Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат
Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34
2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59
Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........
Егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, дамыта оқыту оқушыларды жан – жақты дамытып, өз ойын айтуға, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді.
Мұғалім мен оқушы бір-бірімен тең, мұғалім балаға ақылы-санасы жоғары адам ретінде қарым-қатынас жасайды.
Бақылау тестілік тапсырмаларды орындау мәліметтері бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы өзара қарым–қатынастың дамыта оқыту технологиясы арқылы жүруі бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеттерінің даму деңгейлерінің көтерілгенінен көрінді.
Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа математикалық білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап көрсетілген.
Алайда, ғылыми зерттеулер және біздің тәжірибеміз көрсеткендей баланы тұлға ретінде қалыптастыру үшін, қазіргі дидактикалық көкейтесті мәселесі – мектеп пәндерін, соның ішінде математика мектеп курсын педагогика ғылымына сай әдістемелік жаңарту, білім беру жүйесін технологияландыру керек екенін көрсетіп отыр.
Әрбір бала мектепке білім алуды мақсат етіп келетіні аян. Бірақ нарықтық қатынас жағдайында оқушының білім алуға деген ынтасының төмендеп кеткендігі бізді қатты алаңдатады.
Математиканы дәстүрлі оқытудағы жіберілетін негізгі кемшіліктер.
Дәстүрлі оқытуда мұғалімдердің мүмкіндіктері шектелген, өйткені:
біріншіден, мұғалімдердің көпшілігінің жіберетін кемшіліктері оқушыны жеке зерделенетін тақырыптар бойынша тексере алмайды;
екіншіден, типті мұғалімнің әрбір өтілген тақырып бойынша тексеріп үлгірсе де, оқушының біліміндегі ақауларын түзеуге, жоюға уақыты жетпейді;
үшіншіден, мұғалім математика пәні бойынша қызығушылығын ескеріп, қабілетіне сәйкес танымдық жұмыс ұйымдастыра алмайды;
төртіншіден, дәстүрлі оқуда мұғалімнің тәрбиелеу мүмкіншілігі де шектелген;
бесіншіден, ең бастысы, мұғалім оқушылардың берілген материалды түгелдей 100% меңгеруіне кепілдік бере алмайды.
Ал «Білім туралы» заңның 41-бабының талаптарына сәйкес мұғалім міндетті түрде мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес білім деңгейін көрсетуін қамтамсыз етуі тиіс делінген. Олай болса, айтылған түйінді мәселелердің шешімін таппайынша біз ХХІ ғасырдың білім көшінде өзге елдермен тереземізді теңестіре алмай қалуымыз мүмкін. «Ел мен елді теңестіретін - білім» екенін ұмытпайық.
Дәстүрлі оқытуда жіберілген кемшіліктерді жою үшін біз сіздерге математиканы «Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру» арқылы оқытуды ұсынамыз.
Оқушылардың қабылдауының кейбір көрсеткіштері мына салалар:
зейінділік;
тез және берік есте сақтау;
ойлау білу;
тапқырлық;
ұшқыр қиял;
жұмыс үстіндегі дербестігі және оның жақсы нәтижелілігі екенін ескерсек, оқыту технологиясы қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, дүниетанымы кең жеке тұлғаны қалыптастыруда тиімді.
Тиімді оқытудың негізгі мақсаты – білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға тәрбиелеу.
Дамыта оқыту технологиясының негізгі басты құндылығы:
1) 100% үлгірім;
2) жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;
3) жоғары ұпай жинау арқылы оқушының ынтасын арттыру;
4) оқушы материалды өзі меңгереді, ал мұғалім өз пәнінен жұмыс дәптерін жасайды;
5) педагогикалық технология орта мектеп жүйесін ақпараттандыру принципін сақтай отырып жүргізеді.
Эксперимент тапсырмаларын іріктеп алу кезінде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігі және өтілетін материалдардың мазмұндық ерекшелігі ескеріледі. Зерттеудің эксперименттік жұмысын жүргізгенде төмендегі бағытта нақтылы зерттеу тапсырмалары жүзеге асырылды.
- пән бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, математика сабағында дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға байланысты әртүрлі есептерді және оларды шығарудың әдістік жағдайларын анықтап белгілеу;
- оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын туғызу, оларды күрделі есептерді өз бетінше шешу қабылдауын дамытып, дағды қалыптастыру;
- шығармашылық тапсырмалар орындау;
Осы мақсатта 3 - ші сынып оқушыларына дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға ұсынылған нақты сабақ жоспарлары төмендегіше болды:
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды бағандап қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары:
1) Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орныдаудың үлгісін көрсетіп беру, амалдар алгоритмдерінің сәйкескезеңдері және орындалатын іс – әрекеттерге, алгоритмге машықтандыру. Кестелік қосу және азйту дағдыларын қалыптастыру;
1) Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа, тапқырлыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту;
2) Оқушыларға ұлттық тәлім – тәрбие беру. Ұқыптылыққа, ерлікке, сұлулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту.
Көрнекілігі: Шығармашылық есеп жазылған жазбақағаз, топтамалар, рейтенг кестесі, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың сабаққа әзірлігіне шолу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр түрлі сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын жан – жақты тексеріп шығу.
- Екі таңбалы санға екі таңбалы санды қалай қосамыз және азайтамыз? Не байқадыңыздар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу.
1. Топтарға бөліну: «Қыз Жібек» тобы (қыздар), «Төлеген» тобы (ұлдар).
Сабақтың мақсаттары хабарланады.
- Қыз Жібек пен Төлеген туралы не білеміз?
Балалардан білетіндерін сұрау.
2. Ауызша есептеулер:
а) сандарды қосу және азайту;
б) масса біріліктерін еске түсіру;
в) ұзындық бірліктері;
г) геометриялық фигуралар (периметрін табу)
д) қосудың заңдары
3. Математикалық диктант (өрнектің нәтижесін жазу)
1 онд. – 1 бірл.=
9 онд. + 1 онд.=
2 онд. + 3 бірл.=
47 + 3=
60 – 2 =
4. Оқулықпен жұмыс (тақтада түсіндіріледі)
27 63 44 72
36 27 28 44
63 36 72 28
Оқушыларды қатыстыра отырып, ауызша түсіндіріледі.
4. Өз бетімен жұмыс.
«Қыз Жібек» тобы «Төлеген» тобы
29 42 34 61
13 13 27 34
Мысал тақтаға түсіндіріледі.
ІV. Сергіту сәті. Логикалық жаттығулар
1. Мына сандарды пайдаланып, нәтижесі 87 болатын қосындыны жаз: 64, 39, 21, 66, 48, 24, 76, 11
? + ? = 87; ? + ? = 87;
? + ? = 87; ? + ? = 87=
- 7 саны туралы не білеміз?
- 7 ата туралы.
№5 есеп (есепті оқып, талданады)
- есепте не белгілі?
- есепте не белгісіз?
- есепте нені табу керек?
Домбыра – 3 бала
Ән – 7 немере
Би – 6 немере
Шешуі: 3 + 6 + 7 = 16
Жауабы: 16 адам.
Ән – 7 немере
Би – 6 немере
Шешуі: 6 + 7 = 13
Жауабы: 13 немере
Есептердің шешуі, сұрағы салыстырылады.
Логикалық есеп (үнтаспадан тыңдалады)
«Қыз Жібек» «Төлеген»
4 + 6 + 6 = 16 5 + 6 + 6 =
6 + 6 = 12 өрнегі 5 + 6 = 11 өрнегі
бойынша есеп құру бойынша есеп құру
Ойын. 1. «Кім жылдам?». Шыққан санда тез ата.
Ондықтар: 4, 5, 6, 7.
Бірліктер: 8, 9, 0, 5.
2. Топ басшысы жарысы (сұрақтарға «ия» немес «жоқ» деп тез жауап беру).
Теңдеу шеше білеміз бе?
а1а2а3 - х = а1
х = а1а2а3 - а1
х = а2а3
а1а2а3 - а2а3 = а1
а1 = а1
Төлеген – х = Төле
х = Төлеген – Төлех
х = ген
Төлеген – ген = Төле
Төле = Төле
№4 мысал (өз бетімен)
4 см 6 см
5 см 7 см
6 см – 4 см = 2 см; 6 см + 5 см = 1 дм 1 см
7 см – 5 см = 2 см; 7 см + 4 см = 1 дм 1 см.
V. Қорытынды (екі топтың ұпайларын рейтенг бойынша есептеу)
- Сонымен біз не үйрендік?
- Екі таңбалы сандарды бағандап, қалай қосып, азайтамыз?
VI. Бағалау (мақтау, мадақтау әдістері)
VII. Үйге тапсырма.
№6 мысал. Есеп құрастыру.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт, Қашықтық, жылдамдық.
Мақсаттары:
а) білімділігі. Жылдамдық, қашықтық, уақыт туралы ұғымды қалыптастыру. әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, қашықтық және уақыт белгілі болғанда жылдамдықты табу. Ауызша тез есептеуге баулу, үйрету;
ә) тәрбиелілігі. Анық сөйлеуге жолдастық қарым-қатынасты нығайту.
б) дамытушылығы. Танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап, топтық жұмыс, сауалнама.
Көрнекілігі: жетондар, сілтемелер (А,Б,В,Г), бағалау парағы, үнтаспа, сауалнама кестесі, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. А) Үй тапсырмасын тексеру (ауызша)
ә) Бекіту. 1 км =1000 м. 1 сағ=60 мин.
б) Сергіту сәті.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Түсіндірме (сұрақ – жауап)
Уақыт – 2сағ. Қашықтық – 10км. Жылдамдық - ? км/сағ.
Шешуі: 10км:2сағ=5км/сағ. Жауабы: Жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ.
IV. Ойын.
Жоғары қиындықта оқыту принципі бойынша физика курсымен ұштастырамын. V –жылдамдық, S – қашықтық, t – уақыт. V = S/ t = км / сағ. «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны (топтық жұмысы)
Ойын ережесімен таныстыру.
Тапсырманы түсіндіру.
Топпен жұмыс.
Қорытындысын бағалау.
А, Б, В, Г үстелдеріне тапсырмалар беріледі. А - тобына берілген тапсырма үлгісі: (А - 1, А - 2, А - 3 тапсырмалары)
Қозғалыстағы дене | жылдамдық | уақыт | Қашықтық |
Жаяу адам | ? | 3 сағ | 12 км |
Жүк поезы | ? | 3 сағ | 120 км |
Жолаушы поезы | ? | 3 сағ | 360 км |