Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 11:49, курсовая работа
Шет тілінде оытуды тиімділігін арттыру және ол тілді игеру прцессінің ерекшелктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырға тіл мен ана тілінің бір -біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет.
1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін
тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу.
1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.
1.3.Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.
2 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқыту әдістемесі.
2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.
2.3.Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған
жаттығулар
3 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бақылаушы алдындағы ашық кеңістік мағынасын білдіретін етістіктер. Олар жоғарыда келтірілген схемада жеке позиция алады, себебі олар кеңістіктің тікелей атрибуты болып табылатын субъектілерге бағынады, алайда ол атрибуттер абстрактілі қасиетке ие: view, picture, screne, panorama, perspective etc. (кеңістік, көрініс, көз алды т.б.) Бұл етістіктер тобының ішіндегі негізгі етістік: open - ашылу етістігі.
Табиғи, статикалық объектінің адамның назарына іліну, көз алдында көріну мағынасын білдіретін етістіктер: appear, emerge, expose, show etc. (пайда болу, көріну, көзге түсу деген мағынада). Мұндай етістіктердің шеңберін кеңейтетін басқа да етістіктер тобы кездеседі, ол етістіктер басқа объектілердің ішінде ерекше болып көріну деген қосымша мағына үстейді. Бұл топтың қатары appear - пайда болу; статикалық объектінің бақылаушының көз аясынан таса болу мағынасын беретін disappear, vanish, recede, fade etc. қосымша семантикалық компоненті бар етістіктердің көмегімен толықтырылып отырады. Бұл етістік топтарының өзегі disappear етістігі болып табылады.
Статикалық объектінің кеңістіктен жалпы орын алуын басқа объектілермен қатар орналасқан созылыңқылықпен сипатталатын ситуацияға тәнетістіктерге келесі лексика – семантикалық топтар жатады:
1. Шек – ұғымын беретін қосымша компоненті бар, жалпыжалпы мағынасы – кеңістікке толығымен ену, көп орын алу ұғыидарын беретін етістіктер тобы
2.Жалпы мағынасы кеңістікте орналасқандағы басқы шет, соңғы шет болып табылатын етістіктер тобы.
3. Кеңістіктен орын ала тұрып басқа объектілермен шекараласу мағынасын беретін етістіктер тобы. Бұл топты келесідей семантикалық топтарға бөлуге болады:
а) басыңқы семантикалық компоненті бекітілмеген / ашық шекара ұғымын беретін етістіктер тобы.
б) жалпы мағынасы кеңістікте орналаса тұрып, басқа объектілермен шекаралас болу дегенді білдіретін, басыңқы семантикалық компоненті ашық / жабық шекара ұғымын беретін етістіктер тобы.
в) жалпы мағынасы кеңістікте орналаса тұрып, басқа объектілермен шекаралас болу дегенді білдіретін, басыңқы семантикалық компоненті жабық шекара ұғымын беретін етістіктер тобы, топтың ішіндегі негізгі етістік шекарласу, шекаралас болу етістігі.
4. Кеңістікте тарала отырып, басқа объектілердің шетіне шығып тұру мағынасын беретін етістіктер тобы. Бұл етістіктер тобы келесідей семантикалық топшаларға бөлінеді:
а) қосымша семантикалық мағынасы астыңғы шек / сол жақ шет дегенді білдіретін етістіктер топшасы.
б) кеңістікте орналасқан кезде бір шеті екінші ір объектінің шекарасына еніп тұру мағынасын беретін етістіктер тобы, қосымша семантикалық компоненті жоғарғы шек ұғымын беретін етістіктер топшасы.
5. Кеңістікте биіктік тұрғысынан орналасу мағынасын беретін етістіктер тобы: Бұл топ келесідей топшаларға бөлінеді:
а) басыңқы семантикалық компоненті тік / тігінен орналасу ұғымын беретін тілдік бірліктер болып табылатын етістіктер.
б) басыңқы семантикалық компоненті биіктік ұғымына сілтейтін етістіктер тобы.
Соңғы лексикалық топтың шеңбері қосымша семантикалық компоненті жоғарғы шек / шетке бағытталу ұғымын беретін етістіктердің қатарымен толықтырылып отырады.
6. Кеңістікте түрлі бағыттарда орналасу мағынасын білдіретін етістіктер тобы. Бұл топ келесідей топшаларға бөлінеді:
а) Кеңістікте оналасқанда бұрылыстармен сипатталу ұғымын беретін етістіктер тобы:
Қымша семантикалық компоненті түзу сызықа қатысы тұрғысынан сипатталатын етістіктер топшасы.
2)Қосымша семантикалық компоненті көлденең / тік бағытқа қатысты орналасу мағынасына сілтейтін етістіктер топшасы.
б) Кеңістікте орналаса тұрып, көптеген бұрылыстарға ие болу ұғымын білдіретін етістіктер тобы. Бұл етістіктер тобы келесідей етістік топшаларымен толықтырылып отырады:
1) қисықтық + қайталанып отыру + кесте компоненті бар етістіктер тобы.
2) негізгі компоненті қисықтық, қосымша компоненті пішін болып табылатын етістіктер.
Қосымша семантикалық компоненті кеңістікте оналасқан объектінің түрлі бағыттардағы бастапқы нүктесі деген мағына беретін етістіктер топшасы.
Қосымша семантикалық компоненті кеңістікте оналасқан объектінің түрлі бағыттардағы соңғы нүктесін білдіретін етістіктер топшасы.
Мекен ұғымынің түрлі тілдердегі берілу жолдары әр тілдің тілдік жүйесінің ерекшеліктеріне және ұлттық мәдениетіне байланысты болып келеді. Әр тілдің ішкі заңдылықтарына сәйкес мекен ұғымын білдіретін өзіндік тілдік бірліктері бар. Қазақ тілі аглютинативті тілдер қатарына жататын болғандықтан оның тілдік жүйесіндегі мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері флективті тіл болып табылатын ағылшын тіліндегі сәйкес тілдік бірліктермен ұқсастықтары да мен айырмашылықтары да жеткілікті. Сондықтан да біздің ойымызша тілдегі мекен ұғымын бідіретін бірліктер мен конструкцияларды функционалды – семантикалық жүйе теориясының негізінде қарастырған дұрыс. Себебі мұндай көзқарас тілдегі мекен ұғымын білдіретін негізгі тілдік бірліктерді айқындап, оларды басқа да қосымша бірліктермен салыстыруға, сөйтіп тілдің мекен функционалды – семантикалық жүйесін сипаттауға көмектеседі.
Мекен және кеңістікте орналасу ұғымдары қазақ тілінде келесідей жолдармен беріле алады:
А) Зат есім арқылы. Қазақ тілінде зат есім мекен ұғымын білдіру жағынан ең жиі кездесетін сөз таптарының бірі болып табылады. Мекен және кеңістікте ораласу зат есімдерін олардың білдіретін кеңістік және мекен түрлеріне байланысты келесідей топтарға жіктеуге болады:
Әуе мекені ұғымын білдіретін зат есімдер:
Аспан, онда кездесетін объектілердің атаулары (әлем, күн, жұлдыз т.б.)
Ғарыштық атаулар (ұшақ, жер серігі, әуе кеме т.б.)
Жер беті мекені ұғымын білдіретін зат есімдер:
а) Ауа кеңістігіне байланысты қолданылатын зат есімдер (көк аспан, бұлт т.б.)
ә) Сулы кеңістіктердің түрлерін білдіретін мекен атаулары (мұхит, теңіз, өзен, көл, бұлақ)
б) жер беті кеңістігі:
Континент атаулары (Азия, Америка, Европа т.б.)
Ашық кеңістік атаулары (егістік, шалғын, дала т.б.)
Ландшафт түрлерін білдіретін аатулар (орман, тау, жайлау т.б.)
Елді мекендерді білідретін зат есімдер (қала, ауыл, ықшам ауыл т.б.)
Ел қоныстанған ірі жерлі мекендер, қалалар атаулары (Бонн, Париж, Мехико, Лиссобон т.б.)
Объектінің оналсқан нақты орын немесе мекен (жол, шоссе, көше т.б.)
Тұрғын үй немесе адам қоныстанатын кеңістік, мекен атаулаары (үй, пәтер, бөлме т.б.)
Өндірістер мен оқу орындар ғимараттарының атаулары (университтет, мектеп, фабрика, завод т.б.)
Ғимаратқа қатысты шағын мекен немесе объектінің кеңістіктегі орны (есік, терезе, еден т.б.)
Объектінің орналасуы мүмкін үй жихаздары т.б. (үстел, орындық, төсек, ыдыс – аяқ т.б.)
Дене мүшесі мен киім атаулары (бас, қол, аяқ көйлек, шалбар т.б.)
Ағаштар мен өсімдіктердің атаулары (ағаш, гүл, қарағай, емен т.б.)
Осы сөз топтары негізгі мекен ұғымын білдіреді, алайда бұлардың көпшілігінің семантикалық құрылымында нақты мекенмағынасы берілсе, кейбіреуінде мекен ұғымы беріледі.
Б) Мекен және кеңістікте орналасу ұғымдарының сын есім арқылы берілуі: сын есімдер мекен ұғымын білдіру мақсатындазат есімдермен бірге қолданылады да заттың қасиеттерін білдіреді. Және де ол үшін сын есімдер ешқандай жалғауды қажет етпейді, тек қана зат есімге тіркесе отырып, онымен тығыз семантикалық байланысқа түседі де ешқандай граматикалық байланысты қажет етпейді. Сөйтіп зат есім мен сын есімнің тіркесінен тұратын семантикалық бірлік пайда болады. Мұндай тіркестің құрамындағы зат есім кеңістіктегі зат немесе құбылысты білдіреді де, сын есім болса оның қасиетін сипаттап, өлшемдерін анықтайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі кеңістікте көлденеңінен және тігінен орналасқан зататрды сипаттайтын сын есімдеердің ішінде келесідей антонимдік жұптар кездеседі: үлкен - кіші, ұзын – қысқа, кең – тар, биік – аласа.
Кеңістіктегі нүктелердің қатар орналасуына байланысты ұғымды білдіретін тілдегі мекен бірліктерінбірлік өлшем, қос өлшем және үштік өлшемдер ретінде қарастыруға болады. Бұл бірліктердің негізгі белгілерін жоғарыда келтірілген сын есімдер арқылы сипапттауға болады:
Бірлік өлшемді мекен ұғымын білдіретін сын есімдер. Қазақ тілінде бірлік өлшемді мекен ұғымы (ұзын – қысқа, кең – тар т.б.) сын есімдері арқылы беріледі, ал көлденең кеңістік беретін сын есімдер ретінде көбінесе биік –аласа антонимдері қолданылады.
Қос өлшемді мекен ұғымын білдіретін сын есімдер. Заттың кеңістікте орналасуының қос өлшемділігіне келетін болсақ, ондай ұғым көбінесе кеңістіктен орын алған заттың атауы барлығына да ортақ болып табылатын бірнеше бірөлшемді сын есімдердің тіркесуі арқылы беріледі (ұзын да кең көше бойында)
Үштік өлшемді мекен ұғымын білдіретін сын есімдер. Қарастырылып отырған зат көлемдік сипатқа ие болған күнде үштік өлшемді мекен ұғымы (үлкн, кіші, кішкентайт.б.) сын есімдері арқылы беріледі. Ал кеңістіктен орын алып отырған заттың өзі болса үш түрлі өлшеммен сипатталады: көлем ,ұзындық, биіктік (олар үлкен үйден шығып келе жатты. Балалар кішкене клубқа қарай жүгірді.)
Қазақ тілінде сын есімдер жеке тұрған күйлерінде мекен ұғымын білдіре алмайды, тек қана сәйкес мекен қсиетіне ие зат есімімен тіркескен күйде ғана сол қасиетке қосымша реңк үстеу арқылы заттың кеңістіктегі мекенін сипаттайды.
В) Мекен ұғымының үстеу арқылы берілуі. Қазақ тілінде кеңістіктегі атардың мекені ұғымы үстеулердің көмегімен де беріле алады. Бұл үстеулердің өздеріне тән сөз түрлендіру формаларының болмауымен сипатталады. Мекен үстеулері қайдa ? қайдан ? деген сұрақтарға жауап береді. Оң жақта, сол жақта, алда, артта, төменде – жоғарыда, сыртта – іште, алыста – жақында, ортада, жан – жақта, бәр жерде, еш жерде, әлде – қайда "где - то" т.б. сол сияқты мекен үстеулері мекен функционалды - семантикалық жүйесіне ене отырып, заттың сөйлеушіге немесе ориентирге қатыстықалыпты, тұрақты орнын білдіреді. Яғни кеңістіктегі заттардың араларындағы қашықтықтың өзгерісінсіз қарым – қатынасқа түсуін көрсетеді. Мұндай мекен үстеулері мекен ұғымын білдіретін негізгі тілдік бірліктердің бірі болып табылады жәнеде етістік арқылы берілетін іс - әрекет немесе қалыпты айқындайды.
