Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 09:41, реферат
Экология күрделі проблемалардың бірі. Жер қойнауындағы электр қуатына қажетті кен көздерін өндіру мен тұтыну, шамамен алғанда, шаруашылықтар мен соғыс мүдделері талап ететіндей деңгейден жүз есе артатын болса (мұның өзі таяудағы келешекте әбден мүмкін), онда планета климатының тұтастай бұзылуының келеңсіз зиянды құбылысын тоқтатуға мүмкіндік болмайды.
Кіріспе...................................................................................................................
5
І. Кәсіптік іс-тәжірибені өту орны және мекеменің сипаттамасы...................
7
1.1. Ерейментау экология департаментінің басқару құрлымы.......................
1.2. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және стратегиясы
ІІ. Ерейментау ауданының географиялық орналасуы....................................
2.1. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы........................................
2.2. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы және мониторингі........
2.3. Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жағдайы................................
ІІІ. Экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттары......................
3.1Ерейментау ауданында биоәртүрлікті сақтаудың бастапқы міндеттері 41
11
16
19
20
29
31
36
Қорытынды............................................................................................................
Ұсыныстар............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………
Ерейментау қаласының маңында Селенті, Өлеңті, Торғай, Кедей өзендерінің жағасында Түркі қағанаты дәуіріндегі (6-8 ғасыр) тасты мүсіндер кездеседі. Осындай тарихи орындардың бірі – Қоржынкөлдегі Саққұлақ би мазары. Мазардың ішінде Саққұлақ бидің өзі, Нұралы, Ералы сынды балалары жерленген. Білетіндердің айтуынша, 20-30 қадамдай жерде Бапан би мен Бөгенбайдың Жылқыбай деген баласының мүрделері мәңгілік мекен тапқан. 2000 жылы ұрпақтары бұл көне ескерткішті қайта жөндеп, көтерді.
1.1 Ерейментау экология департаментінің басқару құрлысы.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мынадай негізгі ұстанымдар бойынша жүзеге асырылады:
Жер, оның қойнауы, су, атмосфера ауасы, озон қабаты, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат жойып жіберуден, бүлінуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды әсерлерден қорғалады.
Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқарудың негізгі құралдары — жоспарлау, болжамдар және бағдарламалар мен сызбалар. Олар табиғат пайдаланудың теріс әсерлерін және салдарын алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда жұмсалатын шығындар зиянның салдарын жоюдан әлдеқайда тиімді болады.
Ең алғаш табиғатты қорғау мен пайдаланудың стратегиялық саясаты, бағыттары анықталады, тұжырымдамалар, сызбалар жасалады. Солардың негізінде жоспарлар, бағдарламалар құрылады. Оларда айқындалатын басты стратегиялық бағыттар:
Аталған мақсаттарға жету үшін жоспарлау міндеттері белгіленеді:
Табиғатты қорғау мен пайдалануды басқарудың екі деңгейін қарастыруға болады:
Табиғат жүйелерін басқару «қатаң» және «жұмсақ», ал пайдаланушыларды басқару әкімшілік және экономикалық тұрғыдан болуы мүмкін.
«Қатаң» басқару мысалы ретінде орманда жаппай ағаш кесу, өзен аңғарларын бұру, тың көтеру және т.с.с. атауға болады. «Жұмсақ» басқару — ағашты тандап, бөлектеп кесу, орманды күтіп баптау, сауықтыру, жер жыртудың, суландырудың агротехникалық ережелерін орындау, ерекше қорғалатын аймақтар құру және т.с.с. «Қатаң» басқару тез нәтиже береді. Шығындарды үнемдеуге мүмкін болады. Бірақ, ол уақытша ғана, соңыра орны толмас шығындарға ұшыратады .
Табиғат пайдалануды болжау және жоспарлау, әсіресе, сарқылатын және қалпына келетін ресурстар үшін өте маңызды. Басқаруда табиғи ресурстардың қалпына келу мерзімі, қарқыны және оларды пайдалану қарқыны ескеріледі. Ол үшін ұзақ мерзімдік болжамдар, жоспарлар, бағдарламалар жасалады. Оларда экономика-математикалық, статистикалық, болжау, сараптау әдістері қолданылады.
Табиғат пайдалану мен қорғауды жоспарлау негізгі ұстанымдарды сақтай отырып әрбір өндіріс, шаруашылық салаларында негізгі міндеттерді анықтайды.
Жүйелілік және ғылыми негізділік - өндірістің табиғи ортаға әсерін, табиғаттың кері әсерін жан-жақты бағалауды қажет етеді. Жүйелілік тұрғысынан ешқандай табиғи ресурс басқасына әсер етпей пайдаланылмайды және жеке қорғалмайды. Мысалы, топырақтың құнарлылығын арттыру үшін суландыру су ресурсына әсер етеді, ластанған су төгу су көздерін пайдаланушылардың барлығына әсер етеді, пайдалы қазбаларды өндіру және өндеу атмосфера ауасына, жер, су pecурстарына, өсімдіктер мен жануарларға әсер етеді және т.с.с. Әсерлерді болжау және бағалау үшін жоспарлау қажет болады.
Ұтымды табиғат пайдалану (оңтайлы) ұстанымы – экология және экономика салаларындағы заңдылықтарды ескеріп, ең оңтайлы шешімдерді қабылдау. Ол үшін Ерейментау қалалық қоршаған ортаны қорғау бөлімінде салыстырмалы бағалау, экономика-математикалық үлгілеу, табиғатқа әсерлерді бағалау, сараптау әдістері қолданылады.
Басқару деңгейлері бір-бірімен байланысты, табиғат жүйелерін басқару табиғат зандылықтарын зерттеп, соларға сәйкес шешім қабылдауды қажет етеді және табиғат пайдалануды басқару арқылы жүзеге асырылады, қоғамдық құқықтық және экономикалық заңдарға сүйенеді (сурет 2).
Сурет 2. Табиғатты пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды үкіметтік басқару органдарының жүйесі
Табиғат ресурстарын қалпына келтіру қарқынын пайдалану қарқынынан арттыру ұстанымы тұрақты дамуды, үздіксіз табиғат пайдалану-ды қамтамасыз етеді. Табиғат қорғауды, ресурсын молайтуды, үнемдеп, кешенді пайдалануды, қалдықтарды азайтып, ластауларды шектеуді көздейді.
Табиғат пен өндірістің үйлесімділік ұстанымы - өндірістерді, экономиканы, жалпы адамзат қоғамын экологияландыру болып табылады. Оны осы бастан бастап, біртіндеп әлемдік масштабта жүзеге асыра бастау керек, яғни адамзат қоғамы біртіндеп техногендік өндірістен экологиялық өндіріске, одан тұрақты дамуға және одан ноосфераға көшуі керек.
Кешенділік және әлеуметтік қажеттілік ұстанымы табиғатты пайымды, кешенді пайдалануды және қорғауды жүзеге асыру.
Аталған ұстанымдарды іс жүзінде қалыптастыруға және дамытуға табиғат пайдаланудың төлемділігі, жауапкершілік пен мүдделілік (ынталандыру) ұстанымдары қолданылады.
Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар арасында бөлінеді. Ол конституциялық әкімшілік бөлініске байланысты.
Өкілетті органдар шешім қабылдауды қажет етпейтін мәселелермен айналысады. Табиғатты қорғау зандарына сәйкес жоғары өкілетті органның құзыретіне, негізінен, бес мәселе жатады:
Сондай-ақ, облыстық өкілетті органдардың құзыреті анықталады. Олардың қарауына мыналар жатады:
Ерейментау қалалық қоршаған ортаны қорғау басшылығының жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес құзыретін келесі суреттен байқауға болады (сурет 3).
Сурет 3. Ерейментау қалалық қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қызметі.
Табиғатты қорғау жөнінде кейбір кұзыреттер ауылдық өкілетті органдарға да беріледі:
Халықтың, қоғамдық ұйымдардың, халық қалаулыларының талаптарына сәйкес барлық деңгейдегі өкілетті органдар атқарушы органдардың құзыретіндегі басқа мәселелерді де қарастыра алады. Сонымен қатар, олар өздерінің құзыретін табиғат қорғау жөнінде нақты шешімдер қабылдау үшін атқарушы органдарға бере алады. Мысалы, экологиялық және санитарлық нормаларды бұзған кәсіпорындардың жұмысын тоқтату немесе экологиялық зиянды әрекеттерге жол бермеу туралы.
Егер атқарушы органдардың шешімдері табиғатты қорғаудың экологиялық талаптарына қарсы келетін болса, өкілетті органдар оларды тоқтата алады. Сонымен қатар атқарушы органдар өкілетті органдардың шешімдерімен келіспесе, сотқа шағына алады.
Ерейментау қалалық Табиғатты қорғау жөніндегі арнайы мемлекеттік органдар құзыретінің көлемі мен сипаты бойынша төрт: кешенді, салалық, қызметтік және территориялық түрге бөлінеді.
Кешенді органдар барлық міндеттерді немесе табиғат қорғау міндеттерінің бір тобын атқарады. Салалық – жеке табиғат нысандарын қорғауға және пайдалануға назар аударады. Қызметтік – барлық табиғат нысандарына қатысты бір немесе бірнеше қызметтер атқарады. Территориялық - өз территориясында басқару міндеттерін орындайды.
Кешенді басқару органдарына жататындар: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі; Санитарлық-экологиялық бақылау; Төтенше оқиғалар жөніндегі агенттік; Гидрометеорология және мониторинг қызметтері.
1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және стратегиясы
Қазақстандағы тәуелсiздiк
жылдары экологиялық
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.
Әлемдік экология рейтингінде Қазақстан 133 елдің ішінде 70-орында. Washіngton Profіle басылымы хабарлағандай, тұңғыш рет жасалған бұл тізім Давоста өтіп жатқан әлемдік экономикалық форумда таныстырылды. Қазақстан экологтарының айтуынша, елде экологиясы нашар бірнеше аймақ бар, бірақ соңғы кезде жағдай реттеліп келеді. Тізімге енген елдер 6 топқа бөлінген: денсаулық, ауа сапасы, су ресурстарының жағдайы, биологиялық жан-жақтылық, табиғи ресурстар және тұрақты энергетикалық даму.
Қазақстанда 1990 жылдан бастап табиғат пайдалануды экономикалық әдістермен басқаруға бағытталған экологиялық саясат қалыптаса бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың
барлық салаларын реформалау табиғи
ресурстарды пайдалануға
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды.