Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 13:38, лекция
New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал- саймандары мен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта ( IDE интегральная среда разработки) деп те атайды.
4-тапсырма.
Формадағы «Елдің атын енгізу» батырмасын басқанда шығатын ендіру терезесіне елдің атын енгізіп, «Мәліметтер шығару» батырмасын басқанда шығатын терезесіне сол елдің астанасы туралы мәлімет шығаратын қосымша құру.
4- тапсырманы орындау барысы.
1.Форманың Caption 
қасиетіне «Елдер» 
мәнін беріңіз. 
Формаға  Command1 және Command2 
объектілерін орналастырып, 
олардың Caption қасиеттеріне 
«Елдің атын енгізу» 
және «Мәлімет 
шығару» мәндерін 
орнатыңыз. 
2.Программалық код терезесінде 
Command1_Click() процедурасын 
таңдап, келесі прцедурааны 
жазыңыз:  
Private Sub Command1_Click() 
A = Input Box («Ел атын енгіз», 
«Елдер», «Казахстан» ) 
End Sub 
3.General бөлігінде бірнеше 
процедурада қолданылатын 
А айнымалысын сипаттап 
кетіңіз: 
Dim A As String 
4.Программалық код терезесінде 
Command2_Click() процедурасын 
таңдап, келесі процедураны 
жазыңыз: 
Private Sub Command2_Click() 
If A= «Казахстан» Then B= 
«Астана» 
If A= «Германия» Then B= 
«Берлин» 
If A= «Англия» Then B= «Лондон» 
If A= «Украина» Then B= «Киев» 
If A= «Франция» Then B= «Париж» 
If A= «Жапония» Then B= «Токио» 
If A= «Белорусь» Then B= 
«Минск» 
If A= «Финляндия» Then B= 
«Хельсинки» 
If B <> “” Then _
MsgBox A & 
“астанасы -“&B, 1, 
“елдер” & “туралы” _ 
 
Else MsgBox “Елді қайта 
енгіз” , 16 “Елдер” 
& “туралы”  
End Sub 
5.Қосымшаны іске қосып, 
«Елді енгізу» батырмасын 
басқанда шығатын терезе 
арқылы елдің атын еенгізіңіз. 
«Мәліметтерді шығару» 
батырмасын басқанда 
шыққан нәтижені көріңіз.
Тапсырма 5.
Y= 5*X^2 функциясын Х- тің әртүрлі мәндері бойынша есептеп шығару.
5- тапсырманы орындау барысы.
1.Форманың Name 
қасиетіне Form1 атын 
қалдырып, оның ортасына Command1 
компонентін орналастырып, 
оның Caption қасиетіне 
«Есептеу» жазуын 
орнатыңыз.Name қасиетінде Command1 
атын қалдырыңыз. 
2.Command1 объектісін екі 
тер шерту арқылы код 
редакторын ашыңыз.Код 
редакторында төмендегідей 
етіп Command1_Click процедурасын 
толтырыңыз. 
Private Sub Command1_Click( ) 
X= Input Box (X, “X=” ) 
Y= 5*X^2 
MsgBox Y, , “Y=” 
End Sub 
3.Қосымшаның орындалу 
нәтижесінде терезенің 
ортасында «Есептеу» 
батырмасы көрініп тұрады. 
«Есептеу» батырмасы 
басылғанда, экранға 
суреттегідей Input Box 
терезесі шығады: 
4.Input Box терезесінің 
төменде орналасқан 
алаңына айнымалының 
мәнін енгізіп ОК батырмасы 
басылғанда, MsgBox терезесіне (суреттегідей) 
нәтиже шығады.Нәтиже 
алғаннан кейін қайтадан 
қосымшаның негізгі 
терезесіне өту үшін MsgBox 
терезесінде ОК батырмасын 
басу қажет.Егер айнымалы 
нақты сан болса, онда 
санның бүтін бөлігі 
мен бөлшек бөліктері 
үтір арқылы ажыратылып 
жазылады.
Тапсырма 6.
Терезесінде светофоордың үш түсі жазылған батырмаларды басу арқылы, светофордың сол түс жанғанда не істеу керектігі туралы мәлімет шығаратын қосымша жасау.
6- тапсырманы орындау барысы.
1.Форманың Name 
қасиетінде Form1 атын 
қалдырып, оның ортасына Command1 
объектісін орналастырып, 
формаға оның екі 
көшірмесін алып 
қойыңыз. VB формаға 
бірінші орналасқан 
объектінің Index қасиетін- 0, 
екіншісін- 1, үшіншісін- 2 
деп өзі автоматты 
түрде орнатады. 
2.Нәтижесінде формада 
біріншісі- Command1(0), екіншісі- Command1(1), 
үшіншісі- Command1(2) элементтерінен 
тұратын Command1 массивін 
аламыз. 
3. Command1(0)- дің Caption қасиетіне 
«Қызыл», Command1(1)- дің 
Caption қасиетіне «Сары» ,  Command1(2)- 
нің Caption қасиетіне «Жасыл» 
мәндерін орнатыңыз. 
4. Command1 объектілерінің 
кез- келгенін екі рет 
шерту арқылы код редакторын 
ашыңыз.Код редакторында 
төмендегі Command1_Click процедурасын 
толтырыңыз.Бұл процедураның 
орындалу нәтижесі шертілген Command1 
объектісінің Index қасиетінің 
мәніне байланысты орындалады. 
Private Sub Command1_Click (Index as Integer) 
 
P= Index 
Select Case P 
Case 0: MsgBox “Тоқта” 
Case 1: MsgBox “Дайындал” 
Case 2: MsgBox “Жүр” 
End Select 
End Sub 
3.Қосымшаның орындалу 
нәтижесінде оның терезесінде 
суреттегідей үш батырма 
көрініп тұрады. 
4.Егер «Қызыл» сөзі 
жазылған батырма басылса, 
онда таңдау селекторы 
P=0-ді меншіктеп, Case 0: MsgBox 
«Тоқта» қатары орындалады 
да, экранға MsgBox терезесінде 
«Тоқта» жазуы шығады. 
  Егер «Сары» сөзі 
жазылған батырма басылса, 
онда таңдау селекторы 
P=1-ді меншіктеп, Case1: MsgBox 
«Дайындал» қатары орындалады 
да, экранға MsgBox терезесінде 
«Дайындал» жазуы шығады. 
  Егер «Жасыл» сөзі 
жазылған батырма басылса, 
онда таңдау селекторы 
P=2- ні меншіктеп, Case2: MsgBox 
«Жүр» қатары орындалады 
да, экранға MsgBox терезесінде 
«Жүр» жазуы шығады. 
 
3.4.Frame компоненті.
Frame 
(жақтау) компоненті ішіне басқа компоненттерді 
орналастыру үшін қолданылады. 
Frame компонентінің ішіне орналасқан объектілер 
топтасып осы объектінің кейбір қасеттерін 
қабалдап алады.Мысалға, бұл объектіні 
жылжытса ішінде топтастырылған объектілер 
де бірге жылжиды.Сондай- ақ Frame компонентін 
көрінбейтін етсе немесе өшіріп қойса, 
онда ішіндегі объектілерде көрінбейді 
немесе өшіп қалады. 
Frame компонентінің(жақтаудың) ішіне объект 
орнату үшін, компоненттер панелінен қажетті 
объектіні таңдап белгілеп алғаннан кейін(екі 
рет шертіп таңдауға болмайды, ондай жағдайда 
объект формаға орналасады) курсорды жақтау 
ішіне әкеліп тышқан құрылғысының сол 
жақ батырмасын басулы күйде ұстай отырып 
созу арқылы орналастыру керек. 
 Егер жақтау ішіне формада орналасқан 
объектіні кіргізу немесе көшіру керек 
болса,  онда объектіні кесіп немесе 
көшіріп алып(Edit- Cut немесе Edit- Copy командаларын 
орындау арқылы), жақтау объектісін белгілегеннен 
кейін қоюға болады.(Edit- Paste командасын 
орындау арқылы). 
Frame компонентінің ішіне көбінесе Option 
Button, Check Box (объектілер мен жалаушалар) 
объектілерін орналастырады.Әсіресе жақтау 
ішінде ауыстырғыштарды форманың өзіне 
орналастырып, қосымша орындалғанда оның 
біреуін орнатса, онда қалған ауыстырғыштар 
автоматты түрде ажыратылып қалады.Сондықтан 
әртүрлі мақсаттарда қолданылатын ауыстырғыштарды 
бөлек- бөлек топтастырып, әрқайсысын 
әр жақтау ішіне орналастырады. 
 Frame компонентінің негізгі қасиеттері 
ретінде Caption, Enabled, Name, Vizible қасиеттерін 
атап өтуге болады.Мысалы: Caption қасиетіне 
топтастырылған объектілердің атқаратын 
қызметіне байланысты мән беріледі.Оқиға 
ретінде Drag Drop оқиғасы қолданылады.
таңдау оқиғасы 
ретінде Dblclick(тышқан батырмасын екі 
рет шерту) оқиғасы алынады. 
List Box компонентінің 
негізгі қасиеттері:
List- қатарға 
мән беру немесе оның мәнін анықтау.Тізім 
қатарлары мәндерін қасиеттер терезесінде 
және программалық код терезесінде толтыруға 
болады.Тізімнің алғашқы қатарының нөмірі 
0- ге тең болады. 
Программалық кодта тізім қатарын толтыру 
операторы төмендегідей түрде жазылады: 
Тапсырма 7.
 Батырмаға кірістірілген 
фигуралар суретін таңдау 
7- тапсырманы орындау барысы.
1.Форманың Name қасиетінде 
Form1 атын қалдырып, оның ортасына Frame1 объектісін 
орналастырыңыз.Оның Visible қасиетіне False 
мәнін беріңіз де, формаға оның екі көшірмесін 
алып қойыңыз.Нәтижесінде Index қасиеттері 
0, 1 және 2- ге тең Frame1(0), Frame1(1) және  Frame1(2) 
элементтерінен тұратын  Frame1 массивын 
аламыз. 
2.Frame1(0) объектісінің  Caption қасиетіне «Трапеция» 
мәнін беріп, оның үстіне келесі объектілерді 
топтастырамыз: 
трапецияның қабырғалары мен биіктігін 
енгізетін Text1, Text2, Text3 және түсініктеме 
үшін Label1, Label2, Label3 объектілерін. 
3.Frame1(1) объектісінің  Caption қасиетіне «Шеңбер» 
мәнін беріп, оның үстіне келесі объектілерді 
топтастырыңыз: 
шеңбердің радиусын енгізетін Text4 және 
түсініктеме үшін Label4 объектілерін. 
4.Frame1(2) объектісінің  Caption қасиетіне «Тіктөртбұрыш» 
мәнін беріп, оның үстіне келесі объектілерді 
топтастырамыз: 
тіктөртбұрыштың қабырғаларын енгізетін 
Text5, Text6 және түсініктеме үшін Label5 объектілерін. 
5.Форманың жоғарғы жағына Command1 объектісін 
орналастырып , оның Style қасиетіне 1- Graphical 
мәнін орнатыңыз да, оның формаға екі көшірмесін 
алып қойыңыз.Нәтижесінде Index қасиеттері 
0, 1 және 2- ге тең Command1(0), Command1(1) және  Command1(2) 
элементтерінен тұратын Command1  массивын 
аламыз. 
6. Command1(0), Command1(1), Command1(2) объектілерінің 
Caption қасиеттерінің мәндерін тазалап, 
Picnure қаситтері арқылы оларға ретімен 
трапецияның, шеңбердің, тіктөртбұрыштың 
суреттерін түсіріңіз. 
7.Формада Command1 объектілерінің кез- келгенін 
екі рет шерту арқылы код редакторын ашып, 
төмендегі Command1_Click процедурасын толтырыңыз.Бұл 
процедураның орындалу нәтижесінде шертілген 
Command1 объектісінің Index қасиетінің мәніне 
байланысты орындалады.Егер трапецияның 
суреті бар батырма басылса, онда таңдау 
селекторы P(P= Index)0- ді меншіктеп 0 қатар 
орындалады да, экранда тек Frame1(0) объектісі 
ғана көрінеді;егер P=1 болса, онда  Frame1(1 
) объектісі; ал егер  P=2 болса, онда  Frame1(2) 
объектісі ғана көрінеді. 
Private Sub Command1_Click (Index As Integer) 
P= Index 
Select Case P 
Case 0: Frame1(0).Visible= True 
Frame1(1).Visible =False 
Frame1(2).Visible= False 
Case1: Frame1(1).Visible= True 
Frame1(0).Visible= False 
Frame1(2).Visible= False 
Case2:Frame1(2).Visible= True 
Frame1(0).Visible= False 
Frame1(1).Visible= False 
End Select 
End Sub 
7.Форманың сол жағына  Command2 объектісін 
орналастырып формаға екі көшірмесін 
алып қойыңыз.Нәтижесінде Index қасиеттері 
0, 1 және 2- ге тең элементтерінен тұратын 
Command1 массивын аламыз. 
8. Command2(0), Command2(1) , Command2(2) объектілерінің 
Caption қасиеттеріне ретімен «Есепте», «Тазалау», 
және «Шығу» мәндерән орнатыңыз да, олардың 
кез- келгенін екі рет шерту арқылы код 
терезесіне өтіп, төмендегі процедураны 
толтырыңыз:
Private Sub Command2_Click (Index As 
Integer) 
N= Index 
Select Case N 
Case 0: 
If P= 1 Then GoTo 10 
If P= 2 Then GoTo 20 
a= Val(Text1.Text): b=Val(Text2.Text): h=Val(Text3.Text) 
S=h*(a+ b ) /2: GoTo 30 
10R= Val(Text4.Text) 
S= Pi*R^2:GoTo 30 
20a= Val(Text5.Text): b= Val(Text6.Text) 
S=a*b 
30 MsgBox (S), , “S=” 
Case1:Frame1(0).Visible= False 
Frame1.(1).Visible= False 
Frame1.(2).Visible= False 
Case2:End 
End Select 
End Sub 
9.Код терезесінің объектілер тізімінен 
General бөлігін ашып, Рі тұрақтысы мен Р айнымалысының 
мәнін бірнеше процелдурада қолдану үшін 
сипаттап кетіңіз:
Const Pi= 3.14 
Dim P As Integer 
10.Frame1 объектілерін бір- бірінің үстіне 
дұрыстап орналастырғаннан кейін, қосымшаны 
іске қосып, әртүрлі батырмаларды басып, 
олардың атқаратын қызметтерін тексеріп 
көріңіз.Әртүрлі фигуралардың аудандарын 
есептеп көріп, қосымшаның дұрыс жасалғандығына 
көз жеткізіңіз.
3.5.List Box және Combo Box компоненттері.
List Box 
 компоненті бірнеше текстік қатарлардан 
тұратын тізім жасау үшін қолданылады.Қосымшаның 
орындалу барысында пайдаланушы тізімді 
қарап, бір немесе бірнеше қатарларды 
таңдап алып, олармен жұмыс жасауына болады.Көбінесе 
таңдау оқиғасы ретінде DblClick(тышқан батырмасын 
екі рет шерту) оқиғасы алынады. 
List Box компонентінің 
негізгі қасиеттері: 
List- қатарға  мән беру немесе оның 
мәнін анықтау.Тізім қатарлары мәндерін 
қасиеттер терезесінде және программалық 
код терезесінде толтыруға болады.Тізімнің 
алғашқы қатарының нөмірі 0- ге тең болады. 
Программалық кодта тізім қатарын толтыру 
операторы төмендегідей түрде жазылады:
Oa.List(n)= “жазу”
Оа- объектінің аты, 
n- қатар нөмірі, мысалы List1.List(2)= “Химия” 
операторының орындалу нәтижесінде List1 
тізімінің екінші қатары «Химия» мәнін 
меншіктейді. 
List Index- толтырылған тізімнен қатардың 
нөмірін анықтау және оны белгілеу, мысалы: 
List1.List Index=2 операторы толтырылған тізімнен 
үшінші қатарды белгілейді.Үнемдеген 
жағдайда 0- қатар белгіленіп тұрады. 
List Count-тізімдегі қатарлар санын анықтау. 
Column-тізімді бірнеше бағандарға бөліп 
көрсететін мүмкіндігін орнату, мәні орнатылғанда, 
тізімді бірнеше бағанға бөліп, экранда 
көрінетін жерінде Column мәніне тең бағандар 
саны көрініп тұрады.Мысалы Column= 2 болғанда, 
тізім түрі төмендегідей болады: 
Multi Select- тізімнен қатарлар белгілеу 
мүмкіндігін орнату:егер 0- None, онда тізімнен 
бір ғана қатарды таңдауға болады:егер 
мәні 1- Simple болса, онда тізімнен бірнеше 
қатарды таңдауға болады, курсорды қатар 
үстіне апарып шертсе белгіленеді, екінші 
қайта шерткенде белгі кетіп қалады;егер 
мәні 2- Extended болса, онда тізімнен бірнеше 
қатарды Ctrl клавишасын басып тұрып белгілеуге 
болады(Windows операциялық жүйесіндегідей). 
New Index (List Count-1)- соңғы қатардың нөмірін 
анықтау. 
Selected- тізімнен қатарды таңдау, мысалы:программалық 
кодтағы List1.Selected(3)= True операторы төртінші 
қатарды таңдап белгілейді. 
Sorted- тізім элементтерін алфавиттің 
өсу тәртібі бойынша сұрыптау. 
Style- тізімнің сыртқы түрін өзгерту, 
түрін стандартты не жалаушалы етіп шығарады(мәндері:Standard/Chec 
box). 
Clear- тізімдегі барлық қатарды өшіру, 
мысалы программада List1.Clear операторы List1 
тізімін тазалайды. 
Addltem- тізімге жаңа қатар қосу әдісі, 
мысалы программалық кодта List1.Addltem «текст» 
операторы List1 тізіміне жаңа қатар қосады.Егер 
тізімде әлі ешқандай қатар толтырылмаса(жаңа 
тізім болса), онда 0- қатар толтырылады. 
Removeltem- тізімнен қатарды өшіріп тастау, 
мысалы программалық кодта жазылған List1.Removelttem 
2 операторы List1 тізімінің 2- ші қатарын 
алып тастайды, ал өшірілген қатардың 
орнына төмендегі қатарлар автоматты 
түрде бір саты жоғарыға көтеріледі.
Тапсырма 8.
   Тізімді әртүрлі 
әдістермен толтыру 
8- тапсырманы орындау барысы.
1.Формаға List1 объектісін 
орналасытырып, оның өлшемдерін суреттегідей 
етіп алыңыз. 
2.Енді тізімді келесі үш түрлі оқиға пайда 
болғанда толтыру әдістерін қарастыралық. 
а)Қосымша іске қосылғанда 
бірден List1 тізімін толтыру. Ол үшін: 
- форманы екі рет шертіп, код терезесінде 
төмендегі Form_Load процедураларының бірін 
жазыңыз да қосымшаны іске қосыңыз.Нәтижесінде 
тізім бірден форманың жүктелу барысында 
толтырылуы тиіс.
Тізімді Addltem әдісін қолдану арқылы:
Private Sub Form Load ()
List1.Addltem “Galatasaray” 
List1.Addltem “Manchester United” 
List1.Addltem “Real” 
List1.Addltem “Porto” 
List1.Addltem “Milan” 
List1.Addltem “Arsenal” 
List1.Addltem “Inter” 
List1.Addltem “Roma” 
List1.Addltem “Barselona” 
End Sub 
ә) Тізімді клавиатурадан 
кез- келген клавишты 
басқанда толтыру мысалы қосымша іске 
қосылғанда кез- келген клавишты басқанда 
List Box1 тізімі толтырылуы тиіс.Ол үшін: 
- List1 объектісін екі рет шертіп, код терезесін 
ашыңыз; 
- Оқиғалар тізімінен Key Press оқиғасын таңдаңыз; 
- Код терезесінде төмендегі List1_ Key Press 
процедураларының бірін жазыңыз да қосымшаны 
іске қосыңыз.Нәтижесінде тізім кез- келген 
клавишты басқан кезде толтырылады. 
Тізімді List(n) әдісін 
қолдану арқылы толтыру 
процедурасы: 
Private Sub List1_Key Press(KeyAscii As Integer) 
List1.List(0)= “Galatasaray” 
List1.List(1)= “Manchester United” 
List1.List(2)= “Real” 
List1.List(3)= “Porto” 
List1.List(4)= “Milan” 
List1.List(5)= “Arsenal” 
List1.List(6)= “Inter” 
List1.List(7)= “Roma” 
List1.List(8)= “Barselona” 
End Sub 
б)тізімді кез- келген 
бір объектіні шерткенде 
толтыру: 
мысалға қосымша іске қосылғаннан кейін 
Command1 батырмасын басқанда ListBox1 тізімі 
толтырылады.Ол үшін: 
-Формаға Command1 объектісін орналастырып, 
оның Caption қасиетіне «Шығар» мәнін орнатыңыз.  
- Command1 объектісіне курсорды апарып екі 
рет басып код терезесіне өтіңіз де, келесі 
берілген тізім толтыру процедураларының 
бірін жазыңыз. 
Тізімді Addltem әдісін 
қолдану арқылы толтыру:
Private Sub Command1_Click () 
List1.Addltem “Galatasaray” 
List1.Addltem “Manchester United” 
List1.Addltem “Real” 
List1.Addltem “Porto” 
List1.Addltem “Milan” 
List1.Addltem “Arsenal” 
List1.Addltem “Inter” 
List1.Addltem “Roma” 
List1.Addltem “Barselona” 
End Sub 
в)Тізім элементтерін 
Input Box әдісін қолдану 
арқылы массив элементтері 
сияқты енгізіп толтыру: 
Private Sub Command1_Click () 
Dim A(8) As String 
For k= Input Box(“Футбол клубтарын енгіз”) 
List1.Addltem A(k) 
Next k 
End Sub 
- қосымшаны іске қосып, «Шығар» батырмасын 
басу арқылы шыққан нәтижелерді көріңіз. 
-Екінші процедураны қолданған жағдайда, 
қосымшаның орындалу нәтижесінде «Шығар» 
батырмасы басылғанда экранға Input Box терезесі 
шығады.Тізім Input Box терезесінде массив 
элементтерін ендіру арқылы толтырылады.