Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз беттерінше – ақ арттыра алары сөзсіз.

Л.В.Занков жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете, қарқынды, жан-жақты дамыту жүйесі деп те атауға болады.

Технология ерекшелігі. Оқу әрекетінің негізгі себебі танымдық қызығушылық болып табылады. Үйлесімділік идеясы әдісте менің ұтымды және сезімдік, ұжымдық және жеке, ақпараттық және проблемалық, түсіндірме және ізденгіштік сияқты әдістерін үйлестіруді талап етеді.

Дамыта оқыту оқушыларды әртүрлі қызмет түріне тартуды құптайды, сабақ беруде дидактикалық ойындар, пікір-таластарды, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Дамыта оқыту өзі айтып тұрғандай баланы жан-жақты дамытуға бағытталған оқу процесі және ол негізгі белгілерімен ерекшеленеді: біріншіден, оқушы педагогикалық әрекет объектілерін танымдық іс-әрекет жасауға бағытталған субъектіге айналады. Бұнда оқушыға өз бетімен қойылған мақсатқа жетіп, өз бетімен білім алуға беретін жағдай туғызылуы керек. Екіншіден, есте сақтау қабілетіне көп жүк түсірмей, керісінше, ақыл-ой механизмі оқушыларға әрі қарай олардың өз бетімен дамуына, білім алуына және мұғалімге тікелей бағынышты болмай бостандық алуына бағытталған. Өскелен өмір талабына сай орта білім беретін мектептердің басты мақсаты- бұл жан-жақты дамыған шығармашылық бағытта еркін жұмыс істей алатын жас жеткіншекті тәрбиелеу. Ал, бұл мақсатқа жету қазіргі кезеңінде бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту жүйесі негізінде оқыту, тәрбиелеу негізінде ғана орындалмақшы болып отыр.

Дамыта оқыту жүйесі - оқушының жалпы дамуын қамтамасыз ете отырып, оның өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп және соған кең жол ашатын жүйе. Сол себепті  әртүрлі есептер дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың танымдық, ақыл- ой, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен жол ашады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақ. Сабақ білім беру процесінің негізгі элементі болып қала береді, бірақ Л.В.Занков жүйесінде оның атқаратын қызметі, ұйымдастыру формасы елеулі өзгеріске енеді. Оның инвариантты (тұрақты) сапалары төмендегідей :

     - сабақтың мақсаты тек жаңа материалдардан хабардар ету мен білік, білім,дағдыны тексеруде ғана емес, жеке тұлғаның басқа да қасиеттеріне бағындырылады;

-      сыныпта оқушылардың өз бетімен ойлауына негізделген әрекеттер жүзеге асады;

-      мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы.

Сабақтың әдістемелік мақсаты – оқушылардың таным белсенділігін көтеруіне жағдай жасау. Бұл мақсат төмендегі жолдар арқылы жүзеге асады:

•     мұғалім сабақта проблемалық жағдай туғызады;

• оқушылардың субъектілік тәжірибесін ашатын оқу қызметін ұйымдастырудың сан-алуан формасы мен әдістерін қолданады;

•     сабақ жоспарын оқушылармен бірге отырып жасап, талқылайды;

•    әр оқушының жұмысқа қызығушылығын тудыруға жағдай жасайды;

•   оқушыны ынталандырып отырады, тапсырманы орындауда қателесуден, дұрыс емес жауаптан қорықпау үшін түрлі тәсілдерді пайдалануға үйретеді;

•    сабақ барысында оқушы оқу мазмұнынының неғұрлым маңызды түрі мен формасын таңдауға көмектесетін дидактикалық материалдарды пайдаланып отырады;

•  тек соңғы нәтижені ғана емес, оқушының қызмет әрекетінде бағалап отырады;

•   оқушының есеп шығаруда т.б. жұмыста өзінше әдіс табуға ұмтылуын қолдап, басқа оқушылардың әдістерімен салыстырып, тиімдісін мақұлдап отырады;                             

              В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады.

В.В.Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оның құрылымы мынадай: оқу қызметі оқу мақсаты мен міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіну), оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады.

Жалпы дамыта оқыту терминінің дүниеге келуі В.В.Давыдов идеяларынан басталады. Дамыта оқытудың бәріне ортақ 6 белгісін атап өтейік:

1. Дамыта оқыту педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісті алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланысты. Тұлға ұғымы – диагностикалық ұғым, өмірде ол даму деп аталатын өзгеріске ұшырап отырады. Мұнда ілгерінді даму айтылады. Ол дегеніміз – индивидтің уақытқа орай дене және психикалық өзгеру үрдісі, онда тұлғаның кез – келген қасиеті ілгерінді түрде өсіп, толығады.

2.  Дамыта оқыту дамудың барлық заңдылықтарын ескереді және сапалық мүмкіндігін анықтайды. Даму деңгейі мен ерекшелігіне икемделіп сәйкестендіріледі. Оқыту дегеніміз – бұл адамның психикалық даму формасы және дамудың қажет элементі. Кез келген оқыту оқушы білімін байытады және дамытады. Сондықтан оқытуды бөліп қарауға болмайтын тұтас үрдіс. Дамыта оқыту мақсаты – аз, қысқа уақыт ішінде дамудың жоғарғы нәтижесіне жету болып табылады. Ол тектік және жас ерекшеліктік алғы шарттарды жоғары дәрежеде пайдалана отырып, дамудың алдында жүруі тиіс. Бұл тек дамыта оқытудың нәтижесінде ғана болмақ.

3.    Дамыта оқытудағы педагогикалық ықпал тұлғаның тұқым қуалаушылық қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді және тездетеді. Дамыта оқыту технологиясында балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

4.  Дамыта оқытуда бала іс-әрекетінің толыққанды субъекті болып табылады.

5. Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға, яғни жан – жақты дамытуға негізделген.

6.  Дамыта оқыту баланың жақын даму аймағында жүзеге асады. Жақын даму аймағы деп – тұлғаның мәселені өз бетімен шешу мүмкіндігінен ересектермен бірлесе шешу мүмкіндігіне өтуді атаймыз. 

                            Педагогикалық технология әрбір пәнге, оқушының жас ерекшелігіне қарай қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларының прсихологиялық ерекшеліктері, мінез – құлқы әр түрлі. Математика сабағында, дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияны қажет етеді. Ол технологияда баланы қоршаған ортамен еркін қарым – қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі.

Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма, есеп бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланаң көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар-ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғыстығы болады. Сол сияқты есептің мазмұнына орай оларға адамгершілік, эстетикалық, ұлттық сана-сезім, салт-дәстүр қалыптастыруға болады. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте «салыстыру – объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты»,-делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау, қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.

Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекті етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты, оқушыларға күнделікті өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді, сонымен бірге заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық-баланың жалпы дамуындағы негізгі пхсихологиялық компонент болып табылады. Неғұрлым салыстыру жұмысын тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формалимзм жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі.

Заттарды салыстыра отырып, тек, ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала дамуы үшін маңызы зор.

Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден, қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын, белгілерін білу керек.

                            Белгі дегеніміз – заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі.

Байқау – қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ол қарау, қабылдау арқылы іске асады.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі – сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенім арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алтындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзетіліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденген. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.

Оқу әрекетінің алғы шарттары мектепке дейінгі жаста, рольдік – сюжеттік ойындар кезінде байқала бастайды. Мектеп алды топтарда балалардың қоршаған дүние жайлы қызығушылықтары артады да, оның танымдық қажеттіліктері молаяды [28].

Мектепте бұл қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Енді ол мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды шеше отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.

Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім оқушының қажеттілігіне айналады.

Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

         • Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

          • Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

          • Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы және оны әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек. Өзінің философиялық ұстанымдарын қарағаны дұрыс.

Оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.

Бұлардан басқа оқу процесінде оқушылардың көптеген ақыл – ол қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.

Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді. Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтетін сабақтың үлгісін сурет 2 көруге болады.

       Сурет 2 - дамыта оқыту технологиясы бойынша өтетін сабақтың үлгісі.

Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда жоғарыдағы схема бойынша өтілуі тиіс. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады.  Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.

Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез – келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болуы үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын – ала программалап қойған іс – әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларды тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеялы, мұраты болып саналады.

Дамыта оқыту технологиясындағы ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу болып табылады. Мұның өзі оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің обьектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару», «қалыптасуы тиіс», «әрекеттің жалпы моделін құру», «аналогтарды пайдалану», «объектінің жаңа қызметін көру», т.б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс-әрекетке қосатын, оқушыны «өз көзқарасының авторы», «іс-әрекет біліктері мен дағдылардың шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру