Қожасай кен орны мұнайының вакуумдық газойльдік каталитикалық крекинг қондырғысы жобасы. Өнімділігі 1,5 млн т/жг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 01:39, дипломная работа

Описание

Катализдік крекингтің негізгі мақсаты – жоғарыоктандық бензин мен құнды сұйытылған газдардың максимальды жоғары шығуын «50 % дейін және одан да аса» - жоғарыоктандық изомерлік құрылымды бензиннің құрамыншикізатты келесі өндірудегі: алкилат және метилтретбутил эфирі және де химиялықмұнай өндірісіне арналған шикізаттарды. Процессте пайда болған жеңіл газойл, дизельді жанармайдың құрамы болып қолданылады, ал құрамында полициклді ароматты ауыр газойль болса – техникалық сутегіні немесе жоғарысапалы электродтық коксты өндіруге арналған шикізат ретінде қолданылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
1Процестің теориялық негіздері ......................................................................
2Технологиялық бөлім......................................................................................
2.1 Шикізат, өнімдер және реагенттер сипаттамасы....................................
2.2 Қондырғы схемасын, режимдік параметрлерін таңдау және негіздеу..
2.2.1 (мұнайды алғашқы) айдау қондырғысы...............................
2.2.2 қондырғысының атмосфералық торабы схемасын таңдау
2.2.3 қондырғысының технологиялық жүйесі...............................
2.3 Қондырғының технологиялық схемасының сипаттамасы....................
3. Технологиялық есептеулер..............................................................................
3.1 Қондырғының материалдық балансы.....................................................
3.2 Негізгі аппараттарды есептеу..................................................................
3.3 Қосымша аппараттарды есептеу.............................................................
3.4 Негізгі аппараттың механикалық есептелуі..............................................
3.5 Негізгі және қосымша аппараттарды таңдау және негіздеу.................
4. Процесті автоматтандыру және бақылау-өлшеу аспаптары........................
4.1 Автоматтандыру функционалдық сызбанұсқасының сипаттамасы....
4.2 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарының жұмыс принциптері және құрылысы....................................................
4.3 Бақылау, өлшеу, реттеу және сигналдандыру параметрлерін
таңдау және негіздеу кестесі..................................................................
4.4 Автоматтандыру аспаптары мен құралдарының тапсырыстық
спецификациясы.....................................................................................
5. Қоршаған ортаны қорғау – өндірістің қалдықтары, ағынды сулар және ауаның ластануы.....................................................................................
6. Қауіпсіздік техника негіздері..........................................................................
7. Құрылыс бөлімі.................................................................................................
8. Экономикалық бөлім....................................................................................... Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

нурсултан.docx

— 836.21 Кб (Скачать документ)

Процессті бақылау, реттеу, сигналдандыру параметрлерін таңдау және негіздеу  4.1 кестеге түсіріледі. Автоматтандыру  функционалды схема  бойынша әрбір позицияларды орналасқан аспаптармен автоматты құрылыстардың  өлшеп жатқан параметрлерді, аспаптардың  түрін, маркасын, техникалық сипаттамасын және санын тапсырыстық спецификацияда толық көрсетеміз.

Сонымен, баяу кокстеу қондырғысында  бақылау мен реттеуге жататын  параметрлер келесідей.

Шикізаттың шығынын айнымалы қысым құламасы әдісімен ДК4 камералық  диафрагма және шығын өлшегіш  дифманометр ДСП арқылы тұрақтандырылады.

Камерадағы температураны  өлшеуші өлшеу шектері 0- 1300°С та жатқан хромельалюмельді термоқосақтарды  таңдаймыз, олар сигналды Ш78 түрлендіргішке жеткізіп екіншілік аспап пен  ПВ10.1 және ПР 3.31 реттегіштермен жасайды. Технологиялық процесстің өрт және жарылыс қауіптілігімен байланысты пневматикалық мембраналы орындаушы  механизм МИМ қондырылады.

Қысымның жергілікті бақылауын  өлшеу шегі 0,1 – 1,5 МПа  арасындағы МТН манометрін, ал оператор тақтасынан бақылауын қамтамасыз еткен жағдайда 13ДН қысым түрлендіргіштерін таңдаймыз. Колонналардағы және сыйымдылықтардағы  деңгейді өлшеу үшін қалтқылы деңгей өлшегіш қондырылады.

Қондырғыдағы төмендеу температурасымен колоннада сипатталатын аппараттарда : колонналарда, буландырғыш колоннада, кейбір құбырлардың аралығында температураны өлшеу шектері -50+250°С аралығында өлшейтін мысты кедергі термометрі ТСМ қолданылады.

Сонымен баяу кокстеу қондырғысын  автоматтандыру нәтижесінде процесс  қауіпті және қауіпсіз жұмысын қамтамсыз  етіп технологиялық режимін оптималды  деңгейде ұстап тұруға, автоматты  құрылыстармен аспаптарды жеткілікті таңдауға мүмкіндік жасалады.

Бақылау өлшегіш аспаптардың  және автоматтандыру құралдарының  жұмыс принциптері мен құрылысы .

Термоэлектрлік түрлендіргіштердің металдық электродтармен автоматты  потенциометрлер мен комплектте температураны өлшеуге арналған. ТХК типті термоэлетрлік түрлендіргіш таңдалды. Хромель копельді (56% Cu -44%Ni) ТЭТ барлық стандартты ТЭТ дің  ішінен үлкен термо ЭҚК тудырады, ол аз диапазонды температуралық шкаласы, мысалы 0-300°С термоэлектрлі термометрлерді дайыдауға мүмкіндік береді. ТХК  типті ТЭТ ті 0,7- 3,2 мм диаметрі бар сымдардан дайындап керамикалық моншақпен изоляциялайды. Сезгіштік элемент екі термоэлектродтан тұрады. Изоляцияланған сезгіштік элемент қорғаушы арматураға орналастырылады. Оның комплектісіне судан қозғалған насадка зажимдерімен голвка кіреді. Термоэлектрлік түрлендіргіштің бос ұштарының температурасы өндірістік шарттарға әдетте номиналды статикалық сипаттамалары кестесі құрылған температурадан ерекшеленеді, сондықтан аспап көрсеткіштеріне түзетулер енгізу керек.

Мысты кедегі термометрлері -50+180°С температураны өлшеуге арналған. Бұл термометрдің сезгіштік элементі фторопластты қабықшамен қапталған  диаметрі 0,08 мм мыс сымдардың каркасты емес индукциясыз орам түрінде болады. Орамға екі вывод пісірілген. Вибро тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сезгіштік элемент керамикалық ұнтақпен толтырылған және саңылаусыздандырылған. Кедергілері Ro = 53 Oм және Ro = 100 Ом мыс кедергі термометрлері шығарылады.

Бір каналды ДИСК – 250 типті  аспаптың схемасы келесі түрде құрылған : оның кіру сигналы қалыптандырылады, сосын күшейтіліп, теңестіріледі. Аспап  конструкциясы біріншілік түрлендіргіштердің кез келген түріне негізделген. Микроэлектроника түзілетін боғандықтан шығу құрылғылары  аз орын алады және шығу сигналында күшейтілген кіру сингалын түзеді.

ЭПТ түрлендіргішінің жұмысы күш компенсациясына негізделген. Полярлы электромагнит катушкалары  бойынша электрлік кіру сигналы  өткен кезде магнит өткізгіште туындайтын магниттік ағын якорда ток күшіне тура прапорционал. Электрлік кіру сигналы өзгерген кезде рынокқа  бекітілген сопломен заслонка арасындағы саңылау өзгереді. Осылайша пневматикалық  релеге түседі. Сопло сызығындағы  қысым өзгереді, онда ол қуаттылығы бойынша күшейтіліп, түрлендіргіш шығысына беріледі. Бір уақытта сильфондарға келетін кері оң және теріс байланыстарға  келетін қысым өзгерді. Сильфондарда түзілген күш шығу қысымының әсерінен кіру сигналынан рычагтағы күшпен теңестірілген  өзгеру (қысымның) жалғасады.

Пневматикалық сыйымдылық пневмотербелісті тоқтату үшін , серіппе электрлік  кіру сигналының бастапқы мәні кезінде  түрлендірудің бастапқы диапазонын орнату үшін қолданылады.Шығу сигналының диапазонын келтіру винтпен жылжытылатын және магниттік ағынның бір бөлігін  беретін немесе   қамтамасыз етіледі. Ш703 типті шлангалы реттеуші орган  екі валиктраверсалармен ұсталынып  тұратын резиналы корпусникте құбыр  түрінде болады. Келте құбыр саңылаусыз қаптамаға орнатылған. Соңғысы бір  бірімен төсенішпен нығыздалған  шойын корпус пен қақпақтан тұрады. Келте  құбыр жарылған жағдайда қақпақта штоктың  сальникті нығыздалуы қарастырылады. Қаптама корпусындағы келте құбырдың өзі нығыздағыш конусты фланецтармен сығылады .

Жоғарғы  траверса штокпен  тығыз бекітілген. Төменгі траверса жоғарғы траверсаға роликті втулкалы тізбек көмегімен бекітіледі. Траверса бекітілген шток төмен қарай жылжығанда төменгі траверса жоғары көтеріледі және осылайша келте құбырдың сығылуы  жүзеге  асырылады.

Орталар шығындарының шлангалы клапан арқылы өзгеруі шығынның жоғарылауы мен штоктың көтерілуі арсындағы  тәуелділік сызықтың болатын шток көтерілуінің бірінші жртысында болады.

МЭО орындаушы механизмі  сервопривод деп аталатын электроқозғалтқыш  бөліктен және сервопривод блогы  деп аталатын басқару колоннасынан тұрады. Сервопривод қысқа тұйықталған  роторы бар үш фазалы асинхронды, реверсивті қозғалтқыштан тұрады. Қозғалтқыш білігінен  айналу моменті екі сатылы червякты берілістен тұратын редукторға беріледі. Редуктордың шығу білігіне рычаг  орнатылған, ол штанга арқылы реттеуші органмен байланысқан. МЭО сонымен  бірге қолмен жұмыс істейтін маховиктен тұрады, ал айналу арқылы редуктордың  шығыс білігін электроқозғалтқыш  көмегінсіз бұралады.

Редуктордың шығу білігінің  бұрылысы арнайы тяга арқылы сервопривод  блогына беріледі. Сервопривод блогы  сервоприводта орнатылған  металл қорап түрінде болады. Блокты электрлік  схеманы орындаушы механизммен  басқаруға қажет аппараттар мен  элементтер жиналған.

 

 

4.2 Қысымды өлшеуге, бақылауға, автоматтандыруға арналған аспаптар.

 

Абсолютті қысымды сильфонды  пневматикалық манометр МСП газдың абсолютті қысымын дистанционды берілістің прапорционалды пневматикалық  сигналына үздіксіз түрлендіруге арналған. Датчик қуыстары кремний органикалық  сұйықтықпен толтырылған сильфондар блогынан тұрады.

ПВ 10.27 реттеуші параметрлер  саны бойынша төрт қлшеу жүйелерінен  тұрады. Басқару жүйесі кнопкалы пультпен клапандар механизмінен тұратын  задатчик пен ажыратқыш қосқыштан  тұрады. ПВ10.17 типті екіншілік аспап  қолмен басқаруда, автоматты реттеудңһі және автоматты программалы реттеуді қамтамасыз ететін басқару панелінен  тұрады, бұл кезде тапсырманың  ауыспалы пневматикалық сигналын арнайы программалы задатчиктен түседі.

Задатчик түйіні автоматты  реттеу және қолмен басқару кезінде  орындаушы механизм  клапанының өзгеру жағдайында тапсырманы орнатуға арналған. Ол задтчиктен, қуат күшейткішінен  және реттелмеген пневмокедергіден тұрады. Тапсырма келтірілген винтпен  орнатылады. Оның ручкасы аспаптың алдыңғы панеліне шығарылған. Қысымды  жоғарылату үшін задатчиктің тұтқасын солға бұрады. Қоректену ауасы  шарик астындағы задатчиктің  Б камерасына өтеді, оның күйі серіппе  күшіне байланысты және атмосфераға  шығарылатын ауа мөлшерімен  анықталады. Тапсырманың қысымның сығылған ауасы  Б камерасынан қуат кұшейткіштің кірісіне келеді. Шарикті клапанмен  басқаратын мебранаға әсер етіп, күшейткішіне келетін қоректену ауасының әсерімен теңесетін күшті тудырады. Күшейткіштегі  артық ауа стержень мен В камерасы арқылы атмосфераға шығарылады. Аспаптарда серіппелі қуат күшейткіштердін  қолданылады. Қуат бойынша күшейтілген  задатчиктің шығу қысымы қайта қосқышқа беріледі.

ПР3.31 - М1 типті пропорционалды интегралды реттегіш үш каскадтардан тұрады. Бірінші каскадты шығу сигналынан тұратын интегралды, екіншісінде  пропорционалды және үшіншісінде қуат күшейткіші түзіледі. Интегралды құрайды  шығу сигналы Д камерасына енгізіліп  бірлік оң теріс  байланысты ұстауы нәтижесінде алынады. Сыйымдылықтан  кейін интегралды құраушы болып  табылатын қысым қайталағыш күшейткіш  арқылы өтіп, пропорционалды кіру сигналын алу үшін  бөлгіштерге барады.  Осы бөлгіштерге салыстыру элементініңшығысынан және сулиматор сигналынан шығу сигналы  келеді. Пропорционалды құраушы шығу сигналы үш мембраналы шығу элементінде  түзіледі. Бұл регулятордың күшейту  коэффициентінің келтіруінің екі  органынан тұрады.    0,033 – 1,0  диапазонында келтіру ДД1  бөлгіштің  ауыспалы дросселімен және       1 – 50 диапазонды ДД 2  бөлгіш дросселімен  туындайды.

Мембраналы орындаушы  механизм (МИМ) схемасында сығылған ауа  шығатын қысымын элементтің пропорционалды орын ауысуына түрлендіріледі. МИМ  арасында эластикалық мембрана орналасқан жоғарғы және төменгі қақпақтардан тұрады. Мембрана астында оның қатаң  центрі болып табылатын металдан жасалған диск орналасқан. Ол корпусқа орналастырылған серіппен сүйенеді. Серіппенің ішкі бөлігі тірекке орналастырылады. Диск центріне шток бекітілген. Орындаушы  механизмді реттеуші органның корпусына  бекітуге негізделген .

Қақпақтағы саңылау арқылы мембрана астындағы камераға импульсті  құбыр арқылы реттегішпен сығылған ауа беріледі. Мембрана астындағы  камера атмосферамен бірге хабарласады. Механизм мембрана астындағы камера ауа қысымы болмаған жағдайда  серіппе  қатаң орталық арқылы мембрананы жоғарғы қақпаққа қарай қысады. Шток жоғарыда орналасады. Мембрана астындағы  камерадағы ауа қысымы атмосфералықтан 0,1МПа дейін  өзгеруі мүмкін. Ауа  қысымы 0,1МПа болғанда серіппенің қысылуы  максималды болса шток ең төменде  болады. Ауа қысымы төмендегенде мембрана астындағы камерада серіппе сығылады да, күштің жаңа тепе теңдігі орнау үшін механизмнің қозғалатын жүйесінің орнын жоғарыға ауыстырады.

 

 

4.3 Шығынды өлшеуге , бақылауға, автоматтандыруға арналған аспаптар

 

Камералық стандартты диафрагма  ДК16  ішкі диаметрі 50 -520 мм құбырларға қондырылады. Стандарттық камералық диафрагма ДК деп, ал дискілі ДН деп белгіленеді. Белгіленуінде әріптерден кейін диафрагма есептелген шартты максималды қысым Ру  көрсетіледі .

ДС П дифманометрінің  датчигі кеңістігі кремний органикалық  сұйықтықпен толтырылған қосарланған  сильфондар блогынан тұрады. Сильфондар кеңістігі сильфондар    деформациясы  жұмысшы    деформациядан   жоғарылап    кеткендеклапанмен  жобаланатын өзара  арқылы жеткізіледі. Мембрананың герметикалығы бұзылған жағдайда сильфонды сезгіштік элементтің екі клапаны да қатар жабылады да, сильфон бұзылған кезде өлшенетін  ортаның сыртқы шығуынан сенімді  қорғанысты қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе  зиянды және жарылуға қауіпті ортаның  қысым құламасынан өлшегенде  маңызды.

Қатынас реттегіштері екі  физикалық шамалар қатынастарын реттеуге арналған ПВ 3.33-  М1 типті  реттегіштің қатынас блогы БС екі дроссельді сулиматорлар базасында  орнатылған олардың әрбірі тұрақты  және реттейтін дроссельдерден тұрады. Қатынас блогына реттелмеген, реттелген  кедергілер, задатчик кіреді. Екі өлшеу  аспабынан реттегішке тапсырылған  шамаға және реттеуші шамаға прапорционал пневматикалық сигналдар түседі. Сигналдар реттелмеген кедергілерден  өтеді. Қатынас шамалары реттеуші кедергілерді келтірумен орнатады, осылайша реттелмейтін кедергілер алдындағы әртүрлі қысым  кезінде В және Б  камераларындағы  қысымдар  тең болуы керек. Реттелетін кедергінің қатынасты коффициентінің мәні толығымен реттелетін кедергі  қатынасының қажетті мәнінің  жабық кедергісіне сәйкес келеді.

Информация о работе Қожасай кен орны мұнайының вакуумдық газойльдік каталитикалық крекинг қондырғысы жобасы. Өнімділігі 1,5 млн т/жг