Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Бұдан, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі педагогикада «қарапайымнан күрделіліге қарай», «нақтыдан абстрактіге қарай» деген принцип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: «А» әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады.  Екі жүйе арасындағы тағы да бір қарама – қайшылықтың  мәні мынада. Дәстүрлі педагогикадағы «оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болғанда ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді», деген қағида  төңірегінде. Л.В.Занков бұл анықтаманың көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді. Оқыту жұмысында баланың жас ерекшелігінің меңгерілунің керек екенін жоқөқа шығармай, дегенмен әр даму кезеңіндегі жас ерекшелігі оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы ақиқат екенін еске салады. Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға қарай түзіледі деген пікір айтады. Бұған соңғы уақытта көз жете бастаған сияқты.               Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасын кесте 1 көруге болады.

Кесте  1 - дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы.

 

 

 

Педагогикалық процестің компоненттері

Мазмұндағы басымдылық

Дәстүрлі иллюстрациялық – түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту

Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс – әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін – өзі бағалау, рефлексия

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы оқушы ретінде дәлелдей алады.

Дәстүрлі оқыту балада білім, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, іс-әрекеттерді талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала тұлғасының дамуына өз үлесін қосады.

Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.

 

1.3             Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі

Жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнына қойылатын қоғамның әлеуметтік талабының ерекшеліктері – оқытуда ақпараттық технология пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, даралап және саралап оқытуды негізге ала отырып, білім мазмұнын жаңартудың көп деңгейлік жолдарын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін ашып, дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,-дей келіп, оқытудың жаңа мазмұны, тиімді әдістемелер мен педагогикалық технологиялар мәселелер бойынша жедел ақпарат беру үшін қазіргі коммуникациялар жүйесін жасау міндетін қояды.

Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Оқу процесін технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана негізделген рационалистік немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парагдимамен әдіснамалық байланысты.

Осы заманғы ұлттық мектеп білім мазмұны тұжырымдамасының методологиясы таным процесінің философиялық теориясына, жеке тұлға болмысын түсінуге бағытталған іс-әрекет түрлері ілімнен, түрлі оқу пәндерін оқытуға диалектикалық тұрғыдан қарау мен тұтас педагогикалық процесс теориясының негізі қағидаларынан келіп шығады.

Қазіргі заманғы оқытудың технологиялық үлгілері оқытуды ұйымдастырудың ізгілік, дамытушылық, жеке қарым-қатынастық жобаларының әдіснамасын айқындайды. Сонымен қатар ғылымда оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бейімделген дамыта оқыту сияқты тұтас технологиялар де орын алған.

Оқу технологиясы мұғалім мен оқушының тек оқу-оқыту іс-әрекетіне ғане негізделеді, ол – мұғалімнің оқушының танымдық қызығушылығы мен дербестігін қамтамасыз ететін тұрақты да қайталамалы амал, әдіс, іс-әрекеттердің жүйесі. Оқу технологиясы жекелеген оқу пәнінің әдістемесінің құрамды бөлігі болып табылады. Мысалы, есептеу дағдысын қалыптастырып, дамытудың, бекітудің оқу технологиясы – оқушылардың есепті өз бетімен шығара білу білігін жетілдірудің шарты. Бұл жағдайда оқу технологиялары математиканы оқыту әдістемесіне жатады, сонымен бірге оқу технологиясы жеке дидактикадан шығып, жалпы дидактикалық категорияға айналды.

Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер педагогикалық технологияның қолданылу деңгейіне, философиялық негізіне, психологиялық даму факторына, меңгерілу тұжырымдамасына, жеке тұлғаның қалыптасу бағдарына, мазмұны мен құрылымының сипатына, ұйымдастырылуы түріне, танымдық қызметті басқару типіне, балаға қарым-қатынас тәсіліне қолданылып жүрген әдістеріне, дәстүрлі жүйені жетілдіру бағытына және оқушының категориясына қарай түрліше болып бөлінетінін анықтап отыр.

Жалпы, оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Тек олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына қарай таңдап, қолдана білу керек.

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы мәселе тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады. Сократтың өз-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы пікір Я.А.Коменскийдің еңбектерінде, сонан соң И.Г.Песталоцци мен А.Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі. Әрбір таным көзінің оқушылардың алдында ашылуға тиіс өзіндік айрықша ерекшелігі болады [29]. Мысалы, оқушыларды математикалық білім берудің негізгі көзі – математикалық есептерді шығару мен таныстыру оқушыға нақты және абстрактылы жағдайлардан есеп құрау туралы, есептің құрамды бөліктері туралы, әртүрлі типтегі есептерді шығарудың негізгі кезеңдері және оларды неғұрлым тиімді әдістермен шығару туралы түсінік беретін оқу тапсырмаларына сүйенеді.

Педагогика және психология ғылымдарына сүйенетін болсақ, оқыту үрдісінде негізгі орынды танымдық әрекет алады. Оқу әрекетінің нәтижелі болуы белгілі дағды мен іскерлікті меңгеруді ғана қажет етпейді, мақсатқа сәйкес туындайтын мәліметтерді жүзеге асыратын түрткілер мен қажеттіліктің пайда болуымен  сипатталады. Мұндағы басты нәрсе оқушының оқи білуі ғана емес, оқығысы келуіне байланысты, яғни таным әрекетінің басымдық алуына байланысты. Қазіргі мектептің құрылы мен білім беру мазмұнда болып жатқан өзгерістер педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға жаңаша талаптар қойып, әсіресе бастауыш сыныптарда оқушылардың өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділіктің артуы нәтижесінде оқу әрекетінің іргетасы қаланатыны белгілі.

                            Осы мақсатты жүзеге асыруда мектептерде педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда интерактивті әдістер мен педагогикалық, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану қажет. Тұлғаға бағдарланған білім беруде танымдық белсенділігі жоғары болған оқушының білімді меңгерудегі әрекеті де оның құзіреттілігін қалыптастыруға негіз болады.

Бастауыш сатыдағы кезең  - оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезеңі. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту нәтижесінде онда оқытуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптастыруды, яғни оқушының әр түрлі оқу тапсырмаларын орындаудағы құзіреттілігі артып, ол білімді меңгеру барысында оқу әрекеттерін бақылау, бағалауды, нәтижесін берілген үлгімен салыстыруды үйренеді.

Бастауыш сыныптарда педагогикалық үрдісті дамыта және тұлғаға бағдарлап ұйымдастырудың негізінде оқушылардың оқу әрекетінде өзіндік жұмыс арқылы танымдық белсенділігін арттыруға болады. Білім парадигмасының өзгеруіне байланысты жаңа білім мазмұнын меңгеруге өзіндік жұмыстар негізінде оқушының танымдық белсенділігін арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан, мұғалім өзінің іс - әрекетін оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы танымдық белсенділігін дамытуға бағыттап құра білуі тиіс. Ал бұл өз кезегінде оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде қарастыруды талап етеді.

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру