Visual Basic ортасында программалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 13:38, лекция

Описание

New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал- саймандары мен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта ( IDE интегральная среда разработки) деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Visual Basic ортасында программалау..docx

— 122.29 Кб (Скачать документ)
center"> Қосымшаны жасау жолы.

1.Формаға  Text1 компонентін орналастырып, формада оны керегінше  созғаннан кейін,  оның Multi Line қасиетіне  True мәнін орнатамыз. 
2.Форманың кез- келген жерін екі рет шертіп, шыққан программалық код терезесіне келесі процедураны жазамыз: 
Private Sub Form_ Load( )  
Text1.Text= “ Мен Қаламбаев Төрехан Шиелі ” &-_ 
“ ауданына қарасты Шиелі елді мекеніндегі” &_ 
“ Ломоносов атындағы мектептен келдім.” &_ 
“Мектепте информатика пәнін жүргіземін.” 
End Sub 
2.Процедураны толтырғаннан кейін қосымшаны Run- Start командасын орындау арқылы іске қосқанда Text1 алаңына суреттегідей текст шығады.

Alignment-тексті сол жақтаумен, оң жақтаумен немесе ортамен түзету. 
Bolder Style
- жақтау орнататын бульдік шама. 
Scroll Bar
- айналдыру белдеушелерін орнату. 
Font
-шрифт орнату.  
Fore Color
-шрифт түстерін орнату. 
Back Color
-текст қорабын бояу. 
Tablndex
-объектілердің табуляция тәртібіндегі реттік нөмірін орнату. 
Tab Stop
-табуляция тәртібінен алып тастау. 
Tool Tip Text
-объектінің атқаратын қызметі туралы сыбырлап тұратын көмекші мәлімет орнату. 
Enabled, Visible
-қосымша орындалғанда объектіні өшіру/қосуды және объектіні көзге көрінбейтін/ көрінетін етуді орнататын бульдік шамалар. (мәндері True/ False). 
Label компоненті информацияны шығару үшін қолданылатын компонент.Көптеген қасиеттері Text Box компоненттерінің қасиеттеріне ұқсайды.Бұл компоненттің Text Box объектісінен өзгешеліктері: 
- мұнда қосымша орындалғанда тексті редакциялауға болмайды; 
-бұл объектіні батырма ретінде де пайдалануға болады; 
Label компонентінің өзіне тән қасиеттері: 
Caption-жазу орнату.Егер бұл қасиетке мән беру барысында кез- келген бір әріптің алдына "&"(амперсенд) белгісін қойып кетсе,онда сол әріптің асты сызылып тұрады.  
Auto Size
-Объектінің шекара өлшемдерін жазудың ұзындығына байланысты горизанталь бағытта автоматты түрде соза алатын бульдік шама. 
Word Wrap
-шекара өлшемдерін вертикаль бағытта созу. 
Bolder Style
- жазу шығатын алаңның түрін өзгерту, бұл қасиеттің мәнін 1- Fixed Single шамасына орнатқанда жазу алаңы Text Box секілді өзгереді, бірақ ондағы жазу редакциялауға келмейді.

           Command Button компоненті батырма жасау үшін қолданылатын кеңінен қолданылатын пайдалы объектілердің бірі болып табылады. 
Command Button компоненті негізгі қасиеттері: 
Caption- батырманың бетіне жазу орнатады.Label компонентіндегі сияқты бұл қасиетке мән беру барысында кез- келген бір әріптің алдына "&" символын қойып кетсе, онда сол әріптің асты сызылып тұрады.Бұл батырмаларды басу орнына жылдам клавиштар қолдану мүмкіндігін береді. 
Орнату алаңында "&" символын қосымшада бұл объектінің тышқан құрылғысының батырмасымен шертілуін, Caption қасиетінің қолдану арқылы, жылдам клавиштарға ауыстыруға болады.Суреттегі мысалда (Батырмада Е әрпінің асты сызылып тұр) курсорды "Есептеу " батырмасының үстіне апарып тышқан құрылғысының батырмасын шертудің орнына жылдам орындалатын Alt+ E клавиштарын қатар басса болады. 
Back Color- батырманың түсін орнату. 
Picture
- батырма бетіне сурет қою. 
Disabled Picture
- батырманың өшірілген күйінде ғана бетінен көрінетін сурет орнату. 
Down Picture
- батырманың басылған күйінде ғана бетінен көрінетін сурет орнату. 
Style
- объектінің жоғарыда берілген графикалық қасиеттерін (Back Color, ......Down Picture) пайдалану мүмкіндіктерін орнату. 
Cancel
-Esc клавишын қолдану мүмкіндігін орнату. 
Default
–Enter клавишын қолдану мүмкіндігін орнату. 
    Батырма объектілерінің Default және Cancel қасиеттеріне мән бере отырып қосымшаларда батырмалардың атқаратын қызметтерін Enter және Esc клавиштарын басу арқылы орындатуға болады. Enter клавишына батырманың атқаратын қызметін орындату үшін, батырма объектісінің Default қасиетіне True мәнін орнату қажет. Ал Esc клавишына орындату үшін- Cancel қасиетіне True мәнін орнату қажет.Егер формада бірнеше батырмалар орналасса, онда Cancel немесе Default қасиеттерінің True мәні біреуінде ғана болуы тиіс.

Тапсырма 1.

 Формада Text Box, Label, Command Button компоненттерін пайдаланып Y= 5*X^3 өрнегін есептейтін қосымша құру.

1-тапсырманы  орындау барысы.

1.Форманың Caption қасиетінің мәніне Y= 5*X^3 өрнегін жазыңыз. 
2.Формаға нәтиже шығару үшін қызмет атқаратын Label1 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетінің мәнін тазалаңыз. 
3.Формаға Command1 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне “Есепте” мәнін беріңіз. 
4.Формаға Command2 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетінне  “Тазала ” мәнін беріңіз. 
5.Формаға Х- тің мәнін енгізу үшін қызмет атқаратын Text1 компонентін орналастырып, Text қасиетінің мәнін тазалаңыз. 
6.Формаға түсініктеме жазу үшін қызмет атқаратын Label2 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне "Х=" мәнін беріңіз. 
7.Command1 компонентін екі рет шертіп, кодтар терезесінде берілген өрнекті есептейтін процедура толтырыңыз

Private Sub Command1_Click( ) 
X= Val( Text1.Text ) 
Y=5*X^3 
Label1.Caption = “Y=”+ Str (Y ) 
End Sub 
8.Command2 компонентін екі рет шертіп, кодтар терезесінде текст алаңын тазартатын процедура толтырыңыз:

Private Sub Command2_Click ( )  
Text1.Text=”” 
End Sub 
9.Қосымшаны орындап көріңіз.

3.2.Фокус  және табуляция  тәртібі.Объектілердің  Tab Stop және Tablndex қасиеттері. SetFocus әдісі.

       Фокус деп қосымша орындалғанда  белгілі бір объектінің пайдаланушыдан  клавиатура немесе тышқан құрылғысы  арқылы ккоманда алуға дайын  екпінді күйін айтады.Объектінің  фокуста жатқандығын оның шекара  сызықтары немесе текстік объектілерде  курсордың жұмыс күйінде тұруы  көрсетеді.Объектінің фокусқа енуі  мен шығуына байланысты төмендегі  екі оқиға болуы мүмкін: 
1.Got Focus оқиғасы объект фокусқа кірген заматта пайда болады. 
2. Lost Focus оқиғасы объект фокустан шыққан заматта пайда болады. 
     Қосымша орындалғанда объект фокуста келесі жағдайларда болуы мүмкін: 
а)объектіні тышқан құрылғысының курсорымен таңдағанда: 
ә) ТАВ немесе кодта программаланған белгілі бір клавишты таңдағанда: 
б) Set Focus әдісін қолданғанда: 
    Объектінің фокус алу мүмкіндігі TabStop және Tablndex қасиеттерімен анықталады. 
   Мәндері бульдік шама болатын Tab Stop қасиеті арқылы объектілердің фокусқа кіру мүмкіндігін орнатуға (True ) немесе алып тастауға (False ) болады. Tab Stop қасиеті жоқ объектілер (мысалы Label, Frame ) және Enabled, Visible қасиеттерімен ажыратылып (False ) тастаған объектілер фокусқа кіре алмайды. 
   Tablndex қасиеті объектілердің формаға орналасу ретін білдіреді.Visual Basic формаға бірінші орналасқан элементтің Tablndex қасиетін 0- деп, екінші орналасқан элементтікін-1 деп, үшінші орналасқан элементтікін- 2деп т.с.с алады.Сондай- ақ формадағы объектілердің Tablndex қасиеттерінің мәндерін өзгерту арқылы олардың табуляция тәртібін реттеуге болады. 
   Объектілердің табуляция тәртібі деп қосымша орындалғанда ТАВ клавишын басу арқылы объектілердің ретімен фокусқа кіруін айтады. 
   Табуляция тәртібі бойынша қосымша іске қосылғанда фокусқа алдымен Tablndex қасиеті 0- ге тең объект кіреді.Содан соң ТАВ клавишын басқанда  фокусқа келесі Tablndex қасиеті 0- ге жақын фокусқа кіру мүмкіндігі бар объект кіреді.Көріп отырғанымыздай объектілердің табуляция тәртібін өзгерту үшін олардың Tablndex қасиетін өзгертсе жеткілікті. 
   Set Focus әдісі кез- келген объектіні табуляция тәртібіне қарамай- ақ фокусқа кіргізу үшін қолданылады.Ол үшін программа кодында объектінің аты мен Set Focus әдісін нұкте арқылы жазу керек, мысалы: 
Command3.Set Focus- нәтижесінде фокусқа Command3 объектісі кіреді. 
Text5.Set Focus-нәтижесінде фокусқа Text5 объектісі кіреді.

 

Тапсырма2.

  Y= 2*X2+5*X+10 функциясын Х- тің әртүрлі мәндерінде есептеп шығаратын қосымша жасау.Қосымша іске қосылғанда айнымалы енгізу алаңы ретінде қолданылған объект фокуста тұруы тиіс.Текст алаңына Х- тің мәнін енгізіп “Есептеу ” батырмасын немесе ENTER клавишын басқанда нәтиже алынып, текст енгізу алаңы тазарып, бұл объект қайтадан фокуста кіруі керек.Ал “Тазарту ”батырмасын немесе ESC клавишын басқанда енгізу алаңы тазарып, қайтадан фокусқа кіруі тиіс.

 
2-тапсырманы  орындау барысы. 

1.Формаға  алдымен батырма ретінде Command1 объектісін орналастырыңыз.Қасиеттер терезесінде оның  Caption қасиетіне “Есепте ” мәнін жазыңыз. Command1  объектісінің астыңғы жағына Command2 объектісін орналастырып, Caption қасиетіне  “Тазалау ” мәнін жазыңыз. 
2.Формаға айнымалы енгізу алаңы ретінде Text1 объектісін орналастырыңыз.Оның Техt қасиетінің мәнін тазалаңыз. 
3. Text1 объектісінің оң жағына нәтиже шығару үшін Label1 объектісін орналастырыңыз, оның Visible қасиетіне False мәнін орнатып қосымша іске қосылғанда көрінбейтін етіңіз. 
4. Text1 объектісін сол жағына Label2 объектісін орнатып, Caption қасиетіне “X=” мәнін жазыңыз. 
5.Қосымшаны іске қосып ТАВ клавишын басу арқылы объектілердің табуляция тәртібінің орындалуын көріңіз.Формаға қайта оралып Tablndex қасиеттерінің орнын ауыстырып, қосымшаны қайта орындап объектілердің фокусқа кіру ретінің өзгергенін байқаңыз. 
6.Қосымша іске қосылғанда Text1 объектісі фокуста тұруы ұшін оның Tablndex қасиетіне 0 беріңіз. 
7.Формадан Command1 объектісін екі рет шерту арқылы программалық код терезесіне кіріп төмендегі процедураны жазыңыз. 
Private Sub Command1_Click( ) 
X= Val(Text1.Text) 
          ‘X Text1 алаңына енгізілген санды меншіктейді 
Y= 2* X^2+5*X+10          ‘Y-ті есептеу формуласы 
Label1.Visible= True       ‘Label1 объектісі көрінеді. 
Label1.Caption= “Y=” & Str(Y) 
                                          ‘Label1 объектісіне нәтиже шығады 
Text1.Text=”” 
                                         ‘Text1 алаңы тазарады 
End Sub 
8.Код терезесінің объектілер тізімінен Command2 объектісін таңдап төмендегі процедураны жазыңыз: 
Private Sub Command2_Click( ) 
Text1.Text=”” 
                                      ‘Text1 алаңы тазарады 
Label1.Caption="" 
                                      ‘Label1 алаңы тазарады 
Text1.Set Focus 
                                    ‘Text1 объектісі қайтадан фокусқа кіреді. 
End Sub  
9.Процедураны жазып болғаннан кейін қосымшаны іске қосыңыз.Бірнеше рет Х- ке мән беріп "Есептеу " батырмасын басу арқылы нәтиже шығарыңыз немесе "Тазарту" батырмасы арқылы текст алаңын тазартыңыз. 
10.Батырмалардың орнына ENTER және ESC клавиштарын пайдалану үшін қайтадан формаға оралып, Қасиеттер терезесінен Command1 объектісінің  Default қасиетіне True мәнін орнатыңыз, ал Command2 объектісінің Cansel қасиетіне True мәнін орнатыңыз. 
11.Қосымшаны қайта іске қосып текст алаңында Х- ке мән беріп ENTER немесе ESC клавиштарын басып программаның қалай орындалатынын байқап көріңіз.

Тапсырма 3.

  Екі санды бір-  біріне бөлгендегі  бүтін бөлігі мен  қалдығын шығаратын  қосымша жасау.Қосымша  іске қосылғанда  курсор бірінші  текстік алаңда  тұруы тиіс.Ол  алаңға сан енгізгеннен  кейін фокус екінші  алаңға орнатылуы  тиіс.Екінші алаңға  сан енгізіп "Есепте " батырмасын немесе ENTER клавишын басқанда нәтиже шығуы керек.

3-тапсырманы  орындау барысы.

1.Формаға  алдымен батырма  ретінде Command1 объектісін  орналастырыңыз.Қасиеттер  терезесінде оның  Caption қасиетіне “Есепте  ” мәнін жазыңыз. 
2. Command1 объектісінің жанына Command2 объектісін орналастырып, Caption қасиетіне “Тазалау”, ал  Cancel қасиетіне “True ” мәндерін жазыңыз. 
3.Формаға нәтиже шығаратын алаңдар ретінде Label1, Label2 объектілерін орналастырып, олардың Caption қасиеттерінің мәндерін тазалаңыз. 
4.Формаға сандар енгізу алаңдары ретінде Text1 және Text2 объектілерін орналастырыңыз.Олардың Text қасиеттерінің мәнін тазалаңыз. 
5.Қосымша іске қосылғанда курсор бірінші алаңда тұруы үшін, Text1 объектісінің Tablndex қасиетіне 0 беріңіз. 
6.Курсорды  Command1 объектісінің үстіне апарып екі рет шертіп, код терезесінде төмендегі екі санды бір- біріне бөлгендегі шығатын бүтін және қалдық бөліктерін шығаратын процедураны толтырыңыз

Private Sub Command1_ Click( ) 
A= Val(Text1.Text) 
                       ‘A Text1 алаңына енгізілген санды меншіктейді  
B= Val(Text2.Text) 
                       ‘B Text1 алаңына енгізілген санды меншіктейді 
Y= A\B 
                       ‘A -ның В- ға қатынасының бүтін бөлігі 
X= A mod B  ‘A – ның В- ға қатынасының қалдығы 
Label1.Caption= “Қаалдық бөлік :” & Str (X) 
Label2.Caption= “Бүтін бөлік:” & Str (Y) 
End Sub 
6.Курсорды Text1 объектісінің үстіне апарып екі рет шертіп программалық код терезесіне өтіңіз.Код терезесінде Text1_Change процедурасы шығады. Change оқиғасының  орнына оқиғалар тізімінен Key Down оқиғасын таңдаңызда төмендегі процедураны жазыңыз(мұндағы Key Code- ANSI кестесіндегі символдар нөмірі, ENTER клавишы үшін  Key Code=13). 
Private Sub Text1_KeyDown (Key Code AS Integer, Shift As Integer) 
If Key Code=13 Then Text2.SetFocus

End Sub 
7.Курсорды Text2 объектісінің үстіне апарып екі рет шертіп, программалық код терезесінде Text2 терезесінде сан енгізілгеннен кейін "Есепте" батырмасын басудың орнына ENTER клавишын қолдану мүмкіндігін орнататын төмендегі процедураны жазыңыз. 
Private Sub Text2_Change() 
Command1.Default= True 
End Sub 
8.Курсорды Command2 объектісінің үстіне апарып екі рет шертіп, код терезесінде келесі процедураны жазыңыз. 
Private Sub Command2_Click ()  
Text1.Text= “”               ‘Text1 алаңы тазарады 
Text2.Text= “”               ‘Text2 алаңы тазарады 
Label1.Caption= “”           ‘Label1 алаңы тазарады 
Label2.Caption= “”           ‘Label2 алаңы тазарады 
Text1.Set Focus 
End Sub 
9.Қосымшаны іске қосқаннан кейін текстік алңдарға әртүрлі сандар енгізіп, нәтижелерді көріңіз.

3.3.Input Box, Msg Box функциялары. Print операторы.

Visual Basic ортасында айнымалылар мәндерін енгізу және шығару үшін қолданылады. Input Box (енгізу қорабы) Msg Box (шығару қорабы) функцияларының көмегімен әртүрлі стандартты диалогты терезелер шығаруға болады.

Input Box функциясымен стандартты  терезелер шығару.

  Функцияның программада   толық жазылуы төмендегідей: 
A = Input Box (X, Y, Z) 
мұндағы: 
X- енгізу терезесіне жазу шығаратын айнымалы идентификаторлар. 
Y- терезенің таұырыбына шығатын жазу. 
Z – үнемдеген жағдайда терезенің енгізу алаңына шығатын жазу. Егер Ок батырмасы басылса, онда А айнымалысы Z- тің мәнін меншіктейді.Cancel батырмасы басылса- А айнымалысы ұзыындығы 0- ге тең жолдық қатарды меншіктейді.

Input Box функциясымен стандартты  терезелер шығару мысалдары:

1.A= Input Box (“Ел атын енгіз:”, “Елдер” , “Казахстан”) 
2.A= Input Box (“Ел атын енгіз:” , “Елдер”) 
3. A= Input Box (“Ел атын енгіз:” , , “Елдер”) 
4. A= Input Box (“Ел атын енгіз:”) 
5. A= Input Box (A, “Ел атын енгіз:”) 
6. A= Input Box (A, , “Ел атын енгіз:”)

Msg Box функциясымен стандартты терезелер шығару.

Функциясының программада  толық жазылуы төмендегідей:

MsgBox X, Y, Z

Мұндағы: 
X- шығару терезесіне жазу шығаратын айнымалы идентификаторлар, 
Y- шығару терезесінің батырма нөмірлері, Ү (0, 1, 2, 3, 4, 5, 16, 32, 48, 64), Ү=0 болғанда бұл параметрді жазбасада болады( мысалы: A= Input Box (Х, , Z ) ). 
Z – шығару терезесінің тақырыбы.

Msg Box функциясының орнына Print операторын қолданып нәтижені формаға шығаруға болады, жазылу үлгісі:

Print “текст”; X

   Немесе формаға  тек қана текстік информация  шығару үшін 
төмендегідей қысқаша үлгіде де жазуға болады:

Print “текст”

Msg Box функциясымен стандартты  терезелер шығару  мысалдары:

1.MsgBox “Астана-астана.” 
2.1. MsgBox “Астана-астана.”, 1 
2.2. MsgBox “Астана-астана.”, 2 
2.3. MsgBox “Астана-астана.”, 3 
2.4. MsgBox “Астана-астана.”, 4 
2.5. MsgBox “Астана-астана.”, 5 
2.6. MsgBox “Астана-астана.”, 16

2.7. Msg Box “Астана-астана.”, 32 
2.8. Msg Box “Астана-астана.”, 48 
3.1. MsgBox “Астана-астана.”, 64 "Елдер" 
                                                   3.2. MsgBox “Астана-астана.”, , "Елдер" 
3.3.MsgBox “Астана” & “-астана“, 1, “Елдер” 
                                                  3.4. MsgBox 7.1, “Елдер” & “туралы”

Информация о работе Visual Basic ортасында программалау