Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:36, реферат

Описание

Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – міне-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр – түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Содержание

Негізгі бөлім
І. Білім процесінде мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастары
1.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы
1.2 Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы
ІІ. Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері
2.1 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары
2.2 Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының
формасы мен тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

психология.doc

— 323.00 Кб (Скачать документ)

    Зерттеудің  нысаны: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын қалыптастыру үдерісі.

    Зерттеудің пәні: Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

    Зерттеудің  мақсаты: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың теориялық негізін анықтап, педагогикалық шарттарын зерттеу.

    Зерттеудің  ғылыми болжамы: Егер жоғары оқу орындарының оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру теориялық тұрғыдан анықталып, педагогикалық шарттары айқындалса, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынас сапасын, коммуникативтік және субъект-субъектаралық ынтымақтастық қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеруге болады, өйткені ол оқыту үдерісінде үйлесімді тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етеді.

    Зерттеудің  міндеттері:

  1. Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, оның құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
  2. Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына адамгершілік тәрбиенің ықпалы мен оқытушылардың қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдарын айқындау;
  3. Тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың бағдарламасын, мақсат-міндеттері мен өлшемдерін анықтау;
  4. Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындап, оларды іске асыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

      Зерттеудің  жетекші идеясы: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптасуының теориялық-практикалық тұрғыда негізделуі кәсіби даярлықтың сапасын арттырып, білім беру үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігіне жағдай жасайды.

    Зерттеу жұмысының әдіснамалық  және теориялық негіздеріне философиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық әдебиеттердегі жеке адамды дамыту туралы ілімдер, қарым-қатынас теориясы, таным теориясы және диалектика принциптері, тұлға дамуындағы қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығы, тұлғааралық өзара әрекеттесу, саналы және мақсатқа бағытталған белсенді субъектілер арасындағы байланыстар мәселесі, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы, оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру теориясы және кәсіптік білім беру мазмұнын құрудағы қазіргі кездегі тұжырымдамалар алынды.

    Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен  теориялық мәнділігі:

      - оқытушылар мен студенттердің  тұлғааралық қарым-қатынастарын  қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделіп, оның құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;

      - оқыту үдерісінде тұлғааралық  қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына  адамгершілік тәрбиенің ықпалы  мен оқытушылардың қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдары айқындалды;

      - оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың бағдарламасы, мақсат-міндеттері мен өлшемдері анықталды;

      - оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалып, оларды іске асырудың әдістемелік жүйесі әзірленді және тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

    Зерттеудің  көздері: философтардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың таным, жеке адам және оның әрекеті, қарым-қатынас, тұлғааралық өзара әрекеттесу туралы ғылыми еңбектері, кәсіптік білім беру мазмұнын құрудағы қазіргі кездегі тұжырымдамалар, оқулықтар мен оқу құралдары; ресми құжаттар, ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Елбасы Н. Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасы, жаңашыл педагогтардың және автордың жеке ғылыми ізденістері мен іс-тәжірибелері.

    Зерттеудің  әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, педагогикалық эксперимент және оның нәтижелерін математикалық тұрғыда өңдеу, қорытындылау.

    Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:  

    1. Тұлғааралық қарым-қатынастарды оқыту үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделінің теориялық негізі – оқытушылар мен студенттердің іштей және сырттай өзін-өзі ұйымдастыра білуге, қабылданған ақпарат пен белсенді қатынас жасауға, оқыту үдерісіндегі субъектілік және тұлғааралық қарым-қатынас қиындықтарын іске асыру қабілеттілігін дамытуға жетелейді.

    2. Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына адамгершілік тәрбиенің ықпалы мен оқытушылардың қарым-қатынас стильдерін таңдау рухани-адамгершілік құндылықтарды иемдену арқылы өмірге деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынасты дамытуға негіз болады.

    3. Жоғары оқу орындарында оқытушылар  мен студенттердің тұлғааралық  қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде  қалыптастырудың педагогикалық  шарттары педагогикалық үдерістің дидактикалық тұғырын анықтап, тұлғааралық әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    4. Тұлғааралық қарым-қатынастарды  қалыптастырудың әдістемесі оқытушылар  мен студенттердің оқу-тәрбие  үдерістерінде, әлеуметтік ұжымда  өзін-өзі ұйымдастырып, басқару шеберлігін қалыптастырады.

    Зерттеудің  нәтижелерінің дәлелділігі  мен негізділігі  зерттеу проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, зерттеу мазмұнының ғылыми талаптарға сәйкес келуімен, зерттеу барысында педагогика әдіснамасының талаптарының сақталуымен, зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдістерді жүйелі түрде қолдануымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытындылануымен, тиімділігінің тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы тексерілуімен және олардың педагогикалық үдерісте кеңінен пайдаланылуымен қамтамасыз етілді.

    Зерттеудің  практикалық мәнділігі:

      - оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыруда маңызды болып табылатын зерттеу нәтижесінде алынған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жоғары оқу орындарында көкейкесті мәселелерді шешуде құнды болып табылады;

      - тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың бағдарламасы, мақсат-міндеттері мен өлшемдері негізінде педагогикалық шарттар анықталып, ғылыми-әдістемелік материалдар оқытудың дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіру мақсатында жоғары мектеп тәжірибесіне енгізілді;

    - жұмыстың зерттеу мәселесіне орай оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары, «Тұлғааралық қарым-қатынастар» атты элективті курс бағдарламасы, «Оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың теориясы мен әдістемесі» және «Педагогикалық үдерісте тұлғалық ерекшеліктерді анықтауға арналған әдістемелер жинағы» атты оқу-әдістемелік құралдар даярланды;

    - оқытушылар мен студенттердің  тұлғааралық қарым-қатынастарын  оқыту үдерісінде қалыптастыру  туралы тұжырымдарды, әдістемелік  ұсыныстар мен құралдарды және  зерттеу нәтижелерін жоғары оқу  орындарында, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, орта және жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырылатын курстарда тікелей пайдалануға болады.

    Зерттеудің  кезеңдері:

    Бірінші кезеңде (2005-2006 ж.ж.) зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды. Білім мазмұнын айқындайтын мемлекеттік құжаттар сараланып, негізге алынды. Ғылыми аппарат анықталып, теориялық зерттеулер негізінде эксперименттік материалдар дайындалды.  Айқындаушы эксперимент жүргізілді.

      Екінші  кезеңде (2006-2008 ж.ж.) жинақталған ғылыми деректер мен әдістемелік материалдар тәжірибеде пайдаланыла бастады. Осыған сәйкес жоғары оқу орындарында оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттары айқындалды. Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың бағдарламасы, мақсат-міндеттері мен өлшемдері анықталды. Қалыптастыру эксперименті жүзеге асырылды.

    Үшінші  кезеңде (2008-2010 ж.ж.) жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстардың нәтижелері қорытындыланып, жүйеленді. Соның нәтижесіне сәйкес әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Бұл кезең диссертацияны талапқа сай рәсімдеумен аяқталды.

    Зерттеу базасы: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

    Зерттеудің  нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру:

    Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Республикалық, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Тараз, 2005, 2007, 2008, 2009, 2010; Павлодар, 2008; Қызылорда, 2008; Шымкент, 2010), сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы, «Ізденіс», «ТИГУ хабаршысы», «Зерттеуші – Исследователь» ғылыми-педагогикалық басылымдарда және оқу-әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты.

    Диссертацияның  құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

    Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, зерттеудің көздері, әдістері, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеудің практикалық мәнділігі, негізгі кезеңдері көрініс алады.

    «Тұлғааралық  қарым-қатынастардың  теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, мәнділігі мен маңызы анықталды. Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына адамгершілік тәрбиенің ықпалы мен оқытушылардың қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдары айқындалды.

      «Оқыту  үдерісінде тұлғааралық  қарым-қатынастарды қалыптастырудың  жолдары» атты екінші бөлімде тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына, мақсат-міндеттері мен өлшемдеріне, оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарына сипаттама берілді. Сонымен қатар оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мазмұны, әдістемесі тәжірибе жүзінде тексерілді.

    Қорытындыда зерттеудің теориялық, қолданбалы және практикалық нәтижелері түйінделеді, қорғауға ұсынылған тұжырымдардың ақиқаттығын дәлелдейтін және болжамды растайтын негізгі қорытындылар мазмұндалды.

    Қосымшада алғашқы жүргізілген зерттеу материалдары ұсынылып, диагностикалық әдістемелердің үлгісі берілді. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

    Тұлғаның  қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ал жоғары оқу орындарында оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру мәселесінің теориялық негізі «оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру» ұғымының мәні мен мазмұнын анықтауға байланысты. Сондықтан бұл ұғымның жан-жақты талқылануы маңызды. Мұның бәрі зерттеу жұмысының «Тұлғааралық қарым-қатынастардың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде қарастырылды.

    Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник «Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты» деп жазған.

Информация о работе Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері