Табиғат – адамның өз үйі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 09:41, реферат

Описание

Экология күрделі проблемалардың бірі. Жер қойнауындағы электр қуатына қажетті кен көздерін өндіру мен тұтыну, шамамен алғанда, шаруашылықтар мен соғыс мүдделері талап ететіндей деңгейден жүз есе артатын болса (мұның өзі таяудағы келешекте әбден мүмкін), онда планета климатының тұтастай бұзылуының келеңсіз зиянды құбылысын тоқтатуға мүмкіндік болмайды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
5

І. Кәсіптік іс-тәжірибені өту орны және мекеменің сипаттамасы...................
7

1.1. Ерейментау экология департаментінің басқару құрлымы.......................
1.2. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және стратегиясы

ІІ. Ерейментау ауданының географиялық орналасуы....................................

2.1. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы........................................
2.2. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы және мониторингі........
2.3. Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жағдайы................................


ІІІ. Экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттары......................

3.1Ерейментау ауданында биоәртүрлікті сақтаудың бастапқы міндеттері 41
11
16

19

20
29
31

36



Қорытынды............................................................................................................

Ұсыныстар............................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………

Работа состоит из  1 файл

отчет - копия.doc

— 709.50 Кб (Скачать документ)
 

Кіріспе...................................................................................................................

5

 

І. Кәсіптік іс-тәжірибені өту орны және мекеменің сипаттамасы...................

7

 

1.1.  Ерейментау экология департаментінің басқару құрлымы.......................

1.2.  Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және стратегиясы

 

ІІ.   Ерейментау ауданының  географиялық орналасуы....................................

   

2.1.  Ерейментау ауданының  экологиялық жағдайы........................................

2.2.  Ерейментау ауданының  экологиялық жағдайы және мониторингі........

2.3.  Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жағдайы................................                  

 

 

  ІІІ. Экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттары......................

  

3.1Ерейментау ауданында  биоәртүрлікті сақтаудың бастапқы міндеттері 41

11

16

 

19

 

20

29

31

 

36

 

 

 

Қорытынды............................................................................................................

 

Ұсыныстар............................................................................................................   

 

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………….

43

 

45

 

48




                                                     Мазмұны

 

   
   
   



 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экология күрделі проблемалардың бірі. Жер қойнауындағы электр қуатына қажетті кен көздерін өндіру мен тұтыну, шамамен алғанда, шаруашылықтар мен соғыс мүдделері талап ететіндей деңгейден жүз есе артатын болса (мұның өзі таяудағы келешекте әбден мүмкін), онда планета климатының тұтастай бұзылуының келеңсіз зиянды құбылысын тоқтатуға мүмкіндік болмайды.

Бұл жағдайлар тұтас бір аймақтың биосферасы мен ноосферасын толық  жойып жіберуі былай тұрсын, республикадан  тыс, басқа аймақтарға, бүкіл планетаға зардабын тигізері – ащы болса да, ақиқат.

  Қазіргі таңда табиғатқа түсіп  отырған ауыртпалықтың дәрежесі  орасан екендігі соншалық, егер  оны қорғауға тиісінше шұғыл  көңіл бөлінбесе, мұның ақыры  апатқа әкелуі әбден мүмкін. Соңғы  жылдары табиғат орта шеттен тыс ластанып кетті. Бұдан табиғат пен қоршаған орта қатты зардап шегіп отыр.

Адам  өз өмір сүріп отырған  табиғатының таза болуын қадағалағап,  табиғат байлықтарын жан-жақты пайдалануға тырысып жүр. Бірақ, әр түрлі өндіріс қалдықтары, жер мен су және атмосфера ластанып, қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатыр. Қазіргі табиғаттың күйі мүшкіл. Экологиялық апатты аймақтар жылдан – жылға көбеюде.

Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңдағы экологияның шынайы тағдырын өзгерту. «Табиғат – адамның өз үйі» дейді. Бұндай ұғымды санамызда қалыптастырып, өз ошағымызға айналған табиғатымызды аялау қажет. Әйтпесе, табиғат байлығын ысырапсыз пайдаланамыз деп, оның кәріне ұшырап қалмасымызға кім кепіл? Сондықтан да табиғатқа бей-жәй қарап отыруға болмайды. Табиғат – Ана бізсіз өмір сүре алар, ал біз онсыз өмір сүре алмаймыз. Әлемдік климаттың өзгеруімен қатар, Қазақстанның климатының өзгергені қатты байқалады екен. Тек қана топырақтың құнарсыздануы ауылшаруашылығына зиянын тигізді. Тіпті ядролық қарудың сыналғанын айтпағанның өзінде, радиоактивті қалдықтардың жиналғаны қаншама. Демек, жер де экологиялық апаттың алдында тұр. Осындай экология зардабынан сақтану үшін қажетті шаралар қолданған жөн.  Ең бастысы – табиғатты қорғау ісінде экологияны насихаттап, элологиялық проблемаларды тудырмау қажет.

Әрбір жеке адам қоршаған ортаның ластану мәселелерін  өзіне жауапкершілікке алмай, оны  цивилизацияның нәтижесі, әлі де бұл  қиындықтарды жеңуге уақыт бар деген  ойда болса, глобальді экологиялық  апаттан сақтану қиынға түседі. Қоршаған ортаны қорғау - әлеуметтік мәселеге айналған біздің ғасырдың үлкен міндеті болып отыр.

         Тәжірибенің басты мақсаты – Ерейментау ауданының экологиялық жағдайын зерттеп, анықтап, оны жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі бағдарларды талдау.

Зерттеудің  объектісі – Ерейментау ауданының атмосфералық ауаның, жер-су бетінінің ластануы және оның адамға әсері.

Тұған жеріміздің табиғатын  қорғау – баршамыздың міндетіміз. Келер ұрпақты экологиялық білімділікке баулу керек. Ата-бабамыз оқымай-ақ табиғатпен үндесіп, табиғат сырларын біліп отырған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кәсіптік іс-тәжірибені өту орны және мекеменің сипаттамасы.

 

Ерейментау ауданы Ақмола облысының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл аудан 1928 жылдың қыркүйек айында Ақмола округының құрамында Стаханово ауылы орталық болып табылатын Еркеншілік атымен құралған. 1935 жылдың қаңтар айынан бастап аудан орталығы Благодатное ауылы, ал 1954 жылдың 11 қыркүйегінде аудан орталығы Ерментау кентіне (1965 жылдың 30 шілдеден бастап Ерментау ауданға бағынышты қала дәрежесіне айналған) аударылды. 2 қаңтар 1963 жылы аудан Ерментау, ал 1997 жылы – Ерейментау атағына ие болды. Аудан орталығы – Ерейментау қаласы облыс орталығы Көкшетау қаласынан 470 шақырым және Астанадан 160 шақырым қашықтықта орналасқан. Шығыста аудан Павлодар облысы, оңтүстік-шығыста Қарағанды облысымен шектеседі.

Ауданның көп бөлігі ауыл-шаруашылық аймақтары алып жатыр, жол бойы көлігі, таулы жерлердегі пайдалы қазбалар, су мен жылуды өндіру мен тарату, электроэнергияны яғни жарықты өндіру. Ерейментау ауданының халқы – 15 мың адам. Ауданда бір қала, 14 ауыл округтері бар.

Ауданның жалпы көлемі 1777820 га, оның ішінде ауылшаруашылық жері келесідей бөлінеді (сурет 1):

  • егінді жерлер – 108193 га – 11,1%
  • көпжылдық ағаштар – 3 га – 0,03%
  • кен орындары – 117135 га – 12%
  • шөп шабынды – 9631 га – 1,1%
  • жайылым – 736636 га – 75,8%

 

 

Сурет 1 – Ерейментау ауданының жергілікті фонды

Климаты. Аудан ауа-райы құбылмалы-континенталды. Жылы мезгілде 125-185 мл жауын түседі. 135-140 күн аралығында ауаның температурасы 10 градустан жоғары болады. 125-140 күн аралығында қалыпты қар жатады, оның биіктігі 16-35 см-дейін жетеді, ал қар құрамындағы су қоры 40-90 мм аспайды. Қаңтар айының орташа температурасы – 25-30 градус суық, ал шілде айында – 25 градус жылы. Жылы кезеңнің ұзындығы 194-205 күн. Аязсыз кезең – 100 күннен артық. Қыс айларында қар басу, ұйытқыған, ұшқындаған желмен боран сирек емес.

Жеңіл-желпі жауын-шашынның деңгейі аудан бойынша тұрақты да бір қалыпты емес. Жазғы ыстық айларында жаңбырмен найзағай ілесіп жүреді.

Ерейментау таулары солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа дейін 90-100 километрге созылады, сілемінің жалпақтығы 20-25 километр. Биіктігі 200-ден 1000 метрге дейін жетеді.  

Оңтүстік батысында Қарағанды облысының аумағындағы Нияз тауларымен шектесетін Ерейментау алқабы оңтүстік-шығысқа қарай созыла келе Тұмсық, Айғыржал, Бәке сияқты биіктермен аяқталып, одан әрі ұсақ адырларға жалғасады.

Ерейменнің солтүстік-шығысында атақты Қоянды-Қойтас.

Ерейменнің солтүстік-шығыс бетіндегі Байғұлы, Жекесары, Жаманадыр таулары. Қарабұлақ шоқысы, одан әрі Қутайдың ағашына жалғасып, Түйтеш, Қаратұмсық, Тасшоқы, Жантай, Жапалақ, Тоғызкөл болып барып Масақбайдың ағашына ұласады. Қоянды-Қойтастан шығыс бетке қарай бұдырлы, таулы алқап бірте-бірте жоғалып, сонау Ертіске, одан әрі Омбының тоғайлы өңіріне дейін осылай жазық дала болып кете береді.

Өзінің атына сай Ерейментау – таулы, қыратты, тасты-шоқылы, орманлы-тоғайлы аймақ. Осы таулардың іші сылдырлап аққан бұлаққа толы. Бұлардың арасындағы ең ірісі – Кесіпөтпе-Қарабұлақ.

Ерейментау табиғи су бассейіндеріне бай аймақ. Әсіресе, оның шығысы мен солтүстік шығыс бетіндегі Жортан, Тілес, Қабылан, Тілембек, Бозайғыр, Майкөл, Қоржынкөл, Шөптікөл, Жарлыкөл, және тағы басқалары суы тұщы, балық пен құсқа бай көлдер.

Арқа даласының Ерейментау өңірі ғылыми тілде жартылай шөлейтті аймақ атанғанымен, көлі мен өзені, бұлағы, жалпы су көздері мол кездеседі. Ұсақ өзендер мен өзектерді айтпағанда, ауданның аумағы арқылы Сілеті, Өлеңті секілді екі ірі өзен ағып өтеді.

Флорасы. Ауданның өсімдік әлемі де өте бай және әртүрлі. Ол биіктігі бойынша далалық, шабындық, ормандық және талшілік өсімдіктер болып бөлінеді.

Далалық бірлестіктер (ақ селеу-бетегелі, ақ селеу-бетегелі-шөпті, жусанды-шөпті) көбінесе тау байырындағы жазық жерлерде, шоқыларда таралады. Шабындық, және ормандық өсімдік түрлері рельефтін шоқылар арасына төмендеген жерлерде кездеседі. Мұнда қайынды-көктерек тоғайлар, қараағаш ормандар өседі. Қайын мен қараағаш арасында мойыл, шәңкіш, таңқұрай, қызыл және қара қарақат, орманды қырықбуын, құлмақ және басқалары кездеседі. Ормандар саңырауқұлақтарға, жидектерге бай.

Талшілік өсімдіктерден түймедақ, бөдене шөп сияқтылары кездеседі. Жалпы өсімдік әлемі өте бірегей. Өсімдіктердің біразы ғылыми және тәжірибе жағынан маңызды, бір түрлері Қызыл кітапқа да енгізілген.

  Фаунасы. Жануарлар әлемі де әртүрлі. Таулар шыңдарын бүркіт, сұнқар, қырандар мекендеп алған. Қоян, еліктерді де жие кездестіруге болады, түлкі мен күзен де табылады, қасқырлар да келіп тұрады. Елік, қоян, ақ және сұр құрды аулауға жыл бойы тыйым салынған. Осы өңірді қыстап қалатын шіл, сауысқан, суықторғай, қара қарға, құрларды атпағанда, Ерейментауда жыл құстарының барлық түрі дерлік болады. Сәуірдің ортасы ауа жылдағы ұя салатын көлдеріне аққу, қоңырқаз, дала үйрегінің бірнеше түрлері, шағалар қайтып оралады.

Тау мен тастың сәні арқар секілді аң Ерейментаудың солтүстік-шығысындағы Қоянды-Қойтаста да мол болатын. Бір заманда бұл төңіректе аю да болыпты. Бұл күнде табиғи қорық деп жарияланған Ерейментау өңірінің аң-құсы қорғауды қажет ететіні айтпаса да белгілі. Және ол кешіктіруді көтермейтін мәселе.

Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша бойынша жануарлар мен өсімдіктер әлемі келесідей көрініс табады (кесте 1):

 

Кесте 1 – 2010 жылы Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жануарлар мен өсімдіктер әлемі

 

 

Түрлердің саны

сүтқорек-тілер

құстар

бауырғымен жорғалау-шылар

қосмекен-ділер

балықтар

өсімдіктер

Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша

9

11

-

-

8

16


Ескертпе: Қазстатақпарат бойынша

 

Қазба байлықтары. Аудан қойнауында көмір, алтын, мәрмәр тас, әк тас, сурьма, тұз, құмдақтың қорлары анықталған. Торғай кен орнында 1935 жылы сурьма қазып алатын комбинат салынған. Қорлар таусылып біткесін 1956 жылы комбинат жабылған.

Көмір кен орны Ерейментау ауданының солтүстік-батыс жағында 35 км қашықтықта орналасқан. 1995 жылдан бастап көмір ашық әдіспен алынып отыр. Одан басқа көмір қоймасы ескі Ерейментауда 7 км-дей қашықтықта табылған.

Мәрмәр тастың кен орны қаладан 12 шақырымда солтүстік-батыс жағында  орналасқан. 1200 маркалы тастан 1970 жылдан бастап ұсақталған тас өндірісі жүріп жатыр. 90-шы жылдарда өндіріс төмендеп, бұл тасты өңдейтін зауыт жабылып қалған. 1998 жылдан бастап ұсақталған тас өндірілмейді.

Кварц кені 10-20 шақырым қашықтықта ауданның солтүстік-батыс жағында орналасқан. Бұл кварцтың құрамында Al205 өте төмен (0,5% аспайды). Кварцтың өндірілуі 2000 жылдан басталған. Кварцит бірінші рет Ақсу зауытында ертілген.

Аудан аумағында ізбестік тастың көлемді  қоры табылған. Кәсіби өндіріс 1956 жылдан бастап жүргізіледі. Өндіріс көлемі 4 мың тонна және одан да көп болатын. Соңғы кездерде өндіріс көлемі азайған соң, 1998 жылдан жабылған.

Аудан бойынша құмның бірнеше карьерлері бар. Одан құмды құрылысқа үкімет орындары, коммерциялық мекемелер және жалпы адамдар пайдаланады.

Аудан аймағында бұлақ сулары аз емес. Оның Ерейментау қаласына жақын  орналасқан үшеу зерттелген. Бұл жұмыстарды өткізу үшін үш артезиан құбыры жасалған. Судың 1 летірінде 2-4 г минералды  заттар табылады. 2002 жылы қала аумағында  тағы бір су алатын құбырғы жасалған, оның да құрамындаға минералды заттардың пайызы өте жоғары.

Қазақтың тағдыры таразыға тартылып, алаш баласының басына күн туған  алмағайып кезеңде тұлпар мініп  ту алған аруақты ерлер етігімен су кешіп, ел мен жердің тұтастығын сақтап қалыпты. Есімдері Ерейментау жері, Қанжығалы елімен тікелей байланысты Бөгенбай батыр, Үмбетей жырау, Жантай батыр, Досай, Атан, Ақпа, Бура, Тайлақ, Можы, Арқандыр, Үйсінбай, Мырзакелді, Тоқаш, Үрпек сынды батырлар осы кезенде ел намысын ту етіп, атқа қонған екен.

Ақмола облыстық және Ерейментау аудандық әкімдіктерінің ынта білдіруіне орай, 2006 жылдың 13 қыркүйегінде ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде Бөгенбай батыр ескерткішінің жобасы үшін арнайы конкурс өткізіліп, белгілі  сәулеткер Шота Уәлиханов пен мүсінші Қазытай Нарысовтың жобасы үздік деп танылды. Сөйтіп, 2008 жылдан бастап бұл жұмыс нақты қолға алынып, бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, қазір батырдың ескерткіші Алматы қаласында арнаулы шеберханада қоладан құйылуда. Оның тұғыртасының биіктігі 6 метрге жуық. Қола мүсіннің өз биіктігі 5 метр. Бабамыздың қола мүсіні Ерейментау қаласының орталық алаңында қойылмақшы. Осы жерде жайландыру жұмыстары жүргізу үстінде.

Информация о работе Табиғат – адамның өз үйі