Visual Basic ортасында программалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 13:38, лекция

Описание

New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал- саймандары мен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта ( IDE интегральная среда разработки) деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Visual Basic ортасында программалау..docx

— 122.29 Кб (Скачать документ)

Private Sub Command1_Click ()  
           ‘белгіленген топ нөмірін табу блогы 
If Option1.Value= True Then 
For K= 0 To 3 
If Option3(K).Value= True Then P= K 
Next K 
Else 
For K= 4 To 7 
If Option3(K).Value= True Then P= K 
Next K 
End If 
   ‘белгілнген топ нөмірі бойынша тізімді толтыру 
   ‘және нәтиже шығару блогы

Select Case P 
Case 0:List1.List (0)= “Франция” 
List1.List(1)= “Уругвай” 
List1.List(2)= “Дания” 
List1.List(3)= “Сенегал” 
List1.Visible= True 
Case1: List1.List(0)= “Бразилия” 
List1.List(1)= “Түркия” 
List1.List(2)= “Қытай” 
List1.List(3)= “Коста- Рика” 
List1.Visible= True 
Case2:List1.List(0)= “Аргентина” 
List1.List(1)= “Нигерия” 
List1.List(2)= “Англия” 
List1.List(3)= “Швеция” 
List1.Visible= True 
Case3:List1:List(0)= “Жапония” 
List1.List(1)= “Ресей’ 
List1.List(2)= “Бельгия” 
List1.List(3)= “Тунис” 
List1.Visible= True 
Case4:List1.List(0)= “Испания” 
List1.List(1)= “Парагвай”

List1.List (2)= “ОАР” 
List1.List(3)= “Словения” 
List1.Visible= True 
Case5:List1.List(0)= “Португалия” 
List1.List(1)= “Польша” 
List1.List(2)= “Корея” 
List1.List(3)= “АҚШ” 
List1.Visible= True 
Case6:List1.List(0)= “Германия” 
List1.List(1)= “Камерун” 
List1.List(2)= “Ирландия” 
List1.List(3)= “Сауд Арабиясы” 
List1.Visible= True 
Case7:List1.List(0)= “Италия” 
List1.List(1)= “Хорватия” 
List1.List(2)= “Мексика” 
List1.List(3)= “Эквадор” 
List1.Visible= True 
End Select 
End Sub 
12.Қосымшаны іске қосып, орындалу нәтижелерін тексеріңіз.

3.8. Формаға фигуралар  салу. Shape, Line, Picture Box және Image Box компоненттері.

  Формаға фигураларды  Бейсиктің графиктік операторларын  пайдаланып, программалық код терезесінде  Paint оқиғасын таңдап процедуралар құру арқылы немесе компоненттер панеліндегі графикалық компоненттерді пайдалану арқылы шығаруға болады. 
  Графиктік операторларды қолданып формаға әртүрлі фигураларды программалау арқылы шығару және тышқан құрылғысы курсоры көмегімен қолмен салу мысалын қарастырайық.

Тапсырма 14.

  Іске қосылғанда  формаға шеңбер, тік төртбұрыш,  түзу шығатын және курсор көмегімен  қолмен сурет салуға болатын қосымша құру керек.

14- тапсырманы орындау.

1.Қасиеттер терезесінде  Scale Mode қасиетін пиксельге айналдырыңыз. 
2.Программалық код терезесінен Form1 объектісі үшін Paint оқиғасын таңдаңыз. 
3.Form _ Paint процедурасын жазыңыз: 
Private Sub Form_Paint () 
Circle(150, 80), 50, RGB (200, 0. 255) 
Line (50, 30)- (120, 30) 
Line (20, 50)- (80,100), RGB(100, 255, 0), BF 
End Sub 
4.Қосымшаны іске қосып экранға не шығатынын көріңіз. 
5.Программалық код терезесінен Form1 объектісі үшін Mouse Move оқиғасын таңдап, келесі процедураны жазыңыз: 
Private Sub Form_Mouse(Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single) 
If Button= 1 Then Line- (X,Y), RGB (0, 0, 255) 
If Button= 2 Then Cls

                     ‘сол жақ батырма қисық сызық сызады 
                     ‘оң жақ батырманы басу экранды тазалайды 
End Sub 
6.Қосымшаны іске қосып формаға тышқан құрылғысы курсорымен қисық сызық салып көріңіз. 
7.Жоғарыдағы процедура қисық сызықты жеке бөліктерге бөліп сызуға мүмкіндік бермейді.Сондықтан қисықты жеке бөліктерге бөліп сызу үшін программалық код терезесінен Form1 обьъектісі үшін Mouse Down оқиғасын таңдап, келесі процедураны жазыңыз: 
Private Sub Form_Mouse Down(Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single) 
Current X= X 
Current Y=Y 
                     ‘ағымдық нүкте координаттары 
Draw width= 8 
                     ‘пиксельмен берілген сызық қалыңдығы 
End Sub 
8.Қосымшаны іске қосып, әр процедураның орындалу нәтижесін көріңіз. 
Енді қосымшаға графикалық фигуралар мен бейнелерді кірістіру үшін қызмет атқаратын компоненттер панелінің стандартты компоненттерін қарастырайық.Ол объектілердің барлығының қасиеттері бір- біріне ұқсас келеді. 
Line (сызық) компоненті- түзу сызық салу үшін қолданылатын компонент.  
Line объектісінің негізгі қасиеттері: 
Bolder Color- сызықтың түсін орнату, 
Bolder Style
- сызық стилін орнату, 
Bolder Width
- сызық қалыңдығын орнату, 
Draw Mode
- сызық салу әдістерін орнату. 
Shape(фигура) компоненті- формаға геометриялық фигуралар салу үшін қолданылады. 
Shape объектісінің негізгі қасиеттері: 
Bolder Color- фигура сызығының түсін орнату, 
Bolder Style
- фигура сызығының стилін орнату, 
Bolder Width
- фигура сызығының қалыңдығын орнату, 
Draw Mode
- фигура сызығының сызу әдістерін орнату, 
Fill Color
- фигура ішін бояу, 
Fill Style
- бояу стилін орнату, 
Shape
- фигуралар орнату(мәнедері 0- Rectangle, 1- Square, 2- Oval, 4- Circle, 5- Rounded Rectangle, 6- Rounded Square). 
Picture Box(бейне қорап) компоненті- формаға графикалық объектілерді кірістіру үшін қолданылады.Picture Box объектісінің графикалық өрісіне әртүрлі ттипті графикалық файлдар мен текстік фрагменттерді, ішіне геометриялық фигураларды салуға және басқа да графикалық объектілерді (мысалы батырма, текстік объектілер) кіргізуге болады.Сонда графикалық өрістер форманың ішінде форма сияқты жұмыс жасайды. 
Picture Box объектісінің негізгі қасиеттері: 
Auto Size- графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент(сурет, картина) өлшеміне шақтап өзгерту, 
Picture
– кірістірілген графикалық файл жолы, 
Image- қосымша орындалып жатқанда бір өрістер екінші бір өріске сурет көшіру, мысалы процедура денесінде мынадай қатар жазылса: Picture1.Picture= Picture2.Image 
онда Picture1 графикалық өрісінде орналасқан суреттің орнына Picture2 өрісіндегі сурет келеді. 
Circle, Line, Pset- объектінің ішіне фигуралар салу әдістері, мысалы төмендегі қатар ішіне шеңбер салады. 
Picture1.Circle (1100, 1000), 750

Image Box (сурет қорап) компоненті графикалық өрістің қарапайым түрі болып табылады.Picture Box компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа объектілер кірістіре алмайды.Қосымшаға Image Box компонентімен енгізілетін суреттер жадта аз орын алады. 
Image Box объектісінің негізгі қасиеттері: 
Picture- кірістірілген фал жолы, 
Stretch
- текстік объектілердің Autosize қасиетіне ұқсайды, егер мәні True болса, онда сурет объектінің өлшемдеріне шақ кішірейеді немесе үлкейеді, егер False болса, онда объект өлшемдері сурет өлшемдеріне шақ өзгереді.

Тапсырма 15.

Формада «Ауыстыру» батырмасын басқанда екінші обьектінің ішіне ьірінші объектінің суреті орналасатын, ал «Тазалау» батырмасын басқанда бірінші объектінің іші  тазаланып, екінші объектідегі суреттің орнына көрмсетілген жол бойынша  басқа графиктік объект орналастырыңыз.

15- тапсырманы орындау.

1.Формада Form1 және Image2 объектілерін орналастырыңыз. 
2.Олардың ішіне Picture қасиеттері арқылы сурет орналастырыңыз. 
3.Формаға Command1  және Command2 объектілерін орналастырып, олардың Caption қасиеттеріне «Ауыстыру» және «Тазалау» мәндерін беріңіз. 
4. Command1 объектісін екі рет шертіп, код терезесіне төмендегі процедураны жазыңыз. 
Private Sub Command1_ Click () 
Picture1.Picture= Image1.Picture 
End Sub 
5. Command2 объектісін екі рет шертіп, код терезесіне төмендегі прцедураны жазыңыз. 
Private Sub Command2_Click () 
Image1.Picture= Load Picture () 
Picture1.Picture= Load Picture (“C:\0\ Alsy 11.bmp”) 
End Sub 
6.Қосымшаны іске қосып, процедураларды орындағанда шығатын нәтижелерді көріңіз.

3.9. HScroll Bar, VScroll Bar компоненттері.

Тік және жатық айналдыру  белдеушелері белгілі бір объектілердің  қасиеттерінің мәндерін өзгерту  үшін қолданылады.Мысалы оларды шрифт, түс параметрлерін өзгертуде, дыбысты  күшейту- азайтуда, бейнелерді өңдеуде, Scroll Bars қасиеттері жоқ объектілердің көрінбейтін жерлерін шығарудақолдануға болады. 
Айналдыру белдеушелерінің негізгі қасиеттері: 
Min- шкаланың бастапқы мәні( шкала тік- жоғарыдан, жатық- сол жақтан басталады). 
Max
- шкаланың соңғы мәні. 
Value
- шкала басынан жылжымалы батырманың тұрған жеріне дейінгі арақашықтық мәні. 
Large Change
- айналдыру белдеушесін басқанда жылжымалы батырманың жылжу қадамы. 
Small Change
- шкаланың екі жанындағы тілсызықтарды басқандағы жылжымалы батырманың жылжу қадамы. 
  Бір ескертетін жай, қосымша іске қосылғанда, айналдыру белдеушелері екпінді күйінде жыпылықтап тұрады.Бұл жағдайды болдырмау үшін Set Focus әдісімен фокусты қосымшадағы басқа объектіге беріп тұру қажет.

Тапсырма 16.

  Формаға төмендегі  шарттар бойынша тік және айналдыру  белдеушелерін орналастыру керек. 
   Тік айналдырма белдеушесін не оның тілсызықтарын басқанда, немесе жылжымалы батырмасын сүйреу арқылы орнын ауыстырғанда оның жанындағы алаңда Value қасиетінің мәні көрініп тұруы керек.Ал жатық айналдырма белдеушесін не оның тілсызықтарын басқанда, немесе жылжымалы батырмасын сүйреу арқылы орнын ауыстырғанда оның төбесінде Value қасиетінің мәні көрініп тұруы керек және төртбұрышты алаңда Value қасиетінің алғашқы мәнінің шрифт өлшемі оның жаңа мәніне сәйкес өзгеріп тұруы тиіс.

16- тапсырманы орындау.

1.Формаға HScroll1 және  VScroll1 объектілерін орналастырыңыз.Олардың Large Change қасиетіне 4, ал Small Change қасиеттеріне 2 мәндерін орнатыңыз. VScroll1 объектісінің Min қасиетіне 0, Max қасиетіне 100 мәндерін беріңіз, ал Hscroll1 объектісінің Min қасиетіне 9, Мах қасиетіне 72 мәндерін орнатыңыз.

2. VScroll1 объектісінің жанына Label1 объектісін орнатыңыз. 
3. Hscroll1 объектісінің үстіне Command1 және Label2 объектілерін орнатыңыз.Command2 объектісінің Tablndex қасиетіне 0 мәнін беріңіз. 
4.Форманы екі рет шертіп, код терезесіне келесі процедураны жазыңыз. 
Private Sub Form_Load () 
Command1.Font.Size= Hscroll1.Value 
Command1.Caption= Hscroll1.Value 
Label1Caption= VScroll1.Value 
Label2.Caption= Hscroll1.Value 
End Sub 
5. Hscroll1 объектісін екі ретшертіп, код терезесінде келесі процедураны жазыңыз. 
Private Sub Hscroll1_Change () 
Command1.Font.Size= Hscroll1.Value 
Label2.Caption= Hscroll1.Value 
Command1.Set Focus 
End Sub 
6.Vscroll1 объектісін екі рет шертіп, код терезесінде келесі процедураны жазыңыз. 
Private Sub VScroll1_Change () 
Label1.Caption= VScroll1.Value 
Command1.Set Focus 
End Sub 
7.Қосымшаны іске қосып, шыққан нәтижелерді көріңіз.Олардың Large Сhange және Small Change қасиеттерінің мәндерін өзгерткенде шығатын нәтижені байқап көріңіз.

3.10. Drive List Box, DirList Box, File List Box компоненттері.

Drive List Box, DirList Box, File List Box компоненттерінің көмегімен компьютерде орнатылған дискілер және оларда жазылған бумалар мен файлдар тізімін шығаруға болады.Қосымша орындалғанда Drive List Box объектісіндегі дискілер тізімі Combo Box объектісі, ал DirListBox, FileListBox объектілері ListBox объектісі сияқты ашылады. 
Бұл объектілердің негізгі қасиеттері: 
Drive- дискі аттарын өзгерту, 
Path
- каталогтың орналасқан жерін көрсету, 
Pattern
- файлдың орналасқан жолын көрсету.

Тапсырма 17.

Drive List Box, DirList Box, File List Box компоненттерін бір- бірімен байланыстыру арқылы Picture қорабына таңдалған файлды шығару.

17- тапсырманы орындау.

1.Формаға Drive1, Dir1, File1 және Picture1 компоненттерін орналастырыңыз. 
2.Формадан File1 объектісін белгілеп, Pattern қасиетіне *.jpg мәнін беріңіз. 
2.Dir1 объектісін екі рет шертіп төмендегі процедураны жазыңыз: 
Private Sub Dir1_Change () 
File1.Path= Dir1.Path 
End Sub 
3.Drive1 объектісін екі рет шертіп төмендегі процедураны жазыңыз: 
Private Sub Drive1_ Change () 
Dir1.Path= Drive1.Drive 
End Sub 
4.Формадан File1 объектісін екі рет шертіп төмендегі процедураны жазыңыз: 
Private Sub File1_Click () 
F=File1.Path & “\” & File1. File Name 
Picture1.Picture= Load Picture(F) 
End Sub 
5.Қосымшаны іске қосып, Picture1 объектісіне С: дискісінен jpg типті суреттерді шығарып көріңіз(дискілер мен бумаларды ашу Windows- тің сілтеуіш программасындағыдай).

3.11. Data компоненті.* VisData программасын пайдаланып деректер қорын жасау.

Data компоненті қосымша элементтерін деректер қорымен байланыстыру үшін қызмет атқарады. 
Data компонентінің негізгі қасиеттері мен әдістері: 
DataBaseName- деректер қоры файлының жолын орнату. 
Connect
- деректер қоры файлының типін орнату. 
EOFAction
- кесте өрісінің шекараларынан шыққан жағдайда жазуларды басқару(0- пайдаланушы төменгі шекарадан аса алмайды, 1- соңғы жазуға келгенде MoveNext батырмасы ажыратылып, пайдаланушы келесі жазуға өте алмайды,2- соңғы жазуда тұрғанда AddNew әдісі іске қосылып, келесі жаңа жазуға өте алады). 
ReadOnly- оқиға ғана орнату. 
RecordSourse
- кестелермен байланыс орнату. 
RecordSet деректер қорын басқару, негізгі әдістері: 
Recordset.AddNew- кестеге жаңа жазу енгізу. 
Recordset. Update- жаңа жазуды сақтау. 
Recordset. Fields («өріс аты»).Value- өрістің мәнін анықтау. 
Recordset.AbsolutePosition- жазудың реттік нөмірін анықтау, бірінші жазудың нөмірі 0- ге тең. 
Recordset.RecordCount- кестедегі жазулар санын анықтау. 
Recordset.MoveFirst-бірінші жазуға өту. 
Recordset.MoveLast- соңғы жазуға өту. 
Recordset.MoveNext- келесі жазуға өту. 
Recordset.MovePrevious- алдыңғы жазуға өту. 
Data объектісінің батырмалары төмендегі суретте берілген. 
  Үлкен программаларды іске қосқанда кейбір мәліметтерді қайта- қайта жазу программалаушыға ауыр тиеді.Сондықтан бұндай жағдайда деректер қорын пайдаланған жөн.Әдетте деректер қоры файлы Access программасында жасалады.Егер компьютерде бұл программа орнатылмаса, онда деректер қорын сақтайтын файлды Visual Basic ортасының құрамына кіретін Vis Data программасында жасауға болады.Ол үшін келесі командалар орындалады. 
1.Алдымен Visual Basic ортасынан Add- Ins- Visual Data Manager командасын орындау қажет. 
2.Шыққан Vis Data терезесінде жаңа деректер қоры файлын жасау үшін File- New- MA- Ver7.0. командасын орындаймыз. 
3.Select MAccess Data Base to Create терезесінде қажетті буманы ашып, файлға ат қойып сақтаймыз, нәтижесінде деректер қоры файлы ашылған буманың ішінен mdb- типті файл болып сақталады.(мысалы С:\Табель\tabel.mdb) 
4.Енді бұл файлдың ішінде жаңа кесте жасау үшін Data Base Windows терезесінің кез- келген жеріне курсорды апарып, оң жақ батырманы басқанда шығатын контексті мәзірден New Table командасын орындау керек. 
5.Нәтижесінде шыққан Table Structure терезесінің Table Name алаңында жасалатын кесте атын жазу керек(мысалы: кестеге Tabel1 деп ат қояйық) 
6.Әрі қарай Add Field батырмасын басқанда шығатын Add Field терезесінде кесте өрістерін орнату керек. 
Name алаңында өріс аты(Nomer), Type алаңында- өріс шамаларының типі, Size алаңында- өлшемі жазылады. 
7.Кестенің бірінші өрісінің параметрлерін толтырғаннан кейін Ок батырмасын басып, кестенің келесі өрісінің параметрлерін дәл осы сияқты толтыру қажет(мысалға, кестенің екінші өрісінің атын FIO деп, ал үшінші өрісінің атын Trugan Jil деп алып, олардың типтеріне Text, өлшемдеріне 50орнатайық).Кестенің барлық өрістерін орнатқаннан кейін Close батырмасын басу арқылы Add Field терезесін жабу керек. 
8.Содан соң Table Structure терезесінен Build the table батырмасын басып шығу керек. 
9.Содан соң File- Exit командасын орындау немесе жабу батырмасын басу арқылы VData программасынан қайтадан Visual Basic ортасына шығу керек. 
10.Енді деректер қоры файлының кестесін толтыру үшін формаға кез- келген текст ендіретін объект орналастыру қажет(ол объектінің деректер қорымен байланыстыратын Data Sourse, DataField қасиеттері болуы шарт), мысалға формаға Text1 объектісін түсіру арқылы кесте өрістерінің мәндерін төмендегідей жолдармен толтыруға болады. 
1.Формаға Text1, Data1 объектілерін орналастыру керек. 
2.Data1 объектісінің Data Base Name қасиетінде деректер қоры файлының жолын көрсету қажет(С:\Табель\tabel.mdb). 
3.Деректер қоры файлының жолы көрсетілгеннен кейін Data1 объектісінің Record Source қасиетінде автоматты түрде шығатын кестелер тізімінен керекті кестені таңдау қажет(мысалы:Tabel1). 
4.Кесте өрісінің келесі жазуына өту мүмкіндігін орнату үшін Data1 объектісінің EOFAction қасиетіне 2- AddNew мәнін беру қажет. 
5.Егер жоғарыдағы қадамдардың барлығы дұрыс орындалса және Text1 объектісінің Data Source қасиетіне Data1 объектісі таңдалса, онда Text1 объектісінің Data Field қасиетінде автоматты түрде кесте өрістерінің аттарынан тұратын тізім шығуы тиіс(Nomer, FIO, Tugan Jil).Тізімнен керекті өріс аты таңдалғаннан кейін, қосымшаны іске қосып Text1 объектісіне сол өріс элементтерін толтыра беруге болады.

Информация о работе Visual Basic ортасында программалау