Г) Кеңістіктегі мекен ұғымын білдірудің лексика – грамматикалық жолдары.
Қазақ тілінде мекен ұғымын білдіретін лексика – грамматикалық бірліктерге мекен септіктерінің жалғаулары жалғанған зат есімдер, септеуліктер тіркелгенесімдер және көмекші есімдер жатады. Ал мекен септіктеріне келетін болсақ, оларға қазақ тілінде барыс, жатыс және шығыс септіктері жатады. Бұл септіктердің әр – қайсысы статикалық және динамикалық реңк беретін етістік компоненттермен тіркесе келе өзіндік ерекшеліктермен сипатталатын болады.
Көмекші есімдер мен септеуліктер түркі тілдерінде әлі де толық зерттелмеген және де олардың тілдік жүйеде алатын орны мен мазмұны жөнінде ғалымдардың пікірлері де әр – түрлі. Жалпы "көмекші сөз" терминін алғаш Н.К.Дмитриеев енгізген. [28, 232] Бұл ғалым көмекші есімдерге өзіндік лексикалық мағыналары жоқ, септелу арқылы түрлі аффикстер қабылдап есім сөздер қатарына енетін сөздерді жатқызады. Жолдасбеков, Дыренкова, Исенгалиева, Оразов, Ысқақов сияқты басқа да тіл білімі ғалымдары да осы пікірлерді қолдайды. [29, 3-62] Алайда "көмекші сөз" мәселесі басқа ғалымдардың еңбектерінде де кеңінен қарастырылған және ол мәселе туралы басқа пікірлер де кездеседі. Мысалға, түркі тілдердің грамматикасы саласындағы Гордлевский, Гарифуллин, Кононов, Куздаев, Текеев, Щербак сияқты ғалымдар көмекші сөздерді септеуліктердің қатарына жатқызады. Олардың пікірлерінше көмекші сөздер мен септеуліктер лексикалық мағыналары мен грамматикалық функциялары жағынан өте ұқсас. Шынымен де көмекші сөздер мен септеуліктердің ұқсастықтары өте көп, мысалға, көмекші сөздер де, септеуліктер де септіктердің үстейтін мағынасын толықтырып, айқындай түседі. Алайда бұл сөз таптарының маңызды айырмашылықтары да бар :
Көмекші есімдер граматикалық форма арқылы айқындалады.
Көмекші есімдер атау септігінде тұрған толық мағыналы есім сөздермен тіркесе келе сөз тіркесін құрайды да кез – келген жақтағы тәуелдік септік жалғауы ретінде қолданылады.
Көмекші есімдер септік мағынасын толықтыра отырып, септік жалғауы арқылы берілетін мекен ұғымын айқындай түседі.
Көмекші есімдер өз бетерімен жеке сөздер ретінде де қолданыла алады.
Септеуліктер болса жеке сөз ретінде қолданыла алмайды да тек қана көмекші сөз қызметін атқарады. Олар есім сөз немесе етістікпен тіркесе келе түрлі құбылыстар мен заттардың арасындағы түрлі қатынастарды білдіреді. Көмекші есімдер септік жалғауына сай (тең) келеді де көбінесе мекен ұғымын білдіреді. Негізінен қазақ тілінде кеністіктегі мекен ұғымы келесідей бірліктердің көмегімен беріледі:
Көмекші есімдер: аст, үст, алд, арт, бет, іш, сырт, жан, тұс, маң, бас, төбе, түп, айнала, төңірек, жақ, ар жақ, бер жақ, қарсы.
Септеуліктер: таман, қарай, ілгері, дейін, кейін, шейін, қарсы, арқылы, айнала.
Аралас мәнді көмекші есімдер : орта, ара, аралық, бас, бой.
Аталған тілдік бірліктердің барлығы көлденең және тік кеңістіктердегі түрлі мекен ұғымдарын білдіру үшін қоданылады:
Көлденең кеңістіктегі мекен ұғымы, оның ішінде затың ашық кеңістіктегі орны ұғымы жатыс септікте тұрған зат есімдердің көмегімен білдіріледі.
Информация о работе Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері