Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция

Описание

1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.

Работа состоит из  1 файл

Лекции по ПК.doc

— 717.50 Кб (Скачать документ)

Сенім білдіру әсері. Телефон арқылы байланысқа түскендер бір-бірінен алыс жерде болғанымен олар бірін бірі өте жақсы естиді, дауыстары бір-бірінің құлақтарының түбінен шығады, сондықтан абонент пен кеңесші жақын тұрғандай қабылданады. Телефон арқылы байланыстың бұл қасиеті сөйлесіп жатқандардың арасында сенімділік тез орын алуына мүмкіндік береді. Сондықтан абонент өзінің құпиясын ашып айтуына, оны кеңес берушімен талдауға көшу оңайырақ болады. "Сенім білдіру" әсері кеңесшінің жұмысын жеңілдетіп оның табысты болуына көмектеседі.

Телефон арқылы жасаған қарым-қатынас өте  маңызды екі мәселені шешеді: коммуникацияның жеке тұлғалық ерекшелігі, сеніммен қатынас жасау және жедел байланыс арқылы мәселені шешуге тиімді кеңес беру.

С.Д.Хачатурянның пікірі бойынша, психологилық кеңес беруді  телефон арқылы жүргізу абоненттің барлық жағдайға жауапкершілікті өз мойнына алғызып оны шешу жолдарын іздеуге кірісуіне көмек көрсету арқылы оның ерік күшін нығайтып, жаңа мінез-құлық формаларын меңгеруіне себеп болады.

Телефон арқылы кеңес берудің абонент  пен кеңес берушінің қатынасын  К.Роджерстің «клинтке бағытталған терапия» деп аталатын қағидасына негізделуі керек. Ол терапияның негізгі мақсаты – басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жеке тұлғаның түп нұскалық қаситеттеріне сүйену болып табылады. К. Роджерстің «клиентке бағытталған» терапияға негіз болатын үш негізгі ұстаным анықталған:

  1. әр кісінің өзі ерекше құндылық болғандықтан оны ерекше сыйлауға тұрады;
  2. әр кісі  өзіне өзі жауап беруге шамасы келеді;
  3. әр кісі өзінің құндылықтарын, мақсаттарын анықтауға, шешім қабылдауға құқығы бар.

А.Ф.Копьев психологиялық кеңес беруді адамның өз басына түскен жағдайды басынан кешуге көмектесу деп түсіндіреді. Ф.Е.Василюктің де көзқарасы осы ойға сай келеді. Оның тұжырымдамасы бойынша психологтың негізгі мақсаты клиент өміріндегі өзекті қиындықтарды басынан кешуге көмектесу болып табылады. Сондықтан абонентке альтернативті мінез көрсету мүмкіндіктері бар екенін көрсетіп, барлық мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарауды үйрету – кеңес берушінің негізгі міндеті екенін көрсетеді. Сондықтан «СТ» қызметкерлерінің негізгі міндеті – клиенттің алдында тұрған мәселені шешу жолын өз бетімен анықтауына көмектесу болып табылады.

«СТ»  қызметінің тәжірибесінде кеңінен  пайдаланылып жүрген әдістердің бірі роджериандық интервьюдің модификациясы  «Befriending» немесе «тыңдау терапиясы» деп аталады. Бұл әдіс Чад Вара өз қызхметін «Самаритяндар» ұйымын құру барысында және осы қызмет ауқымында еңбек еткендер кеңінен пайдалнылды. Е.Г.Лешукова «Befriending» әдісіне келесі сипаттама береді: «бұл әдіс сыртқа шығарған ішкі диалогқа ұқсайды, ал кеңесші өз қызыметін адал атқаратын айна ролін атқарады». Мұндай жағдайда кеңесшінің мақсаты – әңгімелесушілер бір-бірін үлкен сеніммен, бір-бірін сыйласу жағдайында қабылдап, түсінінісіп, ашық сырласу арқылы «жеңілдету». «Тыңдау терапиясын» «СТ» негізгі стратегиясы немесе қатынас құрудың бастапқы кезеңі ретінде қарастыруға болады. Дегенмен телефон арқылы қатынас кеңесші жұмысына біршама шектеулер қойып отырады:

 - сөйлесетін адамыңды таңдауға мүмкіншіліктің жоқтығы («СТ» кеңесшісі қоңырау шалған, кеңес беруді қажет еткен абонентпен тілдесуі керек);

- «СТ»  кеңесшісі абоненттің сөзін бөлместен,  шыдамдылықпен тыңдап, өте үлкен қажеттілік болмаса оның сөзін бөлместен тыңдауы керек;

- «СТ»  кеңесшісі абоненттің тілінде  сөйлесіп, оның ойының логикасына  түсініп, бірізділікпен талдау  жүргізіп, айтқан ақылдары мен  берген кеңестерін абонент түсінгеніне  көзі жетуі керек.

Кеңес беру барысында тыңдаушының эмоционалдық реакциясы анық байқалса ол кеңесшінің сөзіне түсінгенінің белгісі болады. Осы кезден бастап психотравмалық жағдайдың орын алған себептерін талдап одан шығу жолдарын әздеуге болады, ол жағдайдан шығу немесе адаптациялық мүмкіншіліктерді пайдалану жолдарын бірлесіп іздеу керек.

 

4. «Сенім телефоны» бойынша психологиялық  кеңес беру кезеңдері 

Телефон арқылы кеңес беру жұмысы тиімді болу үшін оның құрылымын анықап алу керек. Кең тараған кеңес беру моделі психологиялық кеңес беру тепшектерін анықтау арқылы құрылған. Осы модельді қадамадық деп атайды.

Кеңес берудің қадамдық модел келесі қадамдардан  тұрады:

  1. Психолог-клиент қатынасын құру;
  2. Клиент проблемасын түсіну;
  3. Проблеманы талдау;
  4. Проблеманы анықтау;
  5. Проблеманы шешу жолдарын іздеу;
  6. Кеңес беруді аяқтау.

Бұл модель бойынша психологтың кеңес  беруі проблеманы шешу ретіне сай  анықталғандықтан, барлық әрекеттер  қиындықтарды шешу алгоритмі бойынша  жүргізіледі. Бұл әрекеттер проблемалық  мәселерді шешудің логикалық  ретімен жүргізіледі және жоғарыда ұсынылған қадамдар бойынша ұйымдастырылады. Ұсынылып отырған жоспар үлгі ретінде пайдаланылады. Ол үлгіні пайдалану варианттарын әр кеңес беруші жағдайға байланысты құрады.

Мәселені  талдау барысында әр қадамды бірнеше  рет қайталауға немесе аттап кетуге болады. Кейде бірінші және екінші қадамнан кейін абонент алдында тұрған проблеманың мәніне түсініп, оны шешу жолдарын анықтауға кіріседі. Мұндай жағдай кеңес беруші алдында тұрған мақсатқа жетті деп есептеуіне болатынын көрсетеді. Сондықтан кеңес беру қысқа жолменен шешілгені анық.

Кеңес берудің құрылымы психологтың да, абоненттің де жеке түлғалық қасиеттеріне байланысты, ал кеңес беру барысында  әр қадамнан өтуге қажетті уақыт  қарастырылып жатқан проблемаға байланысты анықталады. Дегенмен тәжірибе жүзінде әр адамға кеңес беру өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Қысқа мерзімде өтетін «СТ» арқылы берілетін психологиялық кеңестің өзіне тән қайшылықтары бар: бір жағынан абоненттер арасында эмоционалдық жақындық, сенім білдіру қалыптасады, ал екінші жағынан бұл байланыстың өте қысқа уақытқа аяқталатындығын түсінетіндігі. Сондықтан кеңес берудің ортасына жақындағаннан кеңес беруші абонентке бұл байланыстың өтпелілігін анық байқатуы қажет.     

 

_Өзін-өзі  тексеруге  арналған сұрақтар

1. «СТ» қалыптасу  тарихына сипаттама беріңіз. 

2.«СТ»  қызмет атқаратын кеңесшілердің  ролі қандай?

3.Телефон арқылы  кеңес  беру   ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

4.«Сенім  телефоны» бойынша психологиялық  кеңес беру кезеңдері қандай?

 

 

№ 7   ЛЕКЦИЯ

7-тақырып. Ата-аналарға балаларымен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.

1.Балаға қатысты  ата-ананың гиперқамқорлық ұстанымын  талдау. 

2.Ата-ананың балаға қатынасын түзету тәсілдері.

3.Бала өміріндегі  мәселелер мен қиындықтар жөнінде  кеңес беру.

4.Ата-аналарға  өздерінің жеке мәселелері бойынша  кеңес беру.

 

1. Балаға  қатысты ата-ананың  гиперқамқорлық ұстанымын талдау

Ата-аналардың үрейлерінің, шағымының негізінде ата-ананың баласына қатысты гиперқамқорлық ұстанымы жетекші болғанда, баланың шынайы мұқтаждықтарын түсінбей оны өктемшілдікпен басқаруға, кеңес беруге, ұсыныс жасауға ұмтылушылық жатады. Бұл жағдайда шағым негізінде жатқан бала әрекетінің ерекшелігі – ата-ананың бала мұқтаждықтарына зейінсіздік, құпиялық, баланың өзінің тәуелсіздігі үшін күрес тәсілдерінің барлығы,  гиперқамқорлықтан қашу болып табылады. Мұндай гиперқамқоршы ата-аналар әрекетінің доминанттығын  ескермеу, не оны қалыпты және  табиғи нәрсе деп  қабылдау тән: «Мен оған тек жақсылық тілеймін», «Мен мұндай жағдайларда не істеу керектігін жақсы білемін». Клиенттің дәлелсіздігі, оның жеке мінез-құлқына жайлы  қатынасы психолгтан әңгіме кезінде ерекше абай болуды талап етеді. Кері байланыс барысында, адамның мұндай мінез құлық көрсетуін растайтын жеткілікті фактілер жиналғаннан соң ғана түсіндіруге болады. Гиперқамқоршы ата-аналармен жұмыс жүргізу кезінде олардың  баласына қоятын талаптарының шамадан тыс қатал екендігін және баланың дербестігіне ешқандай жол бермейтіндігін анықтап алған жөн.

Мұндай жағдайлардағы кеңес берушінің міндеті – ұлына (қызына) қатысты гиперқамқоршы ұстанымын бұзу немесе күмәнді ету, сондай–ақ мүмкіндігінше, оны басқа қатынастармен ауыстыру керек екендігі дәлелдеуді талап етеді. Бірақ бәрінен бұрын тағы бір өте маңызды қадам жасау керек: ата-ана (гиперқамқоршы) әрекеті мен бала әрекеті (құпия сақтаушылық, сыйламаушылық, дөрекілік көрсету қатынас) ерекшеліктерін бір-бірімен байланыстыру арқылы осы жағдайдан шығу жолдарын бірлесіп іздеу керек. Әдетте гиперқамқоршылық жағдайында ата-аналар тарапынан қойылатын талаптардың күнделік тудыратын жақтары бар және олар шиеліністер мен ұрыстардың негізінде жатады. Мұндай талаптар ересек баланың алдында тұрған қандай да бір әлеуметтік міндеттерін орындауымен байланысты болуы мүмкін: «Сен институтқа түсуге дайындықты қашан бастайсың?», «Сенің сыныптастастарыңның барлығы әлде қашан аралық аттестацияға даярлық жасап жатыр» деген секілді күнделікті айып тағумен, немесе: «Телефонмен ұзақ сөйлеспе, ол әдепсіздіктің көрсеткіші», «Неліктен сен үнемі үйге кеш  келесің», «Сен маған еркелеуді доғар», «Өз ыдыстарыңды тез арада жу», «Киімдеріңді күтіп ұста» деген тұрмыстық оқиғалармен де байланысты бола алады.

