Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

1. Нәрселердің өлшемі бейнелеушінің көзінен қашықтаған сайын, біртіндеп кішірейе береді. Оқушылардың көңілін көрнекіліктегі теректер, электр бағаналары, жол, үйлердің бейнелеушіге жақын орналасқан бейнелеріне қарағанда қашық орналасқан бейнелердің кіші болатындығына аударады.

2. Суреттегі бейнеленген нәрселердің барлығы көкжиек бойындағы бір нүктеге қарай бағытталып кішірейеді. (оқушылардың көңілін көрнекіліктегі жол бейнесіне аудару). Ол бейнелердің сызықтары бір нүктеде түйіседі, сондықтан да оны перспектива заңдылығында "түйіндесу нүктесі" деп атайды. Түйіндесу нүктесі сурет салушының алдындағы көру бағытында болады, сондықтан да ол үнемі көкжиек сызығының бойында орналасады.

    Осындай бейнелеуде перспективалық заңдылықтарды дұрыс пайдалану жұмыста шынайылық кеңістікті көрсетуге мүмкіндік жасайтындығын жалпы көрнекіліктегі бейнеден көрсетеді.

Сонымен көрнекілікті пайдалануда алдымен оны жалпылама, содан соң жекелеп көрсетіп, соңында қайтадан жалпылама көрсеткен жөн.

Көрнекілікті осындай жүйемен пайдалану мұғалім мен оқушының арасындағы жұмыстың мәнісін ашады, жүйелендіреді, онда:

-   Көрнекіліктен қандай мәселені қарастырамыз?

-   Мәселені меңгерудің қандай жолдары бар?

-   Меселені меңгеру нәтижесі не береді? - деген сұрақтар жүйесін құрауға болады.

Сабақта қарастырылатын барлық ереже заңдылықтар көрнекіліктер арқылы берілуі қажет, өйткені естумен қатар затты немесе құбылысты көзбен көріп сезіну адамның санасында берік сақталуына мүмкіндік жасайды. Өйткені адам сыртқы дүние туралы мәліметтердің басым бөлігін көзбен көру арқылы игереді, ондағы қоршаған заттарды, тірі немесе өлі денелер бейнесін, графика немесе бояу арқылы әр түрлі көркем шығармаларды, әріпті, сандарды көру арқылы түйсініп, қабылдап есінде сақтайды.

Заттан қарап бейнелеу сабағында геометриялық денелердің бейнесін жазықтың бетінде дұрыс орналастыру үшін, олардың кеңістіктегі көлемінің құрылысын жақсы білу қажет. Ол геометриялық денелердің құрылысын танып талдауды жеңілдету үшін бейнелеу өнері әдістемесінің даму тарихынан белгілі француз суретші-педагогтары ағайынды Александр мен Фердинанд Дюпюилердің сым темірден үлгілер жасау әдісін қолдануға болады. Геометриялық денелердің сым темірден жасалған үлгілері арқылы олардың бейнелеушіге көрінбейтін жақтарын, қырларын көрсетіп, құрылысы жөнінде толық мәлімет беруге болады.

Сонымен, бейнелеу өнері пәнінде қолданылатын көрнекілік түрлерін мынадай топтарға бөліп көрсетуге болады:

1.  Табиғи көрнекіліктерге келтірілген түрлі өсімдіктер, хайуанаттар мен құстардың тұлыбы т.б. жатады.

2.  Заттар бейнелеу көрнекіліктері: муляж, гипстен немесе қағаздан жасалған геометриялық денелер, үлгілер (макет), педагогикалық суреттер, бейнелеу кезеңдері көрсетілген иллюстрациялар, мүсін түрлерінің үлгілері т.б.

3.  Символикалық көрнекіліктер: сызбалар, технологиялық карталар, диаграммалар, мысалы тұстануға байланысты кестелер т.б.

4.  Экранды жылжымалы көрнекіліктер: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оңу бейнетаспалар, компьютерлер.

5.  Дыбыстық көрнекіліктер: грампластинкалар, магниттік таспалар, әр түрлі музыка аспаптары, радио қабылдағыштар.

Бұл жоғарыда көрсетілген көрнекіліктер оқу материалына, жоспарына, мақсатына байланысты таңдап алынады. Көрнекілік түрін таңдау мен оны пайдалана білу мұғалімнің әдістемелік біліктілігін талап етеді. Мысалы, бір сабақта өте көп көрнекілік пайдаланудың да сабақ сапасына кері әсер етуі мүмкін, бір мәселе төңірегінде бірнеше көрнекілік пайдалану оқушылардың мәселені жүйелі қабылдауын бұзып, зейінін, ойын сан-салаға шашыратып жіберуі мүмкін.

Кейбір жағдайда мұғалім сабақтың әр кезінде пайдаланатын көрнекіліктердің барлығын бірден сабақтың басында іліп қояды. Әрине бұл да әдістемелік үлкен кемшілік болып табылады, өйткені оқушылар сабақтың әлі жетпеген кезеңіне байланысты көрнекіліктерді қызықтап ойлары бөлініп алаңдауы мүмкін. Көрнекілікті сабақтың өз кезеңінде оқушылар назарына ұсыну, олардың зейінін сабаққа жүйелі түрде аударуға мүмкіндік жасайды.

      Мұғалім баланың елгезектік сезімін білім беру құралы ретінде үнемі пайдаланғаны жөн, өйткені балалар соның ішінде төменгі сыныптар сатысындағы балалар жаңалықты естіп тыңдаумен қатар көріп, ұстап сезінуге құштар болары сөзсіз. Сондықтан да осыған орай Я.А. Коменский көрнекілік принципін "дидактиканың алтын ережесі" деп көрсеткен болатын.

Тұстану сабақтарында бояулардың реңі (тон) жөнінде тек ауызша түсінік беру өте қиын, сондықтан да ұзынша қағазды бірдей бөліктерге бөліп, қабаттап бүктеп пайда болған иректің (ширма) әр бөлігін бірдей түспен бояп, оған белгілі бір бұрыш жасап, бір жағынан жарық түсіреді. Осы тәжірибе нәтижесінде бір түстің жарық көзінен алыстаған сайын реңін өзгертетіндігін байқауға болады. Тағы да зат түсінің реңі оның қандай фонда орналасқандығына байланысты да өзгеретіндігін көрсетуге болады, ол үшін затты бірінші қараңғы фонға, екінші ашық фонға қойып, заттың бояу реңінің өзгеріске түсетіндігін көрсетіп әңгімелейді.

     Қазіргі кезде мектеп оқу базасы көмекші көрнекіліктермен, соның ішінде бейнелеу өнері пәнін оқыту үшін ауадай қажет болып отырған гипстен жасалған геометриялық денелер, құмыралар, бедерлі (рельефтік) тақталар, оқу-әдістемелік жинақтармен қамтамасыз етіле бермейтіні құпия емес, сондықтан көп жағдайда мектеп мұғалімдері көрнекіліктерді өз күштерімен дайындайды, немесе кей жағдайда тіпті көрнекіліксіз сабақ өткізеді. Әрине сабақты көрнекіліксіз өткізу сабақтың сапасын төмендетіп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады.

Кейбір мұғалімдер көрнекілік дайындауда үлкен ізденімпаздық, тапқырлық танытады, ал кейбір мұғалімдердің дайындаған көрнекіліктері талапқа сай болмай жатады. Сондықтан сабаққа пайдаланатын әдістемелік көрнекілік даярлауда мұғалім мыналарды ескеруі қажет:

-   көрнекіліктер сабақтың тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы керек;

-  оқушыға берілетін тапсырманың міндетті мөлшері анық көрсетілуі керек;

-   кестедегі әр кезеңнің бірізділігі (жалпыдан жекеге) сақталуы керек; (кей жағдайда әр

    кезеңнің түсына анықтама жазылады);

-  кестедегі сызықтар анық әрі таза болуы керек;

-  кестенің жоғарғы бөлігінде бейнеленген ереже, заңдылықтың атауы жазылуы керек (жазу сәндік ирек әріптер емес, қарапайым түсінікті әріптермен анық жазылады).

Көрнекілік оқытудың ерекше әсерлі бір тәсілі, ол сабақ барысында мұғалімнің орындайтын педагогикалық суреттері. Мұғалім тақтада бейнені тұрғызу кезеңдерін көрсеткенде оқушылар оқу материалымен танысып қана қоймай, сонымен қатар суретті орындау техникасын да меңгереді. Оқушылардың көз алдында мұғалім графика немесе кескіндеме тәсілімен жазықтық бетіне зат бейнесін тұрғызу, зат көлемін штрих немесе бояп шығару ерекше әсерлі болады, оқушыларды қызықтырады. Бірақ бұл жұмыс тек мұғалімнің өз шеберлігін көрсету ғана болып қалмауы керек, ол жаңа материалды әңгімелеп түсіндірумен жетеленіп орындалуы тиіс. Яғни мұғалімнің әңгімесінен педагогикалық сурет қосымша толықтыру ретінде орындалады. Педагогикалық суретке мұғалімнің тақтаға бормен орындаған суреттері, тақтаға ілінген қағаз бетіне әр түрлі бояулармен орындаған суреттері, оқушы жұмысының шетіне үлгіретінде орындаған суреттері жатады.

Педагогикалық сурет мынадай мазмұнға негізделеді:

-   жаңа сабақты түсіндіру барысындағы ауызша түсіндірулердің жекеленген кезеңдерін иллюстрациялау;

-   бейнені жазықтың бетіне тұрғызудың әдістемелік ретін көрсету;

-   бейнелеу кезеңінің бір сатысын қайталау ретінде көрсету;

-   бейнелейтін нәрселердің конструктивтік құрылысын көрсету;

-   бейненің композициялық шешімін табу жолдарын көрсету;

-   жұмыстың техникалық әдіс-тәсілдерін көрсету;

-   бейнелеу және көркем құрастыруда қолданылатын материалдардың ерекшеліктері мен

     мүмкіндіктерін көрсету;

-  сабақ тақырыбына байланысты бейнеленген жұмыстардағы жіберілген қателіктерді

    көрнекі талдап, бейнелеп көрсету;

-   нақты бір тақырып бойынша бейнелеу ерекшеліктерін көрсету.

     Қандай мақсатта болмасын мұғалімнің орындаған педагогикалық суреті дидактикалық талаптарға сай, мазмұнды, түсінікті, сабақ материалына байланысты болуы тиіс.

Педагогикалық суретті орындауға бор (түрлі, түсті), сангина, соус, пастель және түрлі-түсті бояулар, сонымен қатар қысқа мерзімді суреттер (наброскалар) орындау үшін қылқалам, тушь, акварель, гуашь, фломастерлер пайдалануға болады.

     Педагогикалық суреттің ерекшелігі - мейлінше қысқа, қарапайым және анық болуында. Қысқа мерзімді әрі қарапайым педагогикалық сурет оқушыларға түсіндірме әңгіме мазмұнын жақсы меңгеріп қорытынды жасауына мүмкіндік туғызады. Тақтаға орындалған педагогикалық сурет қосымша немесе жанама мәселелерді емес, дәл басты мәселені көрсететіндей болуы қажет. Тақтада орындалатын педагогикалың сурет сабақтың көп уақытын алып кетпес үшін, оған бөлінетін уақыт 1-2 минуттан аспағаны жөн. Педагогикалық суреттің мәнісін түсініп, онымен жұмыс істеу үшін, педагогикалық мамандық алушы студенттер көп жаттығулар жасауы тиіс. Соның ішінде жоғарыда көрсетілген бейнелеу құралдарының әрқайсысының қасиетін, ерекшеліктерін білу үшін жекеленген жаттығу жұмыстарын жасаған дұрыс.

Келесі педагогикалық суреттің бірі оқушы жұмысының шетіне үлгі ретінде орындалатын сурет. Бұл педагогикалық суреттің түрін сабақтың машықтық кезеңіндегі жұмыс орындау барысында қателік жіберіп отырған бір-екі оқушы байқалғанда, барлық сыныпты алаңдатпас үшін пайдаланады. Ол қателік жіберіп отырған оңушының жұмыс альбомының бір бұрышына қателіктің себебін және оны түзету немесе болдырмау үлгісін бейнелеп түсіндіреді. Түсіндірме сурет жүйелі, дәл, таза, оқушыны адастыратын артық сызықтарсыз орындалуын ескеру қажет.

Қандай жағдайда да мұғалімнің педагогикалық суреті тек өз шеберлігін, өзіндік шығармашылық нақышын көрсетуші емес, оқушыларға жұмыс ережелерін, тәсілдерін ұсынушы ретінде болуы тиіс. Педагогикалық сурет арқылы көрсетілетін жұмыс ережелері заттың көлемін графика немесе кескіндеме арқылы көрсету оқушыға түсінікті болуы керек, ол үшін мұғалім алдын ала оқушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білуі қажет. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай бөлінбей бірге оқытылатындықтан да сыныптарда бейнелеу өнеріне қабілеттері әр түрлі балалар кездеседі. Сондықтан да мұғалім оқушылармен жұмыс барысында әр оқушының өзіндік мүмкіндігін ескере отырып, жұмысын жоспарлауы тиіс.    Сабақ барысында белгілі суретшілердің шығармаларының репродукцияларын көрнекілік етіп пайдаланудың жалпы білімдік және тәрбиелік мөні зор. Оқушылар белгілі суретшілер шығармаларының қарапайым қарындашты, тушьты пайдаланып-ақ тамаша заттар бейнесін, табиғат көріністерін бейнелеуге болатындығын көреді. Шығармада көңіл-күйді, мезгілді көрсетудегі майлы бояудың, акварельдің, гуашьтың көркемдік мүмкіндігін таниды. Белгілі бір тақырып мазмұнын ашуда суретшінің пайдаланған композициялық шешіміне талдау жасап, танысып, оны өз шығармашылық жұмысында басшылыққа алады.

Суретшілер, мүсіншілер, кескіндемешілер шығармаларын көрнекі пайдалану көбінесе өнер туралы әңгіме сабақтарында кеңінен пайдаланылады. Бұл сабақ барысында шығармалар диафильмдер, диапозитивтер, эпи-проекторлар арқылы көрсетілсе сабақ нәтижелі болады. Көрнекілік оқыту әдістемесінде кеңінен пайдалану мүмкіндігі бар экранды жылжымалы көрнекілік түрі -ол бейне таспаға жазылған оқу киносы. Оқу киносын бейнелеу өнерін оқытуда кеңінен пайдалануға болады, онда бейнені жазықтың бетінде тұрғызудың әдістемелік кезеңдерін, қарындашпен, қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін, бейнеге штрих түсіру барысындағы әрбір іс-қимылды көріп бақылайды. Оқу киносының басқа көрнекіліктерге қарағандағы тамаша ерекшелігі ол әрбір ережені, бейнелеу техникасын тікелей іс-қимыл үстінде көріп бақылай алады. Бейнеге штрих түсірудегі қолдың шапшаң қимылын, қылқаламмен жұмыс істеу барысын киноның жайлатылған екпінімен мұқият бақылап қарауға, ал керісінше ұзақ мерзімді бейнелеу барысын шапшаңдатылған екпінмен қысқартып қарауға болады.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде мектептер компьютерлер мен компьютерлік әдістемелік технологиялармен жабдықталу барысында екені белгілі. Сондықтан да бейнелеу өнерін оқытуда электрондық әдістемелік жүйені, әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға мүмкіндік зор. Компьютерлік технологияны тұстануды, композицияны оқытуда, перспектива заңдылықтарын, дизайн сабақтарын оқытуда кеңінен пайдалануға болады.

Тақырыптық суреттер салу барысында оқушылардың образдарды елестетулеріне дыбыстық көрнекіліктердің, соның ішінде музыкалық әуендердің, таспаға жазылған аңыз-әңгімелердің, поэзиялық шығармалардың әсері зор.

Жоғарыда аталған көрнекіліктермен сабақ барысындағы жұмыста оқушылардың тек көрермен ретінде қалып қоймауын қадағалап, мұғалім олардың көрнекілікпен жұмысқа эмоциональдық қатысын ұйымдастырып отыруы керек. Көрнекіліктегі көрсетілген кейбір мәселелерді бірігіп талдау, сұрақ-жауаптар арқылы пікірлерін тыңдау оқушылардың көрнекіліктер көмегімен жаңа білімді меңгеру белсенділігін арттырады.

 

      3. Саналылық пен белсенділік принципі

      Педагогикалық саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмірмен, тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып табылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырады. Саналылық пен белсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсендігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал санасыз белсенділік құр айғай шу болып қалады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасында мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділік жаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері