Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 09:41, реферат
Экология күрделі проблемалардың бірі. Жер қойнауындағы электр қуатына қажетті кен көздерін өндіру мен тұтыну, шамамен алғанда, шаруашылықтар мен соғыс мүдделері талап ететіндей деңгейден жүз есе артатын болса (мұның өзі таяудағы келешекте әбден мүмкін), онда планета климатының тұтастай бұзылуының келеңсіз зиянды құбылысын тоқтатуға мүмкіндік болмайды.
Кіріспе...................................................................................................................
5
І. Кәсіптік іс-тәжірибені өту орны және мекеменің сипаттамасы...................
7
1.1. Ерейментау экология департаментінің басқару құрлымы.......................
1.2. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және стратегиясы
ІІ. Ерейментау ауданының географиялық орналасуы....................................
2.1. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы........................................
2.2. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы және мониторингі........
2.3. Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жағдайы................................
ІІІ. Экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттары......................
3.1Ерейментау ауданында биоәртүрлікті сақтаудың бастапқы міндеттері 41
11
16
19
20
29
31
36
Қорытынды............................................................................................................
Ұсыныстар............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………
Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы - «Радиациялық қауiпсiздiк туралы» Заңдар, ал 2002 жылы - «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.
Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды iске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды .
Тұжырымдаманың мiндеттерiн
орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны
қорғау саласындағы мемлекеттiк
бақылауды күшейту және мiндеттi
экологиялық сараптаманы енгiзу
есебiнен 90 жылдардың басымен
Халықаралық және аймақтық міндеттеріне сәйкес елдер ұлттық бағдарламалар мен жоспарлар жасап, оларды жүзеге асыра бастады. Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде төмендегідей құжаттар жасалған:
Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық іргелі бөлігінің бірі болып табылады. Ол экологиялық тендестіктің тұрақтылығымен, табиғи ортаға шектен артық антропогендік әсерлерден қоғамның қорғалуымен анықталады.
Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеттері:
«Экология және табиғат ресурстары» Стратегиясының негізгі міндеттері ҚР экологиялық жағдайын жақсарту жоспарында және табиғи ортаның сапасын талдау және зерттеу негізінде жүргізілетін іс-әрекеттер жоспарында қарастырылған.
Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi шешу ұсынылады. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйiне мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.
ІІ.Ерейментау ауданының географиялық орналасуы
Қорықтардың роліне баға жетпейді. Олар ауыл шаруашылығына, оқу орындары, онеркәсіп қызметкерлеріне әрдайым үлкен ғылыми көмегін тигізіп келеді.
Қорық
мұражайлары туристер мен экскурсанттарды,
жастарды өзіне магниттей тартып тұрады.
Мұнда олар табиғат қорғаудың негізімен
танысады. Біздің елімізде қорықтар тек
қана табиғат эталоны, табиғат қорғауды
зерттеу, табиғат ғылымы ортасы емес, сонымен
қатар көпшілікке экологиялық білім тарататын
орын. Кәзірде бұл өте маңызды. Бүгінгі
оқушы, бүгінгі студент — ертеңгі маман,
қоғам қайраткері. Сондықтан да олардың
экология сырын терең ұғып, жақсы меңгеруді
болашақта шаруашылық әрекеттерін табиғи
ортаға зиянын тигізбейтіндей етіп ұйымдастырады.
4. Ерейментау ауданындағы тау ландшафты, бай жануарлар және өсімдіктер әлемі, қазақтың ұсақ шоқыларының араларында орналасқан өзендердің көптігі – бүкіл осы байлық туристік ағындарды қызықтыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
2.1. Ерейментау ауданының экологиялық
жағдайы
Экология саласындағы ең бір үлкен және маңызды мәселе – табиғи ортаны сақтау мен оны қалпына келтіру. Ерейментау ауданының орнықты дамуы оның экономикалық әлеуетінен, жер, адам және басқа ресурстарының болуынан ғана емес, сондай-ақ экожүйесінің жағдайына да тәуелді. Зиянды қалдықтарды шығаратын, жоғары тиімді (97-98%-ға дейін) тазартқыш құбырларының болуына қарамастан, өнеркәсіп орындары атмосфералық ауаның жағдайына маңызды әсерін тигізеді. Ауылды жерлерде ауаның ластануы мұхиттің үстіндегі атмосфералық ауамен салыстырғанда 10 есе, ал қалалардың ауа бассейні 150 есе артық.
Ластанудың негізгі көздері: энергетикалық құрылғылар, өнеркәсіп, автокөлік, коммуналдық жүйе. Әрбір қалаларда бұл көздердің маңыздылығы ғылыми-техникалық деңгейіне, техника мен табиғаттың қарым-қатынас стратегиясына, халық орналасқан жерлердің көріктендіру жағдайына және басқа да әлеуметтік-экономикалық факторларына байланысты .
Ерейментау ауданында негізгі қоршаған ортаны ластаушылар көлік және жылу жүйесінің кәсіпорындары болып табылады. Өткен жылдардағыдай, ірі стационарлық ластаушы көздері МКК «Теплосервис» және АҚ «811 автожөндеу зауыты» болып отыр. Келесі кестеде қоқыс тасталындылардың көрсеткіші көрсетілген (кесте 2):
Кесте 2 – Ерейментау ауданы бойынша қоқыс тасталындылар салыстырмалы көрсеткіші
Көрсеткіштер |
4 тоқсан 2008 жыл |
2008 жыл |
4 тоқсан 2009 жыл |
2009 жыл |
4 тоқсан 2010 жыл |
2010 жыл |
Жалпы көлемі |
79,60 |
474,47 |
74,54 |
493,29 |
73,34 |
492,81 |
Стационарлық көздерден |
63,88 |
287,78 |
59,42 |
293,12 |
56,31 |
264,31 |
Соның ішінде: қатты |
32,04 |
181,23 |
31,47 |
202,65 |
30,88 |
178,89 |
газдалған |
31,84 |
106,55 |
27,95 |
90,47 |
25,43 |
85,42 |
Жылжымалы көздерден |
15,72 |
186,69 |
15,12 |
200,17 |
17,24 |
228,5 |
Ескертпе: Аудандық есеп жүйесі
Осы кестеден көрінетіні, қоқыс тасталындылардың жалпы көлемі қарастырылған есеп уақыты бойынша көбею не азаю жағына көп құбылмалы еместігін көрсетеді, мұның өзі Ерейментау ауданында қоршаған ортаны ластауда жеткен тұрақтылықты анғартады. Басқа мәліметтерге қарағанда, былтырғы жылдары бұл көрсеткіштер тек қана көбею жағына ауысатын. Бұл тұрақтаны өз-өзіне жақсы көрсеткіш деп есептеуге болады.
Стационарлық және жылжымалы көздерден тасталынған қоқыстың жалпы мөлшері салыстырғанда 2007 жылдың 4-ші кварталы бойынша ( және 2008 жылдың 4-ші кварталы бойынша есеп уақытында бұл көрсеткіштін 6,3%-ға кемігенін байқатады. Бірақ жылдық көрсеткіштері, керісінше, көбейеді: 2007 жылы тасталындардың жалпы көлемі 474,47 тонна, ал 2008 жылы – 493,29 тонна. 2009 жылы көрсеткіштердің төмендегені айқындалды. Мысалы, жалпы көлемі 0,09 пайызға болсада кеміді. Бұл аудандық кәсіпорындардың өз жұмыстарында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көңіл аударғаннан болып отырған көрініс.
Осындай жағдай стационарлық көздерден тасталынған қоқыс қалдықтарында да көрінеді. 2008 жылдың 4-ші кварталында стационарлық көздерден 63,88 тонна қоқыс тасталынса, келесі жылдың осы уақытында 59,42, не болмаса 9,4%-ға төмендеді. Ал 2008 жылдың көрсеткішіне қарағанда, 2009 жылы 1,7%-ға өскенін байқаймыз. 2010 жылы керісінше, станционарлық көздерден шыққан қалдықтар көлемі азая бастады.
Бірақ, автотранспорттың көбеюіне байланысты
жылжымалы көздерден
Сурет 4. Стационарлық және жылжымалы көздерден қоршаған ортаның ластану болжамы
Стационарлық көздерден тасталынған қатты қалдықтардың көлемі жыл бойына 10,7 пайызға көбейіп, ал газдалған қалдықтар 15,7%-ға төмендеді. Газдалған қалдықтар көлемі аудан бойынша келесі көрсеткіштерді қамтиды (сурет 5):
Сурет 5. Ерейментау ауданы бойынша газдалған қалдықтар динамикасы
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 1990-1992 жылдары жағдай өте нашар болған. Ал 1998 жылға дейін жалпы өндіріс азайып, экономика ахуалы төмен болған жылдары қалдықтардың да кеміге анықталады. 2000 жылдан бастап олардың саны сәл көбейгені байқалып, 2002 жылдан бері газдалған қалдықтардың көрсеткіштері төмендеген. 1990 жылмен салыстырғанда одан 46% құрайды.
Ауаға зиянды заттардың
көп шығарылуына ластанған
Атмосфераны ластайтын үш негізгі көздерді атауға болады: өнеркәсіп, жылу жүйесі, көлік. Әр түрлі аймақтар бойынша әрбір ластағыш көздерінің үлесінің айырмашылығы бар. 5-ші суретте Ерейментау ауданы бойынша әрбір санаттың пайыздық үлесі көрсетілген (сурет 6):
Сурет 6. Ауаны ластағыш көздердің пайыздық үлесі
Газдалған қалдықтардың негізгі қайнар көзі болып табылатыны энергетикалық іс-әрекет, оның пайыздық үлесі 79,9 % құрайды. Екінші орында ауылшаруашылық (9,2%), маңыздығы бойынша ластағыш көздердің үшіншісі - өндіріс процестері (8,4%). Қалдықтардың пайыздық үлесі 2,5% құрайды.
Жылжымалы көліктер шығарған қоқыстың жалпы көлемі 4-ші квартал көрсеткіштерінде бір қалыпты болса, екі жылды салыстырғанда да 9 пайызға ғана өскенін көреміз.
Екі жылдың салыстырмалы көрсеткіштерінің бір-біріне жақындығы, екі жаққа да көп ауыспай отырғаны Ерейментау ауданындағы ауаның ластануы тұрақтанған жағдайды анғартады және бұл салада қауіпті өзгерістердің жоқтығын көрсетеді. Сондықтан, қоқыс қалдықтарымен ауаны ластауды айтқанда аудан бойынша Қазақстан Республикасының Экологиялық Тұжырымдамасының ең негізі приоритеттерінің бірі – табиғатты ластауды тұрақтандыруда едәуір шындарға жеткенімізді көздеуге болады.
Бірақ Ерейментау ауданы бойынша әлі де шешілмеген көп экологиялық мәселелер орын алуда. Мысалы, қала, ауыл тұрғындарының экологиялық мәдениеттің төмен болу салдарынан жылда рұқсатсыз жасалған қоқыс үйінділері пайда болады.
Ауданда барлық ауаны ластайтын стационарлық көздердің, ірі және ұсақ жылу жүйелері мен автокөліктер инвентаризациясы жасалынды. Ауданда 76 жылу тарататын жүйелер салынып отыр, соның ішінде де кіші жылу жүйелері, пеш-котелдармен жабдықталған. 3 жылу тарататын жүйелер сұйық жанармаймен жұмыс істейді. Шангаз сорғышпен жабдықталған бүгінгі күні 3 жылу жүйесі де жұмыс істейді. МКК «Теплосервис» және АҚ «811 автожөндеу зауыты КЛ» 2 жылу жүйесі. Жанар жағуын Екибастуз көмірі пайдаланады және де Майкүбе және Сарыадыр көмір кен орындары жағылады. 3 жылу жүйесі сұйық жанар майда мазут, дизелдік жанар-жағар майда жұмыс істейді.
Сілеті өзені аудан бойынша ең сулы артерия болып табылады. Қалған географиялық жерлерді кішігірім өзендер мен көлдер алады.
Ерейментау қаласының суы 7 скважина бойынша жұмыс атқарады, оның төртеуі резервте. Олардың барлық құрал-сайман, жабдықтармен, мекемелермен және санитарлық қорғау зоналармен жабдықталған.
Су асты сулары резервуарға – 2000 м3 су түседі. Суды өткізу желілері 47 км және жақсы толық жөндеуді сұрайды. Су желілерінде 52 су қоймалары бар, 1 жыл ішінде Ерейментау қаласында суды алу 150-250 мың м3, 3 квартал бойынша 63,0 мың м3. 4 квартал бойынша су 58,2 мың м3 су алынды. Осыдан басқа ауыл аймақтарында 12 скважина жұмыс істеп отыр. Соңғы жылдар ішінде ауыл-аймақтық жерлерде су желілерін жаңарту, ауыстыру, өңдеу мәселелері жүргізілуде. Көбінесе мемлекеттік мекемелер фондынан және облыстық бюджеттен ақша, қаражат бөлінеді.