Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:36, реферат

Описание

Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – міне-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр – түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Содержание

Негізгі бөлім
І. Білім процесінде мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастары
1.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы
1.2 Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы
ІІ. Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері
2.1 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары
2.2 Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының
формасы мен тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

психология.doc

— 323.00 Кб (Скачать документ)

    1. Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас барысында әлеуметтік маңызы бар міндеттер шешіліп, әлеуметтік өзара әрекеттестік пен қоғамдық қатынастар жүзеге асырылады.

    2. Жеке-бағдарлы қарым-қатынас – белгілі бір бірлескен әрекеттерге бағытталған іскерлік қарым-қатынас.

      Екінші  бөлім «Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың жолдары» деп аталды. Бұл бөлімде оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мазмұны, әдістемесі және оның нәтижесі баяндалды.

    Аталған мәселелерді зерттеу өз кезегінде  өте өзекті және күрделі болып  табылады. Мәселенің күрделілігі  және оған деген жаңаша көзқарастар зерттеушіден тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын құруды талап етеді. Осыған орай тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мақсат-міндеттері мен эмпирикалық болжамдары айқындалды.

    Тәжірибелік-зерттеу  кезеңінің мақсаты: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, оны жүзеге асырудың қазіргі талаптарға сай әдістемелік негізін жасау және оның ұтымдылығын тәжірибелік-эксперименттік тексеруден өткізу.

    Зерттеу жұмысының жалпы ғылыми болжамын нақтылау мақсатында бірқатар тәжірибелік-эмпирикалық  болжамдар жасалды:

    Бірінші эмпирикалық болжам оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың әдістемесі дайындалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастардың жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізуге болады.

    Екінші  эмпирикалық болжам оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.

    Үшінші  эмпирикалық болжам оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары ұсынылса, онда коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы жүзеге асады.

      Кез келген әлеуметтік-психологиялық зерттеуді жүргізуде нәтиженің тиімді болуы қажетті эксперименттік әдістемелерді дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Зерттеу әдістемесі – бұл әдісті жүзеге асыру құралы, операциялар мен тәсілдердің біртұтастығы, сонымен қатар ақпаратты талдау және өңдеудің қалыпқа келтірілген ережелері.

    Алынған әдістемелер екі бағыт бойынша  іріктелді:

    І. Өзгеге бағытталған коммуникативтілік  құзыреттілігін анықтауға мүмкіндік  беретін әдістемелер:

    1. «Сіз басқалардың пікірін дұрыс  қабылдайсыз ба, басқалардың көзқарасын сыйлайсыз ба?» тесті.

    2. «Сіздің қарым-қатынас стиліңіз жүйкенің жұқаруына әкеліп соқпайды ма?» тесті.

    ІІ. Өзіне бағытталған қарым-қатынас  құзыреттіліктерін анықтауға мүмкіндік  беретін әдістемелер:

    1. «Коммуникативтік іскерлікті бағалау»  тесті.

    2. «Тіл табысу шеберлігін бағалау» тесті.  

    Зерттеу жұмысында оқыту үдерісінде тұлғааралық  қарым-қатынастарды қалыптастырудың  педагогикалық шарттарын айқындау үшін жоғары оқу орындарында тұлғааралық  қарым-қатынасты қалыптастыруға байланысты элективті курсты енгізудің қажеттігі анықталды. Себебі тұлғааралық қарым-қатынас туралы тақырыпшалар психологиялық, әлеуметтік психологиялық және педагогикалық оқу құралдарында болғанымен, «Тұлғааралық қарым-қатынастар» тақырыбындағы элективті курстың бағдарламасы оқыту үдерісіне енгізілмеген. Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысының барысында «Тұлғааралық қарым-қатынастар» атты элективті курстың бағдарламасы құрылды (Кесте 1).

    Элективті курстың бағдарламасы бойынша өткізілген сабақ мазмұнының меңгерілу сапасы сұрақ-жауап, әңгіме сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау барысында тексеріліп отырылды.

    Оқытушылар  мен студенттердің тұлғааралық  қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық  шарттарын анықтау педагогикалық заңдылықтар мен педагогикалық ұстанымдарды талдаудан туындады.

Кесте 1 - «Тұлғааралық қарым-қатынастар»  атты элективті курстың қысқаша  мазмұны 

Тақырыптың  аты Аудиториялық  сабақтар Аудитор. тыс  сабақ
лек. ОСӨЖ СӨЖ
1 Тұлғааралық қарым-қатынастардың теориялық негіздері 2 1     3
2 Тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелері 2 1 2
3 Тұлғааралық қарым-қатынастардың  шартты бірліктері мен құралдары 2 1 2,5
4 Педагогикалық ұжым және оны жұмылдырудың әдістері     3
5 Тұлғааралық шиеленістердің алдын алу мен шешудің негіздері 1   2
6 Тұлғааралық қарым-қатынастың қажетті элементі - педагогикалық  этика 1 1 2
7 Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық үдеріс ретінде 1 1 2
8 Мұғалім мен  оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарының оқыту үдерісінде қалыптасу ерекшеліктері 1 1 2
9 Мұғалімдер  мен оқушылардың тұлғааралық  қарым-қатынастарын қалыптастырудың  жолдары және оның тәлім-тәрбиелік  маңызы 1 1,5 2
10 Тұлғааралық қарым-қатынасты  анықтауға арналған диагностикалық әдістемелер 2   2
Барлығы: 45 сағат 15 7,5 22,5
 

    Зерттеуде «педагогикалық шарттар» ұғымы оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық  қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру үшін пайдаланылды.

    Педагогикалық шарт – тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын, сөйтіп ынтымақтастық іс-әрекеттерге жетелейтін, коммуникативтік қабілеттілікті қалыптастыратын жағымды педагогикалық жағдай жасауға бағытталған және оның ерекшеліктерін айқындайтын қажеттілік деп ұйғарылды.

    Тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын біртұтас жүйеге келтіру барысында шарттардың жүйесі, мақсаты және оның формалары анықталды (Сурет 2).

    Тәжірибелік-эксперимент  нәтижелері бойынша оқытушылар мен  студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары ұсыналды:

    1. Бастапқы кезеңнен бастап жылы  шырайлы қалыпты ұстануға тырысу.

    2. Алғашқы сабақтарда қатарлардың  арасынан жүрмеуге тырысу (студенттердің  психологиялық кеңістігіне кірмеу).

    3. Алғашқы сабақтарды өткізу кезінде, қолайлы сәттер болғанда, қолдарын екі жаққа жаюға болады, бірақ қолдарын кеудесіне қусыруға мүлдем болмайды.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 2 - Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық  қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесі 

    4. Оқытушы оқу материалын тиянақты  түрде және даусынан шаршағанын  білдірмей түсіндіруі қажет. 

    5. Егер сабақ барысында қателік  жіберсеңіз немесе студенттің  сұрағына бірден жауап бере  алмасаңыз, қатеңізді дереу жөндеуге тырысу керек немесе студенттерден ойлануға уақыт беруін өтіну қажет.

    6. Бірінші сабақтарда, сәті келген  қолайлы жағдайда, студентті тақтаға  шығару керек, осы арқылы бірден  тәртіп және дәрісханамен қарым-қатынас  орнайды, бұдан кейін осы әдісті  ұстануға болады.

     7. Студенттердің жұмыс істеу қабілетін  тиісті деңгейде ұстау үшін  сабақ барысында студенттің көңілін  көтеретін әзілдер айтуға және  тақырыптан уақытша ауытқуға  болады. Педагог жақсы тыңдаушы  да бола білуі керек.

    8. Сабақтың аяғына қарай үзіліс  уақыты жақындағанда, студенттердің назарын өзіне аударту мақсатында «Тағы бірнеше сөйлемді жазып қойыңыздар», «Енді мына мәселеге тоқталу қалды» деген сияқты сөйлемдерді қолдануға болады.

    9. Егер студент сұраққа жауап  беруде қателессе, оны қатал  сынға алудың қажеті жоқ. Байсалды қалыппен «жақсы» немесе «болдыңыз, рахмет» деп айту жеткілікті болады. Студент оны сынамай-ақ түсінеді. Оның есесіне, студенттің дұрыс жауап беруге тырысқаны үшін оны мақтап қойған дұрыс.

    10. Студент жауап беріп отырған  кезде оның сөзін бөлмеу қажет.

    11. Студенттің аты-жөнін атап, «сіз»  деп сөйлеу қажет, бұл тәсіл  арадағы қатынастың мәдениеттілігін  көрсетеді. 

    Жоғары  оқу орындарында оқытушылар мен  студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру туралы теориялық тұжырымдамалар мен мәселені шешу тұрғысындағы әдістемелік ұсыныстар практикалық сипаттағы дәлелділікті талап етеді. Сол себепті келесі міндеттерді шешу қажет болды: оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың эксперименттік тексеру әдістемелерін дайындау, оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынас қажеттілігінің қалыптасу көрсеткішін анықтау үшін: оқытушының сабақ үстіндегі өзінің қимылдарын бағалауын анықтау, кешенді педагогикалық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарының қалыптасу деңгейі мен жағдайларын айқындау және ұсынылған әдістемелік жұмыстардың тиімділігін дәлелдеу.

    Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар 2005-2010 жылдар аралығында                       Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде үш кезең бойынша жүзеге асырылды.

      Зерттеу жұмысының тәжірибелік кезеңінің  мақсат-міндеттерін жүзеге асыру  үшін зерттеудің нысандары таңдалды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері іріктелді. 

    Зерттеу жұмысының алғашқы анықтаушы  кезеңінде n0-380 студент және n0-70 оқытушы қатыстырылды. 

    Тәжірибелік жұмыстардың негізгі қалыптастырушы кезеңінде қарым-қатынас құзыреттіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелер жүргізілді.   Зерттеу жұмысының тәжірибелік анықтау экспериментіне дейінгі «нөлдік» анықтау кезеңінде 380 студент пен 70 оқытушыдан жалпы оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас қажеттілігінің қалыптасуын анықтау мақсатында «Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың диагностикалық тест» әдісі жүргізілді.              

    Тест  нәтижесі бойынша «бірқалыптыдан»  төмен көрсеткіш берген тәжірибеге қатысушылардың пайыздық көрсеткіші оқытушыларда – 50% (35 оқытушы) болса, студенттерде – 50%-ды (190 студент) көрсетті. Демек, «нөлдік» анықтаушы эксперименттің нәтижесі бойынша тәжірибелік жұмыстарға барлығы 450 респондент таңдалды. Тәжірибелік анықтау жұмыстары мен қалыптастырушы эксперименттің нәтижелілігін салыстырмалы түрде көрсету үшін респонденттер тәжірибелік және бақылау топтарына топтастырылды.

    Зерттеу жұмысының негізгі анықтау эксперименті кезеңінде «Сіз басқалардың пікірін  дұрыс қабылдайсыз ба, басқалардың көзқарасын сыйлайсыз ба?» тесті жүргізілді. Тест нәтижесі бойынша көрсеткіштер алынды.

    Кесте 2 – Анықтау экспериментінің нәтижелері  

    Деңгейлер Оқытушылар  құрамы – % Студенттер  құрамы – %
    Тәж. топ – 35 Бақ. тобы – 35 Тәж. топ – 190 Бақ. тобы – 190
    Төмен 28,6 (10) 31,4 (11) 33,7 (64) 25,2 (48)
    Орта 34,3 (12) 25,7 (9) 31,1 (59) 23,2 (44)
    Жеткілікті   20 (7) 28,6 (10) 18,4 (35) 30 (57)
    Жоғары 17,1 (6) 14,3 (5) 16,8 (32) 21,6 (41)
 

    Көріп отырғанымыздай, тәжірибелік топ  бойынша тәжірибеге қатысқан оқытушылардың 28,6 %-ы «төмен» көрсеткіш берді. Яғни, бұлар ешқашан иілуді білмейтін, өте тік адамдар. Өздерінің айтқаны мен ісіне келіспейтін адамдармен қалыпты жағдайда араласа алмайды. Ал 34,3 %-ы «орта» деңгейдегі көрсеткішті берсе (мұндай адамдар кей кездері сөйлесіп тұрған адамына деген құрметін тиісті дәрежеде көрсете алмауы да мүмкін), 20 %-ы «жеткілікті» деңгейді, қалған 17,1 %-ы «жоғары» деңгейді көрсетті. Студенттердің тәжірибелік топ бойынша нәтижесі 33,7 %-ы «төмен» деңгей берсе, «орта» 31,1 %, 18,4 %-ы «жеткілікті» деңгейді және 16,8%-ы «жоғары» деңгейді көрсетті.

Информация о работе Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері