Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

Жауабы:  3+4 < 2+6

4.  Асқар  мен  Талғаттың  және  дәулеттің  әкелері  дәрігер,  мұғалім.  Ұшқыш.  Асқардың  әкесі  ұшқыш  емес,  Талғаттың  әкесі  мұғалім  де,  дәрігер  де  емес.  Дәулеттің  әкесі  дәрігер  емес.  Кімнің  әкесі  қандай  қызмет  істейді?

Жауабы: Асқардың  әкесі  дәрігер,  Талғаттың  әкесі  ұшқыш,  дәулеттің  әкесі  мұғалім.

Осындай  әртүрлі  қызықты  тапсырмалар  оқушылардың  ынтасы  мен  белсенділігін  арттырады.  Оқушы  бойында  өзіндік  танымды  қалыптастыруда  тек  жеке  курстар  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқыту  үрдісінде  де  жүзеге  асырған  өте  тиімді.  Себебі,  балалар  әр  сабақта,  әр  тақырыпта  өзін - өзі  жетілдіріп  отырады.  Бұны  жүзеге  асыруда  дамыта  оқыту  технологиясының  маңызы  зор.

                            Дамыта  оқыту  оқушыларды  әр  түрлі  іс – әрекетке  тартуды  құптайды,  сабақта  дидактикалық  ойындар,  пікір – таластар,  ойлау,  қиялдау,  есте  сақтау,  тіл  байлығын,  логикалық  ойлауын,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  арналған  оқыту  әдістерін  қолдануды  ұсынады.  Яғни  күнделікті  сабақта  оқушылардың  жоғары  білімділік  пен  адамгершілік  құндылықтарын  арттырсақ,  жеке  тұлға  білімдегі  шындықты  іздеу,  дәлелдеу,  өзіне -өзі  баға  беруге  дағдыланады.

Бұл тапсырмалар оқушылардың математикалық дағдылары ғана емес, қазақ тілінде де дұрыс жазып, жаңа сөздер құрастыра білуін дамытады. Осындай әтрүрлі қызықты тапсырмалар оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырады. Оқушы бойында өзіндік танымды қалыптастыруда тек жеке курстар ғана емес, сонымен қатар оқыту үрдісінде де жүзеге асырған өте тиімді. Себебі бала әр сабақта, әр тақырыпта өзін-өзі жетілдіріп отырады. Бұны жүзеге асыруда дамыта оқыту технологиясының маңызы зор.

Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар: оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек; іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;

Осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек. 1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек. 2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.

Бүгінгі таңда өмірде  болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасап болып табылады. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашық, шығармашылығын дамытады.

Сонымен бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың мақсатына қол жеткізуге болатындай жағдайлар жасатуға мүмкіндігі мол. Осылайша оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдер сапалы түрде қолдана алу іскерлігі мен дағдыларының берік қалануына өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдайлар жасалады.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз ісін сараптап, жан жүрегімен сезіне алатын жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              2 Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

                            2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері

Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардың пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Дәстүрлі әдістің негізін сыныптық – сабақ жүйесі ретінде Я.А.Коменский салса, педагогикалық жаңа әдістер 50-60-шы жылдарда (бұрынғы отандық педагогикада) пайда болып, осы заманғы Л.С.Выготский, М.Н.Скаткин, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков тағы басқалардың идеяларына жалғасты. М.Н.Скаткин бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде ұсынуды дұрыс деп есептейді. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс дейді. Ғалым- дидактик В.В.Давыдов, М.Н.Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа әдістерді енгізуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптардың білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.

Кез – келген елдің өркениетті мемлекет деңгейіне жетуі экономикалық, әлеуметтік жағынан дамуымен қатар білім беру ісінің жетілуімен тығыз байланысты екені белгілі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелуі анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өзгерістері үшін кадрлар қорын жақсартуымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз», - деп жазды [39]. Соған сәйкес елімізде білім беру жүйесін қайта құру, жаңарту ісі қолға алынып, қоғам талабына сай жаңа білім беру тұжырымдамалары, бағдарламалар мен оқулықтар дүниеге келді.

Дамыта оқыту технологиясында сабақтың жалпы мақсаты мен ұйымдастыру құралдары оның тақырыбына, мазмұнына көздеген жеке мақсатына байланысты нақтыланады. Оқушыны оның потенциялдық мүмкіндіктеріне бағыштай отырып, мұғалім бұдан бұрынғы оқыту кезінде қандай әдіс тиімді болғанын, бұл процестің психологиялық ерекшеліктерінің қандай екенін және оқушының өз іс-әрекетінің, қызметінің мәнін түсіну дәрежесін білу керек.

Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.

Қазіргі оқулықтар оқу әрекеті жүйесімен жазылғандықтан, оқушының негізгі құралына айналып, өздігінен ізденудің көзі болды. Бұдан мұғалім қызметі жеңілдеді деген пікір тумауы керек, керісінше, оқу үрдісінде өтіп жойылған психологиялық-педагогикалық жағдайларды бірден танып, әр оқушы ерекшелігіне қарай оқу әрекетін шебер ұйымдастырушы психолог- мұғалім болу жауапкершілігі артып отыр.

Тақырыптың өзектілігі білім беруді жақсартумен педагогикалық, технологиялық, психологиялық жаңалықтармен байытуға тиісті қазіргі оқу әрекетінің құралдарымен оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту мәселелерінің объективті қажеттілігіне негізделген.

Адам бойындағы қабілеттерін, таным үрдістерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат, оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдердің озық өмірге енуі, олар әр бір азаматтардың жеке басының қасиеттерін,  қабілеттерін дамытып, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері қолға алынуда. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғанаң белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде актуальды проблемалардың бірі болып отыр. Оқушылардың негізгі әрекеттерінің түрі – оқу болғандықтан, бұл заңды. Мектеп алдында тұрған жасөспірім ұрпақты өмірдің сан – саласында еңбек етуге әзірлеу, ғылыми – техникалық прогреске белсене қатысу сияқты негізгі міндеттер осы процесс барысында шешілмек.

Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Бұл білім беру процесін дұрыс жолға қоймайынша мүмкін емес. Себебі оқыту процесін жетілдірмей, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын жеке адамды тәрбиелеу мүмкін емес.

Бастауыш  сынып  оқушыларының  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыру  мен  жеке  дамуын  қамтамасыз  ету  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Өйткені  мектеп  жасына  келген  баланың  ынтасын  жоймаудың  басты  тәсілі – олардың  танымдық  талабын  қанағаттандыру,  ынтасын  оятып,  білім  алуға  шабыттандыру.

Бала оқуға қызығушылығына түрткі – себептердің арасында мазмұндық қызығушылықтың мәні зор. Ал егер оқуға мұғалімдер түрткісі мен ата – ана түрткісі себеп болса, бұл оқушының оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігінің жоқтығын көрсетеді. Көп жағдайларда мұндай балалар мектепке мәжбүрлікпен немесе өзіне жақын адамдарды ренжіткісі келмегендіктен барады, өйткені болашақта олардан қолдау, мақұлдау күтеді немесе сыныптастармен қарым – қатынас жасау, сыйласу үшін барады. Мұндай балалардың әлеуметтік ортаға тәуелділігі басымырақ болып, танымдық белсенділігінің артуына кедергісін келтіреді.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл – ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Ең бастысы дамыта оқытуды әр мұғалім түсінуі, жүрегімен қабылдауы, солай жұмыс істегісі келуі, арнайы психологиялық – педагогикалық дайындықтан өту қажеттігін сезінуі керек деп ойлаймыз. Қазіргі таңдағы басты мәселе – жастарды біліммен қаруланған жанды тұлға ғана емес, ақыл – парасатты, кісілігі мол зиялы азамат етіп тәрбиелеу. Сонда ғана адам ойынан туындаған өнер туындылары (техника, медицина, биология, химия т.б. салалардағы) адам игілігіне пайдаланылмақ. Міне, сондықтан қазіргі кезде білім беруде оқушылардың танымдық қабілетін арттыру – білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Бұл мәселені шешу психология мен педагогикадан жүйелі зерттеу жұмысын жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық зерттелу тарихы мен тәжірибеде жүзеге асырылу барысына шолу жасап, бұл мәселені шешудің жолын қарастыруды жөн санадым.

Бұл тұрғыда алдымен, зерттелгелі отырған мәселеге байланысты философиялық әдебиеттерге талдау жасалынып, ұлы ойшылдардың, ғалымдардың негізгі ой – түйіні бөлініп алынды.

Қоғамдағы  өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін арттыру басты мақсат болып отыр. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығушылығын,  өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу - әр мектептің міндеті. Сол себепті білім мазмұнын, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін пәнаралық байланыс, оқушылардың өзіндік  танымдық қабілетін арттыруға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз.

Баланың танымдық қабілетін арттыруда олардың таным процестерінің маңызы зор. Танымдық қабілетін арттырудың теориялық негіздерін және дамытудың жолдарын пайдаланудың нәтижелерінде баланың өзіндік қасиеттерін, талабын, ойлау қабілетін анықтап, олардың дамуына ұстаз зор ықпал етуі керек.

Оқушылардың танымдық қабілеті мен іздемпаздығын арттыру үшін оқыту процесі оларды қанағаттандыратындай етіп ұйымдастырылуы қажет. Танымдық қабілет әркімге тән. Тек оны дамыта білу ұстаздың міндеті болып табылатынын жоғарыдағы тарауларды айтып өттік. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетімен іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материялдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым – қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана емес және оқытуда өз нәтижелерін береді. Сөйтіп күнбе – күн өсіп келе жатқан баланың танымдық қабілетін арттыруымыз керек [40].

Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар олардың ізденімпаздық, тапқырлық әрекетін (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) дамытады. Оқушылардың әр жас кезеңдеріне арналған жаттығулар ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, байқағыштығын арттыру, белсенді іс –әрекетін ұйымдастыру және осылар арқылы оқушының психологиялық дамуын қалыптастыру дамыта оқытудың негізі болып табылады. Сондықтан мұғалім оқушының оқу қызметін ұйымдастыруда сабақ үрдісін оқушының белсенділігін арттыратындай, өз іс – әрекетін зерделей алатындай етіп құрып, оқушының ойлау жүйесін бір мәселені шешуге бағыттай алуы тиіс.

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру