Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

      Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде салғырттық танытып, ал кейінгі өздік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кіріседі. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.

    Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білуі керек.

     Жаңа сабақты түсіндірукезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. Әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады. Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репродукциялар т.б. көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабаққа саналы белсенділігін ояту меқсатында сұрақтар қояды: «Қолөнер бұйымдары несімен тартымды?» Бұл сұраққа оқушылар бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай қарап жауап іздейді. Ал «бұл бұйымдар қандай өрнек түрлерімен безендірілген?» деген сұраққа оқушылар өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолдануы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды.

     Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылады. Сабаққа оқушылардың саналы белсенділігін арттыру мақсатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнеленген ою-өрнек элементтерін басшылыққа алу ұсынылады. Оқушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді.

      Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек. өз бетімен жұмыс жаңа білімді, іскерлік дағдыны бекітіп, дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді.

      Өз бетімен жұмыс тапсыриалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс: заттан қарап бейнелеу немесе сәндік суретжәне көркем құрастыру т.б. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады. өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айқындауға болады. Сонымен саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

        Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттерін дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне же аса көңіл бөлінуі керек. Баланың психологиялық ерекшелігіне байланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенімін молайту, ар-намысына тимей байыпты сынау. Мұғалімнің жекелеген оқушымен кезеңінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жұмыста мұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші рөлінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлікте, кемшіліктің жіберілу себебін анықтап оны бірігіп түзету мәселесін ұйымдастырушы болғаны жөн.

       Оқушының мұғаліммен бірлестікке жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады.

      Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілік байқаған мұғалім оқушының жанына келіп «Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бі жағына қарай қисайып бара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңлерші» деуі қажет. Ол үшін құмыра аузының ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай параллель көмекші сызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табаны сәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі.

      Негізінен мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың өз машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сабақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландырады.

      Саналылық және белсенділік принципінің жүзеге асуы мынадай қағидаларға негізделеді:

       -   оқушыға алдағы жаңа білімнің және оған байланысты жұмыстардың мақсат,       

            міндеттерін және оның болашақта пайдалылығын айқын түсіндіру;

      -    оқыту барысында танымдық материалдарды ұтымды пайдалану, топтық зерттеу және    

            жеке зерттуге мүмкіндік жасау;

-          бейнелеу жұмысында жаңа бейнелеу материалдары мен құралдарын меңгерту, жаңа

      бейнелеу терминдерін ұсыну және пәнаралық байланысты пайдалану;

       мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда мұғалімнің басты міндеті суретші емес, бірінші жеке тұлға тәрбиелеу керектігін ескеру;

       бейнелеу өнерінің және оған байланысты білім мен іскерлік дағдының және адам тұрғысында, қоғамда, қоршаған ортада алатын орнын ашып көрсету.

       сабақты ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды, озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

              Сонымен саналылық пен белсенділік барлық оқу-тәрбие барысында басты нысана болуы керек, өйткені қазіргі саналы де белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның саналы ды белсенді мүшесі.

         

       4. Жүйелілік және бірізділік принципі

       Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрыңғы өткен білімге және іскерлік дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен материалын өткен сабақпен байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрыңғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыс та нәтижелі болады. Осыған орай Я А. Коменский: «бүнігі мен кешегіні бекітіп, ертеңгіге созылты жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс» деп айтқан болатын.

Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелеу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол – өткен сабақтыға материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды.

       Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттық (натуралдық) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әр түрлі натюрморттық қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігін бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын заттар кездейсоқты болмауы керек.

Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабақта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.

     Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінің толық тарауларындағы міндеттерді бір-бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақтың кейбір кеөеңдерін жеке-дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастыруы тиіс.

     Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақтар көбінесе, мектепте жеке-дара қарастырылып оқытылатын жағдайлар кездеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілілігі мен бірізділігі бұзылады.

      Тараулар арасындағы байланысты жоймас үшін мұғалім әр тақырыптың мазмұндық құрылымына, тақырып бойынша істелінетін машықтық жұмыстағы бейнелеу іс-әрекетіне терең талдау жасап байланыс көзін іздеу қажет.

     Дегенмен, мынандай байланыс көзінің үлгілерін ұсынып көрейік. Мысалы, сәндік сурет, көркем құрастыру және тақырыптық бейнелеу, заттан құрап бейнелеумен тығыз байланысты, ал бейнелеу өнері туралы әңгіме барлық қалған тарау сабақтарымен байланыста болады. Осы көрсетілген әр сабақтың түрлері бірін-бірі толықтырып, оқушылардың жалпы бейнелеу өнері бойынша түсініктерін байытады.

       Мысалы, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында мұғалім оқушыларға қолөнер суретшісі өзінің безендіру жұмыстарына ою-өрнектерді, шынайы табиғаттағы заттарды, құбылыстарды қарап оларды қалай өрнекке айналдыратыны жөніде айтып көрсетеді. әрине табиғаттағы өсімдік жапырақтарын, жан-жануарларды стильдік, сәндік суретке айналдыру бірден оңай меңгерілетін жұмыс емес. Сондықтан, бұл жерде бірінші оқушының заттан қарап бейнелеу сабақтарында алған білімдерін еске түсіру қажет болады. Онда оқушылар зат бейнесін бейнелемес бұрын оны белгілі бейнелеу кезеңдері бойынша жазықтық бетіне түсіреді. Бірінші заттың жалпы жазықтық бетіндегі алатын орны белгіленеді. Сол бейнеленген заттың жалпы сыртқы бейнесінің үстіне оның пропорциялық ерекшеліктері түсіріледі. Екінші белгіленген пропорйиялық ерекшеліктері бойынша заттың жалпылама бейнесі айқындалады. Міне, заттан қарап бейнелеудің осы кезеңіндегі пайда болған бейнені заттың стильдік бейнелеудің алғашқы қадамы ғана. Стильдік бейнелеуде заттың немесе құбылыстың құрылысының ырғақтылығына симметриялы, ассиметриялығына, түстік үйлесіміне мән беріледі.

     Сонымен, сәндік сурет салуды мейгеру үшін басқа да сабақтармен байланыс жүйелілігі үнемі сақталу керектігі айқындалады.

     Сабақта немесе сыныптан тыс жұмыстарда кескіндеме және композиция негіздерін оқытудағы жүйелілік пен бірізділік барысында аса көңіл бөлінуі керек. Іс жүзінде осы мәселелер бойынша жүйелілік пен бірізділік принципі бұзылып жататыны рас. Ол: кескіндеменің көркемдік мүмкіндігін, композиция негіздерін оқытуда пайдалану, сыныптар сатысы жоғарылаған сайын біртіндеп күрделенетін тақырыптық композицияларды кескіндеме материалдарымен орындау. Бұл жұмытарда сыныптан тыс шаралардың да мүмкіндігі зор.

       Қазіргі мектептердегі бейнелеу өнері бағларламаларында заттан қарап бейнелеу, түстану, композиция, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме т.б. сабақтары бойынша тақырыптар әр сабақтарда қайталанып келеді (әсіресе әр сыныптағы түстану композиция сабақтарының мазмұны бойынша). Осыған орай осы сабақтардағы мәселелер сынып сайын қайталанып бірін-бірі көшіріп кетпей ме, бұл жағдайда оқытудың жүйелілігі, бірізділігі сақтала ма деген сұрақтар туындайды.

     Ол үшін мұғалім бейнелеу өнері пәнін оқу бағларламасына сүйене отырып, тақырыптың күнтізбелік жоспарын құрастыруда осы оқу материалдарын әр сынып бойынша бөліп, сонымен қатар әр сыныптарда сол материалдың оқытудағы білімдік, танымдық мөлшерін анықтап жоспарлайды.

       Мұғалім әр сыныпта бір тақырып бойынша оқушыларға қандай жаңалық ұсынатындығын белгілеп жоспарлағанда оқытудың үдемелі жүйелілігі мен бірізділігі сақталады.

     Мысалы, мұғалім сыныптар бойынша «Түстану» тақырыбына байланысты мынадай міндеттерді белгілейді:

-          І сыныпта оқушыларға түстану бойынша негізгі түстер және олардың қоспасынан пайда болатын қосымша түстер: қызыл мен сарының қызғылт сары, сары мен көктің қоспасынан жасыл, көк пен қызылдың қоспасынан күлгін түс шығатындығын, түстердің жылы суық болып бөлінетіндігі жөнінде әңгімелеп көрнекіліктерден көрсетіледі;

-          ІІ-ІІІ сыныпта оқушылар көркем бояулар жүйелерімен, атауларымен танысады: ашық сары, ашық қоңыр (охра светлая), қызыл қоңыр (кадмий оранжевый), алқызыл (кадмий алый), қызыл қоңыр (охра красная), көгілдір көк (кобалый голубой), жасыл көк (изумрудный зеленый) т.б. Акварель, гуашь бояуларының түрлерімен, өзіндік қасиеттерімен танысып, осы бояуларды қолданып (акварель немесе гуашь), оқулықта көрсетілген негізгі түстердің ашықтан қояға дейінгі реңдерінің өзгеруін қылқаламмен орындайды;

-          ІV сыныпта оқушылар өткен сыныптарда алған білімдерін одан әрі тереңдетіп «түсті рең» және олардың үйлесімділігі, зат реңінің фонға байланысты өзгеруін, мысалы, қою қараңғы фондағы ашық нәрсе күңгірт болып көрінетіндігі жөнінде, түстердің түстік шеңберде орналасу ерекшеліктерін, соның ішінде, мысалы, көк пен қызғылт сары қоспасынан, қызыл бояу мен жасыл, сары мен күлгін бояулардың қоспаларынан кір түс шығатындығы жөнінде біліп, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді.

              Осындай сыныптар бойынша оқу мазмұнын жүйелілік пен бірізділік принципін сақтай отырып жоспарлауда әр сыныпқа ұсынылатын материалдың мүмкінділігі мен сәйкестілігі ескерілуі қажет.

 

       5.  Түсініктілік және сәйкестілік принципі.

       Оқытудың түсініктілік принципі мұғалімнен жаңа материалдың күнделік деңгейін және оны әр сыныпта меңгерілі мүмкіндігін білуді, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін, жеке іскерлік және танымдық қабілетін білуді талап етеді. Оқу материалын олқушының жас ерекшелігіне, жек іскерлік қабілетінеь сәйкес түсінікті етіп жоспарлау үшін мұғалім оқушылардың әр жаста белгіленген уақыт ішінде қандай білік және іскерлік дағдыларды меңгере алатындығын білуі тиіс.

      Оқыту барысында түсініктілік және сәйкестік принципін сақтамау оқушушылардың жаңа білімді, іскерлік дағдыларды қабылдап, меңгеруіне қиындық түғызады, қызығушылықтарын азайтады. Мысалы, I сынып оқушылары заттан қарап бір немесе екі заттан тұратын бейне салуы мүмкін, бірақ ол заттардың көлемін жарық, көлеңке түсіріп көрсете алмайды. Немесе I сыныптағы «Қарлығаштың құйрығы неге ауыр?» ертегі бойынша сурет салу сабағында оқушылар ертегіь мазмұнын түсініп әңгімелей алғанымен, оған байланысты композициялық заңдылықта құрастырып бейне жасау қиындыққа түседі. Дегенмен, жекелеген ертегі кейіпкерлерін бір – бірімен композициялық байланысыз бейнелеген жұмыстар орындаулары мүмкін.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері