Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:29, реферат
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (МСЭҚ) органдарының басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау мен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, санитарлық заңдылықтардың орындалуын қадағалайды, халық денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін қолайсыз факторларды ескертіп, анықтап және оларды жою бойынша шараларды қолданады.
1.Кіріспе.................................................................................................................. 5
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау...................................................................... 6
3.Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдерінде сараптамадан өткізілетін негізгі құжаттар……………………………………………………. 11
4.Елді-мекендердің болашақтық жобалануы кезінде кәсіпорындарды, мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау...............................................................…..................................... 14
5.Құрылысқа жер телімін бөліп берудегі ескертпелі санитарлық қадағалау.............................................................................................................. 16
6. Жобалау мен құрылыс кезінде ескертпелі санитарлық қадағалаудың орындалу тәртібі.................................................................................................. 20
7.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың жобалануы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 22
8.Желдету және жылыту.................................................................................... 27
9.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың құрылысы мен қайта салынуы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау........................... 28
10.Құрылысы аяқталған және қайта салынған нысандарды пайдалануға беру кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 31
11.Глоссарий....................................................................................................... 38
12.Тесттік сұрақтар............................................................................................ 42
13.Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 50
Қазақстан
Республикасының Денсаулық
Республикалық медициналық білім және ғылымдарының инновациялық технологиялар орталығы
«Астана медицина университеті» АҚ
Шайзадина Гульнар Нургалиевна
Ескертпелі санитарлық қадағалау
Оқу құралы
Астана,2010ж.
ӘОЖ 614(075)
ББК 51.1(2) 1я7
ГОО Ш 17
Пікір жазғандар:
Д.Е.Даленов-м.ғ.д.,профессор,
А.Р.Ермекпаева-м.ғ.к.,ҚР ДСМ республикалық СЭБ ақпараттық-аналитикалық бөлімінің меңгерушісі.
Ш 17 м.ғ.к. Г.Н.Шайзадина,АМУ АҚ,№2 гигиена кафедрасы «Ескертпелі санитарлық қадағалау»: Оқу құралы,-Астана,Қазақ-Ресей университетінің Баспа полиграфиялық Орталығы-2010ж.,-50б.
ISBN 9965-762-98-8
Оқу құралында жер телімін
құрылысқа беру, әртүрлі мақсаттағы
нысандардың жобалануы мен
жұмысқа тапсырылуы кезінде
Оқу құралы
мемлекеттік санитарлық-
ӘОЖ 614(075)
ББК 51.1(2) 1 я 7
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі,
Республикалық медициналық білім және ғылымдарының инновациялық технологиялар орталығымен қосымша оқу әдебиеті ретінде бекітілген және баспаға рұқсат етілген.
№2 хаттама 2010жылдың 22 ақпанынан.
ISBN
9965-762-98-8
Негізгі қысқарған сөздердің тізімі:
1.МСЭҚ-мемлекеттік
санитарлық эпидемиологиялық
2.МСЭҚКД- мемлекеттік
санитарлық эпидемиологиялық
3.ТЖК-табиғи жарықтандыру коэффициенті
4.НТҚ-нормативті-техникалық құжаттар
5.ШРЕК-шектік рұқсат етілген концентрация
6.ШРЕД- шектік рұқсат етілген деңгей
7.ЕСБ-ескертпелі санитарлық бақылау
8.ЖҚБ-жөндеу-құрылыстық басқарма
9.СҚА-санитарлық-қорғаныс аймағы
10.ҚМБ-құрылыс-монтаждық басқарма
11.СНжЕ-санитарлық нормалар және ережелер
12.ТТ-техникалық тапсырмалар
13.ТШ-техникалық шарттар
14.ТЭН-техникалық-
15.ТЭЕ-техникалық-экономикалық есеп
16.СЭСО-санитарлық-
Мазмұны
1.Кіріспе.....................
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау.....................
3.Ескертпелі
санитарлық қадағалаудың
4.Елді-мекендердің
болашақтық жобалануы кезінде кәсіпорындарды,
мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау.....................
5.Құрылысқа
жер телімін бөліп берудегі
ескертпелі санитарлық
6. Жобалау мен
құрылыс кезінде ескертпелі санитарлық
қадағалаудың орындалу тәртібі.......................
7.Өндірістік
және өндірістік емес
8.Желдету
және жылыту...................
9.Өндірістік
және өндірістік емес
10.Құрылысы
аяқталған және қайта салынған
нысандарды пайдалануға беру
кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау.....................
11.Глоссарий..................
12.Тесттік
сұрақтар......................
13.Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік санитарлық-
Қазіргі уақыттағы заманауй
Әсіресе
тиімді жұмыс мемлекеттік санитарлық-
Өндірістік кәсіпорынды құрудағы
санитарлық-эпидемиологиялық
Өндірістік кәсіпорындар, мекемелер,
ғимараттар салудағы
Бұл құралдың мақсаты- МСЭҚ мамандары мен студенттерге өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың жер телімін бөлу, жобалау,салу және құрылысы біткен нысандарды пайдалануға беру сатыларындағы ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу бойынша жұмыстарында көмек беру.
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандарының гигиенаның әртүрлі аймақтарындағы тәжірибелік қызметі екі негізгі түрде,жан-жақты жұмыс түрінде жүзеге асады:ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау.
Ескертпелі санитарлық қадағалау- қоршаған ортаны қорғауға, адамдардың денсаулығын және өмірдің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталғын шаралардың,заңнамалық актілердің, ғылыми негізделген гигиеналық нормативтер мен ережелердің қалыпты жүйесі. Ескертпелі санитарлық қадағалау құрылысқа жер телімін бөлу,әртүрлі мақсаттағы нысандарды жобалау,салу және пайдалануға беру, жобалау нормаларын, жаңа шикізат түріне МЕСТтерді, техникалық шарттарды (ТШ),технологиялық үрдістерді және т.б. өндеу кезінде уәкілетті санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылаудан тұрады.
Қазақстанда өндірістік және азаматтық құрылыс жүйесін ұйымдастыруда жобалау мен құрылыс сапалығы, өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандарды дұрыс орналастыру бойынша талаптарды сақтау маңызды шешуші рай болып табылады.
Барлық салынатын және қайта құрылатын нысандарда заманауи алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылуы, үйлесімді еңбек шарттары жасалып,қоршаған ортаны ластауды ескертетін шаралар қарастырылуы керек. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандары жаңа нысандарды орналастыруға,жобалауға, салуға және пайдалануға беру кезінде қадағалауды жүргізу керек.
Ескертпелі
санитарлық қадағалау бойынша гигиенист-
Денсаулық сақтау министрлігінің «Өндірістік нысандардың жобалауына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық –эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы 08.07.2005ж. №334 бұйырығы ҚР-ң халық денсаулығын қорғау,еңбекті қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының тәжірибе жүзінде іске асырылуына бағытталған және ескертпелі санитарлық қадағалау бөлігінде құқық тәртіптерін нақтылаушы болып табылады.
Ескертпелі санитарлық қадағалау қандай да болмасын нысандарды немесе шараларды тәжірибеге енгізер алдында гигиеналық нормалар мен ережелерін сақталуын бағалауды ескертуден тұрады. Коммуналдық гигиена бойынша маманның жұмысы келесі негізгі қызметтерден тұрады:
Ескертпелі санитарлық қадағалаудың иесі гигиенист-дәрігер болып табылады. Берілген нысан салу мүмкіндігі туралы соңғы шешімі оның біліктілігімен, өз аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, аурушандық дәрежесін және басқа демографиялық жағдайларын білетінімен байланысты. Гигиенист-дәрігердің өнері сол нысанның қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсерінің мүмкін болатын гигиеналық болжамын құру болып саналады.
Ескертпелі санитарлық қадағалауды іске асыру әдістемесі Қазақстанның заңнамалық актілеріне, үкімет қаулыларына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің нұсқаулықтарына негізделген.
Маманның ескертпелі санитарлық қадағалауды іске асыру бойынша әдістемесін нақты білу үшін, жобаларды жасау мен іс жүзінде қолданудың үрдісін білу керек. Бұл үрдісті 3 атқарушы жүзеге асырады (1 сурет).
Сурет 1. Үш атқарушы нобайы.
2. ЖОБАЛЫҚ ЖӘНЕ ІЗДЕНУШІ ҰЙЫМДАР
3.МЕРДІГЕР
Тапсырыс беруші астында нысанды салу туралы шешім қабылдайтын, оны жобалауға және салуға қаржылау үшін ақы-пұлдары бар ұйымды түсінеді.
Жобалауды қаланы салу және сәулет бойынша Қазақстанның Мемлекеттік комитетіне бағынышты арнайы жобалық институттар іске асырады. Жобалық және ізденуші мекемелер салалық және аумақтық белгілері бойынша мамандандырылған. Институттардың мамандандырылуы жеке шаруашылық салалары,өндіріс түрлері мен нысан үлгілері бойынша іске асады. Соңғы жылдары әрекеттері жоғары білікті мамандарды лайықты институттарда жинақтайтын, керекті жобалау тәжіребисін жоғарлататын, өңделетін жобалар мен сметалардың сапасын жақсартатын коммерциялық жобалық өндірістік бірлестіктер пайда болып жатыр.Салалық жобалық ұйымдар министрліктер мен ведомстволарға бағынады.