Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 13:38, лекция
New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал- саймандары мен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта ( IDE интегральная среда разработки) деп те атайды.
2.2.Тармақталу программалары.
Visual
Basic процедураларында операторлардың
орындалу ретін басқарып отыратын тармақталу
процестерін ұйымдастыруда шартсыз Goto,
шартты If...... Then..... Else және таңдау
Select Case операторлары қолданылады.
Тармақталу процестерін төменде берілген
құрылымдарды қолданып ұйымдастыруға
болады.
І.Тек қана If операторын қолдану арқылы.
1. If шарт Then оператор.
Егер шарт орындалса, онда басқару Then
операторына жазылған операторға барады,
әйтпесе- келесі қатарға өтеді.
2. If шарт Then 1-оператор
Else 2-оператор.
Егер шарт орындалса, басқару 1-операторға
барады, әйтпесе2- операторға барады.
3. If шарт Then
1 блок
Else
2 блок
End If
Егер шарт орындалса, онда басқару
Then операторындағы операторлар блогына
барады, әйтпесе
Else операторындағы операторлар блогына
барады.
ІІ.Шартсыз көшу (Goto) операторын қолдану арқылы:
4. If
шарт Then Goto n
Егер шарт орындалса, онда оны басқару
n-ші қатарға өтеді, әйтпесе- келесі қатарға
беріледі.
5. If
шарт Then Goto n1 Else n2
Егер шарт орындалса, онда басқару n1-ші
қатарға, орындалмаса n2-ші қатарға беріледі.
6.If 1- шарт Then Goto n1
If 2- шарт Then Goto n2
If 3- шарт Then Goto n3
If 4-шарт Then Goto n4
Егер 1- шарт орындалса, онда басқару
n1-ші қатарға,2-шарт орындалса- n2-ші қатарға,3-шарт
орындалса- n1-3-ші қатарға, 4-шарт орындалса-
n4- ші қатарға, әйтпесе келесі қатарға
өтеді.
ІІІ.Таңдау операторларын (Select Case) қолдану арқылы:
7.Select Case P
Case n1:
Case n2:
Case n3:
End Select
Таңдау Р селекторының мәндері бойынша
орындалады:
Егер Р=n1 болса, тек n1-ші қатар таңдалып
орындалады да, әрі қарай басқару End Select
операторларынан кейінгі қатарға беріледі.
Егер Р=n2 болса, тек n2-ші қатар таңдалып
орындалады да, әрі қарай басқару End Select
операторларынан кейінгі қатарға беріледі.
Егер Р=n3 болса, тек n3-ші қатар таңдалып
орындалады да, әрі қарай басқару End Select
операторларынан кейінгі қатарға беріледі.
Басқа жағдайларда таңдау орындалмай,
басқару End Select операторларынан кейінгі
қатарға беріледі.
8.Select Case P
Case n1:
Case n2:
Case n3:
Case Else
End Select
Таңдау Р селекторының мәндері бойынша
орындалады:
Егер Р=n1 болса, тек n1-ші қатар таңдалып
орындалады да, әрі қарай басқару End Select
операторларынан кейінгі қатарға беріледі.
Егер Р=n2 болса, тек n2-ші қатар таңдалып
орындалады да, әрі қарай басқару End Select
операторларынан кейінгі қатарға беріледі.
Егер Р=n3 болса, тек n3-ші қатар таңдалып
орындалады да, әрі қарай басқару End Select
операторларынан кейінгі қатарға беріледі.
Басқа жағдайларда Case Else қатары орындалады
да, әрі қарай End Select операторларынан кейінгі
қатарға беріледі.
Тармақталу процестерін ұйымдастыруда
программалаушы өз ыңғайына қарай бұдан
басқа да тармақталу құрылымдарын қолдануына
болады.
Мысал 1*.
Тармақталу командаларының көмегімен Y= ax2+bx+c квадрат теңдеуінің шешімдерін табатын қосымша жасау.
Қосымшаны жасау жолы.
1.Формаға
теңдеудің коэффиценттерін
ендіру үшін қызмет
атқаратын Text1, Text2, Text3
компоненттерін орналастырып,
олардың Text қасиетінің
мәндерін тазалаймыз.
2.Формаға түсініктемелер
жазу үшін өызмет атқаратын
Label1, Label2, Label3, Label4
компоненттерін орналастырып,
олардың әрқайсысының Caption
қасиетіне “a=”, “b=”,
“c=” және "Квадрат
мәндерді шешу“ мәндерін
береміз.
3.Формаға нәтиже шығару
үшін қызмет атқаратын Label5
компонентін түсіріп,
оның Caption қасиетінің
мәнін тазалаймыз.
4.Формаға есептеу
процедурасын шақыру
үшін қызмет атқаратын Command1
компонентін түсіріп,
оның Caption қасиетіне
“Есептеу” мәнін жазамыз.
5. Command1 компонентін
екі рет шертіп Command1_Click
процедурасының денесін
толтырамыз.
Private Sub Command1_Click ()
a= Val(Text1.Text): b= Val(Text2.Text): c= Val(Text3.Text):
d= b^ 2-4*a*c
If d <0 Then GoTo 10
If d = 0 Then GoTo 20
X1= (-b+Sgr(d))/(2*a)
X2= (-b-Sgr(d))/(2*a)
Label5.Caption=”:”&X1&”, “& X2 GoTo 30
10Label5.Caption= “”
GoTo30
20X=-B/(2*a)
Label5.Caption= “” & X
30
End Sub
6.Қосымшаны іске қосқаннан
кейін ендіру алаңдарына
теңдеудің коэффиценттерін
ендіріп “Есептеу”
батырмасын басып нәтиже
аламыз.
Мысал 2.
Тармақталу командаларының көмегімен екі санның үлкенін табатын қосымша жасау.
Қосымшаны жасау жолы:
1.Формаға екі санды
ендіру үшін қызмет атқаратын
Text1.Text2 компоненттерін орналастырып, олардың
Caption қасиетінің мәндерін тазалаймыз.
2.Формаға түсініктемелер жазу үшін қызмет
атқаратын Label1, Label2, Label3 компоненттерін
орналастырып, олардың әрқайсысының Caption
қасиетіне “a=”, “b=” және “Екі санның
үлкенін табу” мәндерін береміз.
3.Формаға есептеу процедурасын шақыру
үшін қызмет атқаратын Command1 компонентін
түсіріп, оның Caption қасиетіне “Есептеу”
мәнін жазамыз.
4. Command1 компонентін екі рет шертіп Command1_Click
процедурасының денесін толтырамыз:
Private Sub Command1_Click( )
a= Val (Text1.Text )
b= Val (Text2.Text )
If a >b Then Msg Box “maximal= a”_
Else Msg Box “maximal= b”
End Sub
5.Қосымшаны іске қосқаннан кейін ендіру
алаңдарына екі сан ендіріп, “Есептеу
” батырмасын басқанда Msg Box терезесінде
нәтиже шығады.
2.3. Циклдік программалар
Visual Basic процедураларында
қайталану процестерін ұйымдастыру үшін
келесі циклдік операторлар қолданылады.
1.For K= m To n Step p
цикл денесі
Next K
Цикл параметрі алғашқы мәні мен соңғы
мәнінің арасында жатса ( m<=K<n) цикл
денесі орындалады, әйтпесе цикл тоқтап,
басқару циклден кейінгі операторға беріледі.
2.While K<n
цикл денесі
Wend
While операторындағы шарт (K<n) орындалғанша
цикл денесі орындалады, әйтпесе цикл
тоқтап, басқару циклден кейінгі операторға
беріледі.
3.Do While K<n
цик л денесі
Loop
Do While операторындағы шарт (K<n) орындалғанша
цикл денесі орындалады, әйтпесе цикл
тоқтап, басқару циклден кейінгі операторға
беріледі.
4.Do Until K<n
цикл денесі
Loop
Do Until операторындағы шарт (K<n) орындалмаса
цикл денесі орындалады, орындалса цикл
тоқтап, басқару циклден кейінгі операторға
беріледі.
Сондай- ақ программалаушы Visual Basic процедураларында
цикл операторларын қолданып цикл ішіндегі
цикл ұйымдастыруына болады.Оларды ұйымдастыру
және орындалу ережелері Бейсиктегі сияқты.
Мысал 1*.
Қайталану командаларының
көмегімен белгілі бір
Қосымшаны жасау жолы.
1.Формаға сандар
интервалын ендіру үшін қызмет
атқаратын Text1, Text2 компоненттерін орналастырып,
олардың Caption қасиетінің мәндерін тазалаймыз.
2.Формаға түсініктемелер жазу үшін қызмет
атқаратын Label1, Label2, Label3 компоненттерін
орналастырып, олардың әрқайсысының Caption
қасиетіне “Интервал енгіз=”, “X=” және
“Y=” мәндерін береміз.
3.Формаға нәтиже шығару үшін қызмет атқаратын
List1 компонентін түсіріп, оның List қасиетінің
мәнін тазалаймыз.
4.Формаға есептеу процедурасын шақыру
үшін қызмет атқаратын Command1 компонентін
түсіріп, оның Caption қасиетіне “Шығару”
мәнін жазамыз.
5. Command1 компонентін Command1_Click процедурасының
денесін толтырамыз:
Private Sub Command1_Click( )
X= Val (Text1.Text): Y= Val (Text2.Text)
List1.Addltem “Жай сандар”
For K= X To Y
P= 0
For I= 2To K\2
If K Mod I= 0 Then P=1
Next I
If P = 0 And K <>1 Then List1.Addltem K
Next K
End Sub
6.Қосымшаны іске қосып, ендіру алаңдарына
интервалдардың төменгі және жоғарғы
шекараларын ендіріп, “Шығару” батырмасы
басылғанда нәтииже List1 тізімдер алаңына
шығады.
Мысал 2.
Қайталану командаларының
көмегімен формада радиусы
Қосымша жасау жолы.
1.Формаға
шаңбер шығару үшін
қызмет атқаратын Shape1компонентін
орналастырып, оның Shape
қасиетіне 3-Circle мәнін
орнатамыз.
2.Формаға уақыт-
өлшеуіш қызметін атқаратын Timer1
компонентін түсіріп,
оның Interval қасиетіне 50
береміз.
3.Timer1 компонентін
екі рет шертіп, код
терезесінде шеңбердің
уақытқа байланысты
үлкею процедурасын
жазамыз.
Private Sub Timer1_Timer ( )
For K= 1 To 5
If Shape1.Height<3000 Then_
Shape1.Move Shape1.Left,_
Shape1.Top-5,Shape1.Width+10,
Next
End Sub
4.Қосымша іске қосылғанда
таймер де іске қосылып
экранда нәтиже көрінеді.
2.4. Массивтер.
Элементтерінің
саны алдын- ала белгілі бір типті индексті
айнымалылардың жиынтығын массив деп
атайды.Массивтің типі күрделі болып табылады.Массивтерлі
программада қолдану үшін, оларға белгілі
бір ат беріледі.Visual Basic процедураларында
массивтермен жұмыс істеу ережелері (ендіру,
шығару, элементтерін реттеу т.б.) қарапайым
Бейсиктегідей сияқты.Массивті сипаттау
үшін Dim қызметші сөзінен кейін массив
атын жазып, жақша ішінде массивке компьютердің
жадынан қанша орын бөлінетінін және As
қызметші сөзінен кейін массив элементтерінің
типін көрсетіп кету керек, мысалы:
Dim A ( 1 To 15) As Integer
Dim X (15 ) As String
Бұдан басқа формаға қосымша компоненттерінің
көшірмесін алып қою арқылы олармен массив
элементтері секілді жұмыс жасауға болады.Мысалы
формаға Command1 объектісін түсіріп, Edit- Copy
және Edit- Paste командалары арқылы оның формаға
9 көшірмесін алып қоятын болсақ, онда
формада бір- бірінен Index қасиеті арқылы
ғана ажыратылатын 10 элементтен тұратын
Command1 массивын аламыз. Visual Basic формаға
бірінші түскен элементтің Index қасиетіне-
0(объектінің атын Command1(0)), одан кейінгі
түскен объектіге- 1(Command1(1)), әрі қарай-
2(Command1(2)), 3(Command1(3)) ,......8(Command1(8)) деп автоматты
түрде мән орнатады.Ол объектілерге байланысты
оқиғалар бір процедурада жазылады және
олар объектілер Index қасиетінің мәндері
бойынша өңделеді.
Мысал 1*.
N элементтен тұратын массив элементтерінің қосындысын шығаратын қосымша жасау.
Қосымшаны жасау жолы.
1.Формаға
нәтиже шығару үшін
қызмет атқаратын Label1
компонентін орналастырып,
оның Caption қасиетінің
мәнін тазалаймыз.
2.Формаға Command1 компонентін
орналастырып, оның Caption
қасиетіне “Есептеу
” мәнін орнатамыз.
3. Command1 компонентін
екі рет шертіп, кодтар
терезесінде массив
элементтерінің қосындысын
есептейтін процедура
толтырамыз.
*Мысалдарды
қосымшада қолданылған
компоненттерді өткеннен
кейін қарастырыңыздар.
Private Sub Command1_Click( )
Dim A (15 )As Integer
n=Input Box (“массив элементтері саны:”)
For k= 1 To n
A (k) =Input Box(A(k), “массив элементін енгіз”)
Next k
s= 0
For k=1 To n
s= s+A(k)
Next k
Label1.Caption= “s=” & Str(s)
End Sub
4.Қосымшаны іске қосқаннан
кейін, “Есепте ” батырмасын
басып, Input Box терезесінде:
а)массив элементтерінің
санын,
ә)элементтерін ендіреміз
де,
ОК батырмасын басу
арқылы Label1 алаңында
массив элементтерінің
қосындысы мәнін аламыз.
Мысал 2.
N элементтен тұратын массивтің теріс элементтерінің санын шғаратын қосымша жасау.
Қосымшаны жасау жолы.
1.Формаға
нәтиже шығару үшін
қызмет атқаратын Label1
компонентін орналастырып, Caption
қасиетіне бос орын,
ал Autosize, WordWrap қасиеттеріне
“True” мәнін қоямыз.
2.Формаға Command1 компонентін
орналастырып, оның Caption
қасиетіне “Есептеу
” мәнін орнатамыз.
3. Command1 компонентін
екі рет шертіп, кодтар
терезесінде массив
элементтерінің қосындысын
есептейтін процедура
толтырамыз
Private Sub Command1_Click( )
Dim A (15 )As Integer
n=Input Box (“массив элементтері саны:”)
s=0
For k= 1 To n
A (k) =Input Box(A(k), “массив элементін енгіз”)
If A(k )< 0 Then s= s+ 1
Next k
Label1.Caption= “Теріс элементтер саны=” &
Str(s)
End Sub
4.Қосымшаны іске қосқаннан
кейін, “Есепте ” батырмасын
басып, Input Box терезесінде:
а)массив элементтерінің
санын,
ә)элементтерін ендіреміз
де,
ОК батырмасын басу
арқылы Label1 алаңында
массивтің теріс элементтерінің
қосындысының мәнін
аламыз.
2.5. Visual Basic қосымшаларын сақтау.
Visual Basic ортасы ашылысымен жаңа проектіні бастамас бұрын жаңа форма мен проектіні жаңа бума ашып сақтап алған жөн.Өйткені қосымша жасау барысында жаңадан көптеген формалар, проектілер тағы да басқа көмекші файлдар қолданылуы мүмкін.Сондықтан көптеген файлдардың арасында шатасып кетпеуі үшін бір қосымшаның құрамына кіретін барлық файлдарды бір бумада сақтаған дұрыс.Проектіні сақтау үшін File- Save- Project командаларын орындап, шыққан VB98 бумасын көрсетіп тұратын Save File As терезесінде “Жаңа бума жасау ” батырмасын басу арқылы жаңа бума жасап, оның ішіне проект пен формаға ат беріп сақтаймыз.Егер форма басқа проектілерде пайдаланылмайтын болса, онда форма мен проектіге бірдей ат қоюға болады.Ал бумаға жасалып жатқан қосымшаға байланысты кез- келген ат беруге болады.
Проект файлы
vbp-типті ал форма файлы frm- типті болып
сақталады.Осы екі файл қосымшаның негізгі
файлдары болып табылады.Бұлардан басқа
қосымшаны Visual Basic ортасына кірмей-
ақ іске қосуға мүмкіндік беретін бірден
орындалатын ехе- типті файл жасауға болады.Ол
үшін File-Make проект аты.ехе командасын
орындап шыққан Make Project терезесінде бірден
орындалатын файлға ат беріп сақтау керек.
Жасалып жатқан қосымша проектілері
мен формаларын жабу үшін File- Remove- Project
командасын немесе проектілер терезесінде
курсорды проектінің атына апарып оң жақ
батырманы басқанда шығатын контексті
мәзірден Remove- Project
командасын орындау қажет.
Форманы, проектіні немесе программалық
код текстерін принтер арқылы қағаз бетіне
шығару үшін File- Remove Print
командасын орындап шыққан Print- проект
аты терезесінде принтерге шығатын элементтер
жанына жалаушалар орнатып ОК батырмасын
басу қажет.Ал принтердің параметрлерін
орнату терезесіне шығу үшін Print Setup
батырмасын басу керек.
3. Visual Basic ортасының компоненттері және олармен қосымшалар жасау.
3.1.Text Box, Label және Command Button компоненттерін қолданып қосымша жасау.
Text Box-қосымшаға
әртүрлі информация енгізу және шығару
үшін қолданылатын компонент.Қосымша
орындалғанда пайдаланушы бұл объектіде
жазуды редакциялауына болады.
Text Box
объектісінің негізгі қасиеттері:
Name-объектіге ат беру.
Text-алаңға текст енгізу, тексті тікелей
қасиеттер терезесінде немесе программалық
кодта төмендегідей меншіктеу операторының
көмегімен енгізуге болады:
Text1.Text=””
//текстік алаңды тазарту
Text2.Text= Text1.Text
Текстік объектінің мәнін төмендегідей
анықтауға болады.
X=Text1.Text
Locked –құлып, алаңға текст енгізу мүмкіндігін
алып тастайтын немесе орнататын бульдік
шама.Егер қасиеттің мәнін True етіп орнатса,
онда объекті тек көру режимінде ғана
шығады, курсор көрініп тұрады, ал тексті
өшіруге немесе жаңа текст жазуға болмайды.
Multi Linе-енгізу алаңын көп қатарлы
ететін бульдік шама, текст алаңын көп
қатарлы ету үшін бұл шамаға “True”
орнатып, текст алаңын программалық кодта
төмендегідей мысал енгізуге болады.Програмалық
кодта тексті бөліп жазу үшін + не & символдары
қолданылады.
Мысал:Бір ғана Text Box компонентінен тұратын
қосымша іске қосылғанда Text1 объектісінің
алаңына "Мен Қаламбаев Төрехан Шиелі
ауданына қарасты Шиелі елді мекенінде
Ломоносов атындағы мектептен келдім.Мектепте
информатика пәнін жүргіземін ."деген
текст шығу керек.