Ата-аналармен  олардың өз балаларына қоятын талаптары  туралы осындай әңгімелесу кезінде  түсінбестік пайда болудың негізі неде екені анықталады. Ата-ана өз талаптарын қандай сөздермен және кімге айтылғанын, басқаша айтқанда сәбидің жасы нешеде екенін ескеру керектігіне ерекше көңіл аударған дұрыс. Олар көбіне әңгіме 9-11 жасар бала туралы болып жатқандай естіледі (мұндай жастағы балаға қатысты мұндай сөздерді қолдану қажет болуы да мүмкін). Бірақ бұл жерде әңгіме бұл жастан әлдеқашан шығып кеткен бала жайында болып отыр, сондықтан ата-аналардың балаға қатынасты сөздерінің, балаға деген ұстанымының дәлелсіздігін растайды. Егер клиентпен «Сіз мұның барлығын оған айтудағы мақсатыңыз қандай?» деп сұрасаңыз, ата-ана «Мен оны қажетті нәрсені үйренуге және мәжбүрлеуге тырысамын», немесе «Мен оның не істеу керек екенін күнделікті есіне салып отырамын, әйтпесе ол мұны жасауды ұмытып кетеді» деген жауап айтады. Мұндай жауаптардың негізінде ата-ананың келесі ұстанымдары жатады: а) қашан және қалай жасау керектігін білетін, түсінетін және қандай да бір басқа нұсқа бойынша орындаған нәрсені өткізбейтін мұғалімнің ролі туралы түсінігі; б) алдында тұрған міндеттерге сай тәрбие беруге, талаптарды мүлтіксіз орындауға мәжбүрлеуге, оларды орындаудың қажеттілігін түсіндіріп көзін жеткізуге қабілеттілігіне сенімділік; в) баланың қабілеті мен мүмкіндігін төмен бағалау, оған сенімсіздік білдіру. Ата-ананың мұндай әрекеттері баланың өздігінен ешнәрсе істей алмайтындығына сенімі қалыптасқандығын білдіреді. Мұндай жағдайдағы кеңес берушінің міндеті – ата-ананың ұлына (қызына) қатысты гиперқамқоршы ұстанымының тұтастығын бұзу немесе күдіктендіру, сондай-ақ, мүмкіндігінше, олардың бастарынан өткен жағдайларды шешудің басқа жолдары және көрінісі мен алмастыру.

Бірақ, алдымен  тағы бір маңызды қадам жасау  керек: гиперқамқоршы ата-ана мінез-құлқы  мен бала әрекетінің (құпиялық, суықтылық, өткірлік) ерекшеліктерін бір-бірімен  байланыстыру. Әңгіме барысында кеңесші  ата-ана шағымымен бала реакциясы арасындағы байланысты клиентке көрсете алады. Мұны клиенттің әңгімесінде орын алған түрлі формадағы ата-ана талабынана ұлы немесе қызы тарапынан агрессия байқалғанын немесе әке-шешесін бағаламайтындай реакция анық көрініс берген жағдайларды талдауға болады.

Ақпараттың  тағы бір маңызды көзі – ата-ананың өздерінің айтуы бойынша балаларының  ата-анансын бағалауы. Мұндай ақпарат  алу үшін әңгімелесуді келесі бағытта  жалғастыруға болады: «Сіздің ұлыңыз (қызыңыз) сіздің әрекетіңізді қалай  қабылдайды, олар сіз туралы не айтады?» деген сұрақты қою жеткілікті. Егер клиент «Ештеңе» немесе «Білмеймін» деген сияқты жауаптар берсе оған қанағаттанбаған жөн. Психолог бұл жағдайда біршама табандылық көрсете отырып сұрақтарын жалғастырады: «Сіздер ұрысып қалған кезде ол сізге не айтады?» деген сұраққа жауап бергенде,  жұмысты тапсырғанда баланың берген жауаптарын келесі варианттарда көрсетуі мүмкін: «Ол: «сен маған неге тиісе бересің?», - деп айқайлай бастайды», «Жалықтырдың», «Езбе!», «Сен ешнәрсеге түсінбейсің». Бұл сияқты мәліметтер ата-анасының балаға берген тапсырмаларының ішінен қайсысы және қашан айтқаны ұнамағанымен қоймай, ата-ананың әңгімесі бірден кері қайтарылып, селқос қабылданатындығын көрсетеді.

Қолданылуы  гиперқамқоршылықтың негізінде  жатқан механизмдерді ашуға көмектесетін ақпараттың тағы бір көзі – ата-ананың психологиялық көмекке неліктен дәл қазір қажеттенгенін, қатынастар проблемасы неліктен ұшыққанын, соңғы уақытта балағаның мінезінде, қатынас жағдайында не өзгергенін сараптау. Қарым-қатынастың ұшығуының арқасында баланың қарапайым есею процесі және оның ата-ана бақылауынан кету қажеттілігі жатуы мүмкін. Бірақ, көбіне бала өмірінің өзгеруімен байланысты (қосымша сабақтар, секцияларға қатысу, ҰБТ-ға даярлану) ата-ана тарапынан оны бақылау мүмкіндігі азайады, не ата-ана өмірінің өзгеруі (зейнетақыға шықты, ажырасты) нәтижесінде гиперқамқорлыққа қажеттілік өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ баланың өзі өзгеруі мүмкін: бұрынғыға қарағанда нашар оқи бастады, ата-анаға ұнамайтын нәрселерге қызыға бастады, онда құпия пайда болды және осылайша, ол ата-аналық қамқорлық пен бақылаудан шығып кетеді. Қарым-қатынастың бұзылу кезін іздеу клиент көзқарасы тарапынан мұның неліктен және қалай болғанын саралау арқылы жүреді. Бұл ата-анаға өзінің гиперқамқорлық ұстанымының теріс әсерін ұғынуына тамаша материал бола алады. Мысал ретінде нақты оқиғаны келтіреміз.

 

Кеңес алуға  келген ана шағымы: «Қызым менімен  сөйлесуден қашқақтайды, дөрекі мінез  көрсетеді, кеш оралады, одан өтінген  нәрсені істеуден бас тартады". Анасының көзқарасы тұрғысынан бұрын қызы өте тілалғыш және жан-жақты дамыған болған, бірақ соңғы уақытта ол бір нәрсеге ұшыраған сияқты. Клиент қызының осы жазда мектепті үздік бітіргенімен институтқа түспегенін айтады. Ата-анасы оны таныс арқылы ғылыми-зерттеу институтына лаборант етіп орналастырды, жұмыста оның үстінен шағым түспегенімен, оның үйдегілермен қарым-қатынасы бірден нашарлады.

Клиентті жан-жақты  әңгімеге тарту нәтижесінде, қызының  өзі үшін өмірінде бірінші рет  өзбетімен қадам жасағаны анықталды. Шешесі қызының осынысын кешіре алмай, оған күнделікті емтихандағы қиындық туралы есіне салып, «анасын тыңдау» керектігін түсіндіреді. Оны ата-анасы оқуға түсуге мәжбүрлеген оқу орнына жұмысқа орналастырылды., оның үстіне күнделікті қызын және өзін, бүкіл отбасысының атына кір келтіргенін, өзі ешқашан ешнәрсені тындыра алмайтыны үшін кінәлап өздері таңдаған институтқа болашақта түсуге мәжбүрлейді. Кейде баланың ашық айтқан ойлары мен өздерінің өмірге деген көзқарастары туралы әңгімелері ата-аналарының ұстанымына тура келмей ұрыс-қағыстар мен шиеленістер тууына негіз болатынын көрсетеді. Нәтижесінде ата-бала түсінбеушіліктері шиеленісіп, баласы өзін келесі сөздермен қорғағысы келеді: «Саған енді өз проблемаларым туралы тіс жармаймын, сен бүкіл фактілерді маған қарсы қолданасың», немесе тағы бір ұрыс кезінде айтылған әңгіме: «Енді маған осыны тағы қайталасаң – мен асылып өлемін! Мен сенің бір сөзіңді ести беруден жалықтым». Клиенттің мінез-құлқын сипаттайтын бұл әңгімелердің негізінде не жатқанын анықтау үшін одан: «Шынында сіз оған күніге не айтасыз?», немесе «Ол сізге мұны өзіне қарсы пайдаланатындығыңызды айтқанда нені айтып отыр?» деген сұрақтарға жауаптарын талдау қажет. Мұндай талдау барысында көбінесе ата-ана өзінің әрекетінің сын көтере алмайтындығын түсінуі керек. Әрине, бұл жерде түрлі ақталулар тууы мүмкін: «Мен енді не істеуім керек?» деген сұрақ туса, ол өзінің жеке ұстанымын гиперқамқорлықтың көрінісі ретінде бағалағаны – осындай оқиғалар кеңес берудің бұрылысты сәттерінің бірі болып табылады. Бірақ бір нәрсені өзгету проблеманы шешу үшін жеткіліксіз.  Клиент мәселені толық түсінуі үшін онымен бірге жоғарыда айтылған және бұл жерде орын таппаған нәрселердің барлығын толық қарастыру қажет: оның балаға қатысты ұстанымын, күнделікті әрекет ету тәсілін, сондай-ақ өзінің баласы туралы түсінігін ортаға салып, олардың оң-теріс жағын анықтау арқылы ата-аналық борыштың ерекшеліктерін баланың жас ерекшеліктеріне байланысты құрып, олардың жеке тұлғалық шешімдерін сыйлау қажет екеніне көзін жеткізу керек.

Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері