Симплекс әдісі арқылы шаруашылықтың максимум пайда табуын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 19:23, курсовая работа

Описание

Құрылған бағдарлама Delphi тілінде жазылған. Delphi бағдарламалау тілі көптеген курстық жобаларды, өзінің процедуралы және логикалық, объектілі бағдарлы байлықтарымен жүзеге асырады. Delphi тілінде бағдарлама құру өте қолайлы, маңызды және тиімді болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Айжан курсавой.doc

— 570.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Құрылған бағдарлама Delphi тілінде жазылған. Delphi бағдарламалау тілі көптеген курстық жобаларды, өзінің процедуралы және логикалық, объектілі бағдарлы байлықтарымен жүзеге асырады. Delphi тілінде бағдарлама құру өте қолайлы, маңызды және тиімді болып келеді.

   Бұл курстық жобамды  Delphi 7.0 объектіге бағытталған бағдарламалау тілінде жазған себебім, Delphi тілі біздің бүгінгі өмірімізде кең қолданыста жүрген өте ауқымды, қуатты, мүмкіншіліктері өте көп тіл болып табылады. Кез–келген басқа да бағдарламалау тілдеріне қарағанда, Delphi тілі жасалынатын жұмысты барынша көркемдеп, әдемілеуге, кез–келген бағдарламаны дайындауға, тереңірек бағдарламалауға мүмкіндік береді. Delphi  тілінің элементтері көп жағдайда Турбо Паскаль тіліне ұқсайды.Бұл тілді Паскаль тілінің кеңейтілген түрі деп атайды, сондықтан да Delphi тілінде жұмыс істеу қолданушы үшін оңай және аса қызықты. Delphi-дің негізгі ерекшелігі онда қосымша құру үшін компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компонентер Visual-ды компонентер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Дельфиде бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру және мультимедиялық процестерді ұйымдастыру мүмкіншілігі мол.

Delphi тілін қолданысқа алғаш рет Borland компаниясы ұсынған, ең алғаш бірінші нұсқасы 1994 жылы шыққан. Кейінгі жылдары оның бірте – бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 нұсқалары жарық көрді. Delphi 7.0 бағдарламалау тілі Delphi ең соңғы қолданыста жүрген нұсқасы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.1 Жобаның  аудандық сипатталуы

Менің курстық жобамның  тақырыбы массивтер мен  жұмыс деп аталады. Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне  бір ортақ атау берілген жиынды массив деп атаймыз.Массивтардың негізгі параметрлеріне  оның типі : сандық, символдық, логикалық; өлшемі : бірөлшемді, екіөлшемді т.с.с.; және көлемі : жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны   жатады.Массив элементтері нөмірленген айнымалылар болып табылады.Айнымалы аты массив атымен бірдей болады.Тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелердің реттелген жолдарын, фамилия тізімін көп пайдаланамыз, оларды бір өлшемді, яғни бұл массивке   мысал ретінде векторларды қарастыруға болады.Ал егер  массивке  кестелік  берілгендер жазылса (матрица) , онда элементтері екі  индекс  бойынша нөмірленеді.

Паскаль  тілінде қарапайым  айнымалалармен  қатар массив түрінде  біріктірілген айнымалылар да кездеседі.мысалы, нақты сандардан құрылған төмендегі  тізбекті

   1.6,  14.9,  -5,  8.5,  0.46,  2.25,  -9.85,  6.27,  5.7, -3.2

бірөлшемді массив деп, оған А деп  атау беруге болады.Массивтің  әр элементі массивтің атымен белгіленеді де, тік жақша ішіне оның индексі  қойылады, массив элементтері  индекстері бойынша реттеліп жазылады.Математикада массив вектормен көрсетіледі .Массивтің кез келген элементін  оның реттелген нөмірін, яғни индексін көрсету жолымен пайдаланамыз.Индекстер нақты типтен  басқа кез келген скалярлық тұрақты немесе өрнек күйінде  бола береді.Массив элементтерінің саны оны индексінің мәнімен және олардың өзгеру аралығымен анықталады. Массив типі – күрделі тип.Массивті бірқалыпты анықталатын регулярлық тип деп те атайды.Массив элементтері  және оны атауын белгілеу алгоритмдегі белгілеумен бірдей.

  Массив сипаттамалары:

  • Типі – массив элементтерінің жалпы типі;
  • Көлемі – массив индекстерінің саны;
  • Шектелімі - әрбір индекстерінің шектеу бойынша сәйкестігі;
  • Пішімі – көлем және шектеу жиындары.

      Массивтер  элементтерімен жұмыс жасау барысында,  массив атаунан кейін міндетті  түрде тік жақшаға алынған  индекс көрсетіледі.Индекс ретінде сандар қолданылады.Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе айнымалыларды сипаттау (var) бөлімінде хабарлануы қажет.Массивті сипаттау үшін  аrrау  оf  сөз тіркесі қолданылады.

   

 

Оның жазылу пішімі:

    type  <тип аты> = аrrау [ < индекс типі > ] оf  < элемент типі > ;

    var < идентификатор, ... > : <тип аты> ;

 

   Мұндағы  аrrау (массив), оf  (-дан, -ден, -тан, -тен ) – түйінді сөздер;

[ < индекс типі > ] – real , integer  базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын,. Логикалық және литерлік типтер пайдаланылады; < элемент типі > - құраушылар (элемент) типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын массив элементтерінің типі.

     Бұдан программада  массив пайдаланылатын болса, онда ол  var  айнымалы бөлігінде немесе  type тип бөлігінде сипатталуы қажет.type бөлігінде массивтің типі көрсетіледі де, одан соң айнымалы  var  бөлігінде осы типке жататын массивтер немесе олардың тізімі көрсетіледі.Массивті type бөлігінде  сипаттау программа көлемін үлкейтеді, бірақ программаны тез түзетудің, онда қате жібермеуді мүмкіндігі молдау болады.

    Мысалы, программада нақты  40 элементтерден тұратын  А  массиві  пайдаланылатын болса,  онда оны  тип бөлігінде  былай сипаттайды:

   

    type  т = аrrау [ 1..40 ] оf  real ;

    var а,б,с,д: т;

    Мұның артықшылығы  – программадағы типі т болатын бірнеше массив бір ғана жолмен ығайлы түрде сипатталып тұр.Массив типтер  бөлігінде көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлігінде былай да анықтала береді:

                                       

    var < идентификатор, ... > : аrrау [ < индекс типі > ] оf  < элемент типі > ;

 

Мысалдар:

Type

     Klass= (k1,  k2, k3, k4 );

      Znak = array [1..255] of char;

Var

       M1: znak;      { Znak типі бөлігінде анықталған}

       M2: array [1..60] of  integer;   {М2 массивін тікелей сипаттау}

       M3: array [1..4] of   klass;

       Mas: array [1..4] of  integer;

       Lit: array [char] of   real;

       Ogr: array [5..15] of  char;

       Bol: array [boolean] of   integer;

        A: array [1..5] of real;

        Aj: array [ қаңтар, .., желтоқсан ] of integer;

 

 

   Бірөлшемді массивті  көбінесе  сызықтық массив деп атайды.Массивті  жадқа ендіру мен оны экранға  шығаруды бөлек циклдер бойынша  орындаған дұрыс.Оларды тип бөлігіндегі сипаттаудың  тағы да бірнеше мысалын қарастырайық:

        Type   S1= array [1..n] of  real;

                   S2= array [1..m] of integer;

                   S3= array [1..k]  of char;

                   S4= array [1..20] of  Boolean;

       Var      A, B : S1;

                   L,G : S4;

                   C     :S2;

                   D    :S3;

      Массивті  сипаттағанда индекстің үлкен  мәні үшін кез  келген, яғни 255 символдан аспайтын  санды алуға  болады, бірақ програмада пайдаланылатын индекстің мәні  оны берілген ең үлкен мәніне дейін болуы шарт емес.Мысалы, массивті сипаттағанда  array [1..255] деп жазып, программаны орындағанда і<255 кез келген мәнді пайдалануға болады.Программада і-дің мәні  массивті сипаттағандағы оның ең үлкен мәнінен ешқашан да аспауы  қажет.

     Индекс  типі  стандартты, бүтін  немесе  нақты бола алмайды.Сондықтан,  сипаттауды былай жазуға болмайды:

    Var  A: array [5] of real;

             Немесе

    Var  A: array [integer] of real;

 

    Егер бірнеше массив  бірдей базалық  және индекстік типте болса, онда оларды  массив ретінде сипаттағанда үтір арқылы бөліп жазуға болады:

    Var  A,В,С: array [1..10] of real;

  Мұнда А,В,С – массивтер,  олар нақты типтегі  10  саннан  тұрады.

     Программада  «индекс»  және  «индекс  типі»  ұғымдары  әр түрлі мағына береді. Индекс типі массивті сипаттағанда пайдаланылады.Индекс жиым элементтерін белгілеу үшін  операторлық бөлікте пайдаланылады.Индексті сипаттағанда қандай тип берілсе, индекс сол типте ғана болуы қажет.Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты  түрінде берілуі мүмкін.

     Сондықтан да көбінесе  массивтерді индекстік айнымалылар  деп те атайды.Ал индекссіз айнымалыларды массивтерден ажырату үшін қарапайым айнымалылар  деп атайды.Базалық типтегі айнымалыларға  қандай амал қолданылса, массив элементтеріне де сондай амал қолдануға болады.

 

 Мысалы, программаның  операторлық  бөлігінде     массив элементтері  үшін  мынадай өрнекер жазуға  болады:

       А[3]:= С[4]+5;

       Р:= Х[3*і+1];

Паскаль тілінде массивтерге = (тең) , < >  (тең емес)  және  меншіктеу амалдарын  қолдануға болады.Ал масив элементтері  үшін олардың  типіне сәйкес кез келген  амал орындала береді.

   Мысалы, А және В массивтері  былайша  сипатталса:

      Var  A,В: array [1..10] of real;

Онда пайдаланылған  амалдар төмендегідей  нәтиже береді.

 

Өрнек

Нәтиже

А = В

 

 

 

 

А < > В

 

 

 

 

А:=В

А массивінің  әр элементінің  мәні  В  массивнің  сәйкес элемементінің  мәнін тең болса, онда нәтиже  true болады.

 

А массивіні  ең аз дегенде  бір элементінің мәні  В массивінің сәйкес элементінің мәніне тең болмаса,  онда нәтиже   true  болады.

 

В массивінің  барлық элементтері  А  массивінің сәйкес элементтеріне айналады.


 

 

      Массив элементтері   өрнектерде  read, readln, write, writeln   тәрізді операторлардың параметрі  міндетін атқара отырып, циклдік операторларда пайдаланылады  немесе айнымалыларға басқа мән меншіктеуде  операнд, яғни  аргумент рөлін атқарады.

      Мысалы, А массиві   элементтерін пернетақтада енгізу  үшін:

         For i:=1 to n do

               Read(a[i]);

А массиві элементтерін экранға шығару үшін:

         For i:=1 to n do

              Write(a[i],’ ‘);

операторлары қолданылады.

Екі өлшемді массивтер

 

   Турбо Паскаль  программалау  тілі бір өлшемді массивтермен  қатар екі өлшемді және көп өлшемді массивтерді қолдануға мүмкіндік береді. Егер массив атауында бір ғана индекс болса,онда ол массивті бір өлшемді деп айтатынбыз.Ал егер  массивтің  индексі екеу болса, мұндай массивті екі өлшемді массив деп атаймыз және т.с.с. n индекс болса, n-өлшемді индекс дейді.Массив элементтері былай белгіленеді: A[i ], B[i, j], C[i, j, k] және т.с.с., мысалы,  В[i][j].Мұндағы A[i ] бір өлшемді  массивтің i-ші элементі, B[i, j] – екі өлшемді  массивтің  i-жолы  мен j-бағанасының қиылысында орналасқан элементінің белгіленуді; ал  C[i, j, k] үш өлшемді массив, оны элементін кеңістікте орналасқан нүкте координаталары (i, j, k) деп қарауға болады.

    Екі өлшемді массивті  Var бөлімінде сипаттаудың жалпы  түрі:

 

Var

    массив атауы : array [ а1..аn, б1..бn]  of  элемент типі;

Мұнда айнымалылар бөлімінде  осы  типке жататын  массивтер көрсетіледі.

   Екі өлшемді массивті Type  бөлімінде сипаттаудың жалпы  түрі:

 

Type 

       массив  типінің   атауы = array [ а1..аn, б1..бn]  of  элемент  типі;

Var   массив атауы : массив  типінің  атауы ;

   Мұндағы ,а1..аn, б1..бn –  екі қлшемді массивтің көлемі.

а1 және аn – массив қатарыны алғашқы  және соғы мәні;

б1 және бn – массив бағаныны алғашқы  және соғы мәні.

  А [n ,m] – массивін сипаттау жолы:

               

                      і


А  массиві:        1     2    3    ...   n

         
         
         
         
         



    J           1    

                 2 


                 3

                 .

                  m

                   

  Var 

          a:array [1..n,1.. m] of  integer;

 

    Type   бөлімінде екі өлшемді массивтерді сипаттау:

Type     GR = array [1..n,1..m] of integer;

Var     A : GR;

 

  Мұнда индекстер  әр типте сипатталып, одан соң  массив элементтерінің базалық  типі көрсетілген.Екі өлшемді  массивтерді сипаттауды мынандай да жолдары бар:

       Type     GR = array [1..n] of   array [1..m] of < элемент типі >;

Мысалы, 

  Type     GR = array [1..2] of   array [1..3] of   іnteger ;

      ...

  Var     A : GR;

   Мұнда алдымен жол индекстерінің  [1..n] типі, одан со күрделі базалық тип көрсетілген:   array [1..m] of  < элемент типі >;

Егер көп өлшемді  массив құратын кезде базалық  тип ретінде  басқа массив алынса,  онда сипаттау   бөлігі  былай  жазылады:

  Type   vector = array [1..4] of  integer;

              massiv = array [1..4] of  vector;

   var    matr: massiv;

  Мұнда    massiv  және   matr   массивтері  екі өлшемді,  яғни  massiv [ 4,4 ] , matr [ 4,4 ] – олар 4 жол  және 4 бағанадан тұратын кесте  элементтерін бейнелейді.

Информация о работе Симплекс әдісі арқылы шаруашылықтың максимум пайда табуын анықтау