Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. сияқты қасиеттерді көздейді. Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту жолдарын іздейді.             

              Оқушылардың математиканы меңгеру деңгейі көбінесе математикалық есептерді шығаруға қаншалықты төселгендігіне байланысты бағаланады.                   

              Дамыта оқыту үрдісінде есептер шығаруға оқушыларды үйретудің рөлі зор. Ал белгілі бір типтегі есептердің шығарылуын қалыптастыру қандайда бір математикалық тақырыпты меңгерумен қатар оқушының ой еңбегінің қалыпты жұмыс істеуіне, шығармашылық қабілетінің артуына ықпал етеді.

              Математика жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие береді, нарық заманында өмір сүруге үйретеді. Осы айтылғандар негізінде жалпы білім беретін қазақ мектептерінде математиканы оқытудың негізі мақсаты оның жас ұрпаққа білім берудегі және оларды одан әрі дамытып тәрбиелеудегі орны мен рөлін айқындайтын мынадай қағидаларға сүйене отырып анықталады:

-                     математиканың идеялары мен әдіс, тәсілдері және оларды бізді қоршаған ортада болып жататын құбылыстарды зерттеп танудағы рөлі туралы түсінікті қалыптастыру;

-                     қазіргі қоғамның толық жарамды мүшесі болуға қажет болатын жүйелер ой қорытып, дұрыс пікірге келу, басқа қасиеттерді қалыптастыру және одан әрі дамыту;

-                     қазіргі қоғамның әрбір мүшесіне күнделікті өмірде және еңбек ету әрекетінде қажет болатын, мектептегі басқа пәндерді оқып білуге, үзіліссіз оқып білу жүйесінде өзінің білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті болатын математикалық білім және іскерліктерді оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ету.

Оқытудың ғылымилық ұстанымы табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ол оқушының таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытуда ғылыми ұстанымды іске асыру үшін мынадай талаптар орындалуы шарт.

Біріншіден, есептің мазмұнының танымдық жағына көп көңіл аударылуы тиіс.

Екіншіден, есепті талдауда мұғалім математика заңдылықтарын мысалдар арқылы дәлелдеп отырған жөн.

Үшіншіден, алынған материалдарды игертуде оқушының жас және жеке ерекшеліктері міндетті түрде ескеріледі.

Білім беру мен тәрбие теориясын және тәжірибелік педагогикалық жинақтау мен зерттеу әрбір кезеңнің әлемді танудың жаңа формаларын қажет екендігін көрсетеді. Егер өткен дәуірде адам әлеиді ақпарат жиынтығы формасында жүйелі өңдеу арқылы таныса, ал қазіргі заман – танудың мейлінше басым эмоциональды сезімдік формасын ұсынады.

Зерттеу барысында математика сабағында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың қазіргі жай-күйін білу мақсатында бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарына, оқу-әдістемелік кешеніне талдау жасалынды. Бақылау сыныптарындағы математика сабақтарына қатынаса отырып, оқушылармен, мұғалімдермен қажет кезінде ата-аналармен әңгіме-семинарлар ұйымдастырылды. Оқушыларға сауалнамалар тарату арқылы оқушылардың қабілетін, танымдық қабілетінің деңгейін анықтауға мүмкіндік туды.

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятуды мақсат еткен әдіс-тәсілдер біршама баршылық. Бірақ олар бірыңғай жүйеге келтірілмегендіктен, бастауыш мектептегі математиканы оқыту процесінде оқушылардың қабілет-мүмкіндігі толық ашылмай келеді. Оның басты себебі оқушылардың бойындағы сезімі мен сенімінен құралған таным құндылықтарын қатынасқа түсіру әдіс-тәсілдерінің жетіспеушілігінде болып отыр.

Білім беру құжаттары мен оқу-әдістемелік кешенге жеке-жеке тоқталатын болсақ, қазіргі жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасындағы білім берудің басты міндеттерін белгілегенде: оқушының жеке тұлға ретінде жас ерекшеліктерін ескеру қажеттігі және оқытудың тәрбиемен байланыстылығы ескеріліп, оқушының жан-жақты дамуына және оқу процесінің сапасын көтеруге қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз ету мәселесі сөз болған.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Ал осы тұжырымдама негізінде дайындалған оқу бағдарламасына тоқталатын болсақ, 1-4 сыныпта «Математика» пәнін оқытудың мақсатын айқындауда оқушыларға білім, білік, дағдыларды игерту, математика курсының мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және бейімдеу, оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интелектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу көзделген.

«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес:

1-сыныпта аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;

2-сыныпта аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;

3-сыныпта аптасына 5 сағат, оқу жылында 170 сағат;

4-сыныпта аптасына 5 сағат, оқу жылында 170 сағаттан тұрады.

Мектептің бастауыш сатысындағы базалық білім мазмұны: теріс емес бүтін сандардың арифметикасы, алгебраның элементтері, геометрияның элементтерінен тұрады [3, 63 бет].

Зерттеу барысында сабақты жан-жақты, түрлендіре ұйымдастырып тиімді әдіс-тәсілдерді топтастыра қолданып жүрген озат тәжірибелі мұғалімдердің де сабақтарына қатысып, талдау жасалынды. Мысалы, 3-сыныпта «Сыйымдылық және көлем» жайында түсінік барысындағы өткен сабақта (мұғалім – А.Арыстанғалиева, Атырау қаласы) талдау-жинақтау әдісін, сондай-ақ шығармашылық жұмыстарды оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытуға бағыттап отырды. Көрнекілік әдісі арқылы оқушыларға сыйымдылық, көлем, сұйықтың мөлшерін анықтауды түсіндірді.

Алайда мұндай сабақтардың үлгісі заман талабына сай өз бетімен талпыныс жасап жүрген кейбір мұғалімдердің тәжірибесінде ғана кездесетіндігі байқалады.

Ал барша мұғалім өз сабағын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай рухани дүниесін байытуға, ойын жетелеп, сезімін оятуға бағыттап, танымдық қабілетін арттырып отыру бағытында ұйымдастыру үшін басшылыққа алатын арнайы әдіс-тәсілдер жүйесі болуы қажет.

Осындай бағыт берілмегендіктен, сабақтың мазмұны толық ашылмай, баланың көкейіндегі ойын айтқызу тәсілдерінің жетіспеушілігі кейбір сабақтарда айқын байқалды.

Соңғы онжылдықта әдістеме ғылымында оқушының адамгершілігін дамыта оқыту мәселесі кеңінен көтерілуде. Ал біздің зерттеу нысанымыз – математика сабағында – оқушының танымдық қабілетін ашуға, оған бағыт-бағдар беруге тиімді пәндердің бірі. Өйткені, математика ғылымдардың атасы.

Жалпы зерттеу барысында математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екенін байқадық. Сонымен қатар оны жүзеге асырудың математика сабағында мол мүмкіншілігі бар екені анықталды. Осы жағдайларға байланыты эксперименттің мақсаты айқындалды.

Ол - оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына «Дамыта оқыту» жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу. Математика  сабақтарында  бастауыш  сынып  оқушыларының  бойына  еркіндік,  жауапкершілік,  ар – намыс,  мақтаныш  сезім,  дербестік,  адамгершілік,  еңбексүйгіштік,  белсенділік  т. б.  қасиеттер  дамыту,  баланы  оқыта  отырып,  жалпы  дамыту. Бұл мәселелерді шешу үшін мынадай міндеттер белгіленді:

-         зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық әдебиеттермен танысу және талдау: мәселенің мәні мен тұжырымдалған түсініктер мазмұнын талдау және бастауыш мектеп үрдісіндегі дамыта оқыту технологиясының теориялық алғышарттарын анықтау;

-         бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми – әдістемелік жүйесін құру;

-         оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың дидактикалық шарттарын айқындау;

Соған орай, оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы арттыруға бағытталған «Дамыта оқыту технологиясын шығармашылықпен жүзеге асыру» атты есептер жинағы құрастырылды және ол тәжірибеге енгізілген оқу құралы ретінде ұсынылмақшы.

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін мынадай талаптар негізге алынды:

1)     әрбір тақырып мақсатына сәйкес оқушының интеллектуалдық және рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуын көздеуі тиіс;

2)     оқушының тақырып мазмұнына сәйкес алған білімін салыстыра, талдай және қорытындылай отырып, өзіндік дамуын басты нысанаға алу;

3)     мұғалім оқушының жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жеке тапсырма беру арқылы олардың таным қабілетінің дамуын қамтамасыз ету.

Қазақстанда бастауыш математикалық білім беру, оқу мазмұнын айқындау, ана тіліндегі математикалық терминологияны қалыптастыруға халқымыздың ағартушы-ғалымдары Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, Ә.Қасымов, К.Жәменов, Х.Досмұхамедов және басқалар зор үлес қосты.

Ұлттық қазақ бастауыш мектебінің мәселесі еліміз егемендік алып, өз тарихымызды түгендеуге бет бұрған шақта оң өзекті мәселеге айналды.

Бастауыш қазақ мектебінде математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқу-әдістемелік кешен дайындау мәселесімен Т.Қ.Оспанов, Б.Қосанов, Ж.Қайыңбаев, Ш.Құрманалина айналысып, олар дайындаған әдістемелік кешен 1992-1993 оқу жылынан бастап республика мектептерінде қолданылып кетеді.

                            Ал дамыта оқыту технологиясы Н.Абдықайтова «Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру», Е.Рамазанова «Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру», З.Смайлова «Дамыта оқыту технологиясы жеке тұлғаның дамуына әсері» атты еңбектерінде кең өріс алып келеді.

                            Дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: “Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек ”,-деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады:

1) Өзекті даму деңгейі – бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер. 2) Жақын даму аймағы – бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.

Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын дамытуға дағдыланады. Г.К.Селевко өзіндік дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш бөлікке бөлді.

1) ”Теория”-өзін-өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп бағдарламасына енгізілген.

2) ”Практика”- өзін-өзі жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-әрекет сабақтан тыс уақытта орындалады.

3) ”Әдістеме”-ғылыми негізін жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі мен құрылымын жасап, жүзеге асыру.

Осы үш бөлікті бір жүйеге келтіріп, мектептерде өзін жетілдіру сабақтарын жүргізуге болады. Өзіндік дамыта оқытудағы негізгі мақсат: жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі басқара алатын механизм құрып, адамгершілік -  танымдық қасиеттерін дамыту. Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы.Оқушы ұстанымы: өзі анықтап, еркін өз қалауы бойынша іс-әрекет ету, өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек етеді, оның балаға деген сүйіспеншілігі, “мұғалім” мен “оқушы” арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттерімен мінезін ашуға мүмкіндік береді.

                            Қазіргі кезде осы бағыт бойынша Қазақстан мектептерінде “Өзіндік таным” пәндік курсы жүргізілуде. Бұл курстың бала тәрбиесіндегі алатын орны аса зор. “Өзіндік таным” курсы оқу барысында өзін-өзі тануы, оны жетілдіру, дамытуы, жалпы адамзаттық құндылықтарды тану бойынша меңгерілген дағдыларды ақиқат өмірде қолданылуына, өз көзқарастарын, іс-әрекетін белсенді жүзеге асыруға дағдыландырады.

  Бастауыш сыныпта “өзіндік танымды” қалыптастыру барысында оқушыларды қызықтырып өзінің жасаған жұмысына өзі баға беріп, қортынды шығара білуге дағдыландырудың маңызы зор. Ол үшін әртүрлі өз бетінше орындалатын қызықты тапсырмалар беру керек. Мысалы: 1- ші сыныпта математика пәнінде мынандай тапсырмаларды қолдануға болады.

Шығармашылық  тапсырмалар:

1.  Оқушылардың  дүниетанымдық  ой - өрісін  кеңейте  түсу  және  санды  теңдік  құрастырумен  байланысты  іс - әрекеттер  орындай  білуге  машықтандыра  түсу.

2. Балықшы  шабақ,  шортан  және  сазан  аулады.  Шортанды  шабақтан  бұрын,  ал  шабақты  сазаннан  бұрын  ұстады.  Ең  алдымен  қандай  балық  ұсталды?  Ең  соңында  ше?  Шортанды  бұрын  ұстады  ма,  әлде  сазанды  бұрын  ұстады  ма?

Жауабы:  Балықшы  алдымен  шортан,  сонан  соң  шабақ,  соңында  сазан  ұстады.

3. Ойлан,  тап: 3+4<2

теңсіздікке  «+»  немесе «-« таңбаларын  қойып,  әйнекшеге  сан  қою  арқылы  шығарылады.

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру