Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

      III – IV сыныптарда оқушылар жазықтық бетінде бейнелеген тақырыптың суреттерінде образдық кейіпкерлерінің арасында қарапайым композициялық байланысты көрсете алу дағдысын меңгереді. Бірақ ол образардың көркемдік, пластикалық тақырыпқа эмоционалдық қатынасы болуы мүмкін.

     Сөйтіп оқушылардың осындай материалды меңгеруіндегі мүмкіндіктерін аладын ала болжау мұғалімнің сабақ барысын жоспарлауда түсініктілік және сәйкестік принцип сақтауына мүмкіндік жасайды. Ал бұл дидактикалық принципті сақтау оқушылардың жаңа материалды қабылдауын нәтижелі етеді.

      Қабылдау – психологтардың айтуынша көз алдындағы бейне адам санасына айна тәрізді шағылысуы емес, қабылдау әрқашан өткен тәрбиемен байланысты. I –II сынып оқушыларының көріп қабылдау тәжірибесі IV сынып оқушыларына қарағанда әрине өте аз. Баланың көріп қабылдауын байыту арқылы біз оның елестету қабілетін де байытамыз. Ал елестету қабілетін дамыту арқылы біз оның қиялының жа дамуына себепші бола аламыз.

     Бұл психологиялық қабілеттер тек көркемдік іс - әрекет барысында дамиды. Соның ішінде бейнелеу өнері де кенже орында қалмайды. Дегенмен оқыту барысында түсініктілік және сәйкестік принципіне байланысты мәселені реттеу, Ұйымдастыруда мұғалім оқушылар мүмкіндігін мүлдем төмендетіп алмауын да қарастыру қажет. Оқушыларды белгілі қиындықты жеңуге бағыттап, белсенді жұмысқа жұмылдырып отыруы керек, сонда ғана оқушылар біліктілік және іскерлік дағдыларын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өз күшімен жеңген қиындық пен шығармашылық жұмыстан қуанышты көңілге бөлееді.

       Мысалы, бастауыш сыныптарда сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында берілген үлгі сызба бойынша немес мұғалімнің көрсетуі бойынша қағаздан бүктеп (оригами ) көлемді бейне жасайды, бүктеудің бірнеше үлгілерін көрсетеді. Содан соң мұғалім оқушыларға үлгі сызбасыз түрлі – түсті қағаздардан бейнелер бүктеп шығаруды тапсырады. Бұл оқушылардың жеке ынтасын оятып, жұмсқа шығармашылық тұрғыдан қарауына ұйытқы болады.

      Кейбір педагогтар бірінші және екінші сынып оқушылары тек улгі арқылы жұмыс істеуі керек деген пікірді ұсынатына белгіл. Жалпы өнерді шығармашылық сырымен көркем де мәңгі деп бағалайтын болсақ, онда үлгіден көшіру, тек үлгі арқылы жұмыс істеу ешқашан да сырлы да көркем шығармашылық  дүние тудырмайды. Оқушының тек үлгіге сеніп жұмыс істеуі оның өз бетімен шығармашылқы жұмыс істеу қабілетін дамытпайды, яғни өз бетімен ойлауы тежеледі.

     Бұл жерде түсініктілік және сәйкестілік принципін оқу барысында іске асыруда мұғалім әр баланың жеке мүмкіндігін, қабілетін де ескеруі қажет, өйткені сынып оқушыларының қабілеттері бірдей болуы мүмкін емес, кейбіреуі жаңа білімді тез арада меңгерсе, кейбіреуі үлкен қиындықпен меңгереді, кейбіреуі жұмыс әдісін тез игерсе, енді біреулері сол әдісті ұзақ уақыт игере алмай, жұмыс уақытын солзып алады. Сондықтан да смұғалім жаңа білімді игерудегі міндетті деңгей мен мүмкіндік деңгей арасын айқын көрсетіп жұмысқа бағыттағаны дұрыс.

     Оқытудың дидактикалық принциптері жөніндегі ойымызды қорыта келіп айтатын сөз – осы көрсетілген принциптер бір – бірімен өте тығыз байланыста бірін – бірі толықтырып отырады. Сондықтан да оқыту мен тәрбиенің нәтижелі болуы осы жүйенің бұзылумауына байланысты демекпіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс: 12,13

 

Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістері Жоспар:

     1.Ауызша әдіс

     2. Көрнекілік әдіс

     3. Практикалық әдіс

     4. Репродуктивтік әдіс

     5. Проблемалық әдіс

     6. Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс     

              7. Зерттеу әдісі

         Кіріспе.Бейнелеу өнерін оқыту әдістерін сөз етпес бұрын жалпы педагогика ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына тоқталып кетейік.

        Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылар жымысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды», - деп берілген.

       Яғни, оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу – тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс - әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда әдіс – белгілі бір мақсатқа жету іс - әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәслдердің жиынтығы. Ол  оқу – тәрбие жұмысындағы әдістерді педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып оқушылардң танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен ізденіп жаңа білімді меңгеруге ықпал жасауы тиіс.

       Оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің сапады түрде қолданылатын тәсілдер, ал мақсатқа жету мұғалімнің сол тәсілдері тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту барысын ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдауға даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтасиығына байланысты.

      Жалпы әдәс пен тәсілді ажыратып жіктеп көрсету пікірталас туғызады, өйткені оқыту барысында екеуі бір – бірімен куыспалы болып келуі мүмкін.

       Мысалы:

1.       Мұғалім сабақта ауызша баяндау барысында кейбір суретшілердің шағырмаларына көрнекі көрсетсе, онда көрнекі әдіі әдістемелік тәсілге айналады.

2.       Өнер туралы әңгіме сабағында шығармаларын зерттеп, талдап нақт білім алса, онда осы сабақта қолданған жетектеме айызша баяндау тәсілге айналады да, көрнекі көрсету әдіс болып саналады.

Сонымен, мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту және тәрбиелеу мақсат – міндеттерін орындауға пайдаланатын бірнеше педагогикалық әдіс – тәсілдер бар. Мұғалім осы әдіс тәсілдерді таңдап пайдалануда оқылатын жаңа сабақтың мазмұнын, мақсат – міндеттерін, оқушылардың танымдық деңгейін ескеруі қажет. Бір сабақ барысында бірнеше әдіс – тәсілдер пайдалануы мүмкін.

    Бейнелеу өнерін оқытуда пайдаланатын негізгі мынандай әдіс – тәсілдерге тоқталып өтейік.

 

1.      Ауызша әдіс.

Ауызша әдіс – сабақтың қандай кезеңінде болса да, сұрақ   жауап әңгімелесу,

пікірлесу,нұсқау беру тәсілдерін құрайды. Бұл әдіс көбінесе сабақтың жаңа сабақ кезеңінде басым олрын алады.

     Мұғалім ауызша баяндайтын материалын алдын ала дидактикалық талаптарға сай дайындайды, ол мәтіннің анық оқушыларға түсінікті болуы көзделеді. Егер де мәтінде оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда оның мән – мағынасы ашылып түсіндірілуі керек. ОҚушылардың тақтаға жазылып көрсетілген жаңа терминдік сөзді жұмыс дәптерлеріне түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің әңгімесіндегі мәліметтер белгілі деректермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі керек.

     Сабақтың айызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына байланысты атқаратын іс – шара мазмұнына немесе сабақтың бейнелеу өнері түрі бойынша қаралуына байланысты.

     Мысалы, 1 – 2 сыныптардағы заттан қарап бейнелеу сабақтарында жаңа сабақты баяндауға 8 – 10 мин. уақыт бөлінсе, ал 2 – сыныптарда 10 – 13 мин. уақыт бөлінуі мүмкін. Ал өнер туралы әңгіме сабақтарында сабақтың көптеген уақыты (30 – 35 мин.) ауызша әдіске беріледі. Әрине бұл сабақтарда ауызша әдістен басқа әдіс – тәсілдер пайдаланбайды деген сөз емес, ауызша әдіс көбінесе көрнекілік әдіспен жетеленіп отырады.

     Ауызша әдісте сұрақ – жауап, пікірлесу, әңгімелесу сабақты қызықты ете түседі, оқушылар тек тыңдаушы ғана болып қалмай, өзін сол мәселеге қатысушы, араласушы ретінде сезінеді. Оларды басты және маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талпындырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа шабыттандырып өзлеріне сенімен молайтады, мәселе туралы жеке пікірлерін құрау дағдыларын қалыптастырады. Ауызша әдісте оқушылардың ьолашық машықтық жұмысына шығармашылқ көзқарасын, қиялын, шабытын ояту үшін тақырып мазмұнына байланысты поэтикалық шығармаларды мәнерлеп оқып, оны қысқаша талдату үлкен нәтиже береді.

      Түсіндіру – жаңа білімді, ереже – заңдылықтарды, бейнелеу құралдары, материалдарымен жұмыс істеу ережелерін ауызша айтып көрсету немесе бейнелеу өнеріне байланысты жаңа бейтаныс сөздердің (терминдерді) мағынасын ашып айту болып табылады.

      Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағындағы «натюрморт» француз сөзінен алынған «өлі табиғат» деген ұғымды білдіретіндігін түсіндіреді.

     Түсіндіру, әсіресе жаңа сабақ мазмұнын ауызша әңгімелеу барысында жиі қолданылады, бірақ бұл түсіндірулер ауызша әңгімелеу жүйесін бұзбай кезеңімен қонылғаны жөн. Сонымен қатар түсіндіру сабақтың машықтық кезеңінде де орын алады.

       Түсіндіру мынадай талаптарға сай болуы керек:

-                     жүйелі түсіндірілу;

-                     дәлелдер келтіру;

-                     өлшемдк, түстік салыстыру, мысалдар келтіру;

-                     сұрақтарды нақты тұжырымдау.

      Әңгімелесу – ол оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім тақырыпқа байланысты әңгіме туындататын сұрақтарды мұқият ойластырып дайындайды. Әңгімелесу жаңа білімді, іс - әрект ережелерін жеңіл меңгеруге жол ашады. Проблеманы түсінуд, шешуде мұғалім мен оқушының іс - әрекетін ынтымақтастықта ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

     Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдік қорын тексеріп байқауына болады.

Әңгімелесу арқылы оқушылардың ой - өрісі, өзіндік жеке пікір құрастырып, оны жариялау, коммуникакативтік қабілеттері дамиды, яғни сөәлесу, піпікрлесі мәдениеті қалыптасады.

Әңгімелесу нәтижесі көбінесе қойылатын сұрақтардың мазмұнына байланысты. Мұғалім оқушылардың әңгімелесу барысында жауаптры толық, аяқталған болуын қадағалуы тиіс.

Әңгімелесу бейнелеу өнері пәнінің заттан қарап бейнелеу сабағында заттардың көлемін, құрылысын, түстік ерекшелігін талдауда, жекелеген өнер туындыларының композициялық, мазмұндық құрылымына талдау жасауда, оөушылардың аяқталған практикалық жұмыстарын талдауда кеңінен өткізіледі.

     Оқу – тәрбие барысынд ддактикалық талаптарға сай жоспарланған әңгімелесудің мынадай мүмкіндіктері бар:

-                     ой - өрісті, тілді дамыту;

-                     оқушылардың білімін тексеру;

-                     оқуға ынтасын арттыру;

-                     сөйлеу, сөйлесу мәдениетін дамыту;

-                     тәрбие беру;

-                     оқытуды ізгелендіру.

 

2.      Көрнекілік әдіс.

Көрнекілік әдісті әсіресе бастауыш сыныптарының алғашқы сатысында кеңінен қолдану

өте маңызды.Ол оқушылардың құбылысты ,оқиғаны ,меселені ,оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына,түсінуіне,есінде сақтауына,заттардың құбылысын,қасиеттерін өз беттерімен немесе оқытушының көмегімен зерттеп тануына мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдіс сонымен қатар оқушының байқампаздық, есте сақтау,салыстыру арқылы талдау қасиеттерін дамытады.

Бейнелеу өнері сабағындағы көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау,

экрандық бейнелеу, дыбыстық тәсілдер жүзеге асырылады.

Демонстрациялау – ол заттың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын көрсету, қатар тұрған

нәрселердің пропорциялық арақатынасын, кеңістікте орналасуын көрсету, табиғат көрінісін, көңіл-күйін көрсету.  Демонстрациялау кезіндегі бақылау, талдау, зеттеуді жүйелі жүргізу керек. Ол заттардың немесе табиғаттың жалпы бейнесінен жекелеген ерекшеліктеріне көшу.

Оқушылардың демонстранциялаған көрініс немесе заттар туралы өздері әңгімелеуі өте

маңызды. Ол оқушылардың қоршаған орта туралы өз пікірлерін, көзқарастарын қалыптастырады, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рөл атқармай жетекші рөл атқаруы қажет.

Иллюстрациялау – ол заттың, құбылыстың, көріністің суреттік бейнелері, яғни бейнелеу

ережелері, суретшілер шығармаларының репродукциялары, фотосуреттер, кестелер, технологиялық карталарды көрсету және сабақ барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме суреттері болып табылады. Бұл тәсіл бейнелеу өнері сабақтарының барлығында дерлік қолданылады. Иллюстрациялау тәсілімен демонстрациялау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, сабақта перспектива заңдылықтарын әңгіме еткенде оны алғашында шынайы кеңістікте демонстрациялап көрсетсек, содан соң оны жазықтық бетіне бейнелеу ережелерін ілме көрнекіліктерден немесе тақтада иллюстрациялап көрсетеміз. Иллюстрациялау тәсілдернің нәтижелі болуы ол, мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім көрсетілетін көрнекіліктің сабақ барысындағы дидактикалық маңызын, танымдық рөлін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай сабақ барысында шамадан тыс көрнекіліктер оқушылырдың көңілін негізгі мәсәледен  ауытқытуы мүмкін. Сондықтанда мұғалім алдын ала дайындаған көрнекіліктерді әңгіме болатын мәселе кезінде ғана бастап көрсеткені дұрыс.

Экранды бейнелік тәсілі мәселені, көріністерді, репродукцияларды, т.б. мәліметтерді

кодоскоп, эпипроектор, киноаппараттар, бейнемагнитофон, теледидар, компьютер арқылы көрсету болып табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын арттырады, танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын көрсетеді. Осы техникалық құралды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім алдын ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жеттекші мәтіндер мазмұнымен танысады. Бұл тәсіл көбінесе суретшілер шығармашылығымен, бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында кеңінен қолданылады. Экранды бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана емес, сонымен қатар тексеру, бекіту, қорытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің барлығында пайдаланылды.

Бұл тәсілдің тағыда бір ерекшелігі қоршаған ортадағы немесе жұмыс барысындағы ұзақ

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері