Қожасай кен орны мұнайының вакуумдық газойльдік каталитикалық крекинг қондырғысы жобасы. Өнімділігі 1,5 млн т/жг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 01:39, дипломная работа

Описание

Катализдік крекингтің негізгі мақсаты – жоғарыоктандық бензин мен құнды сұйытылған газдардың максимальды жоғары шығуын «50 % дейін және одан да аса» - жоғарыоктандық изомерлік құрылымды бензиннің құрамыншикізатты келесі өндірудегі: алкилат және метилтретбутил эфирі және де химиялықмұнай өндірісіне арналған шикізаттарды. Процессте пайда болған жеңіл газойл, дизельді жанармайдың құрамы болып қолданылады, ал құрамында полициклді ароматты ауыр газойль болса – техникалық сутегіні немесе жоғарысапалы электродтық коксты өндіруге арналған шикізат ретінде қолданылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
1Процестің теориялық негіздері ......................................................................
2Технологиялық бөлім......................................................................................
2.1 Шикізат, өнімдер және реагенттер сипаттамасы....................................
2.2 Қондырғы схемасын, режимдік параметрлерін таңдау және негіздеу..
2.2.1 (мұнайды алғашқы) айдау қондырғысы...............................
2.2.2 қондырғысының атмосфералық торабы схемасын таңдау
2.2.3 қондырғысының технологиялық жүйесі...............................
2.3 Қондырғының технологиялық схемасының сипаттамасы....................
3. Технологиялық есептеулер..............................................................................
3.1 Қондырғының материалдық балансы.....................................................
3.2 Негізгі аппараттарды есептеу..................................................................
3.3 Қосымша аппараттарды есептеу.............................................................
3.4 Негізгі аппараттың механикалық есептелуі..............................................
3.5 Негізгі және қосымша аппараттарды таңдау және негіздеу.................
4. Процесті автоматтандыру және бақылау-өлшеу аспаптары........................
4.1 Автоматтандыру функционалдық сызбанұсқасының сипаттамасы....
4.2 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарының жұмыс принциптері және құрылысы....................................................
4.3 Бақылау, өлшеу, реттеу және сигналдандыру параметрлерін
таңдау және негіздеу кестесі..................................................................
4.4 Автоматтандыру аспаптары мен құралдарының тапсырыстық
спецификациясы.....................................................................................
5. Қоршаған ортаны қорғау – өндірістің қалдықтары, ағынды сулар және ауаның ластануы.....................................................................................
6. Қауіпсіздік техника негіздері..........................................................................
7. Құрылыс бөлімі.................................................................................................
8. Экономикалық бөлім....................................................................................... Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

нурсултан.docx

— 836.21 Кб (Скачать документ)

Неорганикалық қышқылдармен ластанған ағындар бейтарапталуға көшеді, өзіндік жүйесінің басқа  ағынды қоспасынан кейін биохимиялық  тазартуға кіріседі.

СЖК ағыны өнім ұстағышта  механикалық тазарудан өтеді, кейін  бейтарапталады және алдағы кезекте  екінші жүйе ағынының бірікккен биохимиялық  тазартылуына бағытталады.

Екінші жүйенің тазартылған  ағын суын «Ластанған ағын суынан беткей суын қорғау ережесін» сақтай отырып  суатқа құйылады.

Бұл «Ереже» ағын суын қосымша  тазарту қажеттілігін тудыртатыны  белгілі. Мұндай кездерде я сүзгілеу, я 5-10 күн ішінде биологиялық тоғандарға ағындардың түсуін флотациялау қолданылады.

Жаңа завод жобасының  қатарында ағындарды термиялық  залалсыздандыру қондырмалары қарастырылған (УТОС). Берілген қондырмада  ағыны  механикалық және  физико-химиялық тазарудан кейін конденсатты  қайта қолдану упаркасына және алынған тұзды утилизациялауға ұшырайды. Қазіргі кезде «ағынсыз завод» сызбасының жобасы бар.

ІІІ. Канализацияның үшінші жүйесі құрылысы жоқ территорияның  нөсер суын және еріген суларын аккумулирлеу, бұрып жіберу және жинау үшін қызмет етеді. Тоғандар-жинағышты қорғағаннан  кейін нөсер суы тазартылған  бірінші жүйенің ағын суымен араласады  және мекеменің өндірістік суымен жабдықталуына  беріледі.

IV. Канализацияның төртінші  жүйесі шаруашылық – фекальді  ағын суын тазарту, бұрып жіберу  және жинау үшін қызмет етеді.  Тазартылғаннан кейін берілген  ағын суатқа құйылады. Оны қайта  қолдану санитарлы-гигиеналы талапқа  кедергі болады.

Ластау көздерін ұйымдастырылған  және ұйымдастырылмаған деп бөледі. Ұйымдастырылған қалдықтарды бақылауға  болады және олар технологиялық газдарға ілесіп, сақтандыру клапандарынан, жалпы  және жергілікті тартпа вентилияциядан және т.б. бөлінеді. Ұйымдастырылмаған  қалдықтар аппараттардың, машиналардың, құбырлардың дұрыс тығыздалмауынан, периодты технологиялық процестерден,пробаны  қолмен алудан, шикізатты немесе дайын  өнімді ашық сақтаудан және т.б. туындайды.

Ұйымдастырылмаған қалдықтармен күрес, олардың көздерінің үлкен  территорияға таралғандықтан қиындатылған, сондықтан қандай да бір тазартушы  бекіністерді қолданылуға болмайды. Қалдықтың шығуын қысқарту үшін технологиялық  процесті өзгерту қажет. Мысалы, қалдықтары сыртқа шығарылмай,    процеске    кейін    қайтарылатын   қалдықсыз    технологияларды ұйымдастыру, үздіксіз процестерді ұйымдастыру. Жабдықтардың герметикалық дәрежесін жоғарылату мен складтарды,сыйымдылықтарды, жабық  типті транспортты құрылғыларын қолдану қалдық мөлшерін азайтуға  мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған  қалдықты технологиялық процеске қайтарады  немесе тазартуға ұшыратады.

Өнеркәсіптік қадықтардан  атмосфераны қорғау үшін түрі әдістер  қолданады. Санитарлық нормаларға сәйкес өнеркәсіптік орындарды тұрғылықты орнынан желденген жаққа орналастырады  және санитар- қорғаушы зонамен бөледі.

Атмосфералық ауаны ластану  дәрежесі сонымен қатар қалдық биіктігіне тәуелді. Ғимаратқа қарай бағытталған  ауаның желмен ағыны кезінде, шатырдың үстінде және ғимараттың артында  аэродинамикалық көлеңке зонасы деп аталатын төмен қысымды аймағы пайда болады. Бұл зонада ауаның циркуляциясы өтеді, нәтижесінде зонаға шаң мен газдық қалдықтар енеді. Сондықтан барлық ұйымдастырылған  қалдықтарды бұл зонадан биігірек бағыттау керек. Осы жағдайда жердегі  зиянды заттардың концентрациясы шамамен 6 есеге төмендейді. Қалдық биіктігінің  артуы зиянды заттардың таралу дәрежесін  жоғарылатып, көп жағдайда шекті  рұқсат етілгенге дейін жетуі  мүмкін.

Өнеркәсіп орындардының қалдықты шығару құбырларын жақсы желдетілетін, биіктетілген жерлерге орналастырады. Түтін және қалдықты шығару құбырларын желдің жылдамдығы мен бағытын,  жердің рельефін қалдық температурасын және ауа температурасын ескере отырып есептейді.  

Отын-энергетикалық комплекстегі өндірістік мекемелер, соның ішінде,химиялық, мұнай өңдеу және мұнай химия  өнеркәсібі, сондай-ақ автокөлік транспорты қазіргі кезде табиғатты, атмосфераны, жерді, су қоймалары мен теңіздерді ластаушылардың неғұрлым ірі көздері  болып табылады.

Табиғатқа әсер етуі бойынша  ластаушыларды химиялық, механикалық, жылулық, биологиялық, акустикалық (шулық), электромагнитті және радиоактивті  деп  бөлуге  болады;  физикалық  күйі  бойынша – газтәрізді, сұйық, қатты; шығу күйі бойынша –табиғи  жәнеантропогенді.

Атмосфераның ластануы. Антропогенді атмосфералық ластану шығу көзі бойынша  келесідей топтарға бөлінеді:

1) транспорттық, негізінен  автокөліктердің түтінді газдарымен  байланысты. Олар көміртегі оксидінен,  күкірт, азот, көмірсутектерден, канцерогенді  полициклды көмірсутектертерден  және де неғұрлым активті 3,4-бензпирен,  сажа, сондай-ақ құрамы қорғасын, хлор, бромнан тұратын өте токсинді  өнімдерден тұрады. Көміртегі оксидтері,  күкірт және азот ауа құрамындағы  ылғалмен әрекеттесуі нәтижесінде  екіншілік ластағыштар, «қышқылдық  жаңбырлар» түзеді. Сажа бөлшектерінің  канцерогенді болу себебі, олар  бензпирен үшін жақсы адсорбент  болып табылады. Түтінді газдардың  кері әсері атмосфераның жер  беті қабатына және жерге қона  отырып, өсімдіктермен концентрацияға  түсіп, (мысалы, 1кг құрғақ биомассаға 50мг мөлшерде қорғасын), олар адамның,  жануардың ағзасына түседі де  канцерогенді аурулардың қоздырғышы  болып табылады. Атмосфераға бөлінетін  транспорттық ластаушылардың мөлшері  автокөлік паркінің құрылымы  мен санына, автокөліктің және  қозғалтқыштың техникалық жағдайына,  қозғалтқыш типі мен қолданылатын  отын түріне, сондай-ақ пайдалану  шартына байланысты болады.

2) өнеркәсіптік мекемелердің  газ лақтырыстары.

Қоршаған ортаны көбінесе металлургиялық, отын-энергетикалық, мұнай  химиялық және химиялық өнеркәсіптер ластайды. Бұл ластағыштар әр түрлі  және олардың құрамы шикізат сапасы мен өңдеу технологиясына байланысты. Ластағыштар атмосферада (сондай-ақ гидро және  литосферада да) бірдей таралмайды және локальді сипатқа ие. Ластағыштар ауада былай таралған: өнеркәсіптік комплекстерде -80%, қалалар  үстінде-12,9 және селолық          жерлерде-1%.

Атмосфераның өте ластанған  жерлерінде, нашар ауа райы жағдайында ластағыштар  мен ауа оттегінің  ультракүлгін сәулелердің әсерінен әрекеттесуі нәтижесінен токсинді тұман – « фотохимиялық смог»  түзілуі мүмкін. Осы кезде синергетикалық эффект байқалады – екі ластағыш компонент реакция нәтижесінде  өте улы зат түзеді.

Сумен жабдықтау. Сумен жабдықтау  жүйесі (суөткізгіші) деп табиғи көздерден  су алу үшін, оны тазалау, тасымалдау, сақтау және тұтынушыларға жіберуге арналған құрылғылар коьплексі аталады. Өндірістік мекемелердегі сумен жабдықтау тағайындалуы бойынша шаруашылық – ауыз су, өндірістік (техологиялық) және өртке қарсы болып бөлінеді.Олар біріккен және бөлек болуы мүмкін .

Кесте 5.1  

Елді мекендегі атмосфералық ауада болатын кейбір зиянды заттардың  ШРЕК-сы.

