Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

Дамыта оқытудың алғы шарттары мақсатты сұрақтар қоя отырып, оған жауапты өзі табуы, анықтаманы өзі тағайындап, оқулықпен салыстыра отырып, өз шама - шарқын тексеру. Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы оның іс – әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады.

Сабақта оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастырудың барлық формаларын да дамыта оқыту жүйесін қолдануда. Соның ішіндегі оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасына тоқталайық. Мысалы, «Математика – 3» оқулығындағы «Көбейтуді тексеру», «Бөлуді тексеру» тақырыптарын өту барысында оқушыларға жаппай сұрақтар қойылады. 3 * 2=6 теңдігіндегі сандар қалай аталады? [41]

Оқушы: 3 – көбейткіш, 2- көбейткіш, 6 – көбейтіндінің мәні, - деп жауап береді.

-      Көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішке бөл;

-      Нәтижені тап. – Не байқадың?

-      6 / 3 бөлгенде 2 шығады, 2 дегеніміз екінші көбейткіш;

-      Көбейтіндінің мәнін екінші көбейткішке бөл;

-      Нәтижені тап. -  Не байқадың?

-      Оқушы: 6/2 бөлгенде 3 шығады, 3 –бірінші көбейткіш деуі керек.

-      Қандай қорытынды шығаруға болады?

                            Оқушы мынадай қорытынды шығаруы мүмкін: «Көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішке бөлсем, екінші көбейтік; екінші көбейткішке бөлсең, бірінші көбейткіш шығады».

Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әрбір топта 4 – 5 оқушыдан болуы арқылы іске асады. 3 – сынып оқулығындағы оқушылардың қандай да бір танымдық қабілеттерін дамыта түсуге арналған жаттығуларды топпен бірге отырып, талдап орындауға болады. Мысалы, қанша кем

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

2 12 13 14 15 16 17 18 19 20?

Мұны талдауда оқушылар алдымен бірінші қатардағы сандарды талдайды. Алдыңғы сен кейінгіден нешеге кем екендігін екінші қатардағы сандар қарастырылады. Олардың бір – бірімен байланысы бірінші қатардағы сандар екінші қатардағы сәйкес санмен, мысалы, 2 мен 12, 8 бен 18 сандары салыстырылып кем екендігі анықталады.

Топпен жұмыс істеуде мұғалімнің анықтауы бойынша білім деңгейімен ақыл – ой қабілеттеріне қарай іріктелген, біріктірілген оқушылар енуі мүмкін. Мұндайда егер топ «күштілерден» тұратын болса, тапсырма әлдеқайда қиынырақ көбірек талдауды ққажет ететін болып, ал топ «нашарлардан» тұратын болса, орындалу деңгейі, мазмұны жеңілірек болып іріктелуі мүмкін.

Тапсырманы орындап болған соң әрбір баланың сол тапсырманы қандай ережені, анықтаманы басшылыққа алғаны, қандай қорытынды жасағаны тексеріледі. Сонымен қатар топпен жұмыс түрінде де өткізіледі. Қатар отырған оқушыға бір мазмұндағы тапсырма беріледі, олар бірігіп талдайды, сосын әрқайсысы өз бетімен, қайтадан бірігіп, бірін – бірі немесе өзара тексереді, қорытынды жасайды.

Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.

Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.

Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.

Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып   ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.

Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.

Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.

Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.

Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.

Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» - көрсеткен болатын [42].

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным қабілетін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: саналық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар.  Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің рөлі ерекше.

Дамыта  оқытуда  басты  міндеті – оқу  материалдарын  оқушыға  дайын  күйінде  емес,  оқушымен  бірлесіп,  жалпы  іс - әрекетті  ұйымдастыра  отырып,  алға  қойған  міндеттерді  түсіндіру,  оларды  шешудің  тәсілдерін,  жолдарын  міздестіру  іс – тәжірбиеде  қолдану  үшін  төмендегілерді  басшылыққа  алу  керек.

1)  Оқу  әрекетін  қалыптастыру,  айналадағы  дүниемен  белсенді  әрекеттесіп  этикалық  қарым – қатынасқа  дайындау  дара  тұлғалық  адамгершілік  нормаларын  меңгеру;

2)  Оқу  барысында  баланың  бойындағы  дамытуды  қалыптастыруды  дағдыландыруға  айналдыру;

3)  Оқу  мен  тілдің  арасындағы  байланыстарға  мән  беру;

4)  Сөздік  қоры  мен  тілдің  арасындағы  байланысқа  аса  көңіл  бөлу;

5)  Оқушының  сезіміне  әсер  етіп,  логикалық  ойын  дамыту;

6)  Жалпы  оқушының  жан  дүниесін  дамыту;

Дамытып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой – өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті – «Ең таяу даму зонасын» жасау.

Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри, Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.пискунов т.б.) тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына төмендегіге саяды:

1.      Таным қабілетінің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.

2.      Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың рөлі.

3.      Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.

4.      Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі [43].

Математика да - өнер  сияқты  таным  әдісі.  Танымдық  іс - әрекет – шәкірттердің  білімге  деген  өте  белсенді  ақыл – ой  әрекеті.  Оқушылардың  танымдық  іс - әрекеттерді  жоспарлау  және  ұйымдастыру  біліктерінің  қалыптасуына  оқу – танымдық  тапсырмаларды  шығармашылық  тұрғыда  шешудің  маңызы  зор.  Қызығу – танымдық  іс - әрекеттің  қозғаушы  күші.  Оқушылардың  қызығу  жәрдемімен  оқып – үйрену  барысында қабілеті  ашылып,  дарыны  ұшталады,  өз  күшіне,  мүмкіндігіне  сенім  артады,  кісілігі  қалыптасады.  Бастауыш  сынып  оқушыларына  берілетін  танымдық  тапсырмалардың  түрлері  әдістемелік  жағынан  алуан  түрлі  болуы  тиіс,  танымдық  тапсырмаларды  пайдалану  үздіксіз  болу  керек.  Сондай – ақ  танымдық  тапсырмалардың  ерекшелігі  есептің  шешуіне  қажетті  барлық  мәліметтер  бола  тұрса  да,  ол  дәл  осы  мәліметтерге  сүйене  отырып  шешімін  таба  алмайды.  Себебі,  нәтижелерді  алу  үшін  мәліметтерді  түрлендіріп  және  өз  бетімен  оларды  практикалық,  ақыл – ойдың  көмегімен  бірізділікті  орындаулары  керек.  Бұдан  біз  танымдық  тапсырмалар  деп – алуан  түрлі  есептер,  тапсырмалар  түрлеріндегі  және  логикалық (проблемалық  мазмұндағы)  шешулерді  өз  бетінше,  ойлау  іс - әрекетін  талап  ететін  түрлі  тапсырмаларды  түсінеміз [44].

Баланы есеп шығаруға үйрету ең қиын әрі күрделі мәселе деген сөздер жиі кездеседі. Әсіресе, қазіргі жаңа буын оқулықтарындағы есептерді шығаруға келгенде оқушы түгел кейбір ұстаздардың да қиналып қалар жағдайлары бар. Ал балалардың ата-аналары болса ол есептерді тіптен түсініксіз деп бағалайды. Осы орайда бастауыш мектеп мұғалімдеріне «есеп» термині – орындалуға, шешілуге тиісті. Пайымдау, есептеу арқылы орындалатын жаттығу, зерттеуді және шешуді талап ететін күрделі мәселе дегенді білдіретіндігін ескеру өте маңызды. Әсіресе, оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың таным белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен берілген талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.

Сонымен кез-келген шамаларды анықтап, олардың арасындағы байланысты тағайындау, есепті шығару әдістерін анықтау маңызды. Содан кейінгі кезекте сол есептің шығарылуына талдау жасап, оны шығарудың басқа да тәсілдері бар ма, соған көңіл бөлінеді. Егер де осы айтылғандар сабақ барысында толығымен орындалса, онда оқушылардың математикаға деген көзқарасы, ата-аналарының бұл пән туралы ой-пікірлері рң болары хақ. Өйткені, оқушы сабақта белсенді болып, үй тапсырмасын орындауда қиындықтарға ұшырамас еді. Бастауыш мектеп математика курсы оқулықтарында: «Берілген есепке кері есеп құрастыр және оны шығар», «Теңдеу құр және оны шығар», «Не байдадың?», «Теңдіктер қандай ережеге сүйеніп жазылған?», «Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыр», «Шығару жолын салыстыр» т.с.с тапсырмалар берілген және олар оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуіне, белсенді болуына, ойлауға көмек береді. Сол себепті осы тапсырмаларды сабақ барысында толық орындату өте маңызды [45].

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру