанушы және педагог ғалымдар да әр қырынан зерттеген. Мысалы, қарым-қатынастың философиялық негізін В.С.Библер, Г.С.Батишев, М.С.Каган, Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, Д.Кішібеков, қарым-қатынас мәдениетін В.С.Грехнев, Е.М.Семёнова,  Р.М.Фатихова, Е.О.Омар, Ю.А.Сапарова, коммуникативтік мәдениет мәселелерін И.И.Зарецкая, А.Н.Васильева, В.В.Соколова, Г.Д.Аулбекова, қарым-қатынастың қоғамдық-әлеуметтік өмірде тілдесу, ортақтасу арқылы жүзеге асуын, қарым-қатынас барысында шиеленіс мәселелерін С.Елеусізова, А.Құдиярова, К.М.Арымбаева, психологиядағы қарым-қатынас туралы әлеуметтік зерттеулер төңірегінде Б.Д.Парыгин, Л.П.Буева, А.А.Леонтьев, тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.И.Божович, И.С.Кон, қарым-қатынастың мәдениет теориясын Э.А.Баллер, И.С.Злобин, В.Е.Давидович, Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик,                              А.Н.Леонтьевтер зерттесе, қарым-қатынас мәселелерінің негіздерін зерттеген Л.Н.Коган, Л.М.Митина, Г.И.Саранцев, Р.Ж.Божбанова, Қ.Б.Жарықбаев, Э.А.Урунбасарова, Х.Т.Шерьязданова, Р.К.Кушембаева, этнографиялық зерттеулердегі қарым-қатынастың этномәдени деңгейін қарастырған С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ж.К.Оңалбек, болашақ мұғалімдерге ұлттық тәрбие беру мәселелерін ұсынған Қ.Бөлеев, Б.А.Тойлыбаев, С.Қ.Қалиев, Ә.Қ.Қисымова, білім мазмұнын, оның ішінде жоғары мектептегі оқытудың теориялық-әдістемелік міндеттерін шешкен С.Пірәлиев, Л.Керімов, М.Н.Сарыбеков, К.М.Беркімбаев, Б.К.Момынбаев, С.М.Жақыпов, В.А.Ким, Б.Қ.Мухамеджанов, Р.С.Омарова және т.б. зерттеушілерді жатқызуға болады.

    Диссертациялық  зерттеу жұмыстары барысында  А.М.Кенжанова бастауыш сынып мұғалiмi мен оқушыларының арасындағы қарым-қатынас стилiн, А.Ә.Капенова қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды, ал Г.Т.Тасболатова қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектеп ұжымында оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын қалыптастыру мәселелерін қарастырса, М.Н.Есенғұлова студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың, Ш.Т.Мұқанбетова болса тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын көрсеткен, А.Б.Қабылова оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін модульдік технология арқылы оқыту әдістемесін, Ш.Т.Тұрдалиева тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамытуды, М.А.Еркінбекова біліктілікті арттыру жүйесіндегі этностық қарым-қатынастың психологиялық маңыздылығын анықтаған, ал Н.А.Есимханова оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану арқылы педагогикалық оқу орындары студенттерінің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесін,                    Б.Б.Кенджаева болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыруды, Ә.С.Әлметова қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеуді көздеген болса, ал біз бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру мәселесі әлі де болса толық зерттеуді қажет ететіндігіне назар аударуды және оның педагогикалық шарттарын айқындауды мақсат еттік.

    Дегенмен  жоғарыда аталған зерттеу еңбектерінде оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық  қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру және ғылыми тұрғыдан алғанда  біртұтас мәселе ретінде арнайы зерттелмеген. Осыған байланысты зерттеу мәселесі аясында жарық көрген нақты ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жүргізілген жан-жақты талдау жасау барысында айқындалғандай, қазіргі кезеңде бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік еңбектерде жеткілікті деңгейде қарастырылмауы, оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың анықтамалық, ғылыми-әдістемелік негіздемесінің жасалмауы, тұлғааралық қарым-қатынастың оқыту үдерісіндегі қалыптасу деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың шешілуін қарастыру зерттеу тақырыбын «Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.

Информация о работе Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері