Visual Basic ортасында программалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 13:38, лекция

Описание

New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал- саймандары мен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта ( IDE интегральная среда разработки) деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Visual Basic ортасында программалау..docx

— 122.29 Кб (Скачать документ)

1.1.Visual Basic  ортасының негізг элементтері.

New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал- саймандары мен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта ( IDE интегральная среда разработки) деп те атайды. 
1.Экранның жоғарғы жағында негізгі немесе Бас мәзір деп аталатын мәзірлер қатары орналасқан. 
2.Бас мәзірдің төменгі жағында құрал- саймандар панелі ( Standard) орналасқан.Бұл панельде Бас мәзірдің командаларын жылдам орындайтын батырмалар шоғырланған.Егер экранда құрал- саймандар панелі көрінбесе, онда оны View-ToolBars-Standard командасын орындау арқылы шығаруға болады. 
3. Visual Basic компоненттері (элементтер) панелі. 
4. Үстіне Visual Basic компоненттерін орналастырып, терезелі қосымша жасау үшін қолданылатын қалып немесе Форма терезесі орналасқан. 
5.Форманың астыңғы жағында орналасқан Форма конструкторы. 
6.Форма макеті терезесі. 
7.Проектілер терезесі. 
8. Visual Basic компоненттерінің қасиеттерін (әртүрлі параметрлерін) өзгерту үшін қолданылатын Қасиеттер терезесі орналасқан.
 
 

                                       1.2. Бас мәзір 
Visual Basic ортасының жұмысын басқару командалары Бас мәзірде шоғырланған.Оның құрылымы Windows- тің басқа программаларының мәзірлері сияқты болып келеді. Visual Basic ортасының жұмысын басқару командалары атқаратын қызметтеріне қарай File, Edit, View, Project, Format, Debug, Run, Query, Diagram, Tools, Add-Ins, Window, Help мәзірлеріне топтастырылған. 
File мәзірі қосымша жасауда қолданылатын файлдар мен жұмыс істеуге арналған.Бұл мәзірдің командалары көмегімен файл ашуға,сақтауға, баспаға жіберуге, Exe- типті бірден орындалатын файл жасауға болады. 
Edit мәзірінің командалары негізінен буфердегі мәліметтерді алмастыру үшін қолданылады.Бұл мәзірдің командаларымен програмалық текстермен қатар объектілердің өздерінде көшіруге, кесіп тастауға, өшіруге формадағы орналасқан объектілердің барлығын бірдей белгілеуге, сондай- ақ код редакторынан, процедурадан немесе бүкіл проектіден белгілі бір текстік фрагментті іздеп табуға болады. 
View мәзірі Visual Basic ортасында программалауда қолданылатын әр түрлі құралдарды, формалар, модульдер,проектілер және т.б. көмекші терезелерді экранға шығаратын командалар тобынан тұрады. 
Project мәзірі командалары тікелей проектілермен жұмыс істеуде қолданылады. 
Format мәзірінің командалары проект элементтерінің өлшемдерін анықтау үшін қолданылады. 
Debug мәзірі командалары қосымшалар жұмысын дұрыстау, түзету үшін қолданылады. 
Run мәзірі қосымшаларды іске қосу командалар тобынан тұрады. 
Tools мәзірі командалары програмада қолданылатын қосымша программалар, процедуралар мен функциялар орнату үшін қолданылады. 
Add-Ins мәзірінде Visual Basic ортасының Visual Data Manager, Add-In Manager сияқты көмекші програмаларын іске қосатын командалар орналасқан. 
Window мәзірі Visual Basic програмасының анықтамалық жүйесін ашатын командалар тобы кіреді. 
Бас мәзір командаларының атқаратын қызметтерімен тікелей қосымшалар жасау барысында танысамыз. 
 

1.3.Проектілер  терезесі

Қосымша жасауда  қоданылған барлық формулаларды, модульдер  мен элементтерді көрсетіп тұратын  арнайы файлды проект деп атайды.Бұл  файлға қосымшаның құрамына кіретін  барлық формалар мен модульдер сақталады. VB- те проект үшін Проектілер терезесі қарастырылған.Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. VB- тің басқа терезелері сияқты Проектілер терезесін жылжытуға, оның формасын өзгертуге (кеңейтуге не сығуға) болады. 
Сондай-ақ бұл терезеде тышқан құрылғысының оң жақ батырмасын басу арқылы бірден File мәзірінің командаларын орындауға болады. 
View Code- програмалық код терезесін шығарады. 
View Object- форманы шығарады (форманы Form1 (Form1) файлын іске қосу арқылы да шығаруға болады). 
Toggle Forders – форма бумасын ашады (Form бумасын жанындағы + белгісін басып ашуға да болады). 
 

1.4.Форма,  форма конструкторы  және форма макеті  терезесі.

Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет атқаратын басты терезені Форма деп атайды.Ол орындалған кезеңде көзге көрінбейтін нүктелі тордан тұрады.Тор пайдаланушының формадағы объектілердің дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады.Форма Форма конструкторы терезесінде орналасады. 
Форма макеті (Form Layout) терезесі қосымша орындалғанда программалаушыға форманың экранның қай жерінен шығатынын көрсетіп тұрады.Форманыі экранға шығатын орнын өзгерту үшін программалаушы макеттегі форманың бейнесін курсормен шертіп қалаған жеріне сүйреп апарып қоюына болады. 
Пайдаланушы Форма мен оның конструкторы терезелерінің өлшемдерін, кәдімгі Windows терезелеріндегі әдістерді қолдану арқылы, өзінің қалауы бойынша өзгертіп алуына болады. 
Егер экранда Форма көрінбесе, онда оны келесі командаларды орындап шығаруға болады. 
1.Бас менюден View Object командасын орындау арқылы. 
2.Shift+ F7 функциональды клавишаларын басу арқылы. 
3.Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы. 
 

1.5.Компоненттер  панелі

Visual Basic ортасының Компоненттер панелінде келесі элементтер орналасқан: 
1.Pointer ( Указатель)-панельдегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.Мысалы панельде бір компоненттің батырмасын басқан кезде, компонент батырмасының түрі жартылай ішке еніп, екпінді күйге өтеді.Бұл жағдайдан қайтадан формада жұмыс істеуге өту үшін алдымен көрсеткішті басып екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру керек. 
2.Label (Надпись )- текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент. 
3.Frame (Рамка)- формаға ішіне әр түрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент. 
4.CheckBox(Флажок)- формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент. 
5.ComboBox(Комбинированные поля)- формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс шығару үшін қолданылатын компонент. 
6.HScroolBar(Полоса прокрутки)- формаға жатық (горизанталь) айналдыру белдеушесін шығаратын компонент. 
7.Timer(Таймер)- формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент. 
8.DirListBox(Списки каталогов)- формаға таңдалған дискінің құрамына кіретін каталогтар тізімін шығаратын компонент. 
9.Shape(Фигура)- формаға әр түрлі геометриялық фигуралар шығаратын компонент. 
10.Image(Рисунок)- формаға әр түрлі типті бейнелік файлдардан  суреттер шығаратын компонент. 
11.OLE(OLE- контейнер)- Visual Basic ортасын Windows операциялық жүйесіне орнатылған басқа қолданбалы программаларымен байланыстыратын компонент. 
12.PictureBox(Графическое поле)- формаға графиктік өріс шығаратын компонент.Графиктік өріске әр түрлі типті бейнелік файлдардан сурет шығаратын компонент.Графиктік өріске әртүрлі типті бейнелік файлдардан сурет шығарумен қатар басқа да объектілер енгізіп, олардың барлығын бір объект ретінде қарастыруға болады(Frame сияқты қолдануға болады). 
13.TextBox(Текст)- формаға текстік және сандық шамаларды енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент. 
14.CommandButton(Командная кнопка)- формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонент. 
15.Option Button(Переключатель)- формаға жанында ауыстырып қосқышы бар жазу шығаратын компонент. 
16.ListBox(Список)- формаға бірнеше ұатарлардан тұратын жазулар тізімін шығаратын компонент. 
17.VscroolBar(Полоса прокрутки)-формаға тік (вертикаль) айналдыру белдеушесін шығаратын компонент. 
18.DriveListBox(Список дисков)- формаға компьютерге орнатылған дискілер тізімін шығаратын компонент. 
19.FileListBox(Список файлов)- формаға таңдалған каталогта орналасқан файлдар тізімін шығаратаын компонент. 
20.Line(Линия)- формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент. 
21.Data(Данные)- формаға белгілі бір объектілерді деректер қоры сақталған mdb- типті файлдармен байланыстыратын және олардың жұмысын басқаратын компонент.Қосымшаларда бұл компонентті қолдану үшін алдын ала деректер қоры файлын (mdb- типті) жасап алу шарт.

Бұлардан бөлек  элементтер панелінде Project – Components командасын орындағанда немесе курсорды компоненттер панеліне апарып оң жақ батырманы басып контексті мәзірден  Components қатарын таңдағанда шығатын үш парақтан тұратын Components терезесінен компонентті белгілеу арқылы қосымша объектілер ендіруге болады.Мысалға, Components терезесінің Insertable Objects парағынан “Видеозапись” объектісін таңдап  ”Қолдану” (Применить) батырмасын басып элементтер панеліне қосымшаға видеофильмдер енгізетін AviFile объектісін кірістіруге болады. 

1.6.Қасиеттер,  әдістер және оқиғалар. 
Қасиеттер терезесі.

Форма және онда орнатылған компоненттер объектілер деп аталады.Олардың  әрқайсысының өзіне тән қасиеттері, әдістері және оқиғалары болады. 
Қасиеттер ретінде объектілердің сыртқы атрибуттарын, әдістер ретінде олардың әрекеттерін, ал оқиғалар ретінде қосымшалармен жұмыс істегенде белгілі бір әрекетті орындау үшін пайдаланушы тарапынан берілетін команданы қарастыруға болады.VВ- те пайдаланушының басты міндеті болып объектілерге қасиеттер мен әдістерді дұрыс таңдай білу мен код терезесінде оқиғаларды өңдеу процедураларын жазу болып табылады. 
Пайдаланушының әрбір орындаған іс- әрекеті белгілі бір оқиғаны шақырады. VВ- те әр оқиғаның өз аты болады, мысалы;

Load-қосымша жүктелгенде пайда болады. 
Click-
объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын шертіп қайта жібергенде пайда болады. 
DblClick-
объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысынның батырмасын екі рет шерткенде ғана пайда болады. 
GotFocus-
объект фокусқа кірген сәтте пайда болады. 
LostFocus-
Объект фокустан шыққан сәтте пайда болады. 
Paint-
сурет салу. 
KeyPress-
объект  белгіленген кезде кез- келген клавиша басу. 
MouseMove-
объектінің үстіне курсорды апарғанда пайда болады. 
MouseUp-
объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез- келген батырмасын шертіп, қайта жібергенде пайда болады. 
MouseDown-
объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез- келген батырмасын шерткенде пайда болады. 
  Бұлардан басқа да көптеген оқиғаларды қосымша құрастыру барысында қарастырамыз. 
   Сонымен бірге соңғы оқиғаларды қолданғанда тышқан құрылғысының қай батырмасының басылуына байланысты программалық кодты басқаратын Button шамасы қолданылады. Button шамасының келесі мәндері бар: 
0- ешқандай батырма басылған жоқ. 
1-тышқан құрылғысының сол жақ батырмасы басылды. 
2- тышқан құрылғысының оң жақ батырмасы басылды. 
3- тышқан құрылғысының сол және оң жақ батырмалары қатар басылды. 
4- тышқан құрылғысының ортаңғы батырмасы басылды. 
5- тышқан құрылғысының сол жақ және ортаңғы батырмалары қатар басылды. 
6- тышқан құрылғысының оң жақ және ортаңғы батырмалары басылды. 
7- тышқан құрылғысының барлық үш батырмасы басылды. 
   Мысалы төменгі процедура орындалуы нәтижесінде тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын басқанда Text1.Visible=False өрнегі орындалып Text1 объектісі экраннан көрінбей жоқ болып кетеді, ал оң жақ батырмасын басқанда Text1.Visible=True өрнегі орындалып Text1 объектісі қайтадан экраннан көрінеді. 
Private Sub Command1_MouseDown (Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single) 
If Button=1 Then Text1.Visible=False 
If Button=2 Then Text1.Visible=True 
End Sub 
Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе Қасиеттер терезесі деп аталады.Проектідегі кез- келген объект белгіленген кезде оныңқасиеттері Қасиеттер терезесінде көрінеді.Бұл терезеден белгіленген объектінің әртүрлі қасиеттерін таңдап орнатуға болады.Мысалы:объектіге ат беру, түсін өзгерту, шрифтер орнату, экранда көрінбейтін ету т.б. 
Объектінің  мәндері сандық немесе символдық шама болатын қасиетіне жаңа мән беру үшін Қасиеттер терезесінің бірінші бағанындағы тізімде ( Alphabetic тізімі ) орналасқан қасиеттің атына курсорды апарып екі рет шерту керек, нәтижесінде екінші бағанда ( Categorized тізімі ) қасиеттің бұрынғы мәні белгіленіп тұрады.Сол кезде клавиатурадан бірден жаңа мәнді теріп енгізуге болады. 
  Мәндері бульдік шама болатын не бірнеше тұрақты шамалар тізімінен тұратын қасиеттерге жаңа мән орнату үшін курсорды қасиет атына апарып екі рет шерту немесе қасиеттің бұрынғы шамасы жазылған өрістегі тілсызықты шертіп ашылған тізімнен жаңа мән таңдау қажет. 
  Файлдық жол көрсететін не элементтердің форматтарын өзгертетін қасиеттер параметрлерін курсорды қасиет атына апарып екі рет шерту шерткенде немесе қасиеттің бұрынғы шамасы жазылған өрістегі үш нүкте белгісі бар батырманы шерткенде ашылған терезеден таңдайды. 
  Сондай- ақ объектілер өасиеттерін программалаушы бірден код терезесінде програмалау арқылы орната алады. 
   Егер экранда Қасиеттер терезесі көрінбесе, онда оны төмендегі командаларды орындап шығаруға болады: 
1.Бас мәзірден View- Properties Windows командасын орындау арқылы. 
2.Құрал- саймандар панелінен сәйкес батырманы шерту арқылы. 
3.Ғ4 функционалды клавишын басу арқылы. 
   Visual Basic объектілерінің өзіне тән қасиеттерімен қатар көптеген ортақ қасиеттері де болады.Қасиеттер терезесінде олардың ортақ қасиеттерін бірнеше объектілерді бірдей белгілеу арқылы орнатуға болады.Төменде келтірілген Form объектісінің (форманың) қасиеттері басқа объектілерге де тән. 

Форманың  негізгі қасиеттері.

Name- формаға ат қою, программалық кодта Visual Basic объектіні осы ат арқылы таниды, сондықтан объектіге атты ағылшынша қойған дұрыс.

Backcolor(System/Palett)- форманың фонының түсін орнату, түс мәндерін System немесе Palett тізімдерінен таңдауға болады. 
Bolderstyle
– форма жиегінің стильдерін орнату. 
Caption
-форманың тақырыбын жазу. 
ControlBox
- форманың өлшемдерін басқару батырмаларын орнату немесе алып тастау. 
Font
- шрифт түрлерін орнату( барлық объектіге бірдей ұлттық алфавитті орнату үшін оны проект жасаудың ең басында формаға орнатса болғаны. 
Forecolor
- формаға Print әдісімен шығатын текст түсін орнату, бұл қасиеттің мәні формада орналасқан басқа текстік объектілерге әсер етпейді. 
Heigt, Top,Left,Width
- форманың экранда орналасуын реттеу және оның өлшемдерін орнату үшін қолданылатын қаситтер, атап айтсақ: 
Heigt-форманың биіктігін орнату. 
Left- форманың қосымша орындалғанда экранның сол жағынан бастап өзіне дейінгі арақашықтығы, формада орналасқан басқа объектілерде бұл қасиеттің мәні форманың сол жақ жақтаушасынан өзіне дейінгі қашықтыққа тең. 
Top- форманың қосымша орындалғанда экранның  жоғарғы жағынан бастап өзіне дейінгі арақашықтығын орнату, формада орналасқан басқа объектілерде бұл қасиеттің мәні форманың жоғарғы жақтаушасынан өзіне дейінгі қашықтыққа тең. 
Width- форманың ұзындығын орнату. 
Icon- формаға белгіше таңдау. 
MaxButton
- форманың үлкейту батырмасын өшіру немесе қосу. 
MinButton
- форманың кішірейту батырмасын өшіру немесе қосу. 
MousePointer
- тышқан белгісіне сурет таңдау. 
ScaleMode
- өлшем бірліктерін орнату (твип, пиксель, миллиметр, сантиметр т.б.) 
SwowlnTaskbar
- қосымшаны системалық панельге орналасу мүмкіндігін орнату. 
StateUpPosition
-форманың экранға шығу позициясын орнату. 
WindowState
-форманың экранға шығу режимдерін орнату(толық, кішірейтілген, кәдімгі). 
Enabled
- форманы өшіру немесе қосу. 
Visible
- форманы жасыру немесе көрінетін ету.
 

1.7. Программалқ код  терезесі.

VB- те программа жазу арнайы Код терезесі деп аталатын терезеде жазылады.Проектіде қолданылған әр форманың өзінің программалық код терезесі болады.Код терезесін келесі командалар арқылы ашуға болады: 
1.Форма терезесінен кез- келген объектіні екі рет шерту арқылы; 
2.Проектілер терезесінің View Code батырмасын шерту арқылы; 
3.Бас мәзірден View Code командасын беру арқылы. 
4.Ғ7 функционалды клавишын басу арқылы. 
   Код терезесінің жоғарғы жағында Объектілер тізімі және Процедуралар тізімі деп аталатын екі контейнер- терезе орналасқан.Олардың тізімдері жанында орналасқан.Олардың тізімдері жанында орналасқан тілсызықты шерту арқылы ашылады. 
  Объектілер тізімі проекті формасында қолданылған барлық объектілер аттарынан тұрады. 
  Процедуралар тізімі таңдалған объектіге сәйкес оқиғалар аттарынан тұрады. 
  Код терезесі алғашқы  рет ашылғанда Объектілер тізімінде (General ) сөзі, ал Процедуралар тізімінде ( Declarations ) сөзі көрініп тұрады.Объект пен оқиғалар таңдалғаннан кейін олардың  орнына таңдалған объект пен оқиғаның аты жазылады. 
   Программалық код терезесін форманы немесе формада орналасқан кез- келген объектіні таңдап екі рет шерту арқылы да ашуға болады.Бұл жағдайда Объектілер тізімінде таңдалған объект аты көрініп тұрады, ал  Процедуралар тізімінде оқиға аты таңдалған объектіге байланысты шығады(Visual Basic ортасында үнемдеген жағдайда әр объектіге әртүрлі оқиға қарастырылған). 
   Программалаушы объект пен оқиға атын таңдағаннан кейін процедураның тақырыбы мен аяқталу белгісін Visual Basic автоматты түрде жазып, оның жұмысын көп жеңілдетеді.Сонда программалаушы тек процедура денесін ғана толтырады. 
Private( жабық)- процедураны тек бір форманың ішінде жариялау, процедураны бірнеше формаларда пайдаланатын ету үшін Public(көпшілік) сөзін жазу керек.  
Sub(subroutine- көмекші)- программаын процедура түрінде жариялау. 
Form_Load()- процедура аты, мұндағы: 
Form- объектінің аты, Load- оқиға аты, ()- айнымалылар сипатталатын орын, кейбір оқиғаларды таңадағанда Visual Basic сол оқиға байланысты қолданылатын айнымалыларды жақшалар ішіне өзі сипаттап жазады. 
End Sub- процедураның аяқталуын білдіретін қызметші сөз. 
  Код терезесі бір немесе бірнеше процедуралардан тұруы мүмкін.Оларды код терезесінен екі түрлі режимде көруге болады.Бұл режимдер терезенің төменгі сол жағында орналасқан View Selection (Түр таңдау) панеліндегі Procedure View (Процедураны көру) және FullModuleView(Барлық модульдерді көру) батырмалары арқылы таңдалады. 
   Терезеде бір процедураны көру үшін Procedure View батырмасын басып, экранның жоғарғы сол жағындағы процедуралар тізімінен процедура атын таңдау қажет.Бұл режимде терезеде тек бір ғана процедура көрініп тұрады. 
   Код терезесіндегі барлық процедураларды бірден көру үшін  FullModuleView батырмасын басу керек.Бұл жағдайда процедуралар бір- бірінен сызықша арқылы бөлініп тұрады. 
   Visual Basic операторларын бір қатарға біріктіріп немесе бір қатарға тек бір ғана оператор жазуға болады.бірнеше операторлар бір қатарға “” (қос нүкте) символы арқылы бөлініп жазылады.Әдетте код терезесінде программалық текст жеңіл оқылуы үшін бір қатарға бір оператор жазған ыңғайлы, мысалы төмендегі 1- фрагменттегі операторларды 2- фрагменттегідей әр қатарға бөліп жазуға болады: 
1-фрагмент. 
X= Text1.Text:Y=Text2.Text:S=X*Y:S=3.14*R^2 
Label1.Caption=”нәтиже”:Label2.Caption=”S=”+Str(S) 
2-фрагмент. 
X=Text1.Text 
Y=Text2.Text 
S=X*Y 
S=3.14*R^2 
Label1.Caption=”нәтиже” 
Label2.Caption=”S”+Str(S) 
   Программаның мақсаты, оның кейбір қиын бөліктерінің жазылуы мен олардың атқарып тұрған қызметі басқаларға түсінікті болуы үшін  түсініктемелер жазылады.Код терезесінде түсініктемелер алдына “” (апостроф) символы қойлып қатардың соңына дейін жазылады.Егер түсініктемелер бір қатарға сыймаса, онда келесі қатарға апостроф символын қойып жалғастырып жазып кетсе болады.Апострофтан кейін жазылған сөздерді Visual Basic оқымайды.Курсорды түсініктеме жазылған қатардан жоғары не төмен түсірісімен Visual Basic  оны басқа қатарлардан оңай ажырата алуы үшін бөлектеу түске бояйды(түсініктемелік текст жасыл түске айналады).Мысалы: 
Frame1.Visible=False                 ‘Frame1-ді көрінбейтін ету  
Picture1.Enabled=True              ‘Picture1-ді көрінетін ету  
Command1.Caption=Text1.Text$ Text2.Text 
‘Command1 батырмасының бетіне Text1 және Text2 алаңдарындағы жазулар біріктіріліп жазылады. 
  Код терезесінде ұзын тіркестерден тұратын күрделі операторларды жазу программалаушыға біршама ыңғайсыздықтар туғызады(мысалы қағазға шығаруда экранда программалық тексті көруде ).Бұл жағдайларда “_” (бос орын және төменгі сызықша) символдарын қолдану арқылы күрделі операторларды бірнеше қатарға бөліп жазуға болады.Бұл символдар тіркесін “қатарды жалғастыру символы”деп атайды.Қатарды жалғастыру символынан кейін түсініктемелер жазуға болмайды. 
If P=1 Then_ 
Label1.Caption= “Kairat”_ 
Else Label1.Caption=”Kaisar” 

If Picture1.Enabled=False _ 
ThenLabel1.Caption=Text1.TextElse_ 
Label1.Caption=Text2.Text

 
If Index=D Then_ 
MsgBox “жауап дұрыс”_ 
ElseMsgBox”жауап дұрыс емес”

 
List2.List (0) =List1.List (0) &_ 
Text1.Text& 
Str(S) &Str (A) 
Visual Basic ортасында көптеген көмекші функцияларды қолдану программалық  код жазуды  біршама жеңілдетеді.Мысалы код жазу барысында код редакторы бірнеше операторлар мен процедуралардан, объектілер қасиеттері мен әдістерінен, олардың қабылдай алатын мәндерінен тұратын тізім шығарып , программалаушының тізімінен таңдаған сөзін программаға автоматты түрде түсіріп отырады.Код редакторында көмекші функцияларды қолдану мүмкіндігін Бас мәзірден Tools-Option командасы орындалғанда шығатын Option терезесінің Editor  парағынан орнатуға немесе алып тастауға болады. 
   Солардың бірі Auto List Members- код терезесінде объектінің атын жазғаннан кейін нүкте қойғанда шығатын сол жазған объектінің қасиеттерінен тұратын тіізім шығаратын функция.Бұл функцияның мүмкіндіктерін пайдалану үшін алдымен код терезесінде, функция тізімінен керекті қасиет таңдалысымен Tab, Enter клавиштарының бірін басу немесе тышқан батырмасын екі рет шерту қажет. 
   Auto List Members функциясы объектінің қандай қасиеттері бар екендігін толық білмеген жағдайда өте пайдалы.Сондай-ақ бұл функция программада объектілер мен олардың қасиеттерінің дұрыс жазылуына да көп пайдасын тигізеді.Мысалы код терезесінде объектінің аты қате жазылса немесе проектіде жоқ объектінің аты жазылғанда экранға функция тізімі шықпайды. 
   Auto Quick Info – код терезесінде жазылған функциялар мен операторлар параметрлерінің синтаксисін (аргументтердің жазылу реті мен типтерін ) көрсету үшін қолданылатын функция VB операторын немесе функциясын жазғанда төменгі жағында олардың синтаксис терезесі шығып бірінші аргумент ерекшеленіп тұрады.Бірінші аргумент ерекшеленеді, екінші аргумент енгізілгеннен кейін үшінші аргумент ерекшеленеді әрі қарай т.с.с. кете береді.

          2. Visual Basic   ортасында программалау негіздері.

 
   2.1.Айнымалылар, өрнектер, амалдар және 
стандартты функциялар

  Айнымалылар  деп программаның орындалу барысында  әртүрлі мәндерді қабылдай алатын  шамаларды айтады.Айнымалылар қарапайым  және индексті болады.Олар идентификаторлармен  белгіленіп, әрбір уақытта белгілі  бір мәнге ие бола алады. Visual Basic-те идентификаторларға ат қою тәртібі дәл Бейсик тіліндегі сияқты. 
  Айнымалыларды Dim немесе Private қызметші сөздері арқылы өзіне тән бір типпен процедураның басында сипаттап кетуге болады.Бірақ, айнымалылардың соңғы меншіктелген мәндері процедура аяқталса да жадта сақталып қалып, олардың мәндерін проектінің басқа процедураларында қолдану үшін айнымалыларды код терезесінің (General ) бөлігінде сипаттаған ыңғайлы, мысалы: 
                             Dim X As Integer, Y As String  
   Сондай- ақ  код терезесінің (General ) бөлігінде процедураларда жиі қолданылатын тұрақтыларды Const қызметші сөзінен кейін жазып қоюға болады, мысалы: 
                             Const PI=3.14 
  
Visual Basic программаларында бүтін сандардан тұратын айнымалыларды сипаттауда келесі берілгендер типтері қолданылады: 
1.Integer типі, егер айнымалы мәндері -32768 және 32767 аралығында жатса. 
2.Long типі, мәндері – 2147483648  және  2147483647  аралығында жатса. 
3.Byte типі, мәндері 0- 255 аралығында жатса. 
4.Single типі, мәндері нақты сандар. 
5.Double типі, мәндері екі есе дәлдікті нақты сандар. 
6.String типі, мәндері символдық шамалар. 
7.Variant типі, мәндері әртүрлі аралас типтер. 
8.Boolean типі, логикалық (бульдік- True, False ) шамалар. 
9.Currency типі, мәндері ақшалық (ақша белгілері бар шамалар). 
10.Date типі күн- мезгілдік шамалар. 
  Бір процедурада ғана қолданылатын қарапайым индексі жоқ айнымалыларды сипаттамаса да болады. 
  Visual Basic процедураларында пайдаланылатын  арифметикалық өрнектер, амалдар және стандартты функциялар Бейсик тіліндегідей жазылады: 
+сандық шамаларды қосу немесе конкатенация (символдық шамаларды біріктіру) амалы. 
-алу амалы.          *көбейту амалы. 
/бөлу амалы.       ^дәрежелеу амалы. 
   Sgr(x)- Х-тің квадрат түбірін шығаратын фунуция. 
   &(амперсенд) – текстерді біріктіруде+амалының орнына қолданылады, мысалы: 
Y=”C:” +”\”+”Турбо” “\”+”turbo.exe” және  
Y=”C:”&”\”& “Турбо” “\”& “turbo.exe” өрнектерінің екеуінің де мәні бірдей С:\Турбо\ turbo.exe қатарын береді. 
   A mod B- А- ны В-ға бөлгенде бүтін қалдығын шығаратын амал, мысалы:  
150 mod20=10 
А\В- А-ны В-ға бөлгенде бүтін бөлігін шығаратын амал.Мысалы:150\20=7  
Int(x)-Х-тің өзінен аспайтын бүтін бөлігін шығару. 
Fix(x)
-Х-тің бүтін бөлігін шығару. 
Sgn(x)
-Х-тің таңбасын анықтау үшін қолданылатын функция. 
Rnd(x)
- кездейсоқ сандар шығаратын функция. 
Abs(x)
- Х-тің модулі. 
Sin(x)
-Х-тің синусы. 
Cos(x)
-Х-тің косинусы. 
Str(x)
-Х сандық шамасын символдық (жолдық қатарға) шамаға айналдыру. 
Val(x)
- цифрлардан тұратын Х жолдық қатарын сандық шамаға айналдыру.

Информация о работе Visual Basic ортасында программалау