Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 09:41, реферат
Экология күрделі проблемалардың бірі. Жер қойнауындағы электр қуатына қажетті кен көздерін өндіру мен тұтыну, шамамен алғанда, шаруашылықтар мен соғыс мүдделері талап ететіндей деңгейден жүз есе артатын болса (мұның өзі таяудағы келешекте әбден мүмкін), онда планета климатының тұтастай бұзылуының келеңсіз зиянды құбылысын тоқтатуға мүмкіндік болмайды.
Кіріспе...................................................................................................................
5
І. Кәсіптік іс-тәжірибені өту орны және мекеменің сипаттамасы...................
7
1.1. Ерейментау экология департаментінің басқару құрлымы.......................
1.2. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және стратегиясы
ІІ. Ерейментау ауданының географиялық орналасуы....................................
2.1. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы........................................
2.2. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы және мониторингі........
2.3. Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жағдайы................................
ІІІ. Экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттары......................
3.1Ерейментау ауданында биоәртүрлікті сақтаудың бастапқы міндеттері 41
11
16
19
20
29
31
36
Қорытынды............................................................................................................
Ұсыныстар............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………
Атмосфераның мониторингі
Тұрақты орындарда бақылау жұмыстары өткізілгенде зиянды заттардың мөлшерлемесіне әсерін тигізетін метеорологиялық жағдайға назар аударылады: ауа райы, жердің жылдамдығы және бағыты, ауа температурасы, атмосфера қысымы.
Бақылау нәтижесінде атмосфералық ауаның нақты жағдайы талданады. Зиянды заттардың атмосфералық ауадағы мөлшерлемесі шектен тыс болса, оның себебі:
Осы себептер айқындалғасын, кәсіпорында
атмосфераға шығарылатын
2.4 Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жағдайы
Ерейментау таулы алқаптарының территориясында екі шағын заказник бар. Оның бірі – Ерейментау заказнигі (Целиноград облысына қарайды), көлемі 35 мың гектар, 1968 жылы құрылған. Екіншісі – Қарағанды облысына қарасты Белодымовский заказнигі. Көлемі 3 мың гектар. 1971 жылдан бастап зоологиялық заказник деп жарияланған .
Көлемі 200 мың гектардан астам Ерейментау таулы аймағы, оған қоса негізгі қорғауға алынған объектісі арқарлар болып табылатын жаңағы екі заказниктер де ауылдар меншігіне бөлініп берілген. Олар негізінен қой жайылымдары ретінде пайдаланылады. Тауға жақын кейбір далалық учаскелер құнарсыз, тастақ болуына қарамастан жыртылып тасталған. Жер жырту, шөп шабу жұмыстарының және жайылымдықтар көлемінің жылдан-жылға жоғары қарқынмен ұлғаюы Ерейментау табиғатының байлықтарын сақтауды тым қиындатып жіберді. Бұдан ертеректе саны мол өсімдік түрлері бүгінде күрт азайып, олардың тағдыры табиғи экологиялық жүйені сақтауға тікелей байланысты болып отыр. Қойлар болса өсімдіктерді түбінен отайды. Осыған орай шөп тамырлары әлсіреп, көк шалғын да сирей бастады.
Тұрақты шөп шабу және мал жаю жұмыстары нәтижесінде көктерек, қайың қара қандыағаштардың табиғи өсіп-өнуіне кедергі салып отыр. Сирей бастаған қайыңды-көктеректі шағын ормандар мал ұстайтын, жаятын жерлерге айналған. Осыдан барып ағаштардың жас өскіндеріне зақым келеді. Көктеректер пен қайыңдар, қара қандыағаштар ерте солып, орманшықтар сирей береді. Орманшылар да оларды аман сақтауға жете мән бермей келеді. Шаруашылық мақсатқа ағаштарды қалай болса солай пайдалану бұған айқын дәлел.
Демалыс күндері Ерейментау тауларында сайрандап демалыс құру, табиғатты тамашалау үшін жиналатындар көптеп келеді. Олар саңырауқұлақ, жидек, дәрілік өсімдіктер жинайды. Мұндай кездерде тау ііпіи кезген машиналар саны да көп болады. Мұның үстіне осы жерде орналасқан аңшылық шаруашылығында әуесқой аңшылар да жиналады.
Аңшылықтың негізгі мақсаты әуел бастан жануарлар дүниесін жаппай қыру емес, керісінше олардың санын реттеу болып табылатын. Біз бүгінгі таңда жануарлардың санын кемітпек түгілі, олардың біржола құрып кетпеуі үшін белсенді күрес жүргізетін кезеңге жетіп отырмыз. Әзірге бұл аймақтағы табиғат байлығын сақтап қалуға мүмкіндіктер бар. Егер табиғат қазынасын аман сақтау мәселесіне көзқарасымызды өзгертпесек, келешекте бүгінгі Ерейментау өңірінде көріп жүрген жан-жануар, өсімдік түрлерінің көпшілігі жер бетінен біржолата жойылып кететіні сөзсіз.
Шынында да Ерейментауда не аулауға болады? Қандай жануар шамадан тыс көбейіп, атуды қажет етуде? Бұл жерде қасқырдан басқа хайуанаттардың қайсысы болмасын не тым азайып бара жатқан, немесе бір-жола құруға жақын қалған түрлер.
Аңшылықтың қырлары тым нәзік. Сондықтан да аңшылық қызығы мен құмарлығы көп жағдайда шектен асып, көрсе қызарлыққа айналып кетеді. Қолында қаруы бар аң куәсіз табиғатпен жекпе-жек қалады. Мұндайда оның қомағай көз қызарушылығын тежейтін тек қана аңшының ар-ұяты.
Ерейментаудағы қорғауға алынып отырған жануарлардың негізі арқарлар ғана екенін біз жоғарыда айттық. Ал елік болса біржола жойылуға жақын. Бір кездерде Ерейментау ормандарын мекендеген сілеусіндерден бүгінде ештеңе қалған жоқ. Суырлар тағдыры да мүшкіл жағдайда. Соңғы 20 жыл ішінде олардың саны алты еседен астам кеміді. Оларды аулау жоспары мөлшерсіз белгіленуде, басқаша айтқанда, іс жүзінде суырлар жоспарсыз аулануда. Облыстық аңшылар қоғамы бұл шаруаны бақылаусыз бетімен жіберген. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы хайуанаттарды негізгі күнелтетін жерлерінен ығыстырып, олардың өсіп-өнуіне, тіршілігіне тікелей қатер туғызып отыр. Атап айтқанда, осы жағдайларға байланысты олардың саны жылдан-жылға азая түсуде.
Ерейментау ұсақ шоқыларындағы жануарлар және өсімдіктер дүниесін, осы аймақтағы бүкіл табиғи комплексті қорғауға алу қажеттігі дәлелдеуді қажет етиейді. Теңдесі жоқ сәулетті тау ландшафтарында байырғы далалық және таулық өсімдіктердің эталондық учаскелері бізге дейін сақталып келеді. Оларды да қорғау абройлы борыш.
Тау маңындағы далалық учаскелерде шатқалдар мен тау бөктерлерінде Қазақстанның таулы бөліктеріне тән өсімдіктер мен жануарлардың генофондтары да сақталуда. Осы бір шағын таулы аймақтың территориясында түрлі экологиялық жағдайда түтікті өсімдіктердің 400-ден астам түрлері өседі. Олардың 70-і азықтық, жемшөптік, дәрілік және сәндік маңыздары бар сирек кездесетін немесе жойылуға жақындаған өсімдіктер. Бұл өсімдіктер арасында әсіресе аз ғана территорияларды алып жатқан эндемдер ерекше қамқорлықты қажет етеді. Себебі олар болмашы, кездейсоқ жағдайлар әсерімен құрып кетуі мүмкін. Біз осындай таулық-далалық және жартастық эндемдердің 6 түрін көрдік. Олар – галицкая қалақшасы, қабыршақты құртқашаш, бұдыр триния, елеусіз күйесіңір, түкжеміс ли-бапотис, Дмитриева сиякөгі.
Ерейментау өңірінде кезінде құрып бара жатқан шөл-далалык, крыловияны да кездестіруге болады. Сондай-ақ бұл аймақта Қазақстан флорасының тізіміне енбеген өсімдіктер де кездеседі. Бұлар — иілген қазтабан, пенсильван қазтабаны, сфералық жуа. Мұндағы тау етегіндегі далаңқы жерлерде Залесский қауын, көктем жалынгүлін, ал кейбір тау алаптарында сібір құраңгүлін кездестіруге болады. Бұл үш түр Қызыл кітапқа жазылған сирек кездесетін өсімдіктер. Өзен жағалауларын бойлай терең сайлар мен аңғарларда өсетін қара қандыағаштар да Қызыл кітапқа жазылған.
Ерейментау тек қана флора емес сондай-ақ фауналардың экологиялық типтеріне бай аймақ. Мұнда тау, орман және дала жануарлары қатар өмір сүреді. Сирек кездесетіндерден бұл жерлерде Қызыл кітаптарына жазылған жабайы тау қойы — арқарлар бар. Ал құстардан ақбас тырна және сұңқылдақ аққу бар. Бұлар да Қызыл кітапта .
Сөйтіп Ерейментау ұсақ шоқыларының шағын территориясында аса құнды табиғи қазына — өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлі жергілікті генофондтары шоғырланып отыр. Табиғатты пайдалануға бағытталған шаруашылық процестерінің арқасынды қадаммен ілгері басуына байланысты бұларды қорғап, кейінгі үрпақтар үшін, қоғам үшін сақтап қалу аса маңызды міндет. Ерейментау тауларын әлі жеткіліксіз зерттелген, аса үлкен ғылыми маңызы бар және республикамыздағы жедел қорғауды қажет ететін табиғи комплекстер қатарына жатқызу қажет.
Ерейментау суайрық сілемдері Қазақ ұса-қадырларының аса маңызды тау торабы және реликті болып табылады. Ол Қоянды — Ағдым. Мұзбел — Ағдым жоталарының қиылысатын жолында жатыр. Түрлі табиғи-географиялық мәліметтерге қарағанда өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің негізгі генетикалық фонды байырғы заманғы және бүгінгі суайырықтары орнында шоғырланған. Суайырықтары, әсіресе олардың қиылысқан жерлеріндегі экологиялық жүйелердің тірі организмдердің санып көбейту және органикалық заттар жасау қабілеті өте жоғары. Сондықтан да ең алдымен осы жерлерде мекендейтін өсімдіктер мен жануарларды қорғауға алу керек.
Өсімдік пен жануарлар дүниесі және басқа да биологиялық ресурс проблемаларын зерттеуде суайырықтары учаскелерінде орналасқан қорықтардың маңызы ерекше зор. Олар табиғи ортаға антропогендік әсерлердің ықпалын бақылауға (мониторинг) мүмкіндік береді. Экологтар табиғи құбылыстар мен органы бақылау жүйесін мониторинг дейді. Бұл зерттеулердің басты мақсаты адам мен жануарлар тіршілігіне зиян келтіретін, немесе қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау. Ал қорық территория-сындағы құбылыстар мен процестер тұрақты шаруашылық ықпалындағы жерлердегі құбылыстармен салыстыруға болатын маңызды эталон екені кімге болсын түсінікті. Олай болса жаңадан ашылатын жай қорықтардың да, әсіресе экологиялық бақылау жүйесі (мониторинг) бар халықаралық биосфераның қорықтардың суайырықтары қиылысқан учаскелерде орналасуы қажет.
Қорық көлемі өсімдіктер мен жануарлардың табиғи жағдайда өсіп-өніп көбеюін, жаңа түрлер жасауын, құстар мен ірі сүт қоректілердің еркін көшіп азық іздеуін қамтамасыз етуі тиіс. Біздіңше, Ерейментаудағы қатаң қорғау тәртібі енгізілетін қорық көлемі кемінде 150 мың гектар болуы керек және Ерейментау, Белодымов заказниктері міндетті түрде оның құрамына кіруге тиіс.
Қарағанды облысы территориясында орналасқан ені 5 шақырым, ұзындығы 15 шақырым Белодымов орман алқабы Ерейментау заказнигінің территориясына терең кіріп, оны шығыстан батыс жағына дейін бөліп жатыр. Аңшылардың айтуына қарағанда, арқарлар және баска да жануарлар негізінен Белодымов ормандық саяжай жерінде қыстап, сонда балалайды. Осыған орай жануарларды тиімді қорғап, олардың осы аймакта еркін аралап тіршілік құруын қамтамасыз ету үшін қорықтың территориясы біртұтас болуы міндет.
Қорыққа біртұтас жер бөліп беруге кедергі болатын жайлардың бірі — жаңағы заказниктердің территориясына Целиноград облысына қарасты Ерейментау, Қарағанды облысына қарасты Осакаров аудандары ауыл меншігіне жататын жерлер енеді. Бұл жерлердің көлемі біз ұсынып отырған қорық территориясының үш пайызы. Олар бөлшек-бөлшек болып әр жерде орналасқан. Сондықтан оларды қорық құрамынан шығарып тастау мүмкін емес. Ал бұл жерлер ауылдар меншігі ретінде қорық территориясында қалдырылатын болса шаруашылық әрекеттердің жануарлар тіршілігіне дамыл бермейтіні өзінен-өзі түсінікті. Және бұл қорык талабына қайшы келеді. Олай болса бұл егістік және шабындық жерлерді ауылдар меншігінен алып, қорық қарамағында қалдыру керек. Табиғат байлығын сақтағымыз келсе сараңдыққа жол жоқ. Шындығына келсек өңдеуі қиын тастақ, құнарсыз бұл жерлер ауылдардың экономикалық жағдайына үлкен зиян келтіреді деп ойламаймыз. Құнарсыз, тастақ жерлердің өнімі нашар болатыны бәрімізге белгілі.
Атап айтқанда, біздің есебіміз бойынша бұл жерлерді қорыққа бөліп бергенде шаруашылықтар тартатын зиян 1 миллион 200 мың теңге шамасында. Ал бұл шығынды жерді шаруашылыққа игеру жұмыстарының қарқыны арту нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қайталанбас түрлерін, жергілікті генофондтарын жойғандағы орны толмас экономикалық шығындармен салыстыруға болмайды. Өйткені табиғатты құрту оңай. қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да қорыққа жер бөлуді шаруашылық айналымынан жерді шығарып тастау деп ұқпай, керісінше теңдесі жоқ флоралар мен фауналардың қайталанбас мол қазнасын, болашақта шаруашылықты одан әрі өркендету үшін, ғылыми негізде пайдаланудың оң жоғарғы формасы деп түсінген жөн. Ауыл шаруашылығын жүргізу мәдениетін табиғат байлығына көзқарас мәдениеті тұрғысынан бағалайтын мезгіл жетті.
Қорықтардың роліне баға жетпейді. Олар ауыл шаруашылығына, оқу орындары, өнеркәсіп қызметкерлеріне әрдайым үлкен ғылыми көмегін тигізіп келеді.
Қорық мұражайлары туристер мен экскурсанттарды, жастарды өзіне магниттей тартып тұрады. Мұнда олар табиғат қорғаудың негізімен танысады. Біздің елімізде қорықтар тек қана табиғат эталоны, табиғат қорғауды зерттеу, табиғат ғылымы ортасы емес, сонымен қатар көпшілікке экологиялық білім тарататын орын. Бұл тұста белгілі жазушы Леонид Леоновтың: «Отанға сүйіспеншілікті, табиғатқа сүйіспеншілік негізінде тәрбиелеп және оны сәби жастан бастау керек. Табиғатты ұққан адамның жаны таза, көңілі жомарт болады», — деген сөздерін еске алмай болмайды. Кәзірде бұл өте маңызды. Бүгінгі оқушы, бүгінгі студент — ертеңгі маман, қоғам қайраткері. Сондықтан да олардың экология сырын терең ұғып, жақсы меңгеруді болашақта шаруашылық әрекеттерін табиғи ортаға зиянын тигізбейтіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықшаның экологиялық ағарту бөлімі осы мәселерді шешуге өз үлесін қосу барысында мынадай міндеттер қоюы орынды болар еді:
Жыл сайын өткізіліп отыратын халықаралық табиғат қорғау акциясы «Саябақтар–шеруі» аумағанда «Табиғатты қорғайық», «Біз Ерейментау өркеніміз» деген суреттер жарысын жасау, «Менің Ерейментауым» атты балалардың шығарма жұмысының жарысын өткізген қызықты да жөн болар еді. Жергілікті тұрғындар мен қорық қызметкелері бірігіп көгалдандыру, құстарды қорғау, көшедегі лас-қоқыстарды жинау, тұған өлкені зерттеп білу барысында табиғат ескерткіштерін қамқорлыққа алу сияқты шаралар өткізіліп отыруы тиіс.
Ерейментау ауданында, әсіресе, Ерейментау қорықшасының аймағында экологиялық мәселелер жоқтың қасы емес. Қорық қызметкерлерінің табиғатты қорғау тұрғысындағы еңбектері, осы қорықтың жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне толығымен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ете алмайды. Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықшасының ғылыми зертеулері көпжылдық жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Мысалы: «Табиғат жылнамасын» жүргізіп, биологиялық алуан түрлігінің жыл сайынғы мониторингісі, экожүйеге антропогендік факторлардың әсерін бақылау сияқты ғылыми зерттеулер жүргізілу керек. Айрықша қорғалатын және қорғалмайтын аймақтарды эко жүйелерінің өзгеруіне болжам жасалып, Ерейментау ауданының флорасы мен фаунасына инветаризация жасалуды талап етеді.