Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

А – 4 - ші  оқушыға  №1  карточка  беріледі.

Оқушылар 5 - 7 минут  дайындалады.  Дайындалып  болған  соң  оқушылар  келесі  тәртіппен  орын  алмасады.  А  үстеліне  А - 1, Б - 1, В - 1, Г -  1  жетоны  барлары  отырады.  А - ның  орнына  1 - ші  сілтеме  қойылады.

1 - байқау.  Әр  топ  өкілі  өз  тапсырмасын  айтады.  Әріптердің  кезегі  бойынша  тапсырмаларын  айтып  шығады.  Қалған  оқушылар  оны  түртіп  алып,  дәптерге  жазады.  Бұл  уақытта А - 4,  Б - 4, В - 4, Г - 4  жетоны  барлары  тақтада  жұмыс  істейді.  (№1, №1, №1, №4  карточкалар)

2 - байқау.  Оқушылар  алғашқы  орындарына  қайта  оралады.  Үстел  сілтемелері  ауыстырылады (1, 2, 3, 4-тің  орнына  А, Б, В, Г  қойылады).  4 - ші  нөмірлі  оқушылар  тақтада  өз  тапсырмасын  қорғайды.

3 - байқау.  Қорытындысын  бағалау  парағына  көрсету.

V. Ауызша  тез  есептеуге  үйрету.

VI.  Қорытынды.  Сауалнама.

Жеңіл  машина  сағатына  70 км  жүрсе,  2 сағатта,  5  сағатта  қанша  км  жол  жүреді?  Жауабы:  а) 140км,  350 км.  ә) 10км, 140км.    б) 350км, 35км.

VII  Бағалау. 

VIII. Үйге тапсырма 

№8 – 1 – б, 2 - б; №9.

 

Сабақтың  тақырыбы: Деңгейлік  тапсырмалар.

Мақсаты:

-                     оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  ашуға  жағдай  жасау,  пәнге  деген  қызығушылығн  арттыру.

-                     іс - әрекет,  мақсатқа  жету  әдіс – тәсілдерін  таңдай  білуге ,  өзін - өзі  бағалай  білуге  тәрбиелеу.

-                     жеке  тұлға  дербестігін  арттыру,  шығармашылығын  дамыту.

Әдіс – тәсілдер: репродуктивтік,  интерактивтік,  практикалық - өзіндік,   эвристикалық  индукциялық.

Түрі:  ізденіс  сабағы.

Көрнекті  құралдар:  түрлі – түсті  сигналды  кесперлер,  шкала.  «Математика»  ассоциациясы,  сандық  қималар,  цифрограмма,  үнтаспа,  деңгейлік  тапсырма  парақтары,  қарындаштар.  «Достық»  торты,  математикалық  дәптер.

Сабақ  барысы: 

І. Ұйымдастыру  сәті.

Кіріспе  бөлімі.

-                     Қазір  сендерге  қандай  сабақ?

Оқушы – Математика  сабағы.

  -      Балалар  мен  байланыс  қызметкерімін.  Жаңа  ғана  біздің  телефон  станциясына  бір  шифрограмма  келіп  түсті.  Сендерге  жолданған  хабар.  Мына  жолақшадағы  тапсырмаларды  орындасаңдар,  шифрограмманы  түсінесіңдер.

Шарты.  Берілген  өрнектер  мәнін  тауып,  әріптерін  берілген  ретімен  қойып  шықсаңдар,  жасырын  сөз  табылады.

Қане,  жұмысқа  кірісіңдер!

Мұғалім:  - Шрифтограммада  қандай  сөз  жазылған  екен?

Оқушы: - Математика.

Мұғалім: - «Математика»  сөзін  оқығанда  көз  алдарыңа  не  елестеп,  қандай  ой  келеді?  Сол  сөздерді  мына  тармақтарға  жаза  қойыңдар.

«Математика»  сөзіне  ассоциация

 

ІІ. Жаңа сабақ

Мұғалім: - Бүгінгі  сабақта  сендер  шығармашылыққа  бағытталған  деңгейлік   өткенді  қайталау  тапсырмаларын  өз  беттеріңмен  орындайсыңдар.    «Шығармашылық – шығару,  ойлап  табу»  екенін  сендер  өткен  сабақтардан  білесіңдер.  Өздеріңе  таныс  математикалық  ұғымдарды  тармақтарға  жаздыңдар.  Соңғы  тармаққа  мен  «Ғылым»  сөзін  жазғым  келіп  тұр.  Себебі,  математика  ғылым  және  ғылымдар  патшасы.  Сендер  қазіргі  негізгі  бөлім  - арифметика  саласымен  ғана  таныссыңдар,  болашақта  алгебра,  геометрия,  тригонометрия  сияқты  бірнеше  салаларымен  танысасыңдар.  «Математика  ұқыптылықты  талап  етеді»  деген  қағиданы  естеріңде  сақтап  отырып,  бүгін  мына  тармақтарға  байланысты  жұмыс  жасайсыңдар.  Деңгейлік  тапсырмаларды  ұқыпты  орындап  болған  оқушы  алдарыңдағы   білім  шкаласына:

IV  деңгейді – қызылмен;

ІІ  деңгейді -  жасылмен;

ІІІ  деңгейді – көкпен;

І  деңгейді  сарымен  белгілеп  отырады.  Әр  деңгейде  2  тапсырмадан  берілген. 

І деңгей  оқулық  пен  есепке.

ІІ  - деңгей  геометриялық  фигуралар,  төрт  амал,  таңбаларға;

ІІІ деңгей – көбейту  кестесі  мен  сандар,  цифрларға;

IV – деңгей  шығармашылыққа  байланысты  жұмыстар  өздерің  бөлген  тармақтар  негізінен  ауытқымайды. 

Тапсырманы  орындап  болып  дәптерлеріңе  өздеріңді  бағалап,  білім  шкаласына  белгілейсіңдер.  Әрине  мен  жетекшілік  етіп  жүремін.  Парақтардағы  тапсырмаларды:

Шакизада  - І,  Тойбек – ІІ,  Гүлзат – ІІІ,  Дәулет –IV  оқи  қойыңдар.

Оқушылар  тапсырмаларымен  танысады.

ІІІ. Деңгейлік  тапсырмалар.

І  - деңгей.

1) мына  өрнектерді  жаз,  мәнін  тап.

а 4  пен  2-нің  бөліндісіне  8 – ді  көбейт;

ә)  83  тен  8 – бен  9- дың  көбейтіндісін  азайт;

б) 32  мен 22 – нің  қосындысын  9 – ға  бөл.

в) 81  ондықты  9 есе  кеміт;

г) 7  жүздікті,  4  ондықты  9  бірлікті  есе  кеміт.

2.  Есепті  шығар.

Кітапхана  42  қазақ  тілі  және  48  математика  оқулықтарын  үш  сыныпқа  бөліп  берді.  Әр сыныпқа  неше кітаптан  тиді?

ІІ – деңгей.

1. Еркін  өлшеммен  тіктөртбұрыш  сыз.  Оның  ауданын  әртүрлі  тәсілмен  есепте.

2. Амал  таңбаларын  қой.

5    16 = 80            5     32=160           26=4    6   2

68     2=34             368     4=92            67=8   8   3

ІІІ – деңгей. Амалдардың орындалу тәртібін қой және оны шығар:

1 ) 27 + 7 + 25                            12 * 4 + 36

    20 / (3 + 2 )                                   50 – (48 + 12) / 10

    27 / 3 * 2                                          64 – 14 / 2 + 5

2) 50 – 7 + 6 – 4                             72 + 64 / 2 * 5

     128 – 64 + 56  * 5               8 + 647 *2 + 652

3) 508 – 46 + 36 * 3              147 – 96 + 47 / 2

    IV – деңгей

1.      Азамат  үйлері  1 – ден 34 – ке  дейін  нөмірленген  қысқа  көшеде  тұрады.  Осы  үйлердің  нөмірлерінде  3 саны  неше  рет  кездеседі?

2.      «Қызығу  картасын»  сызып  көр.

Шарты: Берілген  өрнектер  мәнін  тауып,  келесі  өрнекпен  байланыстыр  да  мәні  бір  таңбалыны – көк  түспен,  екі  таңбалыны – сұр  түспен,  үш  таңбалыны – жасыл  түспен  боя.

 

 

 

 

 

 

Болған  оқушының  білім  шкаласын  байқап,  ассоциацияда  орындалған  тармақтарды  белгілеп  тұрамын.

Баға  нормасы: «5» - еш   қатесіз;

«4» -  1 қате;

«3» - 2- 3 қате;

«2» - 4, 5 қате.

Тапсырмаларды  оқушылардың  95 %  орындап,  уақыт  болған  кезде  мұғалім:

-                     Дәулет,  тапсырманы  қалай  орындағаныңды  оқып  бере  ғой,  бәріміз  тексерейік.  Қатемізді  түзейік.  (түсіндірме  әдісімен  тексеріледі – 7 оқушы).

IV. Қорытынды.

Мұғалім: - алдыңғы  сабақтардағыдай  мониторингке  әр  баланың  тұсына  жинаған  ұпайын  жазып  шығайық.  Қане,  балалар,  4 – деңгйге  неше  бала.  ІІІ – деңгейге,  ІІ – деңгейге,  І – деңгейге  неше  бала  жеткенін  санайық  та,  «Достық»  тортына  белгілейік.  Торттың  қызыл  түсіне  IV- деңгейге,  көк  түсті  жеріне  ІІІ  деңгейге,  жасыл  түсті  жеріне  І – деңгейге  жеткен  оқушылар  санын  белгілейміз.  Бұл  торт  сендердің  дастархандарыңның  айғағы.  Мінекей, IV – деңгейге  біразың  жетіп,  ғылымға  қадам  жасадыңдар.  Торт  қай  кезде  көп  берілетін  еді?

Оқушы: - Мерекелерде,  қуаныштарда,  туған  күнде.  Бүгінгі  сабақта  біз  достығымыздың  беріктігін  байқатып  «Достық»  тортын  да  әшекейлеп  тастадық.

V. Бекіту  сұрақтар: - Бүгінгі  сабақ  ұнады  ма?

-                     Неліктен?

-                     Нендей  әрекет  жасадыңдар?

-                     Бүгінгі  сабаққа  бәрің  де  жақсы  қатыстыңдар! 

-                     IV. Бағалау

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың алуан түрлі әдістерін, өз бойындағы бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ұйымдастыру мүмкін болады дей аламыз. Оқушының өзіндік тәжірибесінің даму сатылары оның рефлекциялық талдау жасай алуы, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыру және рефлекциялық қажеттіліктің тұрақталуы сияқты кезеңдерден тұрады және оның соңғы нәтижесі ретінде тұлғаның субъектілік тәжірибесінің құрылымы қалыптасады. Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субъектілігі тәрізді тұлғалық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Білім беру жүйесінің мазмұны қоғамдық ағымдағы және болашақ қажеттіліктерді ескеріп және адам танымының ерекшеліктерін бейнелеп, әлеуметтік даму деңгейін есепке алудың негізінде қоғамға қабылданған білім берудің даму тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік көзқарасын қалыптастыру мен жеке дамуын қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені мектеп жасына келген  баланың ынтасын жоймаудың басты тәсілі – олардың танымдық талабын қанағаттандыру, ынтасын оятып, білім алуға шабыттандыру.

Осы мақсатта “Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру” деген тақырыпты зерттей отырып, көңілге түйгеніміз:  оқушылардың танымдық қабілетін,  жалпы ой-өрісін дамыту үшін, оқушыға оқулықтағы тапсырманы беріп, оны қалайда орындайтынын талап етіп қоймай, осы тақырып бойынша қосымша тапсырма беріп, оның қайсысын орындайтынын оқушының өз еркіне беріп, өмірмен ұштастырып, мысалдар келтіріп, бала қабілетін тежемей, дамыта отырып оқыту не байланысты дербес зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеті екі түрлі дамиды. Біріншіден,           баланың  осы  кезге  дейін  жинақтаған  тәжірибесін меңгеруге бағытталған  оқу- әрекеті  арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық есептер орындау, ойлау арқылы өзін дамытады.

Осыған дейін көрген іс- тәжірибем мен мектептегі ұстаздардың әдіс- тәсілдерін  саралай келе, оқушылардың  танымдық қабілетін дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын, ақыл-ойын дамытуды, қабілетіне қарай     қарастырдым.

Эксперимент нәтижесінде дамыта оқыту технологиясы орташа оқушылардың  басым бөлігі жоғары деңгейге дейін көтеріліп, зерттеу  болжамының дұрыстығы дәлелденді.

Дамыта оқыту мәселесі алғаш рет оқушылардың танымдық қабілетін негізге ала отырып талданды, зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік:

- бастауыш мектептегі оқушылардың танымдық қабілетін арттыру тұрғысынан қарастырған дамыта оқыту технологиясының теориялық әдіснамалық негіздері анықталды;

- бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптар қарастырылды;

- бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттары анықталып,  ғылыми – әдістемелік жүйесі құрылды;

- бастауыш сынып математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелденіп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар берілді.

Теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының негізінде қорытындылар жасай отырып, мынадай ұсыныстар беріледі:

-                     бастауыш сынып пәндерді оқытуда дамыта оқыту технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланса;   

-                     зерттеу жұмысының материалдарын бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларын құруда, оқулықтар мен құралдарды жетілдіру мақсатында пайдаланса;

-                     зерттеу нәтижелерін «Бастауыш мектеп педагогикасы», «Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» курстарының мазмұны тарау ретінде енгізсе;

-                     бастауыш сыныпта  дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушыларды шығармашылық зерттеу жұмысқа баулу жұмыстары жетілдірілсе;

Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда түрлі есептерді пайдаланудың тиімді жолдарын толық талдап, зерттеп, толық шештік деп есептемейміз, себебі заман талабының өзгеруіне, өндіріс салаларына түрлі техника мен технологиялардың енуіне байланысты білім  беру мазмұны да өзгеріске ұшырауы заңдылық. Сондықтан, бұл мәселе бастауыш мектеп мұғалімдерінің даярлығына қойылатын талаптың үздіксіз өсуіне байланысты келешекте басқа қырынан дербес зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.

 

 

 

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру