Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:36, реферат

Описание

Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – міне-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр – түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Содержание

Негізгі бөлім
І. Білім процесінде мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастары
1.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы
1.2 Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы
ІІ. Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері
2.1 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары
2.2 Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының
формасы мен тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

психология.doc

— 323.00 Кб (Скачать документ)

    Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.

    Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:

    Қоғамдық  қатынастар анағұрлым айқын көрінетін  әлеуметтік бағдарлы қарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама және т.б.);

    Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады);

    Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз – оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.

    Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас  мәдениетінің болмауы немесе төмен  деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік  пен келеңсіз оқиғаларға, сондай-ақ оқытушының студентпен немесе бүкіл топпен байланысының нашарлауына себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу оқытушының қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.

    Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар – өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту.

    Кәсіби  маманның коммуникативтік құзіреттілігі сөйлеу қызметі арқылы қалыптасады. Коммуникативтік құзіреттілік - іс-әрекет барысында түрлі коммуникативтік міндеттерді шешу жағдайында сөйлеу әрекетін тиімді жүзеге асыруға даярлығы мен қабілетін көрсететін тұлғаның сипаттамасы. Оның негізін қарым-қатынас құралдары мен тәсілдері, іс-әрекет нормалары мен ережелері, әдептің ерекшеліктері, тұлғааралық байланыстарды орнату заңдары және коммуникативтік іскерліктер құрайды. Мұндай комуникативтік құзіреттілікке педагогтарды ғана емес, студенттерді де дайындау қажет. Студент оқытушыны қызығушылық танытқан сұхбаттас және әріптес ретінде қабылдауы қажет, бұл оқытушының сөйлеу әдебін қаншалықты жетік меңгергеніне тікелей байланысты болады. Оқытушының коммуникативтік іс-әрекетін сипаттауда оның сөйлеу сазы, студенттермен қарым-қатынас жасауы, жауап беру мәнері, бағалаушы пікір айтуды орынды қолдануы, сөйлеуде қолданылатын ілеспелі мимикалар мен ым-ишараттардың сипаты аса маңызды болып табылады.

    Зерттеушілердің көпшілігі сөйлеу саласы ақпаратты  жеткізу үшін қолданылса, бейвербалды сала тұлғааралық қарым-қатынастарды талқылау үшін, сезім күйлерін білдіру үшін, ал кейбір жағдайларда сөз арқылы хабар жеткізудің орнына да қолданылатыны туралы пікірді жақтайды. В.А.Лабунская өзінің еңбегінде бейвербалды қарым-қатынастың атқаратын қызметі туралы мәселені жан-жақты қарастырып, вербалды қарым-қатынас түрінің тұлғааралық қатынастар тұрғысынан көп функционалды екенін және оның бірқатар маңызды қызметтерін де атап көрсетеді. Оқытушылар үшін бейвербалды қарым-қатынастардың оқыту үдерісінде алатын орны ерекше. Назар аударатын бір мәселе, әдетте, педагогтың мән бермеуіне қарамастан, бейвербалды қарым-қатынас тәсілдері әрдайым оқу-тәрбие үдерісінде тиісті деңгейде қамтылып отырады.

    Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептi, ар-намысы биiк студенттерді тәрбиелеу. Ал дәстүрлі педагогикада жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде оқытушы студентті объекті ретінде қабылдап келсе, қазіргі таңда тек субъекті ретінде мән беруді басшылыққа алуда.

    Студент субъекті болу үшін өзін-өзі тану, өзін-өзі  көрсету, өзіне-өзі сену, өзін-өзі  анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі  реттеу және т.с.с. үдерістердің мәні мен  маңызын ұғына білсе, оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына жағдай туындайды. Осының нәтижесінде ортада сөздік қарым-қатынас, сезімдік қарым-қатынас, сенімділік қарым-қатынас, сыйластық қарым-қатынас, мәдени-этикалық қарым-қатынас және әдеп, іс-қимыл қарым-қатынасы пайда болады. Мысалы, оқытушылар мен студенттердің арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуда ынтымақтастық немесе бірлескен іс-әрекеттер орнаса, мұндай байланыстар оқыту үдерісінің табысты болуына игі әсер етеді.

    Оқыту үдерісінде адамгершілік тәрбиенің ықпалы нәтижесінде тұлғааралық қарым-қатынастар қалыптасып, субъекті-субъектаралық үйлесімді қатынастар пайда болады.

    Оқыту – студент пен оқытушының өзара  бірлесіп іске асыратын әрекетінен тұратын  күрделі, екіжақты үдеріс. Өйткені оқыту  оқытушының білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу – студенттің өзінің танымдық, тәжірибелік әрекеті.

    Оқытуға төмендегідей сипаттар тән: оқытушы  мен студенттердің бірлескен  іс-әрекеті, оқытушының тарапынан жетекшілік ету; білім беруді арнайы, жоспарлы түрде ұйымдастыру және басқару, білім берудегі біртұтастық және бірлік, студенттердің даму ерекшеліктерінің заңдылықтарына сәйкестік, студенттердің дамуы мен тәрбиесін басқару және студенттермен арадағы қарым-қатынасты ұйымдастыруға бағытталған педагогтың коммуникативтік іс-әрекет реті.

    Студенттік  кезең – адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Студенттік кезеңде студенттердің қарым-қатынас мәдениеті, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк және қайырымдылық сияқты қасиеттер өте маңызды саналады.

    Студенттің қатынас жасау типтерін зерттеген еңбектерді қарастыра отырып, студенттердің қарым-қатынас жасау қабілетін үш түрге бөліп қарастыруға болатындығын Л.А.Перовская, Ю.М.Лотман, М.И.Рыданов және Б.Ф.Ломовтардың еңбектерінен көреміз:

    1) Жалғыздыққа бейім өзімен-өзі жүретін студент. Оны айналасындағы құрдастарымен қарым-қатынас жалықтырады. Ол өзімен-өзі жалғыз қалғанда немесе өзі ұнататын ісімен айналысқанда ғана өзін жайлы сезінеді.

    2) Жұптасқан қарым-қатынас түріне  бейім студент. Оның жанында сенімді досы немесе құрбысы болуы қажет. Ол доссыз немесе құрбысыз толыққанды өмірді сезіне алмайды.

    3) Топтық, ұжымдасқан қарым-қатынас  түріне бейім студенттер. Мұндай ұжымдасқан немесе бейімділіктеріне қарай топтасқан студенттерден дұрыс бағыттағы салауатты қарым-қатынастағы ұжымдар да, сондай-ақ, қоғамдағы жағымсыз әрекеттерге баратын топтар да қалыптасуы мүмкін.

    Осы қарым-қатынас жасау қабілетінің  үш түрі арқылы мынадай көзқарасқа тоқталамыз: егер бірінші типке жататын  студент қақтығыс жағдайында жалғыз өзі уайымдайтын болса, екінші және әсіресе, үшінші типке жататын студенттер табиғи сыртқы қорғаныс тәсілдерін қолданады.

    Мектеп  жасындағы жасөспірімдермен салыстырғанда, студенттердің қақтығысқа түсетін  адамдарының саны көп, өйткені мектептегі санаулы мұғаліммен салыстырғанда, студент әр курста он-он бес оқытушымен, жаттықтырушылармен, кафедрадағы, факультеттегі, оқу бөліміндегі әдіскерлермен, қызметкерлермен тұлғааралық қарым-қатынасқа түседі. Оның көз алдында алуан түрлі мамандардың: жас, орта жастағы, егде жастағы оқытушылардың, өз ісінің білікті мамандарының немесе салмақты, мәдениетті оқытушылардың және беймаза, дөрекі оқытушылардың әрқайсысының өзіне тән қайталанбас, дербес сабақ беру үлгілері ұсынылады. Сонымен қатар, оқытушылармен арадағы қақтығыстар, түсінбестіктер мен шиеленістердің пайда болу мүмкіндігі де арта түседі.

    Болашақ маманды педагогика саласы бойынша  даярлауда оның мәдениеттілігіне көңіл  бөлу, бүгінгі мәдениеттілік дәрежесіне сай қарым-қатынастың сапалық деңгейін қалыптастыру арқылы оны әлеуметтік өмірге енгізу көзделеді. Осы тұрғыдан оқыту үдерісінде оқытушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруының маңызы педагогикалық шеберлікті қолдануына, қарым-қатынас үдерісі кезінде тез және жеңіл тіл табысу барысында сенімділікті, ынтымақтастықты, жолдастық сезімді ояту, сұхбаттасушы тұлғаның тақырыбын қызығушылықпен тыңдау, мимика, пантомимиканы тиімді қолдануы үлкен нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.

    Осыған  орай, модельдеу үдерісі нысананы белгілі бір мақсатта зерттеудегі  нақты теориялық болжамның жүйеленген көрсеткіші бола отырып, оның дәлдігін тәжірибеде тиімді анықтауға мүмкіндік бере алады.

    Жоғары  білім беру үдерісіндегі (студент  – оқытушы – жоғары мектеп) сабақтастықта  тұлғааралық қарым-қатынасын шыңдаған оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынас қажеттілігін арнайы жасалған модель арқылы:

    - қарым-қатынастың оқыту үдерісіндегі  екі аспектілігінің (педагогтың іс-әрекеті, студенттердің іс-әрекеті) негізгі сипатын анықтау мақсатында жоспарланған жүйелі зерттеуді;

    - жеке тұлғаға әсер ететін факторларды анықтауды;

    - студенттердің оқуға бейімделу  жағдайын;

    - эмоционалдық қарым-қатынас ахуалының  қалыптасуын педагогикалық қызметтегі  қарым-қатынастың ұжымдық сипатын;

    - шиеленістердің алдын алудың  жолдарын айқындауға мүмкіндік  туындап, «төмен», «орта», «жеткілікті» және «жоғары» деңгейлер анықталды (Сурет 1). 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 1 – Оқытушылар мен студенттердің  тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту  үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық  моделі 

    Оқыту үдерісінде топ ұжымын қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас орнату – күрделі және жауапты үдеріс. Бұл тұрғыдан, ең бастысы – адамгершілік тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою қажет. Адамгершілік адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни олар: әдептілік, мейірімділік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік құндылықтар шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да, оқытушы мен студенттің арасында субъективті қатынасты қалыптастырады.

    Академиялық топ тәлімгерлерінің жұмысындағы негізгі жұмыс бағыты -  студенттердің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Оқыту үдерісінде студенттердің іс-әрекеті мен қылықтарынан адамгершілік қатынасты байқауға болады. Олай болса, біздің түсінігімізше, оқытушылар мен студенттердің басқа адамға деген қатынасын – гуманизм; өз-өзіне деген қатынасын – қадір-қасиет; еңбекке деген қатынасын – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық; ұжымға деген қатынасын – ұжымшылдық; Отанға деген қатынасын – отансүйгіштік, патриотизм; табиғатқа қатынасын – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті деп ұйғарамыз.

    Оқыту үдерісінде қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдары – педагогика және психология ғылымдарының ең күрделі  мәселелерінің бірі. Педагогикалық  қызметте қарым-қатынас барысында  кез келген кедергіні жеңуге қарым-қатынас жасаудың дұрыс тәсілдерін таңдау, дәлірек айтқанда, педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс стилін таңдау мол мүмкіндіктер береді. Оқытушының студенттермен қарым-қатынас стилі – әлеуметтік және адамгершілік мазмұнды категория. Ол қоғамның және тәрбиешінің әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын сипаттайды. Қарым-қатынас стилі арқылы бірқатар ерекшеліктер бейнеленеді: педагогтың коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері, педагог пен студенттер арасында қалыптасқан тұлғааралық қарым-қатынастың сипаты, педагогтың шығармашылық дербестігі және студенттер ұжымының ерекшеліктері. Ал студенттермен қарым-қатынасты ұтымды ұйымдастыруда педагогикалық стильді дұрыс таңдап алу педагогтың жұмыс ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшеліктер арқылы қарым-қатынастың екі түрін ажыратуға болады:

Информация о работе Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері