Табиғат – адамның өз үйі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 09:41, реферат

Описание

Экология күрделі проблемалардың бірі. Жер қойнауындағы электр қуатына қажетті кен көздерін өндіру мен тұтыну, шамамен алғанда, шаруашылықтар мен соғыс мүдделері талап ететіндей деңгейден жүз есе артатын болса (мұның өзі таяудағы келешекте әбден мүмкін), онда планета климатының тұтастай бұзылуының келеңсіз зиянды құбылысын тоқтатуға мүмкіндік болмайды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
5

І. Кәсіптік іс-тәжірибені өту орны және мекеменің сипаттамасы...................
7

1.1. Ерейментау экология департаментінің басқару құрлымы.......................
1.2. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және стратегиясы

ІІ. Ерейментау ауданының географиялық орналасуы....................................

2.1. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы........................................
2.2. Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы және мониторингі........
2.3. Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықша жағдайы................................


ІІІ. Экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттары......................

3.1Ерейментау ауданында биоәртүрлікті сақтаудың бастапқы міндеттері 41
11
16

19

20
29
31

36



Қорытынды............................................................................................................

Ұсыныстар............................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………

Работа состоит из  1 файл

отчет - копия.doc

— 709.50 Кб (Скачать документ)

Ерейментау ауданында  жер қойнауын жақсартудағы бастапқылық  міндеттері келесідей болуы тиіс:

  1. Құнарлығын қалпына келтірілетін топырақтың ауданың көбейту және 2020 жылдан бастап бұзылған жерлердің санын азайту.
  2. Топырақты мүжілуден және құрғақшылықтан қорғау үшін агротехникалық шараларды ұлғайту.
  3. Құнарсызданған егіндік жерлерді егін есебінен шығарып, оның орнына көпжылдық шөптерді егу.
  4. Құнарсызданған ауылшаруашылық жерлерді орман алқабына ауыстыру.
  5. 2020 жылға дейін өнеркәсіп орындарымен пайдаланудан шығарылған жердің 100 пайыздық өлшемін құнарлығын қалпына келтіру.
  6. Топырақтың сапасын бақылау жүйесін құру.

 

3.1.Ерейментау ауданында биоәртүрлілікті сақтаудың бастапқы міндеттері:

 

  1. 2015 жылға дейін аумақтық экологиялық жүйені құрастыру.
  2. 2015 жылға дейін ерекше қорғалатын жерлердің көлемін көбейту.
  3. 2010-2020 жыл аралығына «Ерейментау орманы» атты аумақтық бағдарламаны әзірлеп, 2025 жылға дейін орман алаңын 12 пайызға дейін көтеру.
  4. Биоәртүрліліктің мониторинг жүйесін құру, олардың нығайған аумағын анықтау, зиянды түрлердің таралуын бағалау.
  5. Аудан тұрғындарының арасында білім беру стратегиясын әзірлеп, қоғам сана-сезімін қалыптастыру.

Сонымен, тиімді экологиялық  саясат жүргізу үшін:

  • ластағыш көздерді бақылау жүйесін және қоршаған ортаға тигізген зиян үшін қаржылық жауапкершілікті қаталдыру;
  • ластағыш өнеркәсіп орындарын экологиялық қауіпсіз технологияларды өндіруді қызықтыру мақсатында эколого-экономикалық тәсілдердің ролін нығайту;
  • жұртшылықты экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға кеңімен қатыстыру.

ХХ ғасырдың аяғы мен  ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым - қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті.Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың  өмір сүрү барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол  қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Презиндентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет айтып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды

 

Тәжірибенің тақырыбы Ерейментау ауданының экологиялық жағдайы болып табылады. Бұл мақсатты орындау үшін аудандағы бірнеше мекемелерде, кәсіпорындарда экологиялық жағдайларын тексеріп, зерттеу жүргізілді. «Аурика», «Гелиос» жанармай станцияларында ауаны ластайтын қоқыс мөлшерлері анықталды. Қазақстан жерінің ең басым бөлігі – дағдарыста болып табылады. 
Адам қоғамы жер бетіндегі тіршіліктің шыққан биік шыңы, оның басқа тірілерден ерекшелігі - «сапалылығы»,»ақылдылығы». Дегенмен көне замандарда да тіпті соңғы кездердегі «ғылыми-техникалық үдеу» заманында адам қоғамының барлық тірлігі биік»саналықпен» жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай, әсіресе біздердің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайды қарауымыздан анық байқалады.

Кезінде дарынды орыс оқымыстысы академик В.И.Вернадский аңсаған  адам қоғамының саналы қимылының  нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға «ноосфераға» (ақыл еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай тұрғанын мойындауымыз керек.

Белгілі Америка экологы  Ю. Одумның бағалауы бойынша... « адам өмірді жақсы өткізу үшін (мекендеуі, тамақтық, т.б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әрбір адамға 2 гектардай жер керек екен.Оның 0,6 гектары тамақтық заттар өндіру үшін, 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи сақталуы керек», - деген. Бұл жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қауіпті болуына қажет. Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 5 миллиардтан астам адам үшін қажетті көрсеткіш көптен бері-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті 0,6 гектар жыртылған жер орнына, небары 0,3 гектар - ақ келеді. Дегенмен де бұл көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі болып келеді. Бұрынғы Одақта, қазіргі тәуелсіз Қазақстанда бұл көрсеткіш біршама жақсы. Бұған қарап, бұл аймақтардағы экологиялық жағдай тамаша деуден аулақпыз. Әсіресе, бұл жағдай Қазақстанда өте нашар. Соңғы жылдарға дейін, Мәскеу - Қазақстан өндірісінің 93%-не қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға үлкен нұқсан келтірді. Себебі, республикамыз Орталық нұсқауымен шикізат өндірумен шұғылданып келді. Ал, шикізат өндіру - өндірістің ең «ылас» саласы. Сонымен, өктемдігі биік империя орталығы 70 жылдан астам Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі «қаймақтарын» алып келді. Сонымен қатар, экологиялық зиянды қоқыстарын қазақ халқының үлесіне қалдырып отырды. Баршамызға мәлім, Қазқстанда бүкіл Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. Оған қоса, республикамызды дамып келе жатқан құрылыстар алаңы. Халық - шаруашылығымыздағы қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдар да осы өзіміз мекен етіп отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде жатыр. Міне, осы байлықтарды барлау, қазып алу, тасымал-дау кезінде жерімізде көптеген «жарақаттар» пайда болды. Оның үстіне көбісі ең «арзан» ашық әдіспен қазып алған кездерде жеріміздің күлі көкке ұшып, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады.

Ескеретін жай, республикамызда  мұндай қазба - байлықтарды алған кезде «таза бұзылған» жерлерден басқа, әзірше түсініксіз себептерден бүлінген жерлерге қосылмай жүрген миллиондаған гектар жеріміз бар. Ондай жерлер қатарына әскери - өндірістік кешендерге бөлінген жерлерді жатқызамыз. Яғни, табиғат байлығын пайдалану экономикасының пәні – қоғамдық өндіріс кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық қатынастар болып табылады.

Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктердің  жоғалуы, табиғи ландшафт өнімділігінің  төмендеуі, топырақ, су жүйесінің құрғауы, қоршаған ортаның ластануы – Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының бұзылуын сипаттайды.

Экологиялық мәселелер басқару шешімдерін қабылдау кезінде ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда қоғам оның себептерімен емес, ал олардың туындауымен күреседі.

Қазақстандағы тәуелсiздiк  жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк  жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған  және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне тек қана мамандар емес, бүкіл халық болып, кәсіпорындардың қарапайым жұмыскерлерінен бастап басшыларына дейін келешек ұрпаққа қандай табиғатты қалдырамыз деп ойланса, сонда ғана бұл мәселенің шешілуі оңтайлы болады.

Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

                                  

                                                  Ұсыныстар

 

  1. Ерейментау қаласының канализациялық тазарту құрылғыларының апаттық жағдайы. 2006 жылы Ерейментау қаласының канализациялық тазарту құрылғыларын қайта құрудың 2 және 3 этаптарын өткiзу үшiн ТЭН мен ЖСҚ, тазарту құрылғыларының қолданыстағы сұлбаларын модернизациялауы әзiрлендi. Жергiлiктi бюджет қаражатынан қаржыландыру 10,065 млн. теңге құрады. Қаражатты игеру 100% құрады. 
    Ерейментау қаласында КТҚ өткiзiлген 1-шi этапы қаланың ағынды суларын биологиялық тазарту әдiсiн қолдану арқылы тазартудың деңгейiн көтеруге мүмкiндiк бердi. Осы iс-шараның экологиялық әсерi кәсiпорындардың ағынды суларының сапасын жақсартуға мүмкiндiк бердi.
  2. Ерейментау қаласында пайдаланған суларды тазалау құрылысының жоқтығы.
  3. Пайдаланған суларды сақтау қоймасының жоқтығы.
  4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын полигондардың экологиялық талаптарға сәйкес еместігі, ауылды жерлердегі қоқыс қоймаларының иелері жоқтығы.
  5. Ауылдық аймақтарда радиациалық жағдайларының тексерілмегені

 

Жұмыскерлердің денсаулығын  қорғау, еңбек жағдайының қауіпсіз болуының кепілдігі, мамандық ауруларды  жоюы және өндірістік жарақаттану үнемі  нашандар одағының және басшылардың назарларының ортасында болады.

  • жұмысшының өмірі мен денсаулығы кәсіпкердің ісінің нәтижесінен басым.
  • жұмыс берушінің толық жауапкершілігі.
  • Мемлекеттік бағдарлама негізінде еңбек қорғау мәселелерін комплексті шешу.
  • кәсіпорындардың барлық түрлеріне бірдей талап қою.
  • кәсіпорындарда техникалық қауіпсіздік пен еңбек қорғауының талаптарын орындауына мемлекеттік қадағалау жасау.
  • еңбек қорғау саласындағы барлық ғылыми жетістіктерді кеңінен пайдалану.
  • еңбек қорғауын қаржыландыруында мемлекеттің қатысуы.
  • кәсіпорындарда еңбектің сау және қауіпсіз жағдайларына жас беретін салықтық саясат жүргізу.          

Біздің елімізде еңбеккерлердің еңбегін қорғауға барынша көңіл  бөлінеді. Мемлекет бұған қаржы бөліп отырады. Ауыл еңбекшілері өздерінің денсаулықтары туралы тұрақты қамқорлық сезінуде. Ауылшаруашылық кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасының ең сенімді құралдары енгізілуде. өндірістік жарақат алумен кәсіби аурулардың мүмкіндігін кемітетін еңбектің санитарлық - гигиеналық  жағдайлары жақсартылуда. Кәсіпорындармен акционерлік қоғамының техникалық жарақаттанудың артуына сәйкес бұл бағыттағы жұмыс бұрынғыдан да табандылықпен жүргізілмек.

Жұмысшылардың қатарына күні кеше қосылған мектеп оқушысының жұмыстағы табысы және денсаулығының сақталуы көпшілік жағдайда басшының өзіне, оның техникалық мамандықты және еңбектің қауіпсіз тәсілдерін қалай меңгергендігіне байланысты болатынын есте жақсы сақтау керек.

Мал шаруашылығындағы пайдаланатын жабдықталған машиналарды қамтамасыздандыру, одан басқа улы және зиянды химиялық заттармен (формалин, эфир, әртүрлі дезинциялық ертінділер) үнемі жұмыс істеуге 18 жасқа толмағандарды жібермейді.

Шаруашылықта жұмысшыларды алғаннан кейін техникалық қауіпсіздіктен кіріспелі және жұмыс орындарында  нұсқаулар жүргізілген.  Жұмыс орындарында күн тәртібімен және еңбек жағдайларымен таныстырады.

Жаман иісті газдар көңдердің, азық қалдықтарынан жиналуынан және сүрлеуді дұрыс жүргізбеуінен пайда  болады. Ондай газдардың қатарына жануарлар денсаулығына және өнімділігіне зиянын тигізетін аммиак, күкіртті сутегі, меркоптан және басқалары жатады. Бұл газдардан қызмет көрсететін жұмысшыларда зардап шегеді. Жүргізілген зерттеулер сүт фермаларының ауданындағы ауада басқа аудандарға қарағанда аммиак мөлшері 20 есе көп екенін дәлелдеген.

Көңдердің жаман иісін елді-мекендерге тарауға жол бермеу керек. Қазіргі уақытта көптеген елдерде қала маңдарына мал шаруашылық кешендерін салуға рұқсат етілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212.
  2. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы
  3. Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы
  4. Экология. Учебник./ под ред. Е.А. Криксунова, В.В. Гасечника – М.: Издательский дом «Дрофа».: 1995. – с.14.
  5. Оспанова Г.С. Экология. – Алматы, Экономика, 2002.
  6. Экология. – Астана: Фолиант, 2008
  7. Қартқожақ С.С. Экология негіздері. – РИИ, 2008.
  8. Чернова, Н.М., Галушин, В.М., Константинов, В.М. Жалпы экология. – Алматы, Дрофа-Кітап, 2007.
  9. Вернадский В.И. Химическое строение Земли и ее окружение. – М.: Наука, 1965.
  10. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері. – Алматы, Жеті жарғы, 2006.
  11. Баубеков Н.А. Состояние и проблемы экологической безопасности окружающей среды в Республике Казахстан. – А.: ЦНТИ, 2006.
  12. Асқарова, Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. – Алматы, Заң әдебиеті, 2005.
  13. Горелов А.А. Экология: Учеб. пособие для вузов. - М.: Юрайт, 2001.
  14. Болтаев А.Д. Қазақстанның экологиялық жағдайы. – Тараз, 2007.
  15. Баубеков Н.А. Состояние и проблемы экологической безопасности окружающей среды в Республике Казахстан. – Алматы, ЦНТИ, 2006.
  16. Баубеков Н.А. Состояние и проблемы экологической безопасности окружающей среды в Республике Казахстан. – А.: ЦНТИ, 2006.
  17. Прядко Г.Ф. Ерейментау. – А.: Қайнар, 1989.
  18. Байбосын С. Ерейментау. – Астана, «Фолиант» баспасы, 2009.
  19. Үпішев, Е. М. Мұқаұлы, С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау. – Алматы, Экономика, 2006.
  20. Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы. Қазстатақпарат 2008.
  21. «Ерейментау қаласының 2009 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы» есеп. 13.01.2010 ж.
  22. Ақбасова А.Ж. Экология. – Алматы, Бастау, 2003.
  23. Қоршаған ортаны қорғауға арналған заңнамалар мен нұсқаулар жиынтығы. – Алматы, 2002.
  24. Жатқанбаев Ж. Экология негіздері. – Алматы, Зият Пресс, 2004.
  25. Қоршаған ортаны қорғауға арналған заңнамалар мен нұсқаулар жиынтығы. – Алматы, 2002.
  26. Тұрарбеков А. Ауыл шаруашылық экологиясының теориялық негіздері мен тұжырымдамасы. – Алматы, 2002.

Информация о работе Табиғат – адамның өз үйі