Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 11:49, курсовая работа

Описание

Шет тілінде оытуды тиімділігін арттыру және ол тілді игеру прцессінің ерекшелктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырға тіл мен ана тілінің бір -біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет.

Содержание

1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін

тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу.

1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.

1.3.Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.

2 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқыту әдістемесі.

2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.

2.3.Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған

жаттығулар

3 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымы.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

Заттың жер, су және ауа сияқты кеңістіктегі түрлі орындары қазіргі қазақ тілінде жатыс септігіндегі атаулар арқылы және алдындағы есім сөзбен тіркескен «іш» көмекші есімінің көмеегімен беріле алады.

Заттың немесе адамның ориентирге жақын қашықтықта орналасуы жатыс септігінде тұрған бас, жан, маң, қас көмекші есімдерінің атау септігінде тұрған зат есімдердің тіркесуі арқылы беріледі.

Ориентирге қатысты қашықтық ұғымы тілде оны сан жағынан сипаттайтын бірліктер арқылы білідріледі. Қазақ тілінде ондай бірліктерге барыс септігінде тұрып, есімдік және дейін септеулігімен тіркескен зат есім жатады.

Бір жер мен екінші жердің арасындағы қашықтық ұғымы тілде келесідей тіркес түрінде беріледі : шығыс септігінде тұрған зат есім + барыс септігіндеегі зат есім + «шейін» септеулігі.

Кей кезде аталған қашықтық ұғымын білдіру үшін ұзындық өлшемі қатар  жүреді.

Заттың кеңістіктегі орнының ориентирге қатысы тұрғысынан қарағанда оның беткі жағында болуы тілде жатыс септігінде тұрған алд көмекші есімі мен ілік септігіндегі зат есімнің тіркесі арқылы беріледі.

Мекен ұғымы заттың кеңістіктен алатын орнының көлем жағынан ерекшеленетін  заттар, сондай – ақ  жанды заттар, яғни жеке адам, бір топ адам немесе жануарларға қатысты болуына байланысты да айқындалады.

Заттың кеңістіктегі басқа заттан кейін орналасқандағы орны жатыс септігінде тұрып мекен ұғымын білдіретін зат есімдермен тіркескен арт және сырт көмекші есімдері арқылы сипатталады.

Бір заттың екінші затқа қатысты орны оны қоршаған кеңістікте болатын болса ондай мекен ұғымы тілде жатыс септігінде тұрған айнала немесе төңірек көмекші есімдері мен ілік септігіндегі зат есімдердің тіркесі арқылы беріледі.

Заттың кеңістіктегі ұзын сызыққа қатысты орнытілде жатыс септігінде тұрған бой көмекші есімі мен сәйкес за тесімінің тіркесі арқылы жүзеге асады.

Жалпы кеңістіктеегі бір заттың басқа затқа, субъектіге қатысты орны әр – қилы бола алады. Және де кеңістіктегі статикалық мекен ұғымын білдіруде көмекші есімдер мен септеуліктердің рөлі өте маңызды. Көмекші есімдер бұл тұрғыда екі түрлі қызмет атқарады:

Жеке сөз ретінде өзінің лексикалық мағынасын сақтай отырып, барлық заттарға ортақ бөлшектерді атайды.

Мысалға: іш, орта, алд сөздері

Көмекші есімдер ретінде мекен ұғымын беретін бағыныңқы сөздің мағынасын  

Айқындап, толықтыра түседі.

Мысалы: үйдің қасында, бөлменің ішінде, қораның артында т.б. мекен ұғымы сонымен қатар жатыс септігіндегі зат есім арқылы да беріле алады, онндай жағдайда ориентирдің беті, көлемі сияқты компоненттерін айқындаудың қажеті жоқ.

Д) Статикалық мекен ұғымының синтаксистік тілдік  бірліктердің көмегімен берілуі. Қазіргі қазақ тілінде мекен ұғымы жай жіне күрделі сөйлемдердің түрлі күрделі мүшелерінің көмегімен беріле алады. Әсіресе мекен ұғымын білдіретін пысықтауышты сөйлемдер қазақ тілінің  мекен ұғымын білдіретін түрлі бірліктерге бай екенін көрсетеді. Алайда құрамында күрделі мүшелер кездесетін жай сөйлемдердің түрлі тілдердегі маңызды рөлін атай отырып, ол күрделі мүшелердің сөйлемдегі рөлі мен мазмұнына байланысты әлі де толықтай шешіле қоймағандығын мәселелердің бар екендігін естен шығармаған жөн. Бұл жөнінде түркі тілдерінің зерттеушілерінің бірі Н.А.Баскаков келесідей пікір білдіреді: «… все они как простые предложения имеют в своей структуре только одно грамматическое сказуемое, выраженное личной формой глагола (verbum finitum), хотя каждый из развернутых членов предложения и может логический соответствовать придаточному сложного предложения.» [30, 81] Ал түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі күрделі мекен пысықтауыштарына келетін болсақ олар да түрлі ғалымдардың еңьектерінде түрліше қарастырылады. Бір ғалымдар құрмаластардың бар екендігін мойындаса, енді біреулері оны жоққа шығарады (Кеңесбаев). Бірақ бұл жерде мәселе тілдік бірліктердің атауында ғана деуге де болады, яғни күрделі мүшелерді құрмаласқа жатқызуға болу болмауында.

Бұл жерде айта кететін мәселе егер де құрмалас сәйлем дегеде басыңқы сөйлемге бағынышта, онымен белгілі бір синтаксистік жолмен (шылау немесе сөздердің орын тәртібі) байланысқан, өзіне тән бастауышы мен баяндауышы бар күрделі мүшені айтатын болсақ онда алғашқы оймен келісуге болмайды. Біздің қарастыратын мысалдарымыздың ешқайсысының тікелей өзіне қатысты тұрлаулы мүшелері жоқ, сондықтан да оларды қызметі жағынан басқа тілдердің мекен бағыныңқыларына сай келетіндіктеріне қарамастан қазақ тілінде мекен бағыныңқысы ретінде қарастыруға келмейді. Бұл тілде күрделі мекен пысықтауыштары мағыналық құрылысы жағынан күрделі болып келеді де басқа тіркестерден айырықша болып келеді, яғни олар басыңқы және бағыныңқы мүшелерден тұрады да, соңғылары қай жерде? қайда? Деген сұрақтарға жауап береді.                    

Е) Кеңістіктегі мекен ұғымының етістік арқылы берілуі.

Қазақ тілінің етістіктері заттың кеңістіктегі онымен қатар, оның қозғалысын да білдіретіндіктен олардың беретін мағыналары алуан түрлі деуге болады.  Алайда кез – келген етістіктің түрліше мағына бере алуына қарамастан негізгі беретін ұғымы – мекен ұғымы. Сондықтан да қазіргі қазақ тілінде мекен ұғымы негізінен етістіктің көмегімен айқындалады. 1) Кеңістікте орналасуұғымын білдіретін орналасу, жату, тұру, тоқтау, болу, іліну т.б. етістіктер.

Ашық / жабық кеңістікте орналасу ұғымын білдіретін етістіктер мекндену, қоныстану, болу, жайласу т.б. етістіктер.

Объектінің қалпы мен жағдайын білдіретін етістіктер: отыру, тұру, жату, тізерлеу, тынығу, дем алу т.б.

Семантикалық құрылымында белгілі бір жерде оналасу семасы бар етістіктер: болу, өрістеу, өмір сүру, тұру т.б.

Аталған етістіктердің әр қайсысы өз бетімен қолданысқа түсіп, объектінің орнын жалпылама түрде көрсете алады. Ал нақты мекен ұғымы тек қана сәйкнес пысықтаушы сөздердің көмегімен ғана беріле алады.

Жалпы статикалық мекен ұғымы қазіргі қазақ тілінде таза лексикалық, лексика – грамматикалық және синтактикалық тілдік бірліктердің көмегімен беріле алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Тарау   Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқыту әдістемесі.     

    2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.

Бүгінгі күнгі психолингвистикалық әдебиеттерде бойынша көптеген ғалымдар адамнің сөйлеу әрекетін келесідей үш деңгейден тұратын құрылым ретінде қарастырып жүр

Бірінші деңгей – мотив туғызушы деңгей, адамның ауызша қарым – қатынасқа қажеттілігіне негізделген. Бұл деңгейден сөйлеу іс - әрекетінің түп – нұсқаны көрініс табады.

Ал екінші -  аналитикалы-синтетеикалық деңгейде адамның өз ойын жеткізуге қажетті тілдік бірліктер мен сөз тіркестерін таңдау, оларды біріктіріп, іштей грамматикалық құрылымын қалыптастыру әрекеттері жасалады.

Үшінші – орындаушылық деңгейде болса, тікелей сөйлеу әрекетінің өзі жүзеге асырылады.

Ана тілінде сөйлеу әрекетінің  жүзеге асырылуы барысында сөйлеу механизмінің компоненттері санадан тыс, автоматты түрде қолданылады, ал шет тілін үйрету барысында ол тілде сөйлей алуға қажетті іс - әрекеттерді арнайы қалыптастырып, шынықтыру қажет.

Көптеген психологтардың пікірлерінше шет тілінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру проблемасы оған дейін қалыптастырылып қойған дағдыларды өзгерте білуде, яғни ана тілінде сөйлеу барысында қолданатын дағдыны шет тілінде сөйлеу әрекетін жүзеге асыру мақсатында қолдана білуде.

Психолингвистиккалық көзқарастар бойынша, ана тілінің кодынан шет тілі кодына ауысу анат іліне тән ережелер жүйесі мен ойлаған ойды жүзеге асыру әрекетін шет тіліне тән програманы жүзеге асыруға қатысты іс - әрекет жүйесіне алмастыру нәтижесінде орын алады. Адам бірден шет тіліне тән іс - әрекет жүйесіне көше алмайды, сондықтан шет тілін оқытудың бастапқы сатысында ол сөйлеу әрекетін ана тілінің  ережеелер жүйесіне сүйене отырып жүзеге асырады, ал шет тілін толықтай игеру ол тілдің ережелер жүйесімен программасының тікелей байланысын анықтағаннан кейін барып мүмкін болады. Шет тілін оқытудың бастапқы сатысында – ақ оқушылардың сөйлеу механизмдерінің әлдеқашан қалыптастырылып қойылғанын және оның ана тіліндегі сөйлеу механизмінің ережелер жүйесіне сәйкес келетіндігін есте сақтай отырып, шет тілінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру жодарын саалыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ескеру қажет.

Жоғарыда айтып кеткендей мұндай анализ ана тілінде қалыптасқан сөйлеу дағдыларын шет тілінде сөйлеуге үйрету барысында сәл өзгерте отырып немесе сол күйінде тасымалдау жолдарын, сонымен қатар керісінше өзгертуге де, дайын күйінде тасымалдауға да келмейтін жағдайларды айқындауға көмектеседі.

Осындай салыстырмалы анализ нәтижелері бойынша біз қазақ топтарында оқитын студенттердің ана тілінде сөйлеу барысында мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді қолдану кезінде жүзеге асыратын іс - әрекеттерінің ағылшын тілінде сөйлеу барысында қолдануға жарамайтындығын, соған байланысты ағылшын тіліне тән сөйлеу әрекетін қалыптастыру ережелеріне сәйкес келетін жаңа дағдыларды қалыптастыру қажет екендігіне көз жеткіздік.  Біздің ойымызша оған себеп ана тілінің интерференциялық әсері болып табылады. Өйткені студенттердің жіберген қателеріне қарайтын болсақ, олар сөйлемдй грамматикалық жағынан дұрыс құрастырмаумен қатар, қажет тілдік бірліктерді таңдап, тіркестіргенде де бұрыс іс - әрекеттер байқатады.

Кез келген басқа тілдік бірліктерді үйрету кезіндегідей шет тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін үйрету барысында форма мен мазмұнды бөлмей, бір – бірімен тығыз қатынаста қарастыру қажет. Осы мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктердің ішінде біздің қарастыратынымыз мекен етістіктері. Олар бүгінгі таңда категориялы грамматикалық мағынамен қатар, семантикалық мағыналық құрылымы да бар, белгілі бір лексикалық жүйеге жататын лексика – семантикалық бірлік ретінде белгілі. Мұндай тілдік бірлік лексикалық микросистеманың бір бөлігі болып табылады да өзіне тән дифференциалды семантикалық белгілерге ие болады. Бұл тілдік бірліктерді оқыту барысында аталған лингвистикалық әдісті қодану лексиканы үйретуді коммуникативті негізде жүзеге асыруға көптеген мүмкіншіліктер береді. Себебі студенттер мұндай тілдік бірліктердің ситуацияға байланысты қолданыс ерекшеліктерін біле тұра, коммуникативті ситуацияда ол қөп мағыналы тілдік бірліктердің өзіне белгілі мағыналарының ішінен қазіргі қолданысқа қажетті мағынасын шатаспай таңдай алады. Мұндай әдіс көбінесе көп мағыналы тілдік бірліктерді оқытуға арналған жұмыстарда кездеседі. Ал етістіктерді оқытуға арналған жұмыстардың көпшілігі мұндай әдісті қолданбай, бұл тілдік бірліктерді тек грамматикалық категория ретінде қарастырады.

Шет тілін үйрету барысында ана тіліне сүйене отырудың қажет екендігін атай отырып А.А. Леонтьев шет тілінде сөйлеу қабілетін  қалыптастыруды қарастырып отырған тілдерге тән категориалды мағыналардың бар екендігін (мекен категориалды мағынасы) және ол ортақ мағыналарың сол тілдерде түрліше жодармен  берілетіндігін түсіндіруден бастау керек екендігін айтады. Өйткені тілдердің ұқсастықтары мен ол ұқастықтардың әр тьілде түрліше формада берілетіндігін түсіну анализ жасай алу қабілетін қалыптастырады және де сол анализ процедурасын функционалды – синонимдік мағына мен қатынаста қолдануға үйретеді,  сонымен қатар сөйлеу әрекетін жүзеге асыру мақсатында орындалатын іс - әрекетті шет тілінің сөйлеу әрекетін жүзеге асыру ережелеріне сәйкес орындай алуға мүмкіншілік  туғызады.

Сонымен біздің ойымызша, ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік біріктерін қазақ топтарында оқыту үшін оларщды игеру процессін қадағалап отыру керек, ол қадағалау тілдік сана – сезімді қалыптастыруға негізделуі қажет және де ең алдымен мекен ұғымының ағылшын және қазақ тілдеріндегі берілу жолдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіре білу қажет.

Түрлі халықтардың өмірлік шындықты тілде түрліше жолдармен білдіретіндері белгілі және де сол өмірлік шындықтың тілде берілу ерекшелігі халықтың тілдік сана – сезімінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Алайда локативті сияқты жалпыланған, категориалды сипатқа ие мағыналар көптеген халықтар үшін ортақ болып келееді. Шет тіліндегі категориалды мағыналардың берілу жолдарын игеру, бір жағынан олардың мағыналары, екінші жағынан ана тіліндегі берілу жолдары туралы мәселенің өзектілігін арттыра түседі де студенттердің санасында қалыптасқан категориалды мағыналардың ана тілінде берілу формалары және сол мағыналар мен олардың шет тілінде берілу форалары арасындағы байланысты анықтауға көмектеседі. Осыны ескере отырып, категориалды мағынаның екі тілде берілу формалары ты мөзгеше болған жағдайда тірек ретінде белгілі бір тілдік формалар жүйесіне  тән ортақ категориалды мағынаны қолданған тиімді. Құрастырушылары өзгеше болып табылатын ортақ категориалды мағыналар туралы алдын – ала берілген мағлұмат аталған мағынаның түрлі жолдармен берілетіндігін саналы түрде игеруге тірек болады, ана тілі мен шет тілінде мағыналар жүйесін түзету механизмінің жылдамырақ қалыптасуына, түрлі құбылыстарға жалпы анализ жасау әдісін қалыптастыруға көмектеседі.

Шет тілін оқытудың бастапқы сатысында бала ол тілде сөйлегендей болғанымен іштей ана тілінде ойлаптұрады, сөйтіп сол тілдердегі мағыналардың әсерінен санасыз түрде түрлі тіркестер құрастырады. Осы психологиялық заңдылықты ескеретін болсақ шет тілінде ойлау қабілетін қалыптастырудың мақсаты кез келген лексикалық немесе грамматикалық материалды оқытқанда ең басынанн бастап қажетті жалпылаулар жасай отырып,  санасыз процессті билеу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін сабақ барысында студенттердің қарастырылып отырған тілдерде жалпы категориалды мағыналар негізінде қалыптасқан ориентирлер жүйесін дұрыс түсініп, толық игерулерін қадағалау қажет. Ол үшін ондай категориалды мағыналарды білдіретін тілдік бірліктерді салыстыра отырып, оларға жүйелік және құрылымдық жағынан лингвистикалық сипаттама бере отырып ол мағыналардың дифференциалды белгілерін түрлі симводармен белгілеп, ориентирлер жүйесін құрастырған тиімді.

Информация о работе Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері