Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 09:41, реферат
Экология күрделі проблемалардың бірі. Жер қойнауындағы электр қуатына қажетті кен көздерін өндіру мен тұтыну, шамамен алғанда, шаруашылықтар мен соғыс мүдделері талап ететіндей деңгейден жүз есе артатын болса (мұның өзі таяудағы келешекте әбден мүмкін), онда планета климатының тұтастай бұзылуының келеңсіз зиянды құбылысын тоқтатуға мүмкіндік болмайды.
Кіріспе...................................................................................................................
5
І. Кәсіптік іс-тәжірибені өту орны және мекеменің сипаттамасы...................
7
1.1. Ерейментау экология департаментінің басқару құрлымы.......................
1.2. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және стратегиясы
ІІ. Ерейментау ауданының географиялық орналасуы....................................
2.1. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы........................................
2.2. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы және мониторингі........
2.3. Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жағдайы................................
ІІІ. Экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттары......................
3.1Ерейментау ауданында биоәртүрлікті сақтаудың бастапқы міндеттері 41
11
16
19
20
29
31
36
Қорытынды............................................................................................................
Ұсыныстар............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………
Су желілері келесі ауылдарда жөнделді: Өленті, Тайбай, Еркіншілік, Торғай, Бозтал, Сілеті ауылы бойынша су мәселесін жөндеу жөнінде құжаттар дайындауда және де кіші ауылдық жерлерде Елтай, Жарықта су мәселесін, су желілерін де өңдеуде.
Ауылдық жерлерден су алу 450 мың м3 құрап отыр.
Ауданда орталықтанған канализация бар, көп пәтерлі үйлер қосылған, мекемелер мен меншікті үйлер де қосылған. Сонда да қаланың үлкен бөлігі де суы мен канализациясы жоқ үйлер, тұрмыс қалдықтары қазылған шұңғырларға жинақталып, осылардан жерасты және жерүсті сулар ластанады. Ливневтік канализация қалада жоқ, жер үсті сулары темір жол станцияның батпақты жерлеріне түседі. Тазарту жұмыстары жүргізілмейді. Канализациялық сулар қала маңындағы полигондарға құйылды. Канализациялық сулар көлемі келесі суретте көрсетілген (сурет 7):
Сурет 7. Ерейментау қаласы бойынша канализациялық сулар ағынының жалпы көлемі, 2010 жыл
37 ауыл-аймақтық пунктік жерлерде 37 тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталатын рұқсат етілген жерлері бар, бірақ олар заңды тіркелмеген, тек қана ауылдық әкімдердің рұқсатымен берілген жерлер, аймақтар. Осы сандар бойынша тек қана 18 стандарттық келісімдерге сәйкес келеді. Жылдан-жылға тастап және бұзып кеткен үйлер де ауылдық жерлердің, аймақтардың санитарлық және экономикалық жағдайына аса ауыр қауіп туғызады. Маңайларында, аумақтарында рұқсат етілмеген қоқыс орындары, қоқыстар шығарылмаған, малдың қалдықтары жинақталады.
Көп қабатты үйлердің тұрғындарын сапалы ауыз сумен іркіліссіз қамсыздандыру мәселесін шешу мақсатында 2008 жылы жапон гранты бойынша арынды су мұнарасы мен 5 скважинасымен су желілері пайдалануға берілді. 2010 жылы 9 қоқыс орындары тазартылып, қоқыс территориялары жойылған. Тағы да 3 қоқыс орны тазартылуы көзделіп отыр. Қатты қалдықтар көрсеткіші былайша орналасқан (кесте 3).
Кесте 3. Ерейментау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар көрсеткіші
мың тонна
Көрсеткіштер |
1 квартал |
2 квартал |
3 квартал |
4 квартал |
Қалдықтардың жалпы көлемі |
10,497 |
8,7 |
7,48 |
12,87 |
Қатты тұрмыстық қалдықтар |
3,62 |
4,87 |
2,8 |
3,65 |
Күлдер |
6,87 |
3,83 |
4,68 |
9,2 |
Соның ішінде: кәсіпорындардан |
2,15 |
0,67 |
0,78 |
1,17 |
жеке меншік секторынан |
4,72 |
3,16 |
3,9 |
5,03 |
Берілген кестеден көрініп отырғаны, қалдықтардың көлемі жыл мезгілдеріне сәйкес өзгеріп отырды: 1 квартал 2009 ж жалпы қоқыс саны 10,497 мың тонна құрап отыр. Оның 3,62 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар және 6,87 мың тонна күлдер, оның ішінде 4,72 мың тонна жеке меншік секторларынан. Ал 3 квартал бойынша жалпы қоқыс саны 7,48 мың тонна, ол 2,8 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, оның 3,9 мың тонна жеке меншік секторларынан және 0,78 мың тонна кәсіптік мекемелерден.
Ауыл-аймақтық жерлерде коммуналдық қызмет көрсету жүйелерінің, қоқыс аймақтарын қадағалайтын адам болмаған соң, рұқсат етілмеген қоқыс орындары көбейіп кетті.
Аудан бойынша 2063 га жер көлемінен соңғы жылдар бір да гектары өңделмеген жерлер де баршылық.
2007 жылы қаңтар айында қабылданған Экологиялық Кодексте табиғат пайдаланушыларға қатаң талап қоятын заңнама актілерінің енгізілуі кәсіпорындар арасында жаңа, экологиялық тұрғыдан таза технологияларды пайдалануға еріксіз өтуді мәжбүрлейді. Ерейментау ауданында экологиялық салада белгілі бір оң үрдістердің байқалуынан, экологиялық жағдай тұрақтанды (сурет 8).
Сурет 8. Ерейментау ауданы бойынша стационарлық көздерден шығатын зиянды қалдықтардың динамикасы
Көрсетілген жылдар бойынша Ерейментау ауданы бойынша қоршаған ортаны ластағыш заттектер шығарындылары азайып келеді. Яғни, стационарлық көздерден шығаратын зиянды қалдықтардың көрсеткішінің азаюы – аудандық кәсіпорындарының табиғат қорғау шараларын жүйелі орындап отырғандығының дәлелі. Жалпы алғанда, соңғы 5 жыл көлемінде стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылар 2004 жылы 174,7 мың тоннадан 2008 жылы 65,7 мың тоннаға дейін азайды. Қазстатақпарат мәліметі бойынша 2009 жылы Ерейментау қаласындағы атмосфералық ауаның ластану индексі 6,5 құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 8,5-ке тең болған еді.
«Ерейментау Су-арнасы» мемлекеттік кәсіпорынның жұмысын бақылау нәтижесінде мониторинг деректері бойынша, аудан өзендерінің су беті бірқалыпты үшінші сапа сыныбымен ластанған деп бағаланады. Кәсіпорындармен су қорғау шараларын жүргізу нәтижесі жағдайдың тұрақтануына себепкер болды. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы аудан көлемінде табиғат пайдалану объектілеріне табиғат қорғау заңнамасын сақтауы бойынша екі жүзден астам тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру кезінде заңбұзушылық фактілері де тіркеліп, ондағы тексеру нәтижесі мынадай сандармен көрсетіледі:
Сонымен қатар, назар аударуды талап ететін, оқшаулап айтатын экологиялық проблемалардың бірі автокөліктерден шығарылатын шығарындылар көлемінің артып бара жатқандығы. Көлік ағымдарын реттеу құзыры жергілікті атқарушы биліктегілерде. Ерейментау аудандық қоршаған ортаны қорғау басқарма тарапынан көлік шешімін тиімді пайдалану реттілігі бойынша ұсыныс жіберілді: күнделікті пайдалануға жіберіліп жатқан бензин сапасын бақылау жұмыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілу.
Ауданда 1-2 сыныпты қауіпті қалдықтарды және пестицидтерді (өсімдік жойғы) көму үшін қорымдардың болмау проблемасын шешу 2006-2010 жылдар аралығындағы Ақмола облысы Аймақтық агроөнімдерді дамыту кешенді бағдарламасына енгізілді.
Аудан бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Ерейментау қаласының орталық базарындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Аудан орталығы әр ауылдармен жалғасатын жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ.
Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосфераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.
Ерейментау қаласының тұрғындары жылда айналаны көріктендіру, көгалдандыру, таза ұстау мақсатында ауқымды жұмыс жүргізеді. Жасыл желектің күтімінен басқа гүлзар мен газон жабдықтау негізінде көп іс тындырылды. «Қаланы гүлмен көмкереміз» қозғалысының көшбасшысы ретінде В.А.Волкова жанашырлықпен бастама көтерді. Қоғамдық негізде, жеке уақытымен санаспай гүлдің тұқымын жиыстырып, көшет әзірлеп берді. Бұдан басқа 153 мың теңгеге гүлдің көшеті сатылып алынды. Көктемгі-жазғы кезеңде 150 түп ағаш пен бұта отырғызылды. Бұл орайда қаланың еңбек ұжымдары, мектеп оқушылары, зейнеткерлері, тұрғындары өлшеусіз жәрдем береді.
Өткен жылдың мамыр айында, қаланы көріктендірумен қатар, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қала жастарының қатысуымен «Тазалық – денсаулық кепілі» экологиялық сенбілігі өткізілді. 2008 жыл ішінде «Ерейменнің қыздары» шаруа қожалықтары қауымдастығының «Шымбұлақ өзенінің мөлдір айдынындағы қандыағаштың сәулесі» жобасы жүзеге асырылды. Жобаның жетекшісі – Н.П.Парфенова. «Жасыл желек», «Таза тоған» акциялары өткізілді. Нәтижесінде Шымбұлақ өзенінің сағасына тал көшеті отырғызылды. Өзеннің бойы мен плотинаның маңайы қоқыстан тазартылды. Акцияға «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының, аудан мен қала әкімдігінің өкілдері, бюджеттік мекемелердің, бизнес-орталығының, әскерлендірілген күзеттің қызметкерлері, тағы басқалары қатысты .
Қазіргі уақытта қалада
шаруашылық жүргізу құқығындағы «
Аудан бойынша 2006-2010 жылдар арасында қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың ең үлкен үлесі ауа мен жерді қорғауға бағытталды, суды қорғауға және қалдықтарды басқаруға жұмсалатын шығындар екінші орын алды (сурет 9)
Сурет 9. Шығындардың негізгі салалары бойынша қоршаған ортаға жұмсалатын 2006-2010 жылдардағы үлесі (орташа үлесі пайыздарда)
Осы суреттен көрінетіндей, 2006-2010 жылдар арасында ауаны қорғауға жұмсалған шығындар орта есеппен, ауаның ластануымен күрес жүргізу саласындағы шығындардың жалпы деңгейінің шамамен 75 пайызын құрады. Суды қорғау мен қалдықтарды басқаруға жұмсалатын шығындардың сәйкес үлестері анағұрлым төмен болып шықты және сәйкестігіне қарай 32% бен 20%-ды құрады. Осы цифрлар ағынды сулар мен қалдықтарды басқару салаларындағы анағұрлым қажет инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін барабар қаражаттардың жоқ екенін көрсетеді.
2.3 Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы және мониторингі
Мониторинг – табиғи ортаның сапасын бақылау, бағалау және өзгерістерін болжау жүйесі. Мониторинг тікелей басқару міндетін атқармайды, ол бақылаумен қатар, мәліметтер жинақтау және басқару қызметтерін қарастырады.
Бақылау әдісі, масштабы, нысандары, әдістері бойынша мониторингтің бірнеше түрлері ажыратылады. Масштабы бойынша глобалды (бүкіләлемдік, планетарлық), аймақтық және жергілікті мониторинг жүргізіледі. Қолданатын әдістері бойынша: ғарыштан, ұшақтардан, қашықтан, тұрақты ауыспалы (жылжымалы) бақылау. міндеттері бойынша: нақты жағдайды бақылау және болашақ өзгерістерді болжау. Бақылау нысандары бойынша: атмосфера ауасының мониторингтері.
Мониторингтік бақылаулар Қазақстанның өзендері мен су қоймаларының, атмосфера ауасының антропогендік әсерлерден ластануын қадағалап отырады.
ҚР 2001 ж. 27 маусымдағы №885 қаулысымен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізу» Ережесі бекітілген. Ереже мониторинг жүйесінің ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қызметтерін, құрылымын және мониторингті жүзеге асырудың тәртібін, қаржыландыру көздерін анықтайды. Негізгі міндеттері:
Мониторинг жүйесінің құрылымы нысандарымен және аумақ аясымен анықталады. Мониторинг нысанына қарай мынадай жүйелерге бөлінеді:
Мониторинг ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді өз деңгейлерінде республикалық және аймактық атқарушы және уәкілетті органдар республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырады.
Атмосфера.Атмосфераның экологиялық мониторингіне бақылау, мәліметтерді жинау, талдау жасап, зауыттың өндірісінің ауаға келтіретін ықпалын бағалау жатады. Бұндай мониторингтін соңғы нәтижесі өндіріс объектілерінің қоршаған ортаға тигізетін зиянының дер кезінде алдын-алу немесе қысқарту болып табылады.
Атмосфералық ауа мониторингі зауыт қалдықтарында табылатын барлық ластауыш заттарға емес, тек қана өте қауіпті болып саналатын қоқыстарға орын алады.
Атмосфералық мониторингті үстіміздегі жылғы мониторинг бағдарламасына сәйкес график бойынша сынақтарды жинау арқылы өткізіген жөн. Осы сынақтар қорытындысынан атмосфералық ауаның нақты жағдайын талдау керек. Мониторинг бойынша алынған атмосфералық ауада жинақталған зиянды заттардың бірреттік көрсеткіштері стандартқа сәйкес көрсеткіштерімен салыстырылады.
Атмосфералық ауаның ластануы МЕСТ 17.2.3.01-86 «Табиғатты қорғау. Атмосфера. Елді мекендерде ауаның сапасын бақылау ережесіне» және РД 52.04.186-89 «Атмосфераның ластануын бақылау нұсқаудың» талаптарына сәйкес бақылануы керек .
Атмосфераның мониторингі зиянд