 

Заттар

ШРЕК, мг/м3

Заттар

ШРЕК, мг/м3

Максималды бір рет

Орт тәуліктік

Максималды бір рет

Орт тәуліктік

1

2

3

4

5

6

Азот оксиді (ІV)

0,085

0,04

Стирал

0,004

0,002

Аммиак

0,2

0,04

Толуол

0,6

0,6

1

2

3

4

5

6

Ацетон

0,35

0,35

Сірке қышқылы

0,2

0,06

Бензол

1,5

0,1

Көмірсутек (ІІ) оксиді

5

3

Бензин

5,0

1,50

Фенол

0,01

0,03

Дихлорэтан

3,0

1,0

Формальдегид

0,035

0,012

Изопропилбензол

0,014

0,014

Хлор

0,1

0,03

Күкіртсутек

0,008

0,008

Метанол

1,0

0,5

Бутанол

1,0

0,01

Бутанол

1,0

0,01

Циклогексанол

0,5

-

Циклогексанол

0,5

-

Акрил қышқылы

0,5

-

Акрил қышқылы

0,5

-

Құмырсқа қышқылы

-

-

Құмырсқа қышқылы

-

-

Сірке қышқылы

-

-

Сірке қышқылы

-

-

Гидрохинон

0,2

-

Гидрохинон

0,2

-

Фенол

0,001

0,001

Фенол

0,001

0,001

 

Химиялық өндіріс сумен  жабдықталмаса қиын жағдайға тап  болады. Мысалы, дефлегматорлар мен  ректификациялық колонкалардың  тоңазтқыштарына және де басқа аппараттарға судың берілмеуі апатты  жағдайларға алып келеді, ал өрт сөндіруге судың жетіспеуі оның асқынуына жол береді.

Канализация.Канализация  деп ластанған ағын суларды өндірістік мекеме сыртында жинап және жоюға, оларды тазалауға, зиянсыздандыруға және залалсыздандыруға  арналған инженерлік құрылғылар жүйесі аталады.

Ағын суларды қар мен  жаңбырдың түсуінен жиналған жаңбырлы (атмосфералық), сондай-ақ жасыл желектер мен көшені суландырудан; өндірістік (технологиялық) процестерден түзілген; шаруашылық –тұрмыстық, санитарлық құрылғылардан (монша, кір жуу, душ, асхана және т.б.) келіп түсетін деп бөледі.

Осыған байланысты канализация  жүйелерін жаңбырлы, өндірістік және шаруашылық –тұрмыстық деп бөледі.

Канализацияға жіберілетін  өндірістік ағын суларды екі түрге  бөледі: шартты таза және ластанған. Шартты таза сулар – технологиялық процеске қатыспайтын, химиялық заттармен араласпайтын, тек қана жабық жылуалмастырғыш  аппаратты қыздыруға немесе суытуға  қолданады. Аппараттың саңылаусыздығы бұзылған жағдайда суға әр түрлі химиялық заттар түсуі мүмкін болғандықтан, «шартты » деп аталады.Шартты таза сулар төгілетін сулардың негізгі  бөлігін құрайды. Әр түрлі цехтағы  бөлек төгілетін шартты  таза суларды  бір канализация жүйесіне біріктіруге болады.

Ластанған сулар химиялық заттармен тікелей контактіге түсуінен пайда 

Елді мекендегі атмосфералық ауаны ластайтын әрбір зат  үшін екі норматив белгіленеді: максималды бір рет және орташа тәуліктік  шекті рұқсат етілген концентрация  (ШРЕКб.р.м., ШРЕКот)  5 кестеде ел қоныстанған орындарға мұнай өндеу зауыттарынан шығарылатын зиянды заттардың ШРЕК туралы мәліметтері келтірілген.

 

 

5.2. Мұнай өңдеу өндірістерінің қалдықтары

 

Информация о работе Қожасай кен орны мұнайының вакуумдық газойльдік каталитикалық крекинг қондырғысы жобасы. Өнімділігі 1,5 млн т